АННОТАЦИЯ
Жүмыстың мақсаты: Улы гепатиттердегі паннувладиннің гепатопротекторлық әсерін зерттеу. Зерттеулерде алғашқы салмағы 160-180г болатын 80 егеуқүйрықтарға жүргізілді. егеуқүйрықтарға 50% -ды CCL4 майлы ерітіндісін 100г салмаққа 0,4 мл мөлшерде қүрсақ ішіне енгізу арқылы жасалынды [2]. Сыналатын препарат ретінде паннувладинді 60мг/кг мөлшерде қолданса, салыстырмалы препарат рувиминді 60мг/кг мөлшерде 14 күн бойы энтералды жолмен енгізілді. қорыта айтқанда улы гепатозда репаративті үрдістің динамикасы паннувладинді емнен кейін бауыр үлпасының қүрылысының қайта қалпына келуі гепатопротектрлы әсерін дәлелдеді.
Кілт сөздер: паннувладин, бауыр, улы гепатит, гепатопротектор, морфологиялық өзгеріс.
Кіріспе. Қазіргі кезде жанама әсерлері аз және белсенділігі жоғары, жаңа, өте тиімді, улылығы төмен, қолдануы кең гепатопротекторлық дәрілік заттарды іздеу, бүгінге дейін гепатологияның, соның ішінде клиникалық фармакологияның маңызды мәселесі болып қалуда [1]. Жаңа гепатопротекторлық дәрілік заттардың бағалығын анықтайтын маңызды жағдайларға: олардың эталондық препараттардан асып түсетін тиімділігі, емдік кеңдігінің үлкендігі, жанама әсерлерімен қатар жүретін улылық қасиетінің болмауы қажет.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Егеу қүйрықтарға төртхлорлы көміртекті қүрсақ ішіне енгізгеннен кейін 3 тәулікте бауырды макроскопиялы түрде зерттегенде божыраған, біртегіс емес қанға толған, көптеген ошақты үсақ нүктелі қан кетулермен сипатталды. Тәжірибелік жануарлардың бауырдың кесінділерін көру үшін гематоксолин-эозинге бояп, гепатоциттердегі липидті жиынтықтарды анықтау үшін гистологиялық әйнек препараттарды Судан - III әдісімен, фиброздану сатысын бағалау үшін Ван-Гизон әдісі бойынша пикрофуксинмен боялды [3]. Гистологиялық зерттеуде бауырдың қүрылысының бүзылуы фокалды некроздың бауыр бөліктерінің барлық аймақтарында үлкен ошақтары, гепатоциттердің радиарлы орналасуы көрінбеуімен сипатталады. Гепатоциттер үлпалы детрит түрінде анықталып, олардың арасында васкулезденген гепатоциттер некробиотикалық өзгеру жағдайында табылды (сур.6). Перипорталды аймақтар әлсіз анықталып, лимфоидты инфильтрациялық ошақтар табылды. Берілген гистологиялық сурет улы гепатиттің ауыр түріне сәйкес келеді.
Тәжірибенің 7 тәулігінде бауырдың үлпасының некрозды аймағы сақталады, гепатоциттердің едәуір саны аппоптозды жағдайда анықталады. Олардың арасында пикнотикалық ядромен немесе ядрошықтармен фрагменттермен вакуолизденген ядролы жасушалар көп, бауыр бөліктерінің периферияларында некроз аймақтарында макрофагтар, лимфоциттер пайда болады. Аналогиялық өзгерістер тәжірибенің 14 тәулігінде де сақталды,
Каунсильменнің ацидофильдік денелері вакуолизирленген «бос» жасушалар түрінде табылып, кариолизистің белгісі ретінде белсенді фагоциттеуші макрофагтар анықталды (сур.7). Гистологиялық зерттеуде тәжірибенің 30 тәулігінде репаративті үрдістер жүріп, күңгірт гиперхромды ядросы бар үлкен пролиферленуші гепатоциттер пайда болды, бірақ олардың арасында дистрофиялық өзгерген түрде гепатоциттер сақталған. Перипорталды аймақтың тамырлары қанға толған, аздаған лимфоциттермен инфильтрациясы байқалады.
Төртхлорлы көміртектің ертіндісін енгізгеннен кейін бауырдың жедел улануындағы патоморфологиялық зерттеудің нәтижелері жедел улы гепатоздың ауыр дәрежесінің туындайтынын гепатоциттердің сегментарлы және фокалды аймақтардың таралуы мен баллонды
160
дистрофия түрінде айқын өзгерісімен дәлелденуі төртхлорлы көміртекпен шақырылған улы гепатоздың ауыр дәрежесін паннувладинмен емдегеннен кейін 3 тәулікте әлі де дистрофиялық және некробиотикалық ошақтар сақталады, бірақ перипорталды аймақтарда лимфиодты инфильтрациялар мен макрофагалды жасушалар пайда болады, ал 7 тәулікте перипорталды аймақта лимфоциттермен макрофагтар инфилтрациялары, бауыр бағаналарының түзілуі мен пролиферленген гепатоциттер пайда болады (сур.10).
Бүл кезде қүрылысының өзгеруі азайып, репаративті үрдістер түзелуімен сипатталып, балонды дистрофия мен коагуляционды некроз аймағы кішірейіп, гиперхромды ядролы ірі гепатоциттер түзілуімен жүреді. Осы кезеңде салыстырмалы ретінде алынған рувимин препаратымен емдегенде бөлікішілік аймақта ірі ядролармен гиперхромды ірі гепатоциттердің белсенді пролиферациясымен көрінді.
Тәжірибенің 14 тәулігінде рувиминді емнен кейін паннувладинді емдегі сияқты гепатоциттердің белсенді пролиферациясы байқалып және бауыр бөліктерінің бағаналы қүрылысы түзеліп, пролиферленуші жасушалар арасынан екі ядролы және көп ядролы гепатоциттер пайда болды (сур.6).
Сонымен қорыта айтқанда улы гепатозда репаративті үрдістің динамикасы паннувладинді емнен кейін бауыр үлпасының қүрылысының қайта қалпына келуі биохимиялық көрсеткіштердің жақсаруымен синхронды сәйкес келіп, бүл дәрінің гепатопротектрлы әсерін дәлелдей түседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Н.Д.Бунатян., О.А.Герасимова., Т.С.Сахарова., Л.В.Яковлева. Природные антиоксиданты - как гепатопротекторы. //Экспериментальная и клиническая фармакология.- 1999. - Т.62, - С.64-67.
- Лим В.Г., Забродский П.Ф., Васильев В.В. // Влияние четырыххлористого углерода на перекисное окисление и покзатели системы иммунитета Саратов. восп. Мед. инст. - 2004. - С.6.
- Меркулов Г.А. Курс патогистологической техники. - Л.: Медицина, 1969. -С. 423.