ТҮЙІН
Жүмыстың мақсаты. Фосфордың уытты әсерінен жануарлардың тіршілігін сақтап қалуының, өмір сүруінің орташа үзақтығының және өлімге әкелетін орташа дозасының ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайын бағалау.
Қорытынды.Сары фосфордың сулы қалқымасының орташа өлтіру дозасын (DL50 -31,1 мг/кг) іш қуысына енгізгенде тәжірибелік жануарлардың орташа өмір сүру уақыты «төзімді» тобында «жалпы», «сезімтал» және» өте сезімтал» топтарына қарағанда 63,4%-ға, 82,5%-ға және 37,8%-ға үзарды. Сары фосфордың сулы қал қымасының орташа өлімге әкелетін дозасы (DL50) «төзімді» тобында «жалпы», «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарына қарағанда 63%-ға, 83%-ға және 313%-ға жоғарылады.
Кілт сөздер: фосфор, ксенобиотик, сезімталдық.
Кіріспе. Белгілі бір себеп-шарттар организмге әсер еткенде, оның жауабы негізінен жекеленген сезімталдығына байланысты болады. Тәжірибелік жануарлардың үлпаларында ауыртпалық (стресс) әсердің нәтижесінде «төзімді» топтарда тек қана қайта әсерленген үрдістер орын алса, ал ауыртпалық әсерге төзімсіз жануарлардың үлпаларында қүрылымдық бүліністік өзгерістер (жасушаішілік ыдырау) орын алды.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Ақ тышқандар мен ақ егеуқүйрықтарды қолданып фосфорға сезімталдығына байланысты сары фосфордың 1% сулы қалқымасының өлімге әкелетін орташа дозасын (DL50) Софьина З.П. және әріптестердің [1,2,3,4] әдісімен анықтадық. Өлімге әкелетін орташа дозасының деңгейін есептеу үшін (DL50) пробит-анализ [1,2,3,4] әдісін қолдандық. Ал егеуқүйрықтарға фосфордың 1% сулы қалқымасының орташа уытты дозасын (15 мг/кг) іш қуысына бір рет енгізіп, олардың орташа өмір сүру уақытын зерттедік.
Тәжірибе барысыңда жануарлардың жағдайы өте мүқият байқауға алынды: дене салмағын бағалау, түк жабының жағдайы, қимыл белсенділігі, тағам және сүйықтықты пайдалану кабілеті, нәжіс жағдайы және т.б.
Зерттеу нәтижелері. Егеуқүйрықтардың фосфорға «төзімді» тобы бақылаудың барлық кезеңінде белсенді, қимылдары ширақ болып қала берді, тәбеттері жақсы және зерттеудің 30-ы тәулігінде 25-30 граммнан салмақ қосты. Түк жабыны таза және тегіс болып қалды. Бүл топтағы егеуқүйрықтардың өлімі 30 тәуліктің ішінде 1,67% -ға тең болды.
Фосфорға «сезімтал» жануарлар ксенобиотикті енгізген соң 2 сағаттан кейін тынышталып, қимыл әрекеттері төмендеп, тамақтан бас тартқаны байқалды. Алғашқы 1-ші тәулікте жануарлар тынышталып, қимылдары азайды, бірақ 3-ші тәуліктен бастап олардың қимыл-әрекеттері жоғарылап, тәжірибенің аяғына дейін сақталынды. Фосформен жіті уыттанған тәжірибелік жануарларда 3-ші тәуліктен кейін 25%-ында диспепсиялық қүбылыстар байқалып, 4-ші тәулікте жоғалды. 6-7 тәулікте дене салмағы 15-20г төмендеді. Одан кейін дене салмағы біртіндеп өсе бастады, 14-ші тәулікте тірі қалған егеуқүйрықтардың салмағы қайта қалпына келе бастады. Түктері үйпаланған, бірақ таза болып қалды. Тәжрибенің 10-11-ші тәулігінде 16% егеуқүйрықтар (жалпы топта 25%) аяқтарында және қүлақтарында нүктелі қан қүйылу байқалды. Жануарлардың 25%-ның басында түктерінің түсуі фосформен уыттанған нан кейін 21-ші тәуліктен бастап кездесті.
Тірі қалған жануарлардың 1/4 бөлігінде тәжірибенің 20-шы тәулігінде бастарындағы түктері түскен.
Кесте - Фосформен жіті уыттанған тәжрибелік жануарлардың сары фосфорға даралық сезімталдығына байланысты өлуі мен өмір сүруінің орташа ұзақтығьшың (ӨО¥) өзгеруі.
Бақылау уақыты |
Топтао |
|||
төзімді |
сезімтал |
өте сезімтал |
жалпы |
|
1-5 тэулжте |
- |
- |
3(5%) |
3(5%) |
6-10 тәулік |
- |
3 (5%) |
14(23,33%) |
17(28,3%) |
11-15 тәулік |
- |
3 (10%) |
1 (1,67%) |
4(6,67%) |
16-20 тәулік |
- |
2(3,33%) |
2 (3,33%) |
4(6,67%) |
21-30 тәулік |
1 (1,67%) |
1(1,67%) |
- |
2(3,33) |
Жалпы |
1 (1,67%) |
9 (20%) |
20 (33,33%) |
30 (50%) |
ӨО¥, тәулік |
25,0±0,85 |
13,7±0,82 |
7,4±0,39 |
15,3±0,62 |
Ксенобиотикке «өте сезімтал» жіті уыттанған жануарлар тәжірибеден 2 сағат өткеннен кейін тынышталып, қимыл әрекеттері төмендеп, тамақтан бас тартқаны байқалды. Алғашқы 1-ші тәулікте жануарлар тынышталып, қимылдары азайды, бірақ 2-ші тәуліктен бастап олардың қимыл-әрекеттері төмендеді, тәжірибенің аяғына дейін сақталынды. Фосформен уыттанғаннан кейін 3-ші тәуліктен бастап 85%-ында диспепсиялық қүбылыстар байқалып, 4-ші тәулікте жоғалды. 3-4 тәулікте дене салмағы 25-30г төмендеді. Одан кейін дене салмағы біртіндеп өсе бастайды, 23-ші тәулікте тірі қалған егеуқүйрықтардың салмағы кайта калпына келе бастайды. Тәжрибенің 4-5 күндері жануарлардың 8%-да, 13-15-ші тәуліктері 20%-да, 20-21-ші тәуліктері ақ егеуқүйрықтардың 6%-да қүлағында және аяқтарында қан қүйылу байқалған, соның нәтижесінде жануарлар өлген. Тірі қалған жануарлардың 1/3 бөлігінде тәжірибенің 20-шы тәулігінде бастарындағы түктері түскен.
Фосформен жіті уыттанған жануарлардың өмір сүру қабілеті мен өмір сүрулерінің орташа үзақтығы кестеде көрсетілген.
Жіті уыттанғаннан кейін жалпы топта 5-ші тәулікке дейін егеуқүйрықтардың өлуі басталды, олар 5% қүрады. 6-10 тәулікте жануарлардың 28,3% өлді және тәжірибенің 11-15, 16-20 тәулік кезеңдерінде жануарлардың 6,7% өлді, тәжірибенің 20-шы тәулігіне дейін жануарлардың 46,6%-ы өлді, ал 54,4%-ы тірі қалды. Тәжірибенің 21-30 тәулігінде жануарлардың 3,33%-ы өлді. Тәжірибенің толық кезеңінде жануарлардың жалпы топта 50 %-ы өлді. Фосфордың сулы қалқымасының өлтіре алатын орташа дозасымен уыттанған жануарлардың өмір сүрулерінің орташа үзақтығы жалпы топта 15,3±0,62 тәулікке тең болса, бүл көрсеткіштің мәні «төзімді» тобында 63,3%-ға үзарды, ал «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарында 10,5%-ға және 51,6%-ға қысқарды.
Тәжірибелік жануарлардың «төзімді» тобында зерттеудің 21-30 тәулік арасында 1,67 %-ы өлсе, «сезімтал» тобында егеуқүйрықтардың өлуінің деңгейі 1,67%-ға, 6-10 тәулік арасында 5%-ға тең болса, «өте сезімтал» топта тәжірибелік жануарлардың өлуі 1-5 тәулікте 5%-ға, 6-10 тәулік арасында 23,3%-ға тең болды. Зерттеудің толық уақытында жануарлардың өлуі «төзімді» тобында 1,67%-ға, «сезімтал» тобында 20%-ды қүраса, «өте сезімтал» тобында 33,3%-ға тең болды.
Сонымен сары фосфордың сулы қалқымасының уытты әсерінен жануарлардың өлуі «өте сезімтал» топта жоғары деңгейде орын алып және олардың орташа өмір сүру уақыты қысқарды.
Қорытынды. Сары фосфордың сулы қалқымасының орташа өлтіру дозасын (DL50 -31,1 мг/кг) іш қуысына енгізгенде тәжірибелік жануарлардың орташа өмір сүру уақыты «төзімді» тобында «жалпы», «сезімтал» және» өте сезімтал» топтарына қарағанда 63,4%-ға, 82,5%-ға және 37,8%-ға үзарды. Сары фосфордың сулы қал қымасының орташа өлімге әкелетін дозасы (DL50) «төзімді» тобында «жалпы», «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарына қарағанда 63%-ға, 83%-ға және 313%-ға жоғарылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың қанының әлсіз жарқырауының фосфорға сезімталдығына байланысты өзгеруі // ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б. 46-48.
- Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың фосфорға сезімталдығына байланысты қанның жасушаларындағы липидтердің асқын тотығының жағдайы // ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б.45-46.
- Әділбекова Д.А., Жолымбекова Л.Д. Ағзаның фосфорға сезімталдығына байланысты антипириннің алмасуы // Здоровье и болезнь, Алматы, 2006.- №6 (55).-б. 78-81.
- Софьина З.П., Сыркин А.Б., Голдин А., Кляйн А. Экспериментальная оценка противоопухолевой активности химиотерапевтичес-ких препаратов // Методы экспериментальной химиотерапии. Под ред. Г.Н. Першинина-М.,1971.-С. 337-381.