Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқо цемент зауыты жұмысшыларында өсоа ингаляциялық дәрмектер көмегімен емдеу

ТҮЙІН

ӨСОА бар науқастар үшін медициналық кірісуді қажет ететін, асқынулар маңызды клиникалық сәттер болып саналады. Ингаляциялық бронхолитиктер, теофиллин және жүйелі глюкокортикостероидтар ӨСОА-ның асқынуын емдеудегі тиімді дәрмектер болып табылады. Сондықтан, ӨСОА диагностикасына заманауи біліммен қарау, әсіресе оның ерте сатыларында, уақтылы жоспарлы емді, соның ішінде заманауи тиімділігі жоғары дәрілік заттармен жүргізуді бастауға мүмкіндік береді. Дәрігер емнің басты мақсаты - өмір сүру сапасын арттыру және оны ұзарту мақсатында ауруды бақылау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Кілт сөздер: ӨСОА, өндірістік орта, ингаляция, глюкокортикостероидтар.

Өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары (ӨСОА), соның ішінде шаң-тозаңдық бронхиттердің дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында таралуының артуы глобальді мәселеге айналып отыр. Созылмалы шаң-тозаңдық генезді обструкциялық бронхиттің медициналық-әлеуметтік аспектілерінің маңыздылығы бронхтарда қайтымсыз процесстердің үдеуімен ұштаса келе ӨСОА бір бөлігі ретінде «GOLD, 2001-2008» - «Глобальная стратегия: диагностика, лечение и профилактика хронической обструктивной болезни легких» стратегиясымен тығыз қарастырылуда. Бұл мәселеге жоғары назар аударылуы келесі мәселелерге байланысты: жаңаша әлемде ӨСОА аурушаңдық пен өлім-жітімнің жетекші себебі болып отыр, сонымен бірге, 2020 жылға жасалған болжамға сәйкес ӨСОА мүгедектікке алып келу себебінен кем дегенде бесінші орынға, ал өлім көрсеткіші ретінде үшінші орынға шығады [1,4]. ӨСОА салдарынан мүгедектіктің артуы, ІІІ сатыдан бастап болжамының қайтымсыздығы сияқты өзекті мәселелер Қазақстандық жіктемеде ӨСОА бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын созылмалы шаң-тозаңдық (цементтік генезді) бронхиттердің ерте диагнозын қою сұрақтары өте өзекті болып отыр.

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының дамуында өндірістік себептердің алатын орны «шаңды» кәсіптердегі, әсіресе цемент өндірісіндегі жұмысшылардың созылмалы обструкциялық бронхитпен ауыру деңгейінің артуынан және аурушаңдық көрсеткішінің жоғарылауынан байқауға болады [2].

Республика аумағында қарқындаған құрылыс жұмыстарының салдарынан цемент өндірісінің тауарларына деген сұранысты күрт артып отыр. Осы өндірістегі технологиялық үрдістердің үнемі жетілуіне қарамастан, еңбек ету ортасындағы атмосфералық ауаның жоғары деңгейде шаң-тозаңдармен ластану оқиғалары қазіргі таңға дейін жалғасып жатқандығы байқалады. Сондықтан цемент өндірісі жұмысшылары арасында шаңнан туындайтын өкпе ауруларының кеңінен таралуына мүмкіндік жоғары. Кәсіби орта шаңдануының барынша төмендеуі, кәсіптік өкпе патологияларының барынша азаюына алып келуде [3].

Алайда кейінгі 10-15 жылда жұмысшылар арасында өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары жиі кездесе бастады. Бұл патологиялардың цемент өндірісі жұмысшылары арасында жоғарылауына шаңды себептердің қосымша қысымынан деп түсіндіруге болады. Себебі дәл осы қатерлі себептер өкпенің обструкциялық патологияларын арттыратын себептердің қатарына жататындығы белгілі [5].

Зерттеудің мақсаты: цемент өндірісіндегі жұмысшыларында ӨСОА асқынуының алдын алу мақсатында GOLD эксперттері ұсынған заманауи ингаляциялық дәрмектердің тиімділігін анықтау.

Материалдар мен әдістер: Бұл мақсатта ӨСОА GOLD ұсыныстары бойынша цемент өндірісіндегі жұмысшыларда бронхообструкция синдромының үдеуін тежеу мақсатында ұзақ

әсерлі ингаляциялық бета 2 симпатомиметиктер+жергілікті ГКС (симбикорт) және ұзақ әсерлі М- холинолитик тиотропий бромиді (“Спирива”) дәрмектері 44-60 жас аралығындағы 72 науқастарға тағайындалды. Науқастар 2 топқа бөлінді, 1-ші топтағы науқастарға симбикорт 160 мкг тәулігіне 1 рет, ал екінші топтағы науқастарға тиотропий бромиді (“Спирива”) 18мкг/тәул ұсынылды. Бақылау тобы ретінде 24 науқас алынды, базистік ем жүргізілмеді.

Зерттеу нәтижелері.

Барлық науқастар өздерінің клиникалық жағдайларын Әулие Георгий респирациялық сұрақнамасымен [Chapman K.R. ERS 2000, St. Geogre’s Respiratory Questionnaire] және пикфлоуметрия арқылы бағалап отырды. Барлық науқастарға спирометра Super Spiro фирмы Micro Medical (Великобритания), көмегімен спирометрия жүргізілді.

Бақылау тобындағы науқастардың клиникалық симптомдарын салыстырмалы сараптауда оң динамика байқалды. Орта ауырлық дәрежедегі ӨСОА бар науқастарда жөтел интенсивтілігі азайды (1,4 есе), 2,5 есе жағдайда қақырық бөлінуінің жеңілдеуі, базистік ем қабылдамаған жұмысшылармен салыстырғанда ентігу 1,3 есе азайды (1-кесте).

Ауыр дәрежелі науқастарда клиникалық симптомдар 1,1-1,4 есеге жақсарды.

1-кесте - Жүргізілген ем нәтижесінде науқастардағы спирографиялық көрсеткіштері (М±ш)

Көрсеткіштер

Сіііірііва

Симбикорт

Бақылау тобы

Бронхообструкция синдромы анықталған жұмысшылар саны

36

36

24

Өкпенің көлемі/ болуы тиіс шамаға % есептегенде

Өкпенің өмірлік көлемі

(ӨӨК)

110±2,4

99,8±9,7

87,4±6,2

Өкпенің қалдықты көлемі (ӨҚК)

90±7,6

95±29

141,8±16,7

Өкпенің жалпы көлемі

(ӨЖК)

104,1±3,9

104,8±10,3

105,2±4,5

ӨҚК/ӨЖК

0,8±0,9

0,9±7,2

1,34±10,6

Бронхтың өтімділігі

Ауаның қалдықтары

өтімділігі/өкпенің өмірлік

көлемі % (АҚК/ӨӨК)

79,4±1,9

72,3±4,5

68,1±2,5

Барынша дем алу көлемінің болуы тиісті көлемге %

қатынасы (БДАК)

98,8±3,3

83,5±6,4

66,2±5,1

Вентиляцияның максималды жылдамдығы, м/с (ВМЖ) %

5,6±0,3

4,4±0,7

3,5±0,4

ВМЖ25-75, болуы тиісті

шамаға % қатынас

78,2±6,7

71,1±3,8

58,2±7,1

ВМЖ75-85, болуы тиіс шамаға % қатынас

75,6±5,6

67,4±2,3

52,0±5,6

Қанның оттегімен қанығуы (SaO2)

96±0,1

95±0,3

91,0±0,6

Біздің зерттеуімізде, в2-агонист тобы бронхолитиктеріне сезімтал көрсеткіш MEF25 болып табылды. Әсіресе, ӨСОА бар темекі тартатын науқастар арасында бұл көрсеткіштің артуы байқалды, ал (ҒЕТ)-форсирленген тыныс шығару көлемі 25% артты, тыныс шығару жылдамдығының моментті көлемі (MEF50) - 23%, MEF75 - 14% артты .

Аурудың өршімелі барысын болжауда ӨСОА-ң GOLD (FEV1<80%, индекс Тиффно<70%) критерийлерінен бөлек FVC < 80%, MEF75 < 60%, MEF25 < 60% критерийлерін қосу қажет;

ӨСОА емдеудің тиімділігін бағалауда симбикорт пен спириваны қолдану ең тиімді тәсіл екені дәлелденді.

Спирива обструкциялық аурудың эмфиземалық және аралас түрі бар темекі тартатын науқастарда жоғары емдік нәтиже көрсетті.

Симбикорттың тиімділігіне келер болсақ, барлық референтті топта жоғары тиімділік темекі тартпайтын ӨСОА бар науқастарда байқалды.

ӨСОА бар 72 науқасқа жүргізілген базистік ем нәтижесінде өмір сапасы SF 36 сауалнамасының барлық көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалды.

SGRQ сұрақнамасымен өмір сапасын зерттеу барысында көрсеткіштердің бастапқыдан жақсарғаны анықталды. Әсіресе, «әсер ету» көрсеткішінде аурудың психоәлеуметтік салдарының азайғанын көруге болады.

Науқастарға жүргізілген ем барысында төмендегі нәтиже байқалды:

  1. Спиривамен емдеу нәтижесінде:
  2. сыртқы тыныс қызметінің тұрақты жақсаруы (форсирленген тыныс шығару көлемі 1 және форсирленген өкпенің өмірлік сыйымдылығының минимальді көрсеткіштері);
  3. ентігу белсенділігінің клиникалық маңызды деңгейге төмендеуі (1 балдан жоғары);
  4. өмір сапасының жақсаруы;
  5. өршу жиіліктерінің азаюы;
  6. қысқа әсерлі бронходилататорларға аз жүгінуі;
  7. науқастардың өздерінің жағдайын бағалай білуі дұрысталуы
  8. жүргізілген сауалнамаға сәйкес науқастардың физикалық белсенділігінің жақсарғаны 61,5% байқалуы;
  9. Спирива эмфиземалық және аралас түрдегі обструкциялық өзгерістері бар темекі тартатын науқастарда темекі тартпайтындарға қарағанда жақсы клиникалық әсер бергені анықталды.
  10. Б. Симбикорттың клиникалық тиімділігі топтағы барлық науқастарда, әсіресе темекі тартпайтын ер кісілерде анықталды.
  • Жыл: 2014
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.