АННОТАЦИЯ
Зерттеу жүмысының мақсаты: тәжірибедегі басты бағыттарының бірі генотиптері әркелкі жайдары саулықтарға гонадотропин препараттары түрлерін егу арқылы, жайдары қой түқымының өнімділігіне және төлшеңдігіне экзогормондарының ықпалын анықтау. Сынаққа гонадотропин препараттарының үш түрі қолданылды: СЖК (Шымкент биофабрикасы, ҚР), ГСЖК (Покровск биофабрикасы, РФ), Фоллигон («Интервет» Москва Голландияның «Интервет Интернешил
Б.В.» компаниясымен бірігіп жасалған).
Кілт сөздер: саулық, төлшеңдік, экзогормон, төл, гонодотропин препараты.
Кіріспе: Жануарлардың көбейуі олардың өсуін, табиғи ортада санының сақталуын және олардың эволюциялық даму кезеңінде бейімделу қасиеттерінің жетілуіне мүмкіндік беретін күрделі биологиялық процесс.
Саулықтардың табиғи төлдегіштігі көп жағдайда басқа-бас төл береді. Бүл көрсеткіш мал түқымының табиғатың түрақсыз жағдайында қой басының сақталуына мүмкіндік береді.
Еділбай және жергілікті қылшық жүнді жайдары қойларының төлшеңдігі салыстырмалы түрде зерттегенде А.-Ш.М.Амарбаевтың [1] мәліметі бойынша 100 саулықтан 103-113 қозы алынатындығын жазса, ал С.Токкужин [2] дерегі бойынша Атырау облысына еділбай қойының да төлшеңдігі төмен, 100 саулықтан 101-103 қозыны қүраған. Аталған көрсеткіш К.Ж.Жазылбековтың [3] зерттеуінде- 103,8% қүрады.
Оңтүстік Қазақстан аймағында өсірілетін қаракөл қойының экологиялық типтерінің төлшілдігін салыстырмалы түрде зерттегенде, олардың ішінде Қызылқүм экологиялық типтері саулықтары 109,8% төл берсе, Арыс-Түркістан және Қаратау-Мойынқүм типтерінде бүл көрсеткіш тиісінше 7,5 пен 12,0 пайызға төмен болды [4].
Қойлар өзінің көбею ерекшеліктеріне қарай полиэстральды мал түқымдары қатарына жатқызылады. Мүндай малдардың ерекшелігі күйек алу науқаны барысында саулықтың күйлеу процесінің бірнеше рет қайталанып келуінде. Сонымен қатар саулықтарының ерекшеліктері күйек кезеңінің маусымдық және мерзімінің шектеулілігінде.
Жануарлардың көбею қасиеті, оның өсетін экологиялық аймағына, малдың мінез-қүлқына, дене бітіміне, жыл маусымына, күннің үзақтығына, ауа температурасының түрақсыздыгына, азықтандыру жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Саулықтар толықтай азықтандырылғанда, сыртқы ортаның экстремальды факторларының әсеріне төзімділігі артып, төлшеңдігін қасиетін сақтап қалады [1].
Қойлардың төлшеңдік қасиеті бойынша сүрыптау үзақ мерзімге созылатын әдіс. Өндіріс жағдайында ауылшаруашылығы малдарының санын тез көбейтіп және өнімдік көрсеткіштерін арттырудың бірнеше тәсілдері қолданылады, олар селекциялық жүмыстар арқылы генотипі көп төл беретін саулықтар отарын шығару және жасанды экзогенді гормональді препараттар қолдану. Қазіргі кезде қой шаруашылығында гормональды әдіс қолдану тиімді, ол қысқа мерзімде нәтиже береді.
Кейінгі кезде мал шаруашылығының басқа салаларында тиімділігі жоғары гормональді препараттардың үнтақ түрлерін қолдану артып келеді. Сондықтан оңтүстік аймақта өсірілетін қазақтың қылшықты қой түқымына әр түрлі гормональді препараттарды қолданып, олардың саулықтардың төлшеңдігіне ықпалын анықтау өзекті мәселе.
Зерттеу әдістемесі. Тәжірибенің басты бағыттарының бірі генотиптері әркелкі жайдары саулықтарға гонадотропин препараттары түрлерін егу арқылы, жайдары қой түқымының өнімділігіне және төлшеңдігіне экзогормондарының ықпалын анықтау. Сынаққа гонадотропин препараттарының үш түрі қолданылды: СЖК (Шымкент биофабрикасы, ҚР), ГСЖК (Покровск биофабрикасы, РФ), Фоллигон («Интервет» Москва, Голландияның «Интервет Интернешил Б.В.» компаниясымен бірігіп жасалған).
СЖК препараты саулықтың жыныс циклының 12 күні 1200 МЕ дозада енгізілді және 48 сағаттан кейін 250мг эстрофан салынды. ГСЖК препараты саулықтың жыныс циклының 11 -13 күндері 1000 -1200 И.Е. дозасында салынды және 48 сағаттан кейін 125 -165мкг эстрофан егілді. Фоллигон препаратын салу үшін алдымен саулықтар прогестагенмен өңделіп, кейін 400 -750 МЕ фоллигон салынды.
Фоллигон гормональдық препараты саулықтың жыныстық циклын индукциялауға, төлшеңдігін арттыруға, суперовуляция жасауға, сонымен бірге қошқарлардың, бүқалардың үрық шығару процессі бүзылғанда сиырда, қойда, ешкіде, қоянда, бүғыда қолдануға болады. Ол қүрамында фолликулостимулирующий (ФСГ) и лютеинизирующий (ЛГ) гормондар болады. Аталған препарат кейінгі кезде трансплантация саласында жиі қолданыла бастады.
Зерттеу нәтижесі және талқылау. Әр топтағы саулықтар саны бойынша төрт топқа бөлініп олардың үш тобына СЖК, ГСЖК, Фоллигон гонадотропин препараттары егілді. Топтар арасында жоғары деңгейде қашқан шымқай қара типтегі саулықтар болдып 92,0 -95,8% қүрады, ал төменгі деңгейде 86,0 -88,1% үяң қара саулықтар арасында орын алды (1 кесте).
1 - кесте - Генотиптері әркелкі жайдары саулықтардың гонадотропин препараттарымен егу
Генотиптер |
Гонадотропин препараттарының түрлері |
Гонадотропин препараттары салынған саулықтар |
Оның ішінде қашырылғаны |
|
бас |
пайыз |
|||
І топ Шымқай қара |
СЖК |
50 |
46 |
92,0 |
ГСЖК |
47 |
44 |
93,6 |
|
Фоллигон |
48 |
46 |
95,8 |
|
Бақылау тобы |
50 |
49 |
98,0 |
|
ІІ топ Орта қара |
СЖК |
108 |
97 |
89,8 |
ГСЖК |
106 |
96 |
90,6 |
|
Фоллигон |
105 |
96 |
91,4 |
|
Бақылау тобы |
106 |
104 |
98,1 |
|
ІІІ топ ¥яң (бозғыл) қара |
СЖК |
43 |
37 |
86,0 |
ГСЖК |
42 |
37 |
88,1 |
|
Фоллигон |
41 |
36 |
87,8 |
|
Бақылау тобы |
39 |
37 |
94,9 |
Әр түрлі гонадотропин препараттарымен қолданылған саулықтардың төлдеу көрсеткіштері сарапталынды. Алдымен қашырылған саулықтар арасынан төлдеген саулықтар үлесін анықтадық. Жалпы алғанда қашырылған саулықтар арасынан төлдеген саулықтар үлесі 91,7% -97,9% қүрады. Бірақта, гонадотропин препараттарын қолданылған генетикалық топтар арасында төлдеген саулықтар үлесінде айырмашылықтар болды.
Мүнда төлдеген саулықтардың жоғары үлесі 97,7% -97,8% және 96,9% шымқай қара және орта қара топтарында тіркелді. Гонадотропин препараттарын қолданылған төлдеген саулықтардың төменгі үлесі 91,7% -91,9% үяң қара топтағы саулықтарда байқалды (2 кесте,).
2 -кесте - Әр түрлі гонадотропин препараттарын қолданылғанда саулықтардың төлдеу көрсеткіштері
Қой генотип тері |
Гонадо тропин препарат тарының түрлері |
Гонадо тропин препарат тары егілген саулықтар |
Оның ішінде қашырыл ғаны |
Оның ішінде төлдегені |
Жалпы алынған төл |
100 бас аналыққа шаққанда |
|
бас |
пайыз |
||||||
І топ Шымқай қара |
СЖК |
50 |
46 |
45 |
97,8 |
59 |
131,1 |
ГСЖК |
47 |
44 |
43 |
97,7 |
59 |
137,2 |
|
Фоллигон |
48 |
46 |
45 |
97,8 |
63 |
140,0 |
|
Бақылау тобы |
50 |
49 |
47 |
95,9 |
49 |
104,2 |
|
ІІ топ Орта қара |
СЖК |
108 |
97 |
94 |
96,9 |
121 |
128,7 |
ГСЖК |
106 |
96 |
93 |
96,9 |
126 |
135,5 |
|
Фоллигон |
105 |
96 |
93 |
96,9 |
129 |
138,7 |
|
Бақылау тобы |
106 |
104 |
100 |
96,1 |
102 |
102,0 |
|
ІІІ топ Ұяң (бозғыл) қара |
СЖК |
43 |
37 |
34 |
91,9 |
41 |
120,6 |
ГСЖК |
42 |
37 |
34 |
91,9 |
44 |
129,4 |
|
Фоллигон |
41 |
36 |
33 |
91,7 |
43 |
130,3 |
|
Бақылау тобы |
39 |
37 |
35 |
94,6 |
34 |
97,1 |
Мүнда гонадотропин препараттарын қолданылған саулықтардың төлдеу көрсеткіштерінің әркелкі болуы, осы малдардың физиологиялық қасиетінің әркелкілігінде. Генотипі әркелкі буаз саулықтардың қыстың суығы мен жем- шөп тапшылығына шыдамдылығы бірдей емес. Әр түрлі гонадотропин препараттарын қолданылған саулықтардың төлдеу көрсеткіштерін сараптағанда, гормондардың аналықтардың төлдеуіне ықпалы әркелкі болатыны байқалды. Гонадотропин препараттарының белсенділік ықпалын сараптағанда олардың бірдей еместігі анықталды. Олардың арасында белсенділік ықпалын жоғары деңгейде болғаны ГСЖК және Фоллигон препараттары болды. Фоллигон препаратын қолданғанда саулықтардың 100 бас аналыққа шаққандағы көрсеткіші 140% дейін жетті.
ГСЖК препараты да өзінің саулықтардың төлдегіштікіне ықпалы жақсы екендігін байқатты. Оның ішінде жоғары нәтиже 137,2% төл шымқай қара саулықтар тобында тіркелді. Гонадотропин препараттарының арасында белсенділігінің төменгі нәтижесі СЖК гормонын қолданғанда байқалды, мүндағы жоғары нәтиже 131,1% қүрады.
Сонымен бірге, жүн жамылғысының пигментация деңгейі бойынша генотипі әркелкі қойлардың төлдеу көрсеткіштерін сараптағанда, олардың көрсеткіші бірдей болмай, саулықтар 100 бас аналыққа шаққанда алынған қозы 120% мен 140% аралығында ауытқыды.. Генетикалық топтағы саулықтар арасында 100 бас аналыққа шаққанда жоғары көрсеткіш 131,1-140% төл шымқай қара малдарда тіркелді. Ал кейінгі көрсеткіш 120 -130% төл үяң қара топтағы саулықтардан алынды. Зерттеуде әр түрлі гонадотропин препараттарын саулықтарға қолданған кезде қосымша алынған төл саны сарапталынды (3 кесте).
3 кесте - Әр түрлі гонадотропин препараттарын саулықтарға қолданған кезде қосымша алынған төл саны
Генотиптер |
Гонадотропин препараттары ның түрлері |
Гонадо тропин препарат тары егілген саулықтар саны |
Жалпы алынған төл |
100 бас аналыққа шаққанда пайыз есебімен |
қосымша алынған төл саны |
І топ Шымқай қара |
СЖК |
45 |
59 |
131,1 |
14 |
ГСЖК |
43 |
59 |
137,2 |
16 |
|
Фоллигон |
45 |
63 |
140,0 |
18 |
|
Барлық қосымша алынған төл саны |
48 |
||||
Бақылау тобы |
47 |
49 |
104,2 |
2 |
|
ІІ топ Орта қара |
СЖК |
94 |
121 |
128,7 |
27 |
ГСЖК |
93 |
126 |
135,5 |
33 |
|
Фоллигон |
93 |
129 |
138,7 |
36 |
|
Барлық қосымша алынған төл саны |
96 |
||||
Бақылау тобы |
100 |
102 |
102,0 |
2 |
|
ІІІ топ Ұяң қара |
СЖК |
34 |
41 |
120,6 |
7 |
ГСЖК |
34 |
44 |
129,4 |
10 |
|
Фоллигон |
33 |
43 |
130,3 |
10 |
|
Барлық қосымша алынған төл саны |
27 |
||||
Бақылау тобы |
35 |
34 |
97,1 |
-1 |
|
Барлық топтар бойына қосымша алынған төл саны |
171 |
Қорытынды:
Саулықтарға гонадатропин препараттарын қолданып олардың 100 бас аналыққа шаққанда төлдегіштігі артаттыны байқалды. Оның ішінде СЖК қолданғанда 100 бас аналыққа шаққанда 120,6 -131,1% төл, ал ГСЖК мен фоллигон препараттарын қолданғанда 129,4 -140,0% төл алынды.
Саулықтарға экзогенді гормональді препараттарды қолданғанда қосымша алынған төлдің жалпы саны 171 бас болды, оның ішінде І топта -48 бас, ІІ топта -96 бас, ІІІ топта 27 бас болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Амарбаев а. Ш -М. Биология ягнят многоплодных мясо -сальных овец. Алма - Ата., Наука., 1975., 137с.
- Токкужин С. Конституционально-продуктивные качества и некоторые наследственные свойства эдильбаевских овец в условиях Гурьевской области: автореф. канд. с.-х. наук.- Алма-Ата, 1967.- С. 22.
- Жазылбеков К.Ж. Внутрипородный зональный тип дегересской породы овец: автореф д-ра с.-х. наук.- Алматы, 2004.-41 с.
- Баймуханбетова К.З. Қаратау сырты-Мойынқүм аймағында жакет елтірілі типті қара түсті қаракөл қойларының әр түрлі популяцияларын зоотехникалық бағалау: а.ш.ғ.к... автореф: 30.03.09. - Шымкент: ОБМжӨШҒЗИ, 2009.-246.