Жүмыстың мақсаты. Фосфорға сезімталдығына байланысты жануарлар қанындағы а- токоферолдың мөлшерінің фосформен жіті уыттануы кезіндегі жағдайын зертеу.
Қорытынды. Қандағы антитотықтырғыш жүйесінің деңгейі жануарлардың фосфорға сезімталдығына тікелей байланысты. Сары фосфордың әсерінен қанның антиоксидант жүйесі көрсеткіш-терінің ең үлкен төмендеуі «өте сезімтал» тобында орын алды, ал «сезімтал» топта орта жағдайда болды да, «төзімді» тобында ауытқулар үлкен мәнге ие болмады. Фосформен жіті
уыттану нәти-жесінде сары фосфорды 10мг/кг дене массасына енгізгеннен кейін жануарларда липидтердің асқын тотығының және антиоксиданттық жүйесі көрсеткіштерінің өзгерістері бойынша жіті уыттану фосфорға «төзімді» топқа қарағанда, «сезімтал», әсіресе «өте сезімтал» топтарда ауыр өтеді. Фосфорға «төзімді» топбындағы өссе, «сезімтал» топта ортаңғы деңгейде, ал «өте сезімтал» топта жоғары деңгейде өсті. Ал антиоксиданттық жүйесінің көрсеткіштеріне келсек, фосфорға «төзімді» жануарлар қанында олар парықты өзгеріске ұшырамады, «сезімтал» топта шамалы ғана өзгерді, ал «өте сезімтал» топта көбірек төмендеді.
Кілт сөздер: фосфор, а-токоферол, жедел уыттану.
Кіріспе. Липидтердің еркін радикалды тотығуы мен антиоксиданттық жүйесінің тепе- теңдігі тек бауыр жасушаларында ғана бұзылып қоймай, осындай өзгерістер эритроциттерде, лимфоциттерде, кардиомиоциттерде және жүйке жүйесінде де орын алады [1].
Фосфор зауытының жұмысшыларында фосфор қосылыстарымен созыл малы уыттану әр түрлі кезеңдерде пайда болады, кейде 8-12 жылдан соң оның алғашқы белгілері пайда болады [2], ал кейбір жұмысшыларда бұл аурудың көріністері 20-25 жылдық еңбек өтіліне қарамай кездеспейді. Кәсіптік дерттік үрдіске адам организмінің бүкіл жүйесі мен ағзалары ұшырайды [3]. Ғылыми зерттеу нәтижелері фосфор қосылыстарымен созылмалы уыттану жұмысшылардың фосфорға даралық сезімталдығына тікелей байланысты екенін көрсетеді [4,5].
Кесте - Фосфорға сезімталдығына байланысты жануарлар қан эритроциттеріндегі а- токоферолдың мөлшері мен супероксидазаның ьелсендігінін фосформен жіті уыттануы кезіндегі өзгерістері
Көрсеткіштер |
Топтар |
|||||
жалпы п=100 |
төзімді п=74 |
Сезімтал п=18 |
өте сезімтал п=8 |
|||
а-токоферол (мкг/г) |
1 2 |
0,49±0,02 0,33±0,02** |
0,43 ±0,06 0,35 ±0,02* |
0,41 ±0,02* 0,31± 0,02* |
0,29 ± 0,06 0,17 ±0,02 |
|
СОД (шб/106 жасушаға) |
1 1 22 |
),76600).03 ),52200)02* * |
0,82 ±00823+ 0,03 0,61 ±0,603*0,03* |
0,67 ± 00,67 ± 0,0 *0,39 ± 0001**t 0.( |
30,49 ± 0,0 30,49 ± 0,03 1**11 ±0,0 1*0,11 ±0,01 |
* ** |
БК (шб) |
1 2 |
1,0±0,06 4,18±0,20** |
0,81±0,05 1,20±0,08** |
1,32±0,09* 2,86±0,17** |
3,2±0,07* 10,4±0,62** |
Зерттеу әдістері. Қан эритроциттеріндегі а-токоферолдың мөлшері а-токоферол дың мөлшерін [6] стандартты әдіспен анықталды. Сараптауға ыңғайлы болу үшін ксенобиотиктің әсерінен липидтердің еркін радикалды үрдістерінің негізгі жағдайын бағалау үшін ЛЕРТ-АТЖ тепе-теңдігін анықтауда БК-ін [7] есептеу өрнегі қолданылды.
Зерттеу нәтижелері. Еркін радикалды тотығу үрдістері көрсеткіштерінің сау және фосформен жіті уыттануға ұшыраған жануарлардың фосфорға сезімталдығына байланысты өзгеру тетіктеріне нақты баға беру үшін, антитотықтырғыш жүйесінің белгілі көрсеткіштерін зерттеуді жөн көрдік. Алынған мәліметтер 25-кестеде көрсетілген.
Қан эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотығы үрдісінің негізгі антитотықтырғыш энзимінің бірі - супероксиддисмутаза белсенділігі жалпы топта болмыстық көрсеткішіне қарағанда 31,6%-ға, фосфорға «төзімді» топта 25,6%-ға ғана төмен, «сезімтал» тобында бұл көрсеткіштің деңгейі 41,8%-ға ал «өте сезімтал» тобында 77,6%-ға азайды (кесте).
Зерттеулер нәтижелері бойынша қан эритроциттеріндегі а-токоферолдың мөлшері жалпы топта болмыстық көрсеткішімен салыстырғанда 32,7%-ға, «төзімді» тобында 18,7%, ал «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарында бұл антиоксиданттың мөлшері бақылау тобына қарағанда 26,2%- ға және 41,4%-ға сәйкес төмен болды.
Қандағы асқын тотығының және антитотықтырғыш жүйесінің біріктірілген көрсеткіші жалпы топта бақылау топтамасына қарағанда 4 еседен артық жоғарылады. Фосфорға «төзімді» топта бақылау топтамасының көрсеткішіне қарағанда 48%-ға, «сезімтал» топта 2,2 еседей, «өте сезімтал» топта оның деңгейі 3,2 еседен жоғары болды.
Қорытынды. Қандағы антитотықтырғыш жүйесінің деңгейі жануарлардың фосфорға сезімталдығына тікелей байланысты. Сары фосфордың әсерінен қанның антиоксидант жүйесі көрсеткіш-терінің ең үлкен төмендеуі «өте сезімтал» тобында орын алды, ал «сезімтал» топта орта жағдайда болды да, «төзімді» тобында ауытқулар үлкен мәнге ие болмады.
Фосформен жіті уыттану нәти-жесінде сары фосфорды 10мг/кг дене массасына енгізгеннен кейін жануарларда липидтердің асқын тотығының және антиоксиданттық жүйесі көрсеткіштерінің өзгерістері бойынша жіті уыттану фосфорға «төзімді» топқа қарағанда, «сезімтал», әсіресе «өте сезімтал» топтарда ауыр өтеді. Фосфорға «төзімді» топбындағы жануарларда қанның хемилюминесценттік қасиеттері, липидтердің асқын тотығу өнімдері шамалы ғана өссе, «сезімтал» топта ортаңғы деңгейде, ал «өте сезімтал» топта жоғары деңгейде өсті. Ал антиоксиданттық жүйесінің көрсеткіштеріне келсек, фосфорға «төзімді» жануарлар қанында олар парықты өзгеріске үшырамады, «сезімтал» топта шамалы ғана өзгерді, ал «өте сезімтал» топта көбірек төмендеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың қанының әлсіз жарқырауының фосфорға сезімталдығына байланысты өзгеруі // ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б. 4648.
- Әділбекова Д.А. Дені сау адамдардың фосфорға сезімталдығына байланысты қанның жасушаларындағы липидтердің асқын тотығының жағдайы// ОҚММА хабаршысы, Шымкент, 2006.-№3 (29).- б.45-46.
- Орманов Н.Ж. Состояние свободнорадикального окисления липидов в желчи у больных ХИСФ // Гигиенические проблемы фосфорного производства: сб. науч.тр.- Алма-Ата, 1991.- С.75-82.
- Орманов Т.Н., Орманов Б.Н. Состояние монооксигенозной системы гепатоцитов при остром токсическом гепатите в зависимости от чувствительности к желтому фосфору и его коррекция иммуномодулином и тимогеном // Вестник ЮКМА. - 2001. -№ 4. - С. 141-143.
- Даулетбакова М.И., Орманов Н.Ж., Бердыходжин М.Т. и др.Хроническая интоксикация соединениями фосфора (вопросы патогенеза, клиники,диагностики и экспертизы трудоспособности)// Методические рекомендации.-Алма-Ата, 1991.-22с.
- Спектор Е.Б., Аненко А.А., Политова Л.Р.Определение общей АОА плазмы крови и ликвора // Лабораторное дело. -1984.-№1.-С.26-28.
- Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А., Жүмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Ксенобиотиктердің әсерінен болатын липиттердің еркін радикалды асқын тотығу үрдістерінің және антитотықтырғыш жүйесінің ағзада болатын интегралды көрсеткішін және патологиялық жағдайға дәрілерді анықтау тәсілі. // Инф.лист №34-06.-Шымкент, 2006. -Б.6 .
РЕЗЮМЕ