Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инсульт өткерген науқастарды оңалту кезеңінде физиотерапияның нәтижелігі

ТҮЙІН

Облыстық клиникалық аурухананың емханадағы қозғалысы бұзылған 75-науқас зерттеуге алынды, 40-75 жас аралығында, мақсаты «физиотерапияны» қолдану арқылы ерте оңалтуды жүргізу. Нәтижесінде 73,5% науқастың бұлшықет тонусы төмендеп, вертикальды жағдайда болуға жағдай жасап, буын дегенерациясы мен сіңір контрактурасын алдын-алып, тыныс жүйесі мен қан айналымы қалпына келтірілді.

Түйін сөздер: физиотерапия, ерте оңалту, инсульт, синусоидальды модульденген токпен электростимульяциялау (СМТЭ), магнитотерапия, элетрофорез, дорсанвализация.

Инсульт алған науқастарға медициналық көмек көрсету -неврологиядағы маңызды мәселе болып табылады. Инсульттен кейін науқастар ұзақ уақыт мүгедектікке ұшырауына байланысты эканомикалық және әлеуметтік тұрғыдан да шығынға алып келеді. Инсульттен кейінгі науқастарды оңалту қазіргі таңда неврологиядағы ғылыми- тәжірибенің негізгі бағыты болып табылады.

Оңалту жүйесін жүргізген кезде науқастардың физиологиялық және патологиялық қозғалысына, бұзылған функциялар мен құрылымдардың қысқа және ұзақ уақыттық компенсаторлы механизміне көңіл бөлу керек.

Физиотерапия- инсультті өткерген науқастарды оңалтудың бірден-бір әдісі болып табылады . Терапияның бұл түрі оңалту уақытысын қысқартады, емделу нәтижелігін жоғарлатады, асқынуды алдын алады.

Оңалту уақытысындағы физиотерапияның негізгі мақсаты салданған аяқ-қолды қалпына келтіру, ми қан айналымын жақсарту, бұлшық ет контрактурасы мен спазымын және вегетативті трофикалық бұзылысты азайту, психоэмоциянальды жағдай мен сезімталдықты қалпына келтіру. Сонымен қатар қанның ұю қасиеті мен липид алмасуын жақсартады.

Жұмыс мақсаты: оңалту барысында «физиотерапияның» көмегімен ерте оңалтудың нәтижелігін арттырудағы мүмкіншілігін зерттеу.

Материалдар және зерттеу әдістері. Емханада инсульт өткерген 75 науқасқа оңалту барысында физиотерапия қолданылды.75 науқастың 30-ы (40%) әйел адамдар, 35-і (60%) ер адамдар. Науқастардың жастары 40-75 жас аралығында. Жалпы науқастарды 3 топқа бөлдік. Топтар инсульттің түріне, ауырлығына, функциялардың бұзылу сатысына, оңалтудың жүргізілу әдісіне қарай бөлінді. Қалпына келтіру нәтижесі 6 айдан соң бағаланды.

Алынған нәтижелерге қарап науқастардың қалпына келу функциясының сатысы анықталады, алынған балдың 25%-ы науқастардың функциясының қалпына келмегеннін көрсетеді, 25-49% -төменгі саты, 50-60%-қанағаттанарлық сатысы деп бөлінді.

Физиотерапияның мына түрлері қолданылды: синусоидальды модульденген токпен электростимульяциялау (СМТЭ), магнитотерапия, элетрофорез, дорсанвализация.

Осы әдістердің әсер ету механизміне тоқтала кетейік.

СМТЭ- синусоидальды токты 5000 Гц-те қолданады, модульденген төменгі жиілікте (10-150 Гц). Ток параметрін реттеу мүмкіндігі болғандықтан нерв-бұлшық ет рецепторларына түрлі әсер етуге болады және де интенсивті белсендіргіш әсер көрсетеді. СМТЭ-ң спастикалық бұлшықетіне әсер ету алаңдары: 1-алаң дельта бұлшықетінің латеральды аймағына, 2-алаң дельта бұлшық еті мен иықтың үш басты бұлшықетіне, 3- алаң саусақтың шынтақ жазғышы мен саусақтардың жалпы жазғышымен, 4-алаң санның төрт басты бұлшықетімен сіңірдің бұлшықетке өткен жері, 5-алаң балтырдың кіші басты нерві мен балтырдың алдынғы үлкен басты бұлшық еті. Ауыспалы тәртіппен қолданылды, 150-100 Гц, модуляция тереңдігі-75%, ток күші -30-40 мА, бір алаңға әсер ету ұзақтығы 2-3 минут 3 рет 1 минут интервалмен, емдеу курс саны-20.

Магнитотерапия -науқас денесіне магнитпен, электромагнитпен пульс арқылы, үнемі және үзіліс пен әсер етеді. Ағзаға магнитті алаңның әсер етуі әр түрлі, ол трофикалық, регенерациялық, ауырсынуды басатын әсері бар. Магнитотерапияда екі жиілікті 700-1000 Гц синосойдалды ток қолданылды, 2с:2с аралық тәртібінде. Аяқ-қол мен омыртқаға қосарланып қолданылды. Бір алаңға әсер ету ұзақтығы 10-20 минут, емдеу курсы-20 рет.

Электрофорез- тұрақты түрде гальваникалық немесе импульсті электрлі токтың және дәрілік заттың қосарлана әсер етуі, яғни зақымданбаған тері немесе кілегей қабық арқылы оң немесе теріс зарядталған иондар арқылы енгізу. Үнемі токтың әсері ұлпалардың дәріге деген сезімталдығын жоғарлатады, электрофорез жүргізген кезде науқасқа калий иодиді, натрий бромиді, магний сульфаты қолданады. Электродтар екі аймаққа қойылды (шүйде көз және жаға аймағына). Көз шүйде аймағына қою әдісіндегі ток күші 10-12 мА, емдеу курсы 20-ем шара. Жаға аймағына қолданылған электрофорездің ток күші 10-15 мА/см квадрат, ем шара ұзақтығы 20-40 минут, емдеу курсы- 20 ем шара.

Дарсонвализация - жоғары жиілікті электротерапия, ол теріге ақуыз ыдырауынан микронекроздардың пайда болуна алып келеді, яғни трофикалық және регенераторлық жүйені күшейтеді. Дарсонвализацияны жүргізгенде екі аймақты қосарлана қолданады: жаға және аяқ-қол аймағы. Ем шара ұзақтығы 10-15 минут, емдеу курс саны 20.

Әрбір физиотерапияның әсер етуіне қарай нәтиже коэфицентінің (НК) формуласы құрастырылды.

НК= орташа қалпына келтірілген және толық қалпына келген пайыз санын қосып, минемальды қалпына келтірілген және мүлдем қалпына келмеген науқастардың пайыз санын қосып бөлеміз.

НК-і балрлық физиотерапиялық әдістердің әсеріне қарай қалпына келтіру функциясын төрт топқа бөлді: өте жоғары нәтижелі (НК 10 және одан жоғары), жоғары нәтижелі (НК 5-9,9), шартты нәтижелі (НК 1-4,9), нәтижесіз (НК 1-ден төмен).

1-кестеде науқастардың функциясының қалпына келу сатысы, 6 айдан соң физиотерапия қолданылғаннан кейінгі және қолданылмағаннан кейінгі нәтиже (%).

Қалпына келу деңгейі

Физитерапия қолданылмаған

Физитерапия қолданылған

Қалпына келмеген

9,4

8,2

минимальды

9,1

18,3

қанағаттанарлық

52,7

31,8

жеткілікті

24,5

36,6

толық

4,3

5,1

Нәтижесі және талқылау. Физитерапиялық ем- инсульт өткерген науқастарға қолдану оң нәтижесін көрсетті. Физиотерапиялық ем қабылдаған 41,7 % және физиотерапиялық ем қабылдамаған 28,8% науқастардың функциясы жеткілікті және толық деңгейде қалпына келтірілген.

СМТЭ қолданған науқастардың жеткілікті және толық қалпына келуі 66,9%, минимальды және толық қалпына келмеуі 5,6 %.

2-кестеде инсульт өткерген науқастарға жүргізілген физиотерапияның оң нәтижелігіне қарай төменгі кесетде көрестіледі.

Физиотерапия әдісі

НК

СМТЭ

12

Магнитотерапия

10

Электрофорез

8

Дарсонвализация

2,4

Магнитотерапия жүргізілген науқастардың 70,3% жеткілікті және толық қалпына келтірілген, 7,2% қалпына келтірілуі минемальды деңгейде.

Физиоетрапияның келесі әдісі-электрофорезден кейін науқастардың 52,1% жеткілікті және толық қалпына келтірілген, 6,5% қалпына келтірілуі минимальды деңгейде.

Дарсонвализация- инсульт өткерген науқастарға қарапайым тұрғыдан әсер етті, айтарлықтай нәтиже көрсетілмеді. Жеткілікті және толық қалпына келтірілуі 38,7%, минимальды деңгейде қалпына келтірілу-19,1%.

ҚОРЫТЫНДЫ

Физиотерапияны жүйелі түрде қолдану түрлі ұлпалар мен мүшелердің функциясы және құрылымының өзгеруіне алып келеді.

Нәтижесінде 73,5% науқастың бұлшықет тонусы төмендеп, вертикальды жағдайға келтіріліп, буын дегенерациясы мен сіңір контрактурасын алдын-алып, тыныс жүйесі мен қан айналымы қалпына келтірілді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ковальчук В.В., Скоромец А.А. Оценка эффективности физиотерапии в реабилитации пациентов после инсульта. // Журнал «физиотерапия, бальнеология и реабилитация».- 2007. - №6. - С.16-20.
  2. Боголюбов В.М., Пономаренко Г.Н. Магнитное поле.//Общая физиотерапия.-1999.-С.124- 133.
  3. Улащик В.С., Лукомский И.В. «Высокочастотная электротерапия». // Общая физиотерапия. 2009.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.