Мақалада асқазанның және ұлтабардың ойық жарасының аурушаңдығы өсіп келе жатқаны баяндалып, оған қарсы қолданылатын тиімді дәрілік заттарды сараптамалық бағалаумен айқындау принциптері мен жолдары көрсетілген.
Кілт сөздер: асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы ауруы, аурушаңдық, дәрілік зат, тиімділік.
Статистикалық мәліметтерді талдағанда Қазақстан Республикасының халқы барлық аурулар сырқаттанушылығы бойынша төмендеуде. Ол көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарында да жылдан-жылға азаюда. (1-сурет)
Ал асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы ауруымен ауыратын аурулар саны керісінше жыл сайын өсу үстінде (2-сурет).
2009 жылмен салыстырғанда осы аурумен сырқаттанушылық 2013 жылы Қазақстан Республикасы бойынша екінші суретте көрсетілгендей 9,5% -ға өссе, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 83%-ға өсіп, Республика бойынша бірінші орынға ие болып отыр. [1-5]
Осы мәліметтер асқазан және ұлтабар ойық жара ауруының кең таралып өсуімен қатар әлеуметтік-экономикалық келелі мәселе екенін тағы да дәлелдеді. [6]
Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруынан болатын әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайтудың бір жолы ол осы ауруды емдеуге қолданылатын тиімді дәрілік заттар номенклатурасын анықтап қалыптастыру және олардың экономикалық тиімділігін айқындау.
Осы мақсатта біз асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруын емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар номенклатурасын қалыптастыру мақсатында арнайы жасалған анкеталар арқылы сараптамалық бағалаудың негізгі принциптерін төмендегідей ретте ұсындық: 1) - әсер ету механизмі;
- асқорыту ағзаларының қызметін дұрыстау;
- жанама әсердің болмауы;
- біріктіріп және құрамдастырып емдеу мүмкіндігі;
- қабылдау жиілігі;
- дәрінің дозасының және түрінің қолайлылығы;
- енгізудің (қабылдаудың) оңтайлы жолдары;
- ілеспелі дәрі белгілеудің қажеттілігінің болмауы;
- аурудың жұмысқа қабілеттілігінің төмендетілмеуі;
- жараның жазылу мерзімі;
- жазылу үлесінің көлемі;
- ойық жара ауруының рецидивінің төмендеуі;
- еңбек шығындарының азаюы;
- емдеу курсының бағасы;
- дәрімен тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі және қолжетімділігі.
Сонымен қатар жаңа дәрі-дәрмектердің экономикалық тиімділігін бағалау мақсатында, төменде көрсетілген арнайы математикалық моделді қолдана отырып, өте тиімді дәрі-дәрмектерді анықтау көзделіп отыр. [7]
мұндағы, .'т - экономикалық тиімділік; 12, - - - бір ауруды емдеуге кететін қолданыстағы дәрілік зат; U... - бір ауруды емдеуге кететін жаңа дәрілік зат; ч - стационардағы емделушілердің жылдық саны; - клиникалық сынақ бойынша жаңа препараттың емдік тиімділігін көрсететін коэффициент.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2009 году». Астана 2010. С. 31,79
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2010 году». Астана 2011. С. 31,79
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2011 году». Астана 2012. С. 31,79
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2012 году». Астана 2013. С. 43, 89
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2013 году». Астана 2014. С. 43,89
- Абдуллаева Р.А. Гастроэзофагальная рефлюксная болезнь (ГЭРБ) - социальная проблема // Терапевтический вестник НИИ кардиологии и внутренних болезней МЗ РК.- 2011.- №2.- С.46-47
- Жумабаев Н.Ж. Методические подходы к оценке экономической эффективности применения лекарственных средств//Фармация Казахстана.- 2007.- №10.- С.28-30