Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймактарындағы нәрестелер өлімі мәселелеріне жиынтықты шолу жасау

ТҮЙІН

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтарында нәрестелер өлімі жоғары дәрежеде. Мүндай жағдайдың негізгі себептері болып ауыл түрғындарының өміріндегі қолайсыз экологиялық- гигиеналық, әлеуметтік-түрмыстық және экономикалық жағдайлар табылады. Нәрестелер өлімі, көбінесе, жедел ішек инфекциялары (80%-ден жоғары) және жедел респираторлы аурулардың асқынуларынан байланысты болады.

Кілт сөздер: алдын алу, нәресте өлімі, ауылдық аймақтар.

Кіріспе: Біздің мемлекет пен қоғам әйелдердің денсаулығын қорғау мен еңбек және өміріне қолайлы жағдай жасау, жеке түлға ретінде жан- жақты дамуына ерекше көңіл бөледі.

Медико-статистикалық мәліметтердің соңғы деректері толық денісау репродуктивті жастағы әйелдер санының едәуір төмендегенін және Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтарындағы өндіріс орындарында жүмыс істейтін әйелдер денсаулығының өрістей нашарлауын көрсетеді. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтары сәбилер өлімін төмендету бойынша шүғыл шараларды өткізуді талап ететін басты аймактарға жатқызылуы керек.

Зерттеу материалдары және әдістері: Оңтүстік Қазақстан облысы Республикада халық саны бойынша 14,5%-ды қүрайды. Бүл аймақта нәрестелердің туылу көрсеткіші Республика бойынша 26,9%-ды қүраса, ал шетінеген нәрестелердің саны 37,2%-ды көрсетеді. Нәрестелер өлімінің қүрылымында инфекциалық аурулар мен тыныс алу мүшелерінің аурулары басым, яғни, олар басқарыла алатын себептерге жатады.

Нәрестелер өлімінің динамикасының ең жоғарғы деңгейі жаз айларына сәйкес келеді (шілде - қыркүйек). Бір жасқа дейінгі балалардың 42% -ы фельдшерлік - акушерлік пункттер қызмет көрсететін аймақтарда түрады. Барлық жағдайларда, фельдшер қызмет көрсететін балалар саны қалалық аймақтағы педиатрлық учаскедегі балалар санынан артық болады. Білікті дәрігерлік көмектің қолжетімсіздігіне байланысты үйдегі өлім- жітім мен тәулікке дейінгі летальділік дәрежесі жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтар үлесіне инфекциялық аурулардан летальділік - 37,1% және тыныс алу мүшелерінің ауруларынан метальділік 33,8% - дан асып тиеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтарындағы демографиялық жағдай Қазақстанның басқа облыстарынан күрт ерекшеленеді. Туылу көрсеткіші 1000 түрғынға шаққанда 29,58-ді қүрайды, ал ауылдық аймақтарында орташа туылу көрсеткіші 34,23-ті қүрайды. Ауылдық әйелдерде босанулар арасындағы интервал 2 жылдан, ал кейбіреулерінде 1,5 жылдан аз. 10 жастан кіші 5 және одан көп балалары бар жанүялар 20%-дан асады. Оңтүстік Қазақстан облысындығы ауылдық аймақтағы балалар саны 39,4% -н қүрайды. Арнайы зерттеулер жүкті әйелдер денсаулығының қанағаттанарлықсыз жағдайын көрсетті. Оның себептері сан алуан түрлі, оның ішінде әйелдердің тамақтануының өте кедей рационын,е ңбек пен түрмыстың қолайсыз жағдайларын атап өту керек. Әйелдердің тамактануында ет, сүт, жеміс және жидек компоненттерінің едәуір жетіспеушілігі байқалады. Шамамен әрбір 2-ші жаңа туылған нәрестеде туа біткен гипотрофия анықталады.

Талқылау: Әйелдер мен балалардың денсаулығына, сонымен қатар, нәрестелер өліміне әсер ететін маңызды факторлардың бірі - әйелдердің, оның ішінде жүкті әйелдердің еңбек ету сипаты. Ауыл аймақтарының әйелдерінің көпшілігі мақта және бақша шаруашылығымен айналысады. Мақта шаруашылығында жүмыс істейтін әйелдердің еңбек жағдайы ағзаға өлшемдері гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін қолайсыз өндірістік факторлар жиынтығының әсер етуімен сипатталады. Мүндай факторлардың қатарына ауаның жоғарғы температурасы (жазғы кезеңде 29-дан 40°С-қа дейін, күзгі кезеңде 25-тен 30°С-қа дейін), интенсивті инфрақызыл сәулелену (908 Вт/мдейін), топырақ - өсімдік шаңының жоғарғы концентрациясы (40,91 4,2 мг/м3дейін) жатады.

Мақта шаруашылығымен айналысатын аудандардағы нәрестелер өлімін есептеу қалыптасқан жағдайы одан да көрнекті көрсетеді: 1000 тірі туылған балаға 1 жасқа дейінгі балалар өлімі 42,3- ті қурайды. Ана мен баланы қорғау қызметін қайта қуру сурақтарына жиынтықты ыңғай жасау балаларға көмек көрсетудің қандай да бір түрінің орындалу орындарында шығармашылық жүзеге асырылуды қарастырады. Мысалы, осы кезеңде балалар өлімімен күресу оның жоғарғы деңгейдегі аймақтарында күш пен қуралдарды ішек инфекциясы бар балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жақсартуға бағыттаса неғурлым нәтижелі болады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облысының мақта егуші аудандарында нәрестелер өлімінің деңгейі жоғары, 42,3% қурайды, ол Республикалық көрсеткіштен 2,8 есе жоғары.

Аймақтағы нәрестелер өлімін төмендеудің негізгі жолы жүктіліктің, босанудың асқынуларының алдын алу және нәрестелер өлімі дамуының нақты қауып факторлары бойынша сурақгар туралы әйелдердің санитарлық - гигиеналық білімі деңгейін жоғарылату.

  • Жыл: 2014
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011