Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үсақгүлді көкжалбыз, торғай көкбас гүлкекіре, азиялық мыңжапырақ өсімдіктерінен алынған экстрактылардың спецификалық белсенділігін анықтау маңыздылығы

АННОТАЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысы климаттық ерекшеліктеріне байланысты өсімдік қорына бай. Ол өсімдіктердің көп бөлігі халық медицинасында қолданысқа ие болғанымен, фармакологиялық әсерлері толық зерттелмеген. Оңтүстік Қазақстанда өсетін Ұсақгүлді көкжалбыз, Торғай көкбас гүлкекіре, Азиялық мыңжапырақ өсімдіктерінің жедел және созылмалы уыттылығына зерттеулер алғаш рет жүргізілді және өзара салыстырылды.

Кілт сөздер: Ұсақгүлді көкжалбыз, Торғай көкбас гүлкекіре, Азиялық мыңжапырақ, жедел уыттылық, созылмалы уыттылық.

Кіріспе. Қазіргі таңда химиялық дәрілік препараттардың синтезінің жандануы мен санының артуына қарамастан, дәрілік шөптермен емдеуге қызығушылық артып отыр. Ол көбіне дәрілік өсімдіктер мен олардың препараттарының қолжетімді және дұрыс пайдаланған жағдайда уытты емес, қауіпсіз, тиімді, ал кейбір жағдайда синтетикалық алмастырушыларының арасында бәсекелестері жоқ болуымен байланысты[1].

Географиялық ерекшеліктеріне, теңіз деңгейінен биіктікте орналасуына, ылғалдылық мөлшеріне, күн сәулесінің түсуіне және жылу секілді факторлардың әсерінен вегетация кезеңінде дәрілік өсімдіктердің химизмі өзгеріп отырады. Осыған байланысты көп ғалымдардың пікірінше оңтүстік өңірде өсетін өсімдіктерде әсер етуші белсенді заттар басым болады [2].

Оңтүстік Қазақстан облысы өсімдік шикізат қорына бай мекен, солардың ішінде әрбір өсімдік өзіне тән фармакологиялық қасиетке ие. Осы қасиеттерін жетік меңгеру арқылы олардың негізінде жаңа дәрілік заттар шығаруға болады. Оңтүстік өңірінде өсетін толық зерттелмеген өсімдіктердің фармакологиялық әсерлерін анықтау алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.

Ұсақгүлді көкжалбыздың фармакологиялық әсерлері толық зерттелмеген, алайда халық медицинасында қабынуға қарсы, ауруды басатын, тәбетті ашатын, асқазан-ішек трактысының қызметін жақсартатын, жүрек жиырылу амплитудасын жоғарылататын қасиеттерін пайдаланған. Азиялық мыңжапырақ Азия елдерінде, әсіресе Моңғол халық медицинасында асқазанның секреторлық және экскреторлық белсенділігін арттырушы ретінде пайдаланған. [4,5,9]. Торғайкөкбас гүлкекіре халық медицинасында зәр айдаушы, асқазан ойық жарасына қарсы қолданылған [7].

Зерттеу нысаны ретінде Ұсақгүлді көкжалбыз (Nepeta parviflora Bieb.), Lamiaceae түқ., Торғай көкбас гүлкекіре (Centaurea iberica Trev.), Азиялық мыңжапырақ (Achillea asiatica) Asteraceae түқ. өсімдіктерінен алынған экстракттар алынды. Экстракттар ОҚМФА —Фармакогнозия және химия кафедрасында” бөлініп алынды.

Зерттеу тәсілдері. Жедел уыттылықты анықтауға зерттеу бір жынысты лабораториялық ақ тышқандарға жүргізілді. Олар 14 күн карантиннен өткізілді, қалыпты температурада және күн/түн режимінде, қоректену рационына сай тағаммен және сумен шексіз қамтамасыз етілді. Жануарлар торларға 10 данадан орналастырылды [6, 7,8].

Жануарларды 4 топқа бөліп, бірінші топтағы жануарларға - сынама, екінші топқа - 500мг/кг, үшінші топқа - 2000 мг/кг, төртінші топ - 5000 мг/кг болатындай етіп per os асқазан зонды арқылы өсімдіктерден алынған суда ерітілген экстракттар берілді. Төртінші топтағы тышқандарға сынама ретінде ешқандай экстракт берілген жоқ. Жануарлардың жалпы жағдайын бақылау 14 күн жүргізілді, оның бірінші және екінші күндері жануарлар ерекше бақылауда болды. Экстрактыны бергенге дейін және беріп болған соң әр апта сайын олардың салмақтары өлшеніп түрды.

Зерттеу нәтижесінде берілген үш дозадан да тышқандар өлген жоқ. Экстрактыларды беріп болған соң, 30 минутқа дейін «жуыну» байқалды.

14 тәулік ішінде жануарлардың өлімі орын алмағандықтан LD50 анықтауға мүмкіндік болмады, тек сынамамен салыстырғанда жануарлардың салмақ қосу дәрежесінде өзгеріс анықталды (1-кесте).

1-кесте - Зерттеуге дейін және зерттеуден кейінгі салмақтарының өзгерістері.

Берілген дозалар

Экстрактыны бергенге дейінгі жануарлар массасы (n=10), г

Экстрактыны бергеннен 2апта кейінгі жануарлар массасы (n=10), г

Өзгерістер, %

Ұсақгүлді көкжалбыз экстрактысын қабылдаған жануарлардағы өзгерістер

5000мг/кг

29.546±0,88

31.610±0.651а

107,00%

2000мг/кг

28.050±0,35

31.480±1,275а

112,22%

500мг/кг

29.730±0,58

32.052±0.616а

107,80%

Торғай көкбас гүлкекіре экстрактысын қабылдаған жануарлардағы өзгерістер

5000мг/кг

27,170±0,5

31,890±0.870*

116,50%

2000мг/кг

28,242±0,63

30,556±0.780а

108,19%

500мг/кг

29,112±0,43

31.200±0.652а

107,17%

Азиялық мыңжапырақ экстрактысын қабылдаған жануарлардағы өзгерістер

5000мг/кг

30.76±0,94

28,300±1,019а

107,99%

2000мг/кг

37,252±0,72

35,000±0.848а

106,04%

500мг/кг

27,994±0,8

25,262±1,037а

109,74%

Ескерту. * - Р < 0,05, А - Р < 0,01 сынақ алдындағы көрсеткішпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіші

Алынған нәтижелерді ескере отырып, ҚР 19 қараша 2010жылғы №1219 «Уытты және жоғары уытты заттардың қауіпсіздігіне талаптар» қаулысына сай 2000 < LD50 < 5000мг/кг дозада пероральды енгізгенде уыттылық көріністері болмағандықтан 5 классқа (уыттылығы төмен) жатқызуға болады. Осыған орай, зерттелген дозада LD50 анықтауға мүмкіндік болмағандықтан LD50>5000мг/кг деген түжырым жасалды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Решетникова А.В. Лечение растениями/ А.В. Решетникова, Е.И. Сенчинская.-К.: Феникс-1993-325б. 2. Муравьева Д.А. // Фармакогнозия. М., 1978. С. 15-627.
  2. Дикорастущие полезные растения Казахстана./У.А.Уразалиев, С.Б.Кененбаев.-Алматы.:«Асыл кітап» баспасы, 2008-100б.
  3. Юсубов М.С. Химический состав эфирного масла тысячелистников обыкновенного (Achillea millefolium L.) и азиатского (Асһіііеа asiatica Serg.) /Химия растительного сырья,2000. №3.25-326.
  4. Л.М. Грудзинская, Н.Г. Гемеджиева. Список лекарственных растений Казахстана. Том 18 (4) Алматы, 2012, 40 бет
  5. Куприянов А.Н. К систематике рода Achillea L. Южной Сибири // Ботанические исследования Сибири и Казахстана. 1998.-Вып. 4.-8-26 6.
  6. СССР ДСМ 10.03.1966 N 163 бүйрығы «О нормах кормления лабораторных животных и продуцентов»
  7. Р.У. Хабриев «Руководство по экспериментальному (доклиническому) изучению новых фармакологических веществ» М.: Медицина, 2005. - 832 б.
  8. A.Pitchman // «Traditional Mongolian Medicine: history and status quo»/ Phytochem Rev. 2013/12:943959. Pitchman A., Purevsuren S., Obmann A.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.