АННОТАЦИЯ
Қолайлы және қолайсыз себептердің әсерін сандық тұрғыда бағалау, созылмалы гастриттің (СГ), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы ауруының (ОЖА) алдын алу шараларын жетік ұйымдастыруға жол ашады.
Біз СГ пен ОЖА алдын алудың кешенді бағдарламаларын іске асыру үшін аса маңызды бастапқы мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылдық: ер кісілер арасында - темекі тарту мен алкоголь қабылдаудан бас тарту, 8 сағаттан аз емес ұйқыны қамтамасыз ету, жеміс сусындары мен жеміс жидектерді қабылдау, өндірістік қауіп қатерді шектеу; әйелдер арасында - дене шынықтыруға тарту, күніне тамақ қабылдау жиілігін 3 және одан көп ретке арттыру, жеміс-жидек қабылдау мөлшерін көбейту, дәмдеуіш заттарды қабылдауды барынша шектеу және ұйқыны қалыптастыру.
Кілт сөздер: созылмалы гастрит, асқазаның ойық жарасы, қауіп қатерлер, алдын алу.
Зерттеу өзектілігі. Ас қорыту органдары аурулары ішінде ең көп таралған созылмалы гастрит (СГ) пен асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы аурулары (ОЖА) болып табылады. Осы ауруларды зерттеуде үш маңызды мәселе бар:
- Осы аурулардың әлеуметтік сипатқа ие болуы; еңбекке жарамды жас тұлғаларда аурудың ерте басталуы мен созылмалы, қайталап қозатын түрлерге ауысуы; осы патологиялар бойынша соңғы уақытта балалар мен жас өспірімдер арасында сырқаттылық оқиғаларының ұлғаюы;
- Бұл аурулардың медициналық қырларының күрделіленуі; осы ауруларды емдеудің көп түрі мен тәсілі болғанымен, асқазанның ойық жара ауруымен сырқаттылықтың төмендемеуі, керісінше одан әрі өсуге бет алуы; аурудың алдын алуда тиімділігі жоғары тәсілдердің жоқтығы; асқазанның ойық жара ауруының асқынуынан өлім оқиғаларының артуы;
- Асқазанның ойық жарасы ауруларының медициналық-экономикалық мәселелерінің күрделенуі; емдеуге, сауықтыруға кететін қаражаттың артуы, жұмыскердің жұмыс орнында болмауына байланысты бөлінетін әлеуметтік шығынның көлемінің жоғарылауы. Аурудың жиі асқынуына байланасты, патологиялық үдеріске, басқада ас қорыту ағзаларының қосылуы, оның асқынуынан, науқастың өміріне төнетін қауіптің жоғарылауы, сырқаттанған тұлғаларда уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық оқиғаларының жиіленуі. Осыған байланысты тәжірибелік салаға ғылыми тұрғыда негізделген алғашқы алдын алу шараларын енгізу өте тиімді болып табылады. Басқаша айтқанда, алдын алу тиімділігін арттыру, озық диагностика мен емдеу шараларын енгізу арқылы осы аурулардың әлеуметтік-медициналық ауыртпалығын барынша төмендету қажет.
Болашақта аурудың пайда болу мүмкіндігіне, соның ішінде СГ мен асқазанның ОЖА- ның туындауына қауіп- қатер себептері қуатты әсерін тигізеді. Ал осы қатерлі себептердің алдын алу сырқаттың алғашқы профилактикасы болып табылады. Қауіп-қатер тұжырымдамасы - денсаулыққа жайсыз, қатер туғызатын себептерді ерте кезеңнен анықтап, аурудың туындауын тоқтататын шаралардың бірыңғай жүйесін жасауға жол ашады.
Алдын алудың ең әсерлі стратегиясы, бірнеше қатерлі себептерге қарсы әсер етуші жиынтықты шаралар қолдану, сонымен қатар СГ пен асқазанның ОЖА пайда болуына қарсы ерте кезеңнен әсер етуі болып табылады. Алдын алудың интегралды жүйесін Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) іске асыруда [1,2].
Зерттеу нысандары мен әдістері.
Профилактиканың интегралдық жүйесі біздің елімізде де қолға алына бастады. Осы бағыттағы алғашқы қадам қан айналу жүйесі ауруларына байланысты жүзеге асырылады. Оның негізгі себебі, бұл аурулардың қалыптасуына алып келетін қатерлі себептердің әсері ғылыми тұрғыда толық зерттеліп, сандық және сапалық тұрғыда дәлелденген.
Біздің қолға алып отырған осы еңбегіміздің мақсаты, созылмалы гастрит пен асқазан және он екі елі ішегінің ойық жара ауруларын туындататын жалпы өмір сүру салты мен жағдайы себептерін біріңғай әдістемелерді қолдана отырып анықтау арқылы, жеке және популяциялық деңгейде жүргізілетін алғашқы профилактиканың интегралдық бағдарламасының шешуші бағыттарын белгілеу болып табылады.
Таңдамалы репрезентативтік жиынтық когорттық әдіспен құрастырылды. Бұл жерде зерттеу нысандары ретінде Шымкент қаласының 50 жасқа толған тұрғындары алынды. Оның жалпы саны 770 адамды құраса, оның ішінде 370 науқасы негізгі, ал науқасы жоқ тұлғалар (400 адам) салыстырмалы топқа жатқызылды. Салыстырмалы топтағылар созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруымен науқастанбаған адамдардан түзілді. Статистикалық жиынтықты құрастыруға, оның ішінде сырқаттылық және қатерлі себептер туралы материалдарды жинақтауға амбулаторлық карталар мен сұрақнамалардағы деректерді сараптау арқылы қол жеткізілді. Сұрақнамалардағы анықтамаларда негізгі және салыстырмалы топтағылар үшін толтырылатын пункттер саны да әртүрлі болып келді. Негізгі топтағылар үшін өмір сүру салты мен жағдайы себептеріне байланысты 180 сұрақ берілсе, салыстырмалы топ үшін 174 сұрақ ұсынылды.
Оның себебі, созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруына байланысты науқастардың өмір сүру жағдайы мен салтында бірқатар өзгерістер туындайды. Ал, салыстырмалы топтағы респонденттерге аталған ауруларға байланысты туындайтын мәселелерге жауап беру қажет емес деп есептедік.
Алынған негізгі әлеуметтік-гигиеналық деректерді сараптау корреляциялық-регрессиялық әдістердің көмегімен жүзеге асырылды. Оның тереңдетіле жүргізілген сараптамасы арнайы құрастырылған компьютерлік бағдарлама көмегімен өңделді. Қатерлі себептермен аурулардың арасындағы байланыс тығыздығының шынайылығын детерминация коэффиценті мен салыстырмалы қатерлілік шамасымен анықтадық. Осының арқасында аурушаңдық көрсеткішінің деңгейіне байланыссыз негізгі топтағы науқастардың қатерлі себептердің әсеріне ұшырау дәрежесі толық анықталынды. Осы арқылы қатерлі себептердің әсерін популяциялық деңгейде бағалауға және осы себептердің таралу жиілігін анықтауға жағдай туды.
Зерттеудің негізгі нәтижелері мен оны сараптау. Сараптау барысында созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруларына нақты алып келетін 38 қауіп-қатердің бары анықталды. Олардың 18 себебі денсаулыққа жайсыз, ал 20-сы жайлы әсер ететін себептер болып шықты. Бұл жерде жайлы себептер аурулардың туындауына қарсы әсер етсе, жайсыз себептер керісінше аурулардың туындауына алып келеді.
Созылмалы гастриттің туындауында тұлғалардың әйелдер жынысына жатуының өзі қатерлі себеп болып табылса (салыстырмалы қатерлілік = 1,16), асқазанның ойық жарасы ауруының туындауында тұлғалардың ерлік жынысқа жатуы жайсыз әсер ететін(денсаулыққа қауіп-қатер туғызатын) себеп болып (салыстырмалы қатерлілік = 2,61) табылады. Сондықтан жайлы және жайсыз әсер ететін себептердің құрамы мен деректілігін респонденттердің жынысы бойынша сараптаған жөн болар деп санадық.
1 Кесте. Ер кісілерде созылмалы гастрит және асқазанның ойық жара ауруының пайда болуына алып келетін салыстырмалы қауіп-қатерлер мен қауіптілікке қарсы себептердің интегралды маңызы.
Ауру туындататын қатерсіз және қатерлі себептер |
СГ |
Асқазанның ОЖА |
Интегралды дәрежелік орындары |
|||
СҚҚ |
Р - шынай ылық көрсет кіші |
СҚҚ |
Р - шынай ылық көрсет кіші |
жекелей алдын алуда |
Популя циялық алдын алуда |
|
Жайсыз себептер |
||||||
Алкогольдік ішімдікті қабылдау |
2,19 |
<0,05 |
2,61 |
<0,01 |
1 |
1 |
Темекі тарту |
2,19 |
<0,001 |
1,93 |
<0,001 |
4 |
4 |
Еңбек етудің монотондылығы |
1,68 |
<0,05 |
2,21 |
<0,05 |
5 |
12 |
Ұйқы уақыты 7 сағат және одан кем |
1,88 |
<0,001 |
2,34 |
<0,001 |
3 |
3 |
Аптасына 1 рет және одан да кем көлемде себелеген су қабылдау |
1,75 |
<0,001 |
1,69 |
<0,001 |
7 |
6 |
Дене салмағының қалыптан кем болуы |
1,49 |
<0,05 |
1,51 |
<0,05 |
14 |
13 |
Дәмдеуіштерді қолдану өзгеледен жиі |
1,50 |
<0,05 |
1,53 |
<0,05 |
13 |
15 |
Тамақ қабылдау күніне 3 реттен кем |
1,65 |
<0,05 |
1,40 |
<0,05 |
12 |
5 |
Ақ және бөлке нан қабылдау |
1,45 |
<0,05 |
1,44 |
<0,05 |
15 |
14 |
Жайлы себептер |
||||||
Басшылықпен қанағаттанарлық қатынаста |
1,84 |
<0,001 |
1,74 |
<0,001 |
6 |
10 |
Бір ай ішінде біркелкі жұмыс атқару |
1,73 |
<0,001 |
1,61 |
<0,001 |
8 |
8 |
Теріс көңіл-күй күйзелісіне дұрыс жауап |
1,50 |
<0,01 |
1,55 |
<0,01 |
11 |
9 |
Кофені ұнату |
1,57 |
<0,01 |
1,53 |
<0,01 |
9 |
7 |
Жеміс сусындарын және шырындарын ұнату |
1,74 |
<0,05 |
<2,65 |
<0,01 |
2 |
2 |
Тәулік ішіндегі дефекация актісінің тұрақтандырылған уақыты |
1,56 |
<0,01 |
1,50 |
<0,01 |
10 |
11 |
Сараптау барысында, бірінші кезекте көңіл бөлетін мәселеге, ауру тудыруда жайлы және жайсыз әсер ететін себептер зерттелгендердің жынысынан тыс, олардың жеке басының психологиялық ұстанымдарына көбірек тәуелді екендігін көрсетті. Еңбек ету жағдайы мен тұрмысы ешқандай басымдылық көрсете алған жоқ.
Жалпы 1 және 2 кестеде есепке алынған 9 жайсыз себептердің ішінен 4-уінің ғана барлық ауруларға қатысы бар болып шықты. Егер ер кісілердің арасында созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруларының дамуында олардың зиянды әдеттері орын алса, әйелдер арасында техногендік себептердің маңызы үлкен екендігі байқалды. Алынған зерттеу материалдарын салыстыра отырып, әйелдермен ер кісілердің арасындағы созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруларының дамуындағы қатерлі себептердің ролін бағалау кешенді қатерлілік көрсеткішінің деңгейі 1:3, ал кешенді қатерлілікке қарсы көрсеткіштің деңгейі 1:4 тең екені анықталды.
2 Кесте - Әйелдерде созылмалы гастрит және асқазанның ойық жара ауруының пайда болуына алып келетін салыстырмалы қауіп-қатерлер мен қауіптілікке қарсы себептердің интегралды маңызы.
Ауру туындатуға қатерсіз және қатерлі себептер |
Созылмалы гастрит |
Ойық жара ауруы |
Интегралды дәрежелік орындар |
||||||
СҚҚ |
Қауіпті лік шынай ылығы |
СҚҚ |
Қауіпті лік шынай ылығы |
жекелей адын алуда |
Популяц иялық алдын алуда |
||||
Жайсыз себептер |
|||||||||
Аноргазмия |
2,71 |
<0,001 |
4,79 |
<0,001 |
1 |
16 |
|||
Вибрация |
2,58 |
<0,001 |
2,52 |
<0,05 |
2 |
14 |
|||
Шу |
2,04 |
<0,001 |
1,84 |
<0,05 |
4 |
4 |
|||
Тұлға типі А |
2,46 |
<0,00! |
1,54 |
<0,05 |
3 |
9 |
|||
Себелеген суға түсу аптасына 1 рет және одан да кем |
1,80 |
<0,001 |
1,89 |
<0,001 |
6 |
8 |
|||
Тамақ қабылдау тәулігіне 3 реттен кем |
1,41 |
<0,05 |
1,75 |
<0,05 |
16 |
2 |
|||
Дәмдеуіштер қабылдау басқалардан көп |
1,71 |
<0,01 |
1,59 |
<0,05 |
13 |
6 |
|||
Ақ және бөлке нан қабылдау |
1,41 |
<0,01 |
1,97 |
<0,001 |
12 |
15 |
|||
Тұзды өзгелерден көп қабылдау |
1,47 |
<0,05 |
2,15 |
<0,01 |
8 |
17 |
|||
Қолайлы себептер |
|||||||||
Дене шынықтырумен айналысу |
1,31 |
<0,05 |
2,23 |
<0,01 |
10 |
.1 |
|||
Кофе ішу |
1,26 |
<0,05 |
1,60 |
<0,05 |
17 |
11 |
|||
Жемістер жеу |
2,21 |
<0,001 |
1,66 |
<0,05 |
5 |
5 |
|||
Көкөністер қабылдау |
1,79 |
<0,001 |
1,82 |
<0,01 |
9 |
3 |
|||
Күйеуімен қанағаттанарлық қатынаста |
1,51 |
<0,001 |
2,15 |
<0,001 |
7 |
10 |
|||
Қалыпты ұйқы |
1,37 |
<0,01 |
1,80 |
<0,01 |
15 |
7 |
|||
Тәулік ішінде дефекациялық актінің тұрақтандырылған уақыты |
1,53 |
<0.001 |
1,91 |
<0,001 |
11 |
13 |
|||
Тәуліктік дефекация актісі |
1,40 |
<0,01 |
1,89 |
<0,001 |
14 |
12 |
Созылмалы гастритпен асқазанның ойық жарасы ауруының таралу деңгейі қатерлі себептердің санына тікелей байланысты. Сондықтан осы қатерлі себептерге қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру ер кісілер арасындағы созылмалы гастриттің деңгейін 7,9 % , ал асқазанның ойық жарасы ауруының деңгейін 9,4 % төмендетті. Ал әйелдер арасында осы аурулардың деңгейін 19,5 және 9,9 % дейін азайтты.
Ер кісілердің арасында салауатты өмір сүру салтын жүйелі қалыптастыру созылмалы гастриттің деңгейін 5,7 % - ға төмендетсе, асқазанның ойық жарасы ауруының деңгейін 5,5 % дейін азайтады. әйелдер арасында салауатты өмір сүру салтына бейімдеу үрдісінің тиімділігі созылмалы гастритке байланысты 12,3 %, ал асқазанның ойық жара ауруына байланысты 6,0 % тең болып шықты.
Біздің қол жеткізген нәтижелеріміз аноргазмия жеке тұлғалардың аурушаңдығын қалыптастыруға үлкен үлесін қосатындығын байқатып отыр. Оның әсерінен әйелдер арасында созылмалы гастриттің деңгейі 2,7 есеге, ал асқазанның ойық жара ауруының деңгейі 4,8 есеге ұлғайды. Салыстырмалы түрде басқаруға келетін қауіп-қатерлердің ішінде созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруының қалыптасуына алып келетін себептердің бірі от басының материалдық жағдайы екендігі белгілі.
Егер отбасы мүшелеріне балап есептегендегі 1 айлық табыс көлемі 7000 теңгені ғана құраса (жайлы өмірді қамтамасыз ететін 1 айлық орташа табыс көлемі 19000 теңге), онда ер кісілердің созылмалы гастритпен аурушаңдығы 2,1 есеге , ал әйелдердің аурушаңдығы 2,2 есеге артады. Асқазанның ойық жара ауруларының деңгейі әйелдерде 3,4 есеге, созылмалы гастрит ауруы 2,7 есеге жоғарылайды (3).
Әйелдер арасында осы патологиялар бойынша басқаруға келетін себептердің бірі 5 күндік еңбек ету ережесі болып табылады. Осындай еңбек ету ережесі әйелдердің созылмалы гастритпен ауру деңгейі 1,5 есеге, асқазанның ойық жарасымен ауруы 2 есеге төмендейді. Босанған әйелдерде созылмалы гастритке шалдығу мүмкіндігі 1,6 есеге, ал асқазанның ойық жарасы ауруына шалдығу мүмкіндігі 1,9 есеге артады. Қос жыныс бойынша созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруының туындауында гипертониялық аурудың ролі жоғары.
Гипертониялық ауруы бар әйелдердің гастрит ауруына шалдығу мүмкіндігі 2 есеге, ал ер кісілердің арасында 2,1 есеге төмендейді. Ал асқазанның ойық жарасы деңгейінің өсу мүмкіндігі әйелдерде 6,9 есеге, ал ер кісілерде 3,4 есеге азаяды.
Жеке авторлар асқазанның ойық жарасының туындауына тұқым қуалағыштықтың да алатын орны бар деп есептейді [4]. Оның осы аурудың қалыптасуына қосатын үлесі 70 % дейін жетеді. Ғылыми мәліметтерге қарағанда, ер кісілердің әкелері асқазанның созылмалы ауруымен науқас болса, онда осы жүйенің кеселге шалдығу мүмкіндігі 1,5 есеге артады, ал аналары науқастардың арасында осындай қауіптің мүмкіндігі 1,4 есеге дейін жетеді. Әйелдердің әкелерінде ас қорыту жүйесінде кеселі бар болу оқиғасы ұшырасса, олардың осындай ауруға шалдығу қауіптілігі 2 есеге жоғарылайды, ал аналарында ас қорыту жүйесінде созылмалы аурулар кездессе, онда созылмалы гастрит пен асқазанның ойық жарасы ауруына шалдығу мүмкіндігі 1,3 есеге артады.
Тұжырым
Аймақтық зерттеулер жүргізу созылмалы бейэпидемиялық аурулардың туындауында жайлы және жайсыз себептердің әсерін анықтауға және сандық бағалар алуға мүмкіндік берді. Жайлы жағдайлар және салауатты өмір сүру салтын интеграцияланған профилактикалық кешен ретінде қолдану, жеке және популяциялық деңгейде сауықтыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Капаница И.В. Медико-социальные аспекты заболеваемости язвенной болезнью желудка и двенадцатиперстной кишки работников металлургического пройзводства и пути её профилактики // Автореф. Дис. канд. мед. наук. Воронеж, 2005. - 21 с.
- Мириджанян Г.М., Мардиян М.А., Саканян Г.Г., Даниелян Л.М. Социальногигиенические аспекты изучения заболеваемости язвенной болезнью желудка и двенадцатиперстной кишки.// Вопросы теоретической и клинической медицины. Научнопрактический журнал. Ереван. № 1, 2010. С.24-26.
- Альтшуллер Б.А., Курчатов М.К., Меликова М.Ю. Психологические исследования в программе изучения генетической предрасположенности к язвенной болезни двенадцатиперстной кишки//Актуальные вопросы гастроэнтерологии-М., 1977.- Т.1. №10.-С. 100-106.
- Аникина Е.Б., Вавилов A.M., Белобородова Э.И. Возрастные особенности некоторых психологических характеристик больных язвенной болезнью // Сибирский журн. гастроэнтерол. и гепатолог. 2002.-№15.- С. 151.
- Аруин Л.И., Григорьев П.Я., Исаков В.А., Яковенко Э.П. Хронический гастрит. Амстердам. 1993. - 362 с.
- Богер М.М. Язвенная болезнь: современные аспекты этиологии, патогенеза, саногенеза. — Новосибирск: Наука, 1986. 256 с.
- Григорьев П.Я. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки в свете новых представлений // Врач. 1991. - №7. - С. 8-12.
- Дорофеев Г.И., Успенский В.И., Луфт В.М. и др. Механизмы хронизации язвенной болезни // Тер. арх. 1998. - №2. — С. 8-11.