ТҮЙІН
Артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің артериялық қысымның және жүректің жиілігінің орташа нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен 1-топта-692,6 тенге қүраса,2-топта -582,4 тенге,3-топта-672,7 тенге тең болды.ФТК-2 «шығын-пайда» тиімділігі бірінші және екінші топтарға қарағанда 110,2 және 90,3 тенгеге тен болды.Бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) немесе «қүн/ тиімділік» көрсеткіщі 1- ші емдік топпен салыстырып сараптағанда белсенделігі жоғары және арзан, үстемді емнің негізі болып қүрамында ко-диован (80/12,5мг), кардилопин (5мг) бар фармакотерапиялық кешені негізделді.
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ең көп тараған ауруларының бірі - артериялық гипертония, ал оны емдеудің экономикалық тиімділігін бағалау кардиологиядағы фармакоэкономикалық өзекті мәселерінің бірі болып табылады [1]. Дүниежүзілік статистика бойынша ересек түрғындар арасында артериалды гипертония ауруымен 21-25% зардап шегеді [2], ал бүл көрсеткіш ҚР бойынша 24,3% қүрайды және оның жиілігі жасының өсуіне байланысты 10 есе өседі [3]. Жалпы өлім көрсеткішінің себебі ретінде артериалды гипертония ауруы 2050% қүрайды [4]. Сырқаттардың 90% артериалды гипертонияның І және ІІ дәрежесіне тең. Осыған байланысты артериалды қан қысымының тым жоғары емес көрсеткіштеріндегі артериалды гипертония ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс -шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы антигипертензиялық дәрілерді сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі[5]..
Жүмыстың мақсаты:Фармакоэкономикалық көрсеткіштер негізінде ІІ дәрежелі артериялық гипертониямен ауыратын науқастарды әртүрлі фармакотерапиялық кешендердің тиімділігімен бағалау.
Зерттелген топтар және зерттеу әдісгері.Жүмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және артериалды гипертонияның ІІ дәрежесімен ауыратын 90 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты үш топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар:ФТК-1, индамид -1,5 мг, фозикард - 10 мг, кардилопин -5 мг; 2-топ:ФТК-2, ко-диован -80/12,5 мг, кардилопин 5 мг; 3-топ:ФТК- 3, арифон 1,5 мг, диован 80 мг, норваск -5 мг дәрілерін нүсқау бойынша күніне бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 6 ай. Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының қүны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттеліп, науқастың толық бағасы «шығындар-тиімділік» пен «пайдалылық-тиімділік», фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық тиімділігін есептеу үшін сырқаттардың жүрегінің жиірлу жылдамдығын (ЖЖЖ) және артериялық қысымын(АҚ) Коротков әдісімен анықтадық. Бүл зерттеулер емге дейін және 6 айдан кейін қолданылды.
Зерттеу нәтижелері Артериалық гипертензиямен жүптасқан ІІ дәрежелі науқастардың артериалық қысымдардың деңгейінің фармакотерапиялық кешендердің әсеріне байланысты өзгеруі 1-кестеде орналасқан. Қүрамында: индамид (1,5мг), фозикард (10мг), кардилопин (5мг) (Фтк-1) әсерінен САҚ 181±9,0 мм. сынап бағанасынан 136±2,0* мм. сынап бағанасына дейін төмендейді, азаю денгеиі 24,9% -ға тең болды. Фармакотерапиялық кешенінің әсерінен науқастардың қанының ДАҚ көрсеткіші 104,5±2,2 мм. сынап бағанасынан 93,2±2,7* мм. сынап бағанасына дейін төмендейді, азаю денгеиі 10,8% -ға тең болды. Жүректің
жиырлу жиілігі мөнетіне 86,7±3,0 ден 69±2,0* төмендейді, яғни азаю денгейі 20,4%- ға тең болды.
Қүрамында:фтк-2 : ко-диован (80/12,5мг), кардилопин (5мг) (Фтк-2) ; бар фармакотерапиялық кешенін әсерінен САҚ 181,0±9,0 мм. сынап бағанасынан 125,3±3,1 мм. сынап бағанасына дейін төмендейді, азаю денгеиі 30,8% -ға тең болды. ДАҚ 104,5±2,2 мм. сынап бағанасынан 72,6±2,4 мм. сынап бағанасына дейін төмендейді, азаю денгеиі 31,9% -ға тең болды. Жүректің жиырлу жиілігі мөнетіне 87,2±3,0 ден 62±2,1* төмендейді, яғни азаю денгейі 28,9%- ға тең болды. Қүрамында: ФТК-3: арифон (1,5мг), диован (80 мг), норваск (5 мг) (Фтк-3) ; бар фармакотерапиялық кешенін әсерінен САҚ 181,0±9,0 мм. сынап бағанасынан 135,2±3,1 мм. сынап бағанасына дейін төмендейді, азаю денгеиі 25,3 % -ға тең болды. ДАҚ 104,5±2,2 мм. сынап бағанасынан 86,5±3,1 мм. сынап бағанасына дейін төмендейді, азаю денгеиі 17,3 % -ға тең болды. Жүректің жиырлу жиілігі мөнетіне 87,2±3,0 ден 67,2±2,2* төмендейді, яғни азаю денгейі 23%- ға тең болды.
Кесте 1-Артериалық гипертензияның ІІ дәрежелі науқастардың артериалық қысымдардың деңгейінің фармакотерапиялық кешендердің әсеріне байланысты өзгеруі
АҚ өлшеу бірлігі |
Ерлер n=120 |
||||
Емге дейін |
ФТК-1 |
ФТК-2 |
ФТК-3 |
||
САҚ мм сын.бағ. |
181,0±9,0 |
136±2,0* |
125,3±3,1* |
133,2±3,1* |
|
сын.бағ. |
104,5±2,2 |
93,2±2,7* |
72,6±2,4* |
86,5±3,1* |
|
ЖСЖ мөн. |
87,2±2,0 |
69±2,0* |
62±2,1* |
67,2±2,2* |
* |
Ескерту *- р<0,05 емге дейінгі топпен салыстырғандағы дәлдік көрстекіш;
Сонымен зертеу нәтижесінде алынған меліметтер артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастарда артериалық қысымның нышандарының түрлерінің деңгейі фармакотерапиялык кешендердің әсерінен САҚ, ДАҚ және жүректің жиірлуі денгейі әр түрлі мөлшерде өзгереді, ең үлкен төмендеулер қүрамында ко-диован (80/12,5мг), кардилопин (5мг) (Фтк-2); бар фармакотерапиялық кешеннің әсерінен 30,8%-ға, 30,3% және 29,0 %- ға төмендейді . Артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің артериялық қысымның және жүректің жиілігінің орташа нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2 - Артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастардың «шығын - пайда»
көрсеткішінің артериялық қысымның және жүректің жиілігінің орташа нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі
Топтар |
Меншікті тиімділігі % |
24 апта ішіндегі жиынтық шығыны (тенгемен) |
«шығын-пайда» коэффициенті (тенгемен) |
ФТК-1 n = 30 |
133,0±6,0 |
92125,5 |
692,6 |
ФТК-2 n = 30 |
144,4±5,0 |
84107,6 |
582,4 |
ФТК-3 n = 30 |
134,8±6,0 |
90680,4 |
672,7 |
Артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастардың бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) артериялық қысымның және жүректің жиілігінің орташа нышандарына байланысты және аурудың толық қүнына байланысты жағдайы 3 -кестеде көрсетілген. Науқастарды емдеуге жүмсалатын бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) немесе «қүн/ тиімділік» көрсеткіщі 1 - ші топпен салыстырғанда 2-ші топта 399,0 тенге қүраса, 3-ші емдік топта қүрамында: Фозикард (20мг),Тромбокард (100мг),Метопролол (50мг),Ультрокс (10мг) бар фармакотерапиялық кешеннің әсерінен 1318,6 тенгеге тең болды. Ал 4- ші емдік топта қүрамында Хартил (10мг),Тромбокард(100мг),Бисопролол(5 мг), Аторис(10мг) бүл көрсеткіш 4210,2 теңгені қүрады. Бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКТТТБК) немесе «қүн/ тиімділік» көрсеткіщі 1- ші емдік топпен салыстырып сараптағанда белсенделігі жоғары және арзан, үстемді емнің негізі болып қүрамында ко-диован (80/12,5мг), кардилопин (5мг) бар фармакотерапиялық кешені негізделді.
Кесте 3 - Артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастардың бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) артериялық қысымның және жүректің жиілігінің орташа нышандарына байланысты және аурудың толық қүнына байланысты жағдайы
Топтар |
Меншікті тиімділігі % |
Аурудың толық қүны (тенге) |
Бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (тенгемен) |
ФТК-1 n = 30 |
133,0±6,0 |
92125,5 |
«0» |
ФТК-2 n = 30 |
144,4±5,0 |
84107,6 |
703,3 |
ФТК-3 n = 30 |
135,8±6,0 |
90680,4 |
802,0 |
Қорытынды. 1,Артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің артериялық қысымның және жүректің жиілігінің орташа нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен 1-топта-692,6 тенге күраса.2-топта -582,4 тенге,3-топта-672,7 тенге тең болды.ФТК-2 «шығыын-пайда» тиімділігі бірінші және екінші топтарға қарағанда 110,2 және 90,3 тенгеге тен болды 2. Бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) немесе «қүн/ тиімділік» көрсеткіщі 1- ші емдік топпен салыстырып сараптағанда белсенделігі жоғары және арзан, үстемді емнің негізі болып қүрамында ко-диован -80/12,5мг, кардилопин-5мг бар фармакотерапиялық кешені негізделді
ӘДЕБИЕТТЕР
- Константинов, В.В. и соавт. Распространенность АГ и ее связь со смертностью и факторами риска среди мужского населения в городах разных регионов // Кардиология. - 2001. - №4. - С. 59.
- Цыбин, А. К. Фармакоэкономика: проблемы и пути дальнейшего развития // Рецепт. — 2000. — №6(15). - С. 21-24.
- Рысмендиев, А.Ж. Состояние и стратегия реформы кардиологический службы республики Казахстан // 2-Конгресс ассоциации кардиологов Казахстана. - Алматы. 1998. - С. 3-5.
- Органов, Р.Г., Масленникова, Г.Я. Сердечно-сосудистые заболевания в РФ во второй половине ХХ столетия, тенденция, возможные принципы, перспективы // Кардиология. - 2000. -№6. - С. 4-9.
- Орманов Н.Ж., Казбекова М.Ж..Изменение фармакоэкономических показателей под влиянием фармакотерапевтических комплексов у больных артериальной гипертонией іі степени.//Вестник ЮКГФА.-2012.- -№4. - С. 221-225.