ТҮЙІН
Жергілікті перитонитті емдеуде антибиотиктерді: метрогил, гентамицин, және метрогил, цефамизинді иммуномодулинмен 0,01%-1,0мл мөлшерде тері астына қиылыстырып қолданғанда уыттанудың лейкоцитарлы индексі өте ерте төмендейді және «шығын-пайда» көрсеткішін уыттанудың лейкоцитарлы индексі арқылы анықтағанда сәйкес топтарға қарағанда 37,4%-ға және 53,8%- ға төмендейді. Иммуномодулинді антибиотиктермен қиылыстырып қолданғанда тікелей шығынды 36,4%-ға және 25,7-ға өседі,ал меншікті тиімділігі 77,4 %-ға және 19,6%-ға жоғарылайды.
Кілтті сөздер: Антибиотик, иммуномодулин, перитонит, уытты лейкоцитарлы индекс.
Қазіргі таңдағы хирургияның және қарқынды емнің айқын жетістіктеріне қарамастан, жедел іріңді перитонит емінің мәселесі өзекті болып қала беруде. Бүл ауру кезіндегі өлім-жітімді мөлшері түрлі авторлардың мәліметтері бойынша 48%-дан 65%-ға дейін жетеді [1,2]. Іріңді перитонит кезіндегі қарқынды емнің күрделеніп, қиындауының негізгі себептері болып эндогенді уыттанумен күресудің қиыншылықтары, орталық және перифериялық қан қозғалысының ауыр бүзылыстары және жүйелік және тіндік метаболизмнің ауытқулары табылады [3]. Осыған байланысты перитонит ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс-шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы антибиотиктерді иммуномодилинмен бірге сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі [4].
Жұмысгың мақсаты: Фармако-экономикалық көрсеткіштер негізінде жергілікті перитонитпен
ауыратын науқастарды әртүрлі фармакотерапиялық кешендердің тиімділігімен бағалау.
Зерттелген топтар және зерттеу әдістері. Жүмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Фтк-1: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) 2- топ: Фтк-2: метрогил (100мл), цефамизин (1,0мг), 3-топ: Фтк-3: метрогил (100мл) цефамизин (1,0мг) иммуномодулин (0,01% 1,0мл), 4-топ:Фтк-4: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (0.01% 1,0мл) дәрілерін нүсқау бойынша күнара бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн. Жүмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 сырқат алынды. Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының қүны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттеліп, науқастың толық бағасы «шығындар-тиімділік» пен «пайдалы-тиімділік», қанның лейкоцитарлық формуласын зерттеп, уыттанудың лейкоцитарлық индексін (УЛИ) А.Я. Фищенко және С.Д. Химич [7] әдісімен анықтадық. Бүл зерттеулер емге дейін және 3,5 және10 күннен кейін қолданылды.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеуге алынған сырқаттардың емдеуге қолданған фармакотерапиялық кешендердің атаулары мен қажетті дәрілердің санымен және олардың бағасы, емдеу бағамы бір науқасқа 1- кестеде көрсетілген. 1-ФТК-ді қолданғанда 1-күндік емнің бағасы - 210,4 теңге қүраса, емдеу бағамына 3008теңге шығындалды. 2-ФТК-ді қолданғанда 1-күндік емдік бағасы -459 теңгеге тең болса, емдеу бағамына 7980,0 теңге шығындалды. 3-ФТК-ді емдеу үшін қолданғанда 1-күндік шығын 497,5тенгеге тең болса, ал емдеу бағамы 8172,5 теңгеге тең болды. 4-ФТК-ді емдеу үшін қолданғанда 1-күндік шығын 248,9 теңгеге тең болса, ал емдеу бағамы 3200,5 теңгеге тең болды 1-ФТК-нінің емдеу бағамына қарағанда 2-ФТК-нінің шығыны 183,5% - пайызға, 3-ФТК емдеу бағамының күны 78,20% - пайызға, 4-ФТК емдеу бағамының күны 36,4%-ға пайызға өсті.
Кесте 1 - Жергілікті перитонитті науқастарды емдеудегі дәрілік шығынның фармакотерапиялық
кешендердің түріне байланысты жағдайы.
Аттары |
Қажетті дәрілердің саны (дана) |
Бағасы ( тенге) |
|
Бір ампула/флакон |
Емдеу бағамы |
||
Фтк-1: Метрогил( 100мл) |
14 |
200 |
2800,0 |
Гентамицин(80мг) |
20 |
10,4 |
208,0 |
Барлығы |
34 |
210,4 |
3008 |
Фтк-2: Метрогил( 100мл) |
14 |
200 |
2800,0 |
Цефамизин( 1,0мг) |
20 |
259 |
5180 |
Барлығы |
34 |
459 |
7980,0 |
Фтк-3: Метрогил( 100мл) |
14 |
200 |
2800,0 |
Цефамизин( 1.0мг) |
20 |
259 |
5180,0 |
Иммуномодулин(0,01%1,0мл) |
5 |
38,5 |
192,5 |
Барлығы |
39 |
497,5 |
8172,5 |
Фтк-4: Метрогил( 100мл) |
14 |
200 |
2800,0 |
Гентамицин(80мг) |
20 |
10,4 |
208,0 |
Иммуномодулин(0,01%1,0мл) |
5 |
38,5 |
192,5 |
Барлығы |
39 |
248,9 |
3200,5 |
Сонымен жергілікті перитонитті сырқаттарды емдеу нәтижесіндегі дәрілерге арналған шығын 1-Фтк ең төменгі орын алса, ең жоғарғы деңгейі 3-Фтк, ал 2-Фтк және 4-Фтк ортаңғы жағдайда орын алды. Дәстүрлі Фтк - 1 антибиотикотерапиядан кейін УЛИ нанымды түрде тек 5-ші тәулікте ғана төмендеп, азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 34,1%-ды қүрады, ал 7-ші және 10-шы тәуліктерде 55,3%-ға және 70,2%-ға төмендеді.
Кесте 2- Перитонитті науқастардың уыттылық лейкоцитарлы индексінің фармакотерапиялық кешендердің әсері өзгеруі
Көрсеткіштер |
Емдік топтар |
|||
ФТК-1 |
ФТК-2 |
ФТК-3 |
ФТК-4 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
УЛИ (шартты бірлік) Емге дейін |
4,7±0,4 |
4,7±0,4 |
4,7±0,4 |
4,7±0,4 |
3 тәулік |
3,9±0,25 |
3,0±0,26 |
2,6±0,15 |
2,7±0,11 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
|
3,1±0,19 |
2,5±0,13 |
1,3±0,07 |
1,4±0,01 |
|
5 тәулік |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
|
7 тәулік |
2,1±0,13 |
1,5±0,09 |
1,0±0,08 |
1,0±0,01 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
|
p1<0,05 |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
|
10 тәулік |
p2<0,01 |
p2<0,01 |
p2<0,01 |
p2<0,01 |
1,4±0,01 |
1,3±0,01 |
1,0±0,01 |
1,0±0,01 |
|
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
|
Орташа көрсеткіші |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
p1<0,05 |
p2<0,01 |
p2<0,01 |
p2<0,01 |
p2<0,01 |
|
2,62±0,08 |
2,0±0,1 |
1,47±0,08 |
1,52±0,08 |
Фтк-2 тобындағы УЛИ 3-ші тәулікте нанымды төмендеді және де азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 36,2%-ға тең болса, 5-ші, 7-ші және 10-шы тәуліктерде 46,8%-ға, 68,1%-ға және 72,4%-ға сәйкес төмендеді. Иммуномодулинді метрогил және цефамизинмен үйлестіріп қолданғанда (Фтк-3 тобындағы) УЛИ 3-ші тәулікте емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 44,7%-ға, 5-ші тәулікте 72,4%-ға, 7- ші және 10-шы тәуліктерде 78,8%-ға төмендеп, дені сау адамдардың көрсеткішіне теңеле түседі. Иммуномодулинді метрогил және гентамицинмен үйлестіріп қолданғанда (Фтк - 4 тобындағы) УЛИ 3-ші тәулікте емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 40,4%-ға, 5-ші және 7-ші тәулікте 68,1 және 74,5,4%-ға, 10- шы тәуліктерде 78,8%-ға төмендеп, дені сау адамдардың көрсеткішіне теңеле түседі. Сонымен жергілікті перитониті антибиотиктермен иммуномодулинді қиылыстырып қолданғанда сырқаттардын уыттылық лейкоцитарлы индексі сәйкес антибиотикті топтармен салыстырғанда өте ерте (7 тәулікте) қалыпты жағдайда орын алады
Жергілікті перитонитті науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің қанның уыттылық лейкоцитарлы индексінің мәнінің нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі 3 - кестеде көрсетілген. Он күндік бақылау уақытында фармакотерапиялық кешендердің әсерінен бірінші топтағы сырқаттардың қанының УЛИ мәні антибиотикотерапияның әсерінен 4,7±0,13 шб 2,62±0,08 шб дейін
төмендейді, яғни меншікті тиімділігі 38,1%-ға тең болады, екінші, үшінші және төртінші топтардағы бүл көрсеткіш, 4,7±0,4 шб 2,0±0,1 шб ,1,47±0,08 шб және1,52±0,08 шб дейін төмендейді және меншікті тиімділігі емге дейінгі сәйкес көрсеткішіне қарағанда 57,4%, 68,7% және 67,6%-ға тең болады. Антибиотикотерді иммуномодиулинмен қиылыстырып қолданғанда УЛИ салыстырмалы сәйкес топтарына қарағанда 26,5 %-ға және 42%-ға төмендеді.
Кесте 3 - Жергілікті перитонитті науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің уытты лейкоцитарлы индекс нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі
Топтар |
«тиімді» мәні ( шб) |
Меншікті тиімділігі % |
Емдеу мерзімі ішіндегі жинақтық шығыны (тенгемен) |
«Шығын-пайда» коэффициенті (тенгемен) |
ФТК-1 n = 30 |
1. 4,7±0,13 2. 2,62±0,14 |
38,1 |
3008,0 |
78,9 |
ФТК-2 n = 30 |
1. 4,7±0,4 2. 2,0±0,1 |
57,4 |
7980,0 |
139,0 |
ФТК-3 n = 30 |
1. 4,7±0,4 2. 1,47±0,08 |
68,7 |
8172,5 |
118,9 |
ФТК-4 |
1. 4,7±0,4 2. 1,52±0,08 |
67,6 |
3200,5 |
47,3 |
Ескерту.1-емге дейінгі кеөрсеткіші.2- емнен кейінгі көрсеткіші
Емдеу бағамының қүнын бірінші емдік тобындағы көрсеткішін 100%-ға тең деп алғанда, екінщі жене үшінші фармакотерапиялық топтарда бүл көрсеткіш 41,8%-ға және 6,9%-ға жоғарылайды, ал төртінші топта 18,2%-ға төмендейді.Фармакотерапиялық кешендердің меншікті тиімділігі бірінші топта-38,1 %- ды қүраса, ал екінші,үшінші және төртінші топтарда 57,4%, 68,7% және 67,6%-ға тең болды. «Шығын-пайда» көрсеткіштері иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотиккті топтарға қарағанда 40,1%-ға және 14,6%-ға төмендейді, ал оның «шығын - пайдалы» көрсеткіші бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтарда 78,9: 139,0:118,9 және 47,3 теңгеге тең болады. Сонымен зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ФТК -3 және ФТК-4 (антибиотиктер және иммуномодулин) емдік әсерінің «шығын-пайда» көрсеткіші ең кіші мәнге тең болады.
Қорытынды: 1. Жергілікті перитонитті сырқаттарды емдеуге қолданған дәрілердің 10 күндік емдеу мерзімінде қүны имуномодилинді топтарда сәйкес антибактериалды топтарға қарағанда 6,4% -ға және 2,4%-ға жоғарылайды , ал меншікті тиімділігі 77,4%-ға және 19,6%-ға өседі. 2. Антибиотикоимунномодулинді топтардағы уытанудың лейкоцитарлы көрсеткіші (УЛК) зерттеудің жетінші тәулігінде қалыпты жағдайға теңеледі. «Шығын - пайда» коэффициентінің мөлшері иммуномодилинді топтарда сәйкес топтармен салыстырғанда 40,1% және 14,5%-ға төмендейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Шелестюк, П.И. Благитко, Е.М. Ефремов, А.В. Перитонит. - Новосибирск: Наука, 2000.-302с. ISBN 5-7035-0176-8
- Гостищев, В.К. Сажин, В.П. Авдовенко, А.Л. Перитонит.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002.-240 c.ISBN 5-92310176-9
- Тайгулов,Е.А. Сатвалдиев, С.А. Миронюк, Н.В. и др. Применение эритроцитарных фармакоцитов и озонотерапии у экспериментальных животных разлитым перитонитом // Перспективы развития хирургии в 3 тысячелетии. Часть 2. - Астана, 2000. - C.326-330.ISBN 5-7667-6791-9
- Орманов, Б.Н. Влияние иммуномодулина на перекисное окисление липидов и антиоксидантный статус больных с острым сальпингоофоритом // Здоровье и болезнь-2004.ISBN 9965-616-38-8
- Орманов, Б.Н. Клиническая эффективность различных способов антибиотикотерапии в сочетании с иммуномодулином у больных с острым сальпингоофоритом // Наука и образование на пороге XXI века: Труды международной научной конференции, посвященной 10-летию ЮКГИ им. М.Сапарбаева. - Шымкент, 2004. - Т.2. - С.321-325 ISBN 9965-616-38-8
- Цыбин, А. К. Фармакоэкономика проблемы и пути дальнейшего развития 2000. — № 6(15). —С. 21- 24.ISBN 978-5-91258-020-8
- Фищенко, А.Е. Химич, С.Д. Определение лейкоцитарного индекса интоксикации при холецистите // Клиническая хирургия. - 1989. - №9. - C.68-69.ISBN 978-5-91450-119-5