Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Антидепрессанттардың тұтынушылығын зерттеудің кейбір нәтижелері туралы

ТҮЙІН

Дерессиялық жағдайды емдеу үшін антидепрессанттар тобының препараттары қолданылады. Антидепрессанттар - шығу тегі әртүрлі депрессияны емдеу үшін қолданылатын психотропты препараттар тобы.

Кілт сөздер: депрессия, психиатрия, жалпы медицина мен фармациялық тәжірибе, депрессивтік эпизод, рекурренттік депрессия, циклотимия және дистимия, антидепрессанттар.

Қазіргі кезде депрессия психиатрия, жалпы медицина мен фармациялық тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ол қоғам өмірінің экономикалық аспектілері мен әлеуметтік психологияға маңызды әсер көрсетеді.[1]

Өкінішке орай, арнайы әдебиеттермен айқындағанда, депрессиямен 40жастан асқан тұрғындардың 10%-ы зардап шегіп, оның ішінде үштен екісі әйелдер, ал 65 жастан асқандарда бұл көрсеткіш үш есе жиі кездеседі. [2] Қауіптілік шақыратын факт, бұл депрессия және депрессиялық жағдай 10 мен 16 жасқа дейінгі жеткіншектер мен балалар арасында 5% жуығы шалдығып отыр.[3]

Бүкілхалықтық денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша жер бетіндегі әрбір сегізінші адам депрессиямен зардап шегеді, сондықтан оның аурулар арасында таралуы ауыр соматикалық аурушаңдықпен 20 - 60 % құрайды.

Сондықтан депрессия өлім мен мүгедектік бойынша аурушаңдықтың жалпы құрылысында 4,4% құрап, төртінші орында тұр.[4]

Депрессия - өз болашағына, өзінен- өзі түңілген, көңіл күйі патологиялық кері қарай төмендеумен сипатталатын псхикалық бұзылыс. Депрессиялық көңіл - күйдің өзгерісі соматовегетативті дисфункция, қызметке деген қабілетінің төмендеуімен, моторлық тежелумен бірге когнитивті үдерістердің бұрмалануымен жүреді. Депрессиялық белгілер өмір сапасы мен әлеуметтік бейімделуге жағымсыз әсер етеді.[5]

Депрессияны жіктеуде мына нұсқалар ұсынылады: жалғыз депрессиялық эпизод; рекуренттік (қайталанатын) депрессия;биполярлық бұзылыс (депрессиялық және маникальді фазалардың ауысуы); циклотимия және дистимия - көңіл - күйдің созылмалы бұзылысы ретінде. Депрессия ауырлық дәрежесіне байланысты жеңіл, орташа және ауыр (суицидті әрекеттер, ступор) болып бөлінеді.[6]

Депрессия барлығына үлгере алмаушылық, жұмыстағы даулар, қаржы мәселелеріне, көңілі толмауға, жақын адамдарын жоғалтуға, өлімге, күйікке жауап ретінде көрініс табады, сонымен қатар әртүрлі соматикалық аурулар кезінде де пайда болуы мүмкін.[3]

Дерессиялық жағдайды емдеу үшін антидепрессанттар тобының препараттары қолданылады. Антидепрессанттар - шығу тегі әртүрлі депрессияны емдеу үшін қолданылатын психотропты препараттар тобы. Антидепрессанттар ХХ ғасырдың 50 жылдың соңында моноаминоксидазаны (МАО) баяулатушы 1957 жылы жіктеліп олардың біріншісі ипрониазид пайда болды.[1,7] Антидепрессанттардың заманауи жіктелуі 1 - кестеде көрсетілген.

46

Осы суретте науқастарды жынысына қарай жіктегенде ОКА (1 -сурет) және ОЖАД (2- сурет) көрсеткіштерінде айырмашылық байқалмайды. Екеуінде де әйелдердің үлес салмағы көп 54%. Респонденттерді тұрғылықты жеріне бойынша жіктегенде анықталғандай ОКА ауылдан келетін емделушілер үлесі қала тұрғындарына қарағанда көп 73,6% . Ал ОЖАД бұл көрсеткіш керісінше, қала тұрғындары көбірек - 54,7% .

Респонденттерді әлеуметтік тобына қарай жіктегенде оның ішінде ОКА жалпы жұмыссыздар үлесі - мүгедектер, зейнеткерлер мен жұмыссыздарды қосқанда - 74,5% құрап отыр, ал жұмысшылар үлесі - 20,9%, студенттер - 1,5%, оқушылар үлесі - 3,1%құрайды . Ал ОЖАД жалпы жұмыссыздар үлесі сәл жоғарырақ - мүгедектер, зейнеткерлер мен жұмыссыздарды қосқанда - 81,8%, ал қалғаны жұмысы барлар - 5,2%, студенттер - 8,4%, оқушылар - 5,2% құрап отыр.

Сонымен, әлеуметтік аз қамсыздандырылған топ депрессияға көп ұшырайды.

ОКА респонденттерді жасына қарай бөлгенде келесі көрсеткіштер алынды, яғни 20 жасқа дейін - 3,9%, 20 - 30 жас - 16,3%, 30 - 40 жас - 16,3%, 40 - 50 жас - 27,9%, 50 - 60 жас - 23,3%, 60 - 70 жас - 7%, 70 жастан жоғары - 5,4% . ОЖАД респонденттерін жасына қарай бөлгенде келесі көрсеткіштер 20жасқа дейін - 9%, 20 - 30 жас - 31%, 30 - 40 жас - 25%, 40 - 50 жас - 20%,50 - 60 жас - 8%, 60 - 70 жас - 5%, 70 жастан жоғары - 1% құрайды.

Осы көрсеткіштерден анықтағандай жалпы 60 жасқа дейінгі халық жұмысқа жарамды болса, дәл осы жас аралығында депрессия көрсеткіші де басым болып отыр. Оның ішінде ең жоғарғы көрсеткіш ОКА 40 - 50 жас аралығында 27,9%,ал ОЖАД 20 - 30жас аралығында 31% көрсетіп отыр. Демек, жалпы депрессиямен зардап шегетін халықтың орта есеппен 78,1% әлеуметтік аз қамсыздандырылған , жұмысқа жарамсыз топ болып табылады. Егер бұл көрсеткіш әрі қарай өсетін болса, қоғамға үлкен қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, біз ОКА стационар жағдайында емделетін науқастарда жиі кездесетін диагнозы - бас сүйек ішілік жарақат салдарынан жарақаттан кейінгі энцефалопатия (23%). Ал ілеспелі ауруы көбіне омыртқа аралық остеохондроз болып отыр (21%).

Ал ОЖАД стационар жағдайда емделетін науқастарда жиі кездесетін диагнозы - параноидты шизофрения, әлеуметтік - қауіптілік үдерістерімен жүретін депрессиялық - галюцетарлық параноидтық синдром (17%). Ал ілеспелі ауру - энцефалопатия ( 23%).

Осыған байланысты стационар жағдайында жиі қолданылатын дәрілік заттар тізімін құрастырдық. Олар, ОКА бойынша - карбамазепин, сомнол, пирацетам, амитриптилин, актовегин, полветрик, физиологиялық ерітінді, тромбокард, тиамин гидрохлориді, пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин. Ал, ОЖАД бойынша - тиамин гидрохлориді, пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, азалептол, амитриптилин, зипрекс, брюзепам, инвега, пирацетам екені анықталды.

Контент талдауы нәтижесінде депрессиямен ауыратын науқастар орташа 10 - 15 күн ауруханада ем алады. Жалпы депрессиямен емделетін науқастардың 65% аурулар жылына 2 рет қайта емделу курсына келеді. Бұл жағдай еліміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайына орасан зиянын тигізуде

Қазіргі уақытта біз амбулаториялық жағдайда депрессияны емдеу үшін дәрігерлерге сауалнама дайындалуда.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А.Т. Давыдов, Н.Н. Петрова, С.В. Литвинцев, Д.Ю.Бутко, А.А. Стрельников. Современные антидепрессанты, их роль и место в психиатрической и общемедицинской практике. - Обзоры по клинической фармакологии и лекарственной терапии том 5/2007/2. - С. 49-62.
  2. Смулевич А. Б. Депрессии в общей медицине: руководство для врачей. — М.: Медицинское информационное агентство, 2007. - 256 с. - ISBN 5-89481-103-1
  3. Азимова Ю.Э., Табеева Г.Р. Депрессия и её соматические проявление\\ Лечащий врач. - 2009 - № 9. - С.17-20.
  4. К.А. Есенбеков - «Влияние депрессии на развитие и течение артериальной гипертензии, являющейся фактором риска возникновения инсульта» - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы «Хабаршысы».- 2010. - №1 (46) - С. 35-37.
  5. Александровский Ю.А., Барденштейн Л.М., Аведисова А.С. Психофармакотерапия пограничных психических расстройств. - М., 2000. - 250с.
  6. А.М.Спринц, О.Ф.Ерышев, И.Г. Грачева - Психиатрия - Санкт-Петербург. - 2002.- С.145-164.- ISBN 5-299-00206-8 -
  7. Жизнь без стресса.Антидепрессанты в аптечных продажах/ Вести от ПРОТЕКа - 2011 - №4. - С21-25.
  • Жыл: 2014
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.