АННОТАЦИЯ
Зерттеудің мақсаты. Халық медицинасында дәрілік өсімдіктер ежелден қолданысқа ие, олардың көп бөлігі қазіргі күнге дейін толық зерттелмеген. Осындай фармакологиялық қасиеттері толық зерттелмеген өсімдіктердің бірі - Ибериялық гүлкекіре. Сол себепті, аталған өсімдіктің фармакологиялық қасиеттерін зерттеу маңызды болып отыр. Осы мақсатта Торғай көкбас гүлкекіренің уыттылығы мен медицинадағы маңызы зерттелді.
Кілт сөздер: Ибериялық гүлкекіре, уыттылық, дәрілік өсімдіктер, зерттеу.
Заманауи әдістерді қолдана отырып, биологиялық белсенді заттарды зерттеу арқылы жоғарғы белсенді дәрілік заттарды табу казіргі ғалымдардың алдына қойған өзекті мәселесі болып табылады. Сонымен бірге зерттелініп отырған дәрілік заттардың адам ағзасына тигізетін әсері, уыттылық көрсеткіштері маңызды роль атқарады.
Осы мақсатта фармакогнозия және химия кафедрасы үжымы Ибериялық гүлкекіре өсімдігіне макроскопиялық және микроскопиялық зерттеулер жүргізе отырып, химиялық қасиеттеріне және халықтық, дәстүрлі медицинада қолданылуын қарастырды, сонымен қатар өсімдік экстрактысын дайындады.
Халық медицинасында зәр айдағыш және асқазан ойық жарасына қарсы пайдаланған [1]. Дәл осы өсімдікті таңдау себебі де осымен байланысты.
Ибериялық гүлкекіре бір және екі жылдық өсімдік, биіктігі 20-100 см. Оңтүстік өңірінде, сонымен бірге Алатау маңайында, Батыс Тянь-Шанде көптеп кездеседі [2].
Фитохимиялық зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, Ибериялық гүлкекіреде алколоидтар мен флавоноидтар бар екендігі анықталды. Әдетте қүрамында тек флавоноидтар ғана емес, сонымен қатар басқа да қосымша заттар (витаминдер, полисахаридтер) бар болған жағдайда емдік қасиетке ие болады.
Бөлініп алынған қосылыстың қүрылымы ИК-спектроскопия әдісімен анықталды.
Ибериялық гүлкекіренің уыттылығын анықтау мақсатында Фармакология кафедрасы зертханасында фармакологиялық заттардың жалпы уыттылығын анықтау методикалық нүсқауларына сай жүргізілді. Зерттеу бір жынысты лабораториялық ақ тышқандарға жүргізілді. Олар методикаға сай 14 күн карантиннен өткізілді, қалыпты температурада және күн/түн режимінде, тағам рационына сай қоректік заттармен және сумен шексіз қамтамасыз етілді. Жануарлар 10 данадан торларға отырғызылды [3,4,5].
Жануарларды 4 топқа бөліп, бірінші топтағы жануарларға - 5000 мг/кг, екінші топқа - 2000 мг/кг, үшінші топқа - 500 мг/кг болатындай етіп per os асқазан зонды арқылы Ибериялық гүлкекіре (Centaurea iberica ) өсімдігінен алынған сулы экстракт берілді. Төртінші топтағы тышқандарғасынама ретінде экстракт берілген жоқ. Жануарлардың жалпы жағдайын бақылау 14 күнде жүргізілді, оның бірінші күні жануарлар үздіксіз бақылауда болды. Экстрактыны бергенге дейін және беріп болған соң әр апта сайын олардың салмақтары өлшеніп түрды.
14 тәулік ішінде жануарлардың өлімі орын алмағандықтан LD50 анықталған жоқ, тек сынамамен салыстырғанда жануарлардың салмақ қосу дәрежесінде өзеріс анықталды (1-кесте).
дәлдік көрсеткіші
Зерттеу нәтижесінде берілген үш дозадан тышқандар өлімі тіркелген жоқ, сол себепті 5000мг/кг дозада LD50 анықтауға мүмкіндік болмады және LD50>5000мг/кг екендігі анықталды. 9 қараша 2010жылғы №1219 «Уытты және жоғары уытты заттардың қауіпсіздігіне талаптар» қаулысына сай 2000<LD50<5000мг/кг дозада пероральды енгізгенде уыттылық көріністері болмағандықтан 5 классқа (уыттылығы төмен) жатқызуға болады.
Берілген дозалар |
Экстрактыны бергенге дейінгі жануарлар массасы (п=5),г |
Экстрактыны бергеннен 2апта кейінгі жануарлар массасы (п=5),г |
Өзгерістер,% |
5000мг/кг |
27,170±0,5 |
31,890±0.870* |
116,50% |
2000мг/кг |
28,242±0,63 |
30,556±0.780а |
108,19% |
500мг/кг |
29,112±0,43 |
1.200±0.652а |
107,17% |
Сынама |
22.02±0.70 |
27.580±0.60 |
125,24% |
1-кесте - Зерттеуге дейін және зерттеуден кейінгі салмақтарының өзгерісгері.
Ескерту. * - Р < 0,05, а - Р < 0,01 сынақ алдындағы көрсеткішпен салыстырғандағы
ӘДЕБИЕТТЕР
- Р.А.Музычкина, Д.Ю.Корулькин, Ж.А.Абилов «Качественный и количественный анализ основных групп БАВ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах»,монография, Алматы, «Қазақ университеті»,2004г (стр4-5);
- И.И.Курамысова, В.Ф.Аксенова, Н.Г.Татимова , учебное пособие «Лекарственные растения» //Макроскопический анализ// 3-е изд., доп. и перераб. - Алма-Ата: Кайнар, 1989г, (стр.14);
- Ахмедов У. Фармакогностическое изучение некоторых растений народной медицины Узбекистана./:авт. дисс. на с. уч.ст.докт.фарм.наук. - Ташкент. Ташк.фарм. инс., 1999.-31-41с.
- СССР ДСМ 10.03.1966 N 163 бүйрығы «О нормах кормления лабораторных животных и продуцентов»
- Р.У. Хабриев «Руководство по экспериментальному (доклиническому) изучению новых фармакологических веществ» М.: Медицина, 2005. - 832 б.