Толыққанды және қауіпсіз тамақтану адам денсаулығын, төзімділігін және жоғары жүмысқа қабілеттілігін сақтайтын маңызды жағдай болып табылатындығы белгілі. Сонымен қатар, тиімді тамақтану әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін төмендетеді.
Кілт сөздер: тиімді тамақтану, алиментарлы-тәуелді аурулар, жүқпалы емес аурулар, тамақтану пирамидасы.
Тағам сапасынан, жеке және толық қүрамынан адамның денсаулық жағдайы тікелей тәуелді. Тамақтану, әртүрлі кластағы аурулардың пайда болуында және алдын алуында маңызды рөл атқарады. Тамақтанудың негізі 80% белгілі патологиялық жағдайдың пайда болуына, дамуына, ағымына әсер етеді[5]. Аурулар арасында, яғни 61% бүзылыстардың, 32% ісік ауруларының, 5% қант диабеті ауруының ІІ типінің, 2% алиментарлық жетіспеушіліктің дамуында тамақтану факторы негізгі рөл атқарады.
Тамақтану асқазан-ішек жолдарының, бауыр, өт жолдарының, эндокринді аурулардың, қимыл-қозғалыс аппаратының, тіс жегісі және т.б. аурулардың пайда болуында және дамуында айтарлықтай маңызға ие. Алиментарлы-тәуелді ауруларға, яғни тағам үйлесімсіздігімен тікелей байланысты өркениет аурулары деп жиі аталатын жаппай жүқпалы емес аурулар жатады [3,4].
Рационның сандық және сапалық қүрамы - тиімді тамақтанудың негізі. ДДҰ үсынған тамақтану пирамидасының жоғарғы бөлігіне азық-түліктердің сирек пайдаланылуы керек. Бүл топқа қант және қүрамында қант мөлшері жоғары өнімдер, жасырын майлары бар өнімдер, кондитерлік өнімдер, тәтті салқындатқыш сусындар, ет және ттгүжық өнімдерінің майлы түрлері, чипсы, көптеген тез тамақтану өнімдері жатады.
Пирамиданың екінті жоғарғы деңгейі күнделікті пайдаланылатын азық-түліктерден түрады - алмастырылмайтын май қытқылдарының көздерінен: сарымай және өсімдік майлары. Пирамиданың үтінті бөлігіне негізінен жануар текті азық-түліктер кіреді - белоктың толыққанды көздері, биоқолжетімді кальций, темір, цинк, селен, В2, В12, А, D. Пирамиданың негізінде тағамға кеңінен қолданатын өсімдіктекті өнімдер үсынылады[4,5].
Гигиеналық жағынан тамақтанудың үйлесімділігі рационның толыққандылығымен анықталады. Рацион әртүрлі болған сайын, оның нутриентограммасы үйлесімді болады. Адам өзінің тамақтануында күнделікті түрлі 20...30 тағамды жеуі тиіс. Күнделікті тамақтануда пайдалануы тиіс өнімдерге сүт және сүт өнімдері, бүршақ түқымдастар, ет және ет өнімдері, көкөністер мен жемістер, өсімдік майы жатады.
Рационға аптасына бірнеше рет жүмыртқа. балық, теңіз өнімдері кіруі тиіс. Сонымен қатар, энергия шығыны төмен адамдарда қант пен кондитерлік өнімдер максимальды шектеу керек. Рационның калориялығы үлкейген сайын өсімдіктекті азық-түлік топтары әртүрлі болу керек. күнделікті рационға бүршақ түқымдастарды, ал апталық рационға - дәнді дақылдар мен жаңғақтарды қосу керек және бір уақытта ет өнімдерін түрақтылап отырған жөн.
Бүл жануар белогы мен майын қалыпты деңгейде үстап түру үшін қажет. Неғүрлым өнімнің түрлері әр түрлі болған сайын, соғүрлым рацион үйлескен болады. Басқаша айтсақ, егер тағамтануда жемістердің, мысалға алма немесе банан есебінен (бүнда кез-келген жемісті алуға болады) үсынылған күнделікті мөлшерін қабылдаса, онда қоректік және биологиялық белсенді заттардың балансы 10...15 түрлі жеміс. цитрус. жидек қосылған рационға қарағанда нашар болады.
Бүл ереже әртүрлі өнімдер тобының кез-келгеніне қатысты. 2200 ккал-дан аспайтын төмен энергия шығынында рационның тағамдық тығыздығын арттыратын әдістердің керекті мөлшерін қолданбайынша микронутриенттердің алиментарлы түсуін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Рационды дәстүрлі тағамдық өнімдер есебінен нутриенттердің көптігімен оптимальды үйлесімді ету оның 2500...2800 ккал және сондай энергия шығыны болғанда ғана. яғни физикалық белсенділікте ғана жүзеге асады [2].
ӘДЕБИЕТТЕР
- Т.Ш.Шарманов. Питание - важнейший фактор здоровья человека. Алматы - 2010. - 480 б.
- Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания - Алматы: Баспа. 2000. - 224с.
- ВОЗ: План действий для Глобальной стратегии по профилактике неинфекционных болезней и борьбе с ними. Резолюция WHA61.14; әрекет ету жоспарын қарау: WHA61/2008/REC/1. 3 қосымша.
- ВОЗ: Питание и здоровье в Европе: новая основа для действий. ВОЗ. 2005. 525 б.
- Нутрициология : учебник / Л. З. Тель. - Алматы: ТОО "Эверо"- 2012 - 357с.