Жүмыстыц мақсаты. Фосфорға сезімталдығына байланысты жануарлар қанындағы супероксиддисмутаза және каталаза ферментерінің белсенділіктерінің фосформен жіті уыттануы кезіндегі өзгерістері.
Қорытынды.Сонымен, қандағы антитотықтырғыш жүйесінің деңгейі жануарлардың фосфорға сезімталдығына тікелей байланысты. Сары фосфордың әсерінен қанның антиоксидант жүйесі көрсеткіштерінің ең үлкен төмендеуі «өте сезімтал» тобында орын алды, ал «сезімтал» топта орта жағдайда болды да, «төзімді» тобында ауытқулар үлкен мәнге ие болмады.
Фосформен жіті уыттану нәтижесінде сары фосфорды 10мг/кг дене массасына енгізгеннен кейін жануарларда липидтердің асқын тотығының және антиоксиданттық жүйесі көрсеткіштерінің өзгерістері бойынша жіті уыттану фосфорға «төзімді» топқа қарағанда, «сезімтал», әсіресе «өте сезімтал» топтарда ауыр өтеді. Фосфорға «төзімді» топбындағы жануарларда қанның хемилюминесценттік қасиеттері, липидтердің асқын тотығу өнімдері шамалы ғана өссе, «сезімтал» топта ортаңғы деңгейде, ал «өте сезімтал» топта жоғары деңгейде өсті. Ал антиоксиданттық жүйесінің көрсеткіштеріне келсек, фосфорға «төзімді» жануарлар қанында олар парықты өзгеріске үшырамады, «сезімтал» топта шамалы ғана өзгерді, ал «өте сезімтал» топта көбірек төмендеді.
Кілт сөздер: фосфор, каталаза, супероксиддисмутаза.
Кіріспе. Бүгінгі таңда адам организміне көптеген өндірістік химиялық заттардың және дәрі- дәрмектердің әсері күннен күнге кең тарап бара жатыр. Олардың организмге уытты немесе жанама әсерлері-нен дерттік өзгерістер пайда болатыны көпшілікке белгілі. Бүл ксенобиотиктердің әсерлерінен дерттердің даму мүмкіншіліктері организмнің даралық сезімталдығына байланысты болады [1,2].
Зерттеу әдістері. Қан эритроциттеріндегі СОД және каталаза белсенділігін спекрофотометриялық [3] әдісімен зерттедік. Сараптауға ыңғайлы болу үшін ксенобиотиктің әсерінен липидтердің еркін радикалды үрдістерінің негізгі жағдайын бағалау үшін ЛЕРТ-АТЖ тепе-теңдігін анықтауда БК-ін [4] есептеу өрнегі қолданылды.
Зерттеу нәтижелері. Еркін радикалды тотығу үрдістері көрсеткіштерінің сау және фосформен жіті уыттануға үшыраған жануарлардың фосфорға сезімталдығына байланысты өзгеру тетіктеріне нақты баға беру үшін, антитотықтырғыш жүйесінің белгілі көрсеткіштерін зерттеуді жөн көрдік. Алынған мәліметтер кестеде және суретте көрсетілген.
Қан эритроциттеріндегі супероксиддисмутазаны жалпы топтың бақылау топтамасында 100%-ға тең деп алғанда, фосфорға «төзімді» топтың бақылау топтамасында өзгеріссіз болса, «сезімтал», «өте сезімтал» топтарында 11,9%-ға, 55,6%-ға сәйкес төмендеді. Каталаза «төзімді» топта жалпы топқа қарағанда парықты өзгермеді, «сезімтал», «өте сезімтал» топтарда 13,4%-ға, 40,8%-ға сәйкес төмендеді. а-токоферолдың мөлшері жалпы топтың бақылау топтамасына қарағанда «төзімді» топта айтарлықтай өзгермеді, «сезімтал», «өте сезімтал» топтарда 14,6%-ға, 40,9%-ға сәйкес төмендеді.
Қан эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотығы үрдісінің негізгі антитотықтырғыш энзимінің бірі - супероксиддисмутаза белсенділігі жалпы топта болмыстық көрсеткішіне қарағанда 31,6%-ға, фосфорға «төзімді» топта 25,6%-ға ғана төмен, «сезімтал» тобында бүл көрсеткіштің деңгейі 41,8%-ға ал «өте сезімтал» тобында 77,6%-ға азайды.
Кесте - Фосфорға сезімталдығына байланысты жануарлар қанындағы супероксиддисмутаза және каталаза ферментерінің белсенділіктерінің фосформен жіті уыттануы кезіндегі өзгерістері
Көрсеткіштер |
Топтар |
||||
Жалпы п=100 |
төзімді п=74 |
Сезімтал п=18 |
өте сезімтал п=8 |
||
СОД (шб/106 жасушаға) |
1 2 |
0,76±0,03 0,52±0,02** |
0,82 ± 0,03 0,61 ± 0,03** |
0,67 ± 0,03 0,39 ± 0,01** |
0,49 ± 0,03* 0,11 ±0,01** |
Каталаза (шб/106 жасуша) |
1 2 |
15,7±0,59 12,9±1,2** |
17,5 ± 0,5 14,6 ± 0,7** |
13,6 ±0,68* 9,5 ± 0,5** |
9,3 ± 0,44* 5,3 ± 0,3** |
БК (шб) |
1 2 |
1,0±0,06 4,18±0,20** |
0,81±0,05 1,20±0,08** |
1,32±0,09* 2,86±0,17** |
3,2±0,07* 10,4±0,62** |
Сутегі асқын тотығының алмасуын реттейтін қан ағзаларындағы каталаза белсенділігі болмыстық көрсеткішімен салыстырғанда жалпы топта 17,9%-ға, «төзімді» тобында 17%-ға ғана, ал «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарында бүл ферменттің белсенділігі сәйкес бақылау тобына қарағанда 30,1%-ға және 43,2%-ға төмендеді.
Супероксиддисмутаза және каталаза ферменттерінің азаюы фосфорға «төзімді» топта бақылау тобының деңгейінде болды. Қандағы асқын тотығының және антитотықтырғыш жүйесінің біріктірілген көрсеткіші жалпы топта бақылау топтамасына қарағанда 4 еседен артық жоғарылады. Фосфорға «төзімді» топта бақылау топтамасының көрсеткішіне қарағанда 48%-ға, «сезімтал» топта 2,2 еседей, «өте сезімтал» топта оның деңгейі 3,2 еседен жоғары болды.
Қорытынды.
Сонымен, қандағы антитотықтырғыш жүйесінің деңгейі жануарлардың фосфорға сезімталдығына тікелей байланысты. Сары фосфордың әсерінен қанның антиоксидант жүйесі көрсеткіштерінің ең үлкен төмендеуі «өте сезімтал» тобында орын алды, ал «сезімтал» топта орта жағдайда болды да, «төзімді» тобында ауытқулар үлкен мәнге ие болмады.
Фосформен жіті уыттану нәтижесінде сары фосфорды 10мг/кг дене массасына енгізгеннен кейін жануарларда липидтердің асқын тотығының және антиоксиданттық жүйесі көрсеткіштерінің өзгерістері бойынша жіті уыттану фосфорға «төзімді» топқа қарағанда, «сезімтал», әсіресе «өте сезімтал» топтарда ауыр өтеді. Фосфорға «төзімді» топбындағы жануарларда қанның хемилюминесценттік қасиеттері, липидтердің асқын тотығу өнімдері шамалы ғана өссе, «сезімтал» топта ортаңғы деңгейде, ал «өте сезімтал» топта жоғары деңгейде өсті. Ал антиоксиданттық жүйесінің көрсеткіштеріне келсек, фосфорға «төзімді» жануарлар қанында олар парықты өзгеріске үшырамады, «сезімтал» топта шамалы ғана өзгерді, ал «өте сезімтал» топта көбірек төмендеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың қанының әлсіз жарқырауының фосфорға сезімталдығына байланысты өзгеруі // ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б. 46-48.
- Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың фосфорға сезімталдығына байланысты қанның жасушаларындағы липидтердің асқын тотығының жағдайы // ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б.45-46.
- Чумаков В.Н., Осинская Л.Ф. Количественный метод определения активности цинк-медь- зависимой супероксиддисмутазы в биологическом материале // Вопросы мед. химии. - 1977. № 5. -С. 712-716.
- Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А., Жүмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Ксенобиотиктердің әсерінен болатын липиттердің еркін радикалды асқын тотығу үрдістерінің және антитотықтырғыш жүйесінің ағзада болатын интегралды көрсеткішін және патологиялық жағдайға дәрілерді анықтау тәсілі. // Инф.лист №34-06.-Шымкент, 2006.-Б.6.