АННОТАЦИЯ
Бұл статьяда кәзіргі замандағы педиатрия саласындағы балалрға қолданылатын фармакотерапияның ерекшеліктеріне қысқаша әдебиеттік шолу жасалған. Автор, балаларға жүргізілетін фармакотерапияның кейбір кемшіліктерін көрсеткен: полипрагмазия, кеңінен қолданылатын препараттардың ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген әсерлері, дәрілерді енгізу жолдары, балаларға арналған препараттардың және бала ағзасында жүретін фармакодинамикалық пен фармокинетикалық зерттеулердің жоқтығы.
Кілт сөздер: балалар, фармакотерапия, ерекшеліктері, фармакодинамика, фармакокинетика.
Кіріспе. Кәзіргі кезде, педиатриялық практикадағы көптеген мәселелелердің бірегейі, фармакотерапия болып табылады.
Балаларға дәрілер тағайындалғандағы полипрагмазия. «Полипрагмазия» термині біруақытта балаға берілетін дәрілік препараттар санының «симптом-препарат» принцыпымен көптеп қолдануын білдіреді. Арзымайтын, болмашы, әсіресе инфекциялы табиғатты (вирусты) кішкентай жастағы (үш жасқа дейін) ауру балаларға, біруақытта 3-5 симптоматикалық дәрілер қолданылады. Бұл жағдайда балаға берілген барлық дәрілердің жанама теріс әсерлерінің қосындысы, осы аурудың белгілерінің көріністерінен де қауіпті екені естен шығып кетеді.
Мысалы, ЖРВИ-ОРВИ -да назофаригитпен 38 о дене қызуы бар науқас балаға, дене қызуын түсіретін препарат, мұрынға тамшы, антигистаминдер, жөтелге және тамағының ауруына (жиірек антимикробты әсері барлар) қарсы дәрілер беріледі. Мұндай «комплексты емдеу» әдістерін дәріхана қызметкерлері де кеңінен қолданады. Осы дәрілердің қатары туыс- таныстарының «кеңесімен» қышпа жағылған қағаздармен (горчичники) толықтырылуы мүмкін. Бактериалды инфекцияларда (мысалы, іріңді отит) тағы да антибиотиктер, құлаққа тамшы және компресс қосылады.
Полипрагмазиямен күрестің басты бір жолы, симптомдардың барлығын міндетті түрде емдеудің керек еместігін өте анық түсіну. Олардың кейбіреулерінің қорғану (мысалы,қалтырап- дірілдеу, продукциялы жөтел) немесе, қауіпсіз қасиеттері (мысалы, кейбір вирусты инфекциялардағы бөртпелер) бар [4].
Адекватты эффектысы жоқ препараттарды кеңінен қолдану.
Бұл жағдайды поливитаминді прпараттарын қолдану мысалымен дәлелдеуге болады. Атап айтқанда, баладағы шаршағыштық немесе, ұйқышылдық сияқты симптомдар, көбіне авитаминоз емес, жүктеменің балаға сай емес екендігін, информациялық жүктемелерді физикалық жаттығуларға ауыстыру қажеттілігінен туындауы мүмкін.
Кәзіргі кезде «В»тобындағы витаминдерді (мысалы, В1,В6,В12 түріндегі комплекстер) балалардың неврологиялық практикасында дәрі ретінде қолданатынын білу қажет. Осыны, әсіресе кіші жастағы балаларға көрсетілген витаминдерді тағайындағанда, оның дозировкасын қатаң есептеу керек. Аскорбин қышқылының үлкен дозасының, суықтаудың профилактикасы мен емдеудегі маңызының жоқтығы әлдеқашан аян болған [2,4].
Дәрілерді денеге енгізу жолдарын дұрыс таңдамау.
Дәрілерді балалардың денесіне енгізу жолдары дәрілердің түрлеріне байланысты академик В.М.Карасик екі топқа бөледі:
- тері жамылғысының бүтіндігін бұзбай енгізу - энтералды немесе асқазан-ішек жолдары арқылы (ауыз арқылы, тік ішек арқылы, ингаляциялы, трансдермалды, тіл асты, мұрын ішіне, коньюктивалды қалтаға, уретра арқылы, қуыққа),
- тері жамылғысының бүтіндігін бұзып енгізу - парэнтералды (теріасты, бұлшықетке, көктамырға, плевра қуысына, ішпердеге ж.т.б. ).
Әртүрлі жастағы балаларға дәрілерді әртүрлі жолмен енгізудің, немесе денеге әртүрлі дозада, бірнешетүрлі қасиеттермен сіңірілудің көптеген өз ерекшеліктері бар. Бала денесіне дәрі енгізуді таңдағанда, міндетті түрде баланың анатомиялық, физиолгиялық және психологиялық, осыған байланысты аурудың ерекшеліктері әрдайым дәрігердің логикалық анализінен талданып өтіп отырады [1,4,5,6] .
Әдейі балаларғаі арналған дәрі-дәрмектердің жоқтығы.
БДҰ (Бүкілдүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұжымы) шешімінде көрсетілгендей педиатрияда қолданылатын дәрілік препараттардың жоқтығы, бүкіл жер шарындағы шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі. Сондықтан, педиатриялық практикада ғұмыр бойы көптеген «үлкендерге» қолданылатын дәрілер, әншейін механикалы түрде балалар дозасына бөлінеді, бірақ олар әлі клиникалық зерттелмеген [4,6] .
Ерте жастағы балаларға арналған дәрілік препараттардың дефициты.
Соңғы кездері ерте жастағы балаларға қолданылатын дәрілік препараттардың дефициты пайда болды, әсіресе жаңа туылған балалармен, жасқа дейінгі балаларға. Бұрынғы жылдары сәбилерге дәріханалар, дәрілік препараттарды индивидуалды (экстемперолдық) дайындайтын еді (ұнтақтар, микстуралар, суппозиторлар, жақпалар ). Кәзіргі кезде бұндай дәріханалар жоқтың қасы, ал медициналық оқу орындарында индивидуалды рецептура құрамдарын жазып-үйрету ұмытылып бара жатыр[4,6] .
Үлкендерге арналған дозалардың көптеген есептеулеріне қарамастан, балаларға арналған дозалар клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен дәлелдену керек. Үйткені, балаларға нақты және рационалды тағайындалған дәрілердің дозалары, ағзаларды токсикалық және жағымсыз әсерлерден қорғайды. Педиатрияда, емдеулерді қысқа курспен, фармацевтикалық субстанциялар дозасының диапозонын минималдыдан, орта терапииялыққа дейін есептей отырып жүргізеді [2,3,4] .
Балалардағы дәрілердің метаболизмге әсер ететін ферменттердің белсенділігінің жоқтығын немесе әлсіздігін витаминдермен, аминқышқылдарымен, микроэлементтермен коррекциялай отырып, сульфаниламидтердің, антиаритмиялық, туберкулезгеқарсы ж.т.б. препараттарды таңдағанда есте болу қажет [4] . Балалардың тамақтануы да дәрілердің сіңірілуіне әсерлі, мысалы, бала емгенде антибиотиктер және басқа фармациялық субстанциялардың сіңірілуі баяулайды.
Хронофармакология [1,4]- дәрілерді қабылдау уақытын есептеп және организмге дозасының әсерін дұрыс таңдауға көмектеседі. Мысалы, тыныштандыратын препараттарды тәуліктің екінші жартысында, ал стимулациялайтындарды - бірінші жартысында қабылдау керектігі жалпыға мәлім. Лейкозбен аурулы балаларға цитостатиктер мен глюкокортикостероидтарды тағайындағанда, міндетті түрде баланың индивуалды биоритмиологиясын есептеледі.
Жоғарыда көрсетілген және басқа да көптеп шешуін таппай жатқан мәселелер бүгінгі таңдағы педиатриядағы фармакотерапияның ерекшеліктері екенін, бала денсаулығы мен өміріне араша түскен әрбір медицина қызметкерлерімен провизорлардан бастап, саналы қарапайым ересектерге дейін білгені жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Мазурин А. В. Пропедевтика детских болезней : Учебник/. -2-е изд.. доп. расширеннное и перераб. -СПб.: Фолиант., 2001
- Машковский М.Д. Лекарственные средства (пособие для врачей). В 2-х частях.- М.: Медицина,2010.
- Педиатрия: Национальное руководство. Под ред. А.А. Баранова. В 2-х тт. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009
- Практическое руководство по детским болезням. Под общей редакцией проф.В.Ф.Коколиной и проф.А.Г.Румянцева. МЕДПРАКТИКА-М, Москва, 2007г. Многотомник
- Протоколы диагностики и лечение. 2013г.
- Шабалов Н.П. Неонтология: Учеб.пособие: в 2-х томах.-5-е изд.,М. «МЕД пресс-информ» 2009г.