Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сары фосфордың сулы қалқымасының жануарлардың ксенобиотикке сезімталдығына байланысты dl50 мөлшері

Жүмыстың мақсаты. Сары фосфордың сулы калқымасының жануарлардың ксенобиотикке сезімталдығына байланысты DL50 мөлшерін анықтау.

Қорытынды.Сары фосфордың сулы қалқымасының өлімге әкелетін орташа дозасы (DL50) «төзімді» тобында «жалпы», «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарына қарағанда 63%-ға, 83%-ға және 313%-ға жоғарылады.

Кілт сөздерфосфор, ксенобиотик, сезімталдық

Кіріспе. Кәсіптік дерттік үрдіске адам организмінің бүкіл жүйесі мен ағзалары үшырайды. Ғылыми зерттеу нәтижелері фосфор қосылыстарымен созылмалы уыттану жүмысшылардың фосфорға даралық сезімталдығына тікелей байланысты екенін көрсетеді [1,2,3].

Зерттеу материалдары мен әдістері. Ақ тышқандар мен ақ егеуқүйрықтарды қолданып фосфорға сезімталдығына байланысты сары фосфордың 1% сулы қалқымасының өлімге әкелетін орташа дозасын (DL50) Софьина З.П. және әріп тестер, [4]. әдісімен анықтадық. Өлімге әкелетін орташа дозасының деңгейін есептеу үшін (DL50) пробит-анализ [5]. әдісін қолдандық. Ал егеуқүйрықтарға фосфордың 1% сулы қалқымасының орташа уытты дозасын (15 мг/кг) іш қуысына бір рет енгізіп, олардың орташа өмір сүру уақытын зерттедік.

Тәжірибе барысында жануарлардың жағдайы өте мүқият байқауға алынды: дене салмағын бағалау, түк жабының жағдайы, қимыл белсенділігі, тағам және сүйықтықты пайдалану кабілеті, нәжіс жағдайы және т.б.

Зерттеу нәтижелері. ХЛТК деңгейі бойынша тәжірибеге алынған егеуқүйрықтар үш топқа бөлінді: 1-ші топ-фосфорға «төзімді» деп алынды, олардың ауытқулары 0,7 шб-ден 1,1 шб-ге дейін орын алды. 2-ші топ-ХЛТК мәні ал 0,7-0,5 шартты белгі аралығындағы жануарлар фосфорға «сезімтал» тобына жатқызылды. 3-ші топ - ХЛТК шб мәні 0,5 шартты белгіден төмендеген жағдайда фосфорға «өте сезімтал» деп есептелді.

Алдын-ала ксенобиотикке сезімталдығы анықталған егеуқүйрықтарға өңеш арқылы фосфордың сулы қалқымасының 1% ерітіндісін 10 мг/кг мөлшерінде, ал бақылау тобына физиологиялық ерітіндісі сәйкес көлемінде берілді [1].

Қорыта келгенде, сары фосфордың сулы қалқымасының өлімге әкелетін орташа дозасымен (DL50) уыттанған жануарларда патологиялық өзгерістер диспепсиялық бүзылыстармен, бас аймағында түктердің түсуімен білінеді, бүлардың барлығы фосформен жіті уыттанудың айғақ көрсеткіштері.

Фосформен жіті уыттанған жануарлардың тіршілігін сақтап қалуы туралы алынған деректер әдебиеттерде келтірілген мәліметтерге сәйкес келеді, сондықтан алынған фосформен уыттану үлгісі дүрыс жасалынған деп айтуға болады.

Сары фосфордың сезімталдығына немесе төзімділігіне байланысты ақ егеуқүйрықтардың орташа өлімге әкелетін дозасының мөлшері (DL50) әр түрлі деңгейде орын алды. Жануарлардың жалпы тобындағы DL50 мөлшері31,1 ±1,81мг/кг тең болса, «өте сезімтал» тобында бүл көрсеткіштің мөлшері 50,8%-ға төмендеді, яғни «өте сезімтал» топтағы жануарларда фосфорға түрақтылығы төмендеді және DL50 деңгейі 15,0± 0,9 мг/кг тең.

Сары фосфорға «төзімді» тобында орташа өлтіретін дозасының деңгейі «жалпы» топқа, «сезімтал» және «өте сезімтал топтарына қарағанда 63%-ға, 83%-ға жә не 238%-ға жоғарылады, яғни

фосфорға «төзімді» тобындағы жануарлардың ксенобиотикке түрақтылыты, «сезімтал» және «өте сезімтал» топтары на қарағанда 1,83 және 3,38 есе жоғары болатынын көрсетеді (кесте).

Кесте - Сары фосфордың сулы қалқымасының жануарлардың ксенобиотикке сезімталдығына байланысты DL50 мөлшері

Топтар

DL50

% бойынша

«жалпы»

31,1 ±1,81мг/кг

61,3

«төзімді»

50,7±3,0 мг/кг*

100

«сезімтал»

27,7 ±1,6 мг/кг*4

54,6

«өте сезімтал»

15,3 ±0,9 мг/кг*лп

29,6

Нүсқама-

  1. *- p < 0,05 жалпы топпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіші;
  2. л- p < 0,05 төзімді топпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіші;
  3. п - p < 0,05 сезімтал топпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіші.

Қорытынды. Сары фосфордың сулы қалқымасының өлімге әкелетін орташа дозасы (DL50) «төзімді» тобында «жалпы», «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарына қарағанда 63%-ға, 83%-ға және 313%-ға жоғарылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың қанының әлсіз жарқырауының фосфорға сезімталдығына байланысты өзгеруі // ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б. 4648.
  2. Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың фосфорға сезімталдығына байланысты қанның жасушаларындағы липидтердің асқын тотығының жағдайы // ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б.45-46.
  3. Әділбекова Д.А., Жолымбекова Л.Д. Ағзаның фосфорға сезімталдығына байланысты антипириннің алмасуы // Здоровье и болезнь, Алматы, 2006.- №6 (55).-б. 78-81.
  4. Софьина З.П., Сыркин А.Б., Голдин А., Кляйн А. Экспериментальная оценка противоопухолевой активности химиотерапевтических препаратов // Методы экспериментальной химиотерапии. Под ред. Г.Н. Першинина-М.,1971.-С. 337-381
  5. Машковский М.Д. Фармакологическое и токсикологическое изучение химиотерапевтических препаратов // Методы экспериментальной химиотерапии.- М., 1971. - С.524-537.
  • Жыл: 2014
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина