АННОТАЦИЯ
Қазірігі уақытта биологиялық белсенді заттардың жаңа көзін табу, олардан экологиялық таза, аз токсинді, әсері күшті дәрілік заттарды кең көлемде пайдалану жөнінде ғылыми-зерттеулер өзекті және болашағы зор болып отыр. Отандық флораның ішінде көптеген дәрілік өсімдіктердің арасынан бүршақ түқымдасы әсіресе имек астрагалына қызығушылық артып келеді, оның қүрамында биологиялық белсенді заттардың бар екендігі тиісті талдаулар көрсетті. Бүл мақалада Оңтүстік Қазақстанфлорасында кездесетін Astragalus flexus - имек астрагал шөбінің сандық көрсеткішінің нәтижесі көрсетілді. Тауарлық талдау нәтижесінде сандық көрсеткіштері: ылғалдылығы, жалпы күлі және 10% түз қышқылында ерімейтін күлі анықталды.
Кілт сөздер: астрагал, ылғалдылық, күлі, макроэлементтер, микроэлементтер.
Қазақстанның өсімдік әлемі бай генефондыменжәне пайдалы өсімдіктердің кең қорымен сипатталады. Бірінші кезекте дәрілік қасиетке ие, жабайы өсімдіктер түрінің көпшілігі химиялық және биологиялық белсенді зат алмасуды зерттеуде болашағы зор, оның ішінде биологиялық белсенді заттар, бәсекеге қабілетті және ғылыми түрғысында жиі пайдаланылатын, әлемдік нарықта үлкен сүранысқа ие өнім.
Өсімдіктегі биологиялық белсенді қосылыстар адам ағзасындағы зат алмасу қызметіне қатысады. Күшті әсері бар синтетикалық заттарға қарағанда ауруларды табиғи заттармен емдеу, ағза үшін пайдалырақ. Онымен қоса қолайсыз экологиялық жағдайлар азық өнімдерінің, қоршаған ортаның, ластануына, тағамда, дәрілік заттарда, үлпаларда синтетикалық компонентердің көп болуы аллергиялық реакциялардың қарқындауына әкеп соқтырады.
Өсімдіктерде соның ішінде дәрілік өсімдіктерде органикалық заттармен қатар жағу кезінде пайда болатын күлде минералды заттардың элементтері болады. Минералды заттар өсімдіктің өмірлік үрдесінде реттеуші болып табылады және кей жағдайларда емдік әсер береді. Өсімдіктегі минералды заттардың қүрамы топырақ, ылғалдылық, биологиялық ерекшілігіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Қазіргі кезде қан ауруы, қатерлі ісік және т.б. ауруларды емдеуде микроэлементтердің маңызы зор. Осыған орай дәрілік өсімдіктерге қызығушылық арта түседі, себебі препаратты пайдаланған кезде фармакологиялық белсенді заттар микроэлементтермен сәтті үйлесім табады. Өсімдіктегі минералды элементтер қүрамына қарай: макроэлементтер, микроэлементтер және ультрамикро- элементтер болып бөлінеді. Өсімдіктер мен адам ағзасы үшін өмірлік маңызы зор. Өсімдіктер жемісі мен көкөнісі арқылы минралды заттарды тасмалдаушы болып табылады.
Дәрілік өсімдіктердегі минралды заттардың жалпы қүрамын күлі арқылы анықтайды, оның мөлшері шикізат түріне 3-тен 25-пайыз аралығында өлшенеді. Күлдің екі түрі бар: жалпы және 10% түз қышқылы ерітіндісінде ерімейтін. Біз Astragalus flexus -имек астрагалы жер үсті бөлігінің ылғалдылығы мен күлін зерттеп анықтама бердік.