Қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттардың индометацинге сезімталдығына байланысты қанының хемилюминесценттік қасиеті әр түрлі деңгейде өзгергенін көрсетті. Бүл сырқаттардың индометацинге хемилюминсценттік төзімділігін анықтағанда керісінше өзгерістер орын алды. Бүл көрсеткіштің мәні индометацинге «төзімді» топта 34,6%-ға өссе, «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарындағы сырқаттарда 14,1%-ға және 25,4%-ға сәйкес төмендеді. [1,2]
Жүмысгың мақсаты .Қүздама тәріздес артритпен ауыратын науқастар қанының қүрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдері көрсеткіштерінің индометацинді сынақтан кейін жағдайын зертеу.
Зерттеу әдістері. Ағзаның ксенобиотикке сезімталдығын индометацинді сынақ арқылы Д.А.Әділбекова -Н.Ж.Орманов әдісімен[3] анықталды. Науқастардың қан эритроциттеріндегі диенді қоспалардың (ДҚ) липидтердің гидроасқын тотықтарының (ЛГАТ), тиобарбитурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдері (ТБК-ӘӨ) Гаврилов В.В., Мишкорудная М.И., Мирончик В.В. [4,5], Арутюнян А.В., [6] әдістерімен анықталды.Қан плазмасындағы липидтердің антирадикалды (АРБ), антитотықтырғыш белсенділігі (АТБ) Орманов Н.Ж., Спектор Е.Б. [7,8] әдістерімен жүргізілді. Қан қүрамындағы супероксиддисмутаза (СОД) [9]белсенділіктері Моин В.М.,Седов К.Р әдістерімен анықталды.
Зерттеу нәтижелері. Қүздама тәріздес артритпен науқастанған сырқаттарға индометацинмен in vitro және in vivo сынақтар өткізіп, индометацинге даралық сезімталдықты анықтауға болады. Индометациннің әсерінен еркін радикалдардың үдеуі орын алып, индометацинге «сезімтал» сырқаттарда бейстероидты қабынуға қарсы препараттардың әсерінен гастропатияның орын алатынын болжауға болады. Алынған деректер Д.А.Әділбекованың ғылыми [3,6] деректерін толықтыра отырып, бүл әдісті гастропатияның пайда болатынын болжайтын дәлдік әдіс деп санауға болады. Индометацинді сынаққа дейін «төзімді» топта диенді қоспалар, липидтердің гидроасқын тотығы және тиобарбитуат қышқылымен әрекеттесетін өнімдері жалпы топпен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске үшырамады, «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарда тек диенді қоспалар ғана 27,2%-ға және 63,6%-ға сәйкес жоғарылады.
Қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қүрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің ішінен диенді қоспалардың мөлшері жалпы топта индометацинді сынақтан кейін сенімді түрде өзгерді, ол болмыстық көрсеткішімен салыстырғанда 54,5%-ға өссе, липидтердің гидроасқын тотығы және тиобарбитурат қышқылымен әсерлесетін өнімдер өзгеріссіз жағдайда болды (1- кесте). Индометацинді сынақтан кейін «төзімді» топтағы сырқаттар қанының қүрамындағы диенді қоспалар, липидтердің гидроасқын тотығы және тиобар-битурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдер өзгеріссіз болса, индометацинге «сезімтал» және «өте сезімтал» топтардағы сырқаттар қанының қүрамындағы диенді қоспаның мөлшері болмыстық көрсеткішінен екі еседей артты, бірақ липидтердің гидроасқын тотығы және тиобарбитурат қышқылымен әсерле-сетін өнімдері өзгеріссіз жағдайда қалды.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттардың индометацинге сезімталдығы әр түрлі деңгейде болатынын көрсетті. In vitro және in vivo жағдайында липидтердің асқын тотық өнімдерінің өзгеруі әр түрлі деңгейде болды. Липидтердің асқын тотық өнімдерінің ішінен диенді қоспаның өзгеруі ерекше. Индометацинге «төзімді» топта оның деңгейі өзгеріссіз болса, индометацинге «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарындағы сырқаттарда бүл өнім жоғары деңгейде өсті (1 - кесте). Сонымен индометацинді in vitro және in vivo сынақтан кейін диенді қоспалардың өзгерістеріне қарай бүл ксенобиотикке организмнің даралық сезімталдығын болжауға болады. Бүл алынған мәліметтер бейстероидты қабынуға қарсы препараттардың жағымсыз әсерінен пайда болатын гастропатияның пайда болу мүмкіндігін болжау үшін керекті деректердің бірі.
1-кесте - Қүздама тәріздес артритпен ауыратын науқастар қанының қүрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдері көрсеткіштерінің индометацинді сынақтан кейін өзгеруі (in vivo)
Көрсеткіштер |
Топтар |
||||
жалпы (n=68) |
төзімді (n=51) |
сезімтал (n=11) |
өте сезімтал (n=6) |
||
ДҚ (Отб/мг липидке) |
1 2 |
0,33±0,03 0,51±0,03* |
0,35±0,02 0,36±0,02 |
0,42±0,02* 0,82±0,05** |
0,54±0,03* 1,1±0,04** |
ЛГАТ (Отб/мг липидке) |
1 2 |
3,3±0,3 3,6±0,4 |
3,2±0,19 3,1±0,25 |
3,5±0,18 3,4±0,30 |
3,5±0,21 3,6±0,41 |
ТБК-ӘӨ (мкмоль/мг |
1 2 |
60,3±6,0 61,4±5,4 |
60,7±3,6 60,9±0,25 |
61,4±3,7 60,8±5,3 |
62,9±3,7 62,3±6,1 |
ДҚ-диенді қоспалар; ЛГАТ- липидтердің гидроасқын тотығы; ТБҚ-ӘӨ- тио-барбитурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдері; 1-сынаққа дейінгі көрсет-кіш; 2- сынақтан кейінгі көрсеткіш; * р<0,05- жалпы топпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; **р<0,05-сынаққа дейінгі көрсеткішпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; |
Сонымен, қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қүрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің ішінен тек қана диенді қоспалар мөлшері индометацинді сынақтың нәтижесінде өзгерді. Индометацинге «сезімтал» және «өте сезімтал» топтағы сырқаттар қанының қүрамында диенді қоспалар мөлшері жоғарылады. Оның өсу деңгейінің ең үлкен мәні «өте сезімтал» топта орын алды, ал «төзімді» топтағы сырқаттарда өзгермеді. Бейстероидты қабынуға қарсы препараттардың әсерінен орын алатын гастро-патияның жағдайы осы үрдіске тікелей байланысты. Сырқаттар қанының эритроциттеріндегі супероксиддисмутазаның белсенділігі индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі деңгейде өзгерді (кесте-1). Бүл сырқаттар қанының эритроциттері қүрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігінің жалпы орташа көрсеткіші 49,9 ±2,5 шартты белгіге тең болса, бүл ферменттің индометацинге «төзімді» топтағы көрсеткіші жалпы топтың деңгейінде сақталды, «сезімтал» топта 15,1%-ға, «өте сезімтал» топта 68%-ға кеміді (2- кесте).
Сырқаттар қанының эритроциттеріндегі антирадикалды және антито-тықтырғыш белсенділіктері индометацинге «төзімді» топта жалпы топпен салыстырғанда өзгеріссіз болса, индометацинге «сезімтал» тобында антирадикалды белсенділік 16,2% азайды, ал антитотықтырғыш белсенділік парықты өзгермеді, «өте сезімтал» тобында олар 1,7-1,5 еседен астам сәйкес азайды. Жүмыстың мақсаты бойынша қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қүрамындағы антитотықтырғыш жүйесінің көрсеткішері индометацинді сынақтан кейін де анықталды.
2-кесте - Қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанынының ферменттік антиоксиданттық жүйесінің индометацинді сынақтан кейін өзгерістері
СОД - супероксиддисмутаза; АРБ- антирадикалды белсенділік;АТБ- антито- тықтырғыш белсенділік; 1- сынаққа дейінгі көрсеткіш; 2-сынақтан кейінгі көрсеткіш; *р<0,05- жалпы топпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; **р<0,05 - сынаққа дейінгі көрсеткішпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш;
Көрсеткіштер |
Топтар |
||||
жалпы (n=68) |
төзімді (n=51) |
сезімтал (n=11) |
өте сезімтал (n=6) |
||
СОД (шб 103/1,0 |
1 |
49,9±2,6 |
54,1±2,1 |
42,4±1,6* |
29,7±1,1* |
мл.эр.масса |
2 |
59,1±2,0 |
66,1±1,9** |
35,0±1,0** |
19,1±0,6** |
АРБ (шб) |
1 2 |
42,1±2,4 48,1±2,7 |
45,0±1,3 56,2±1,6** |
35,3±1,0* 29,1±0,8** |
24,7±1,2* 16,7±0,7** |
АТБ (шб) |
1 2 |
23,8±1,6 26,2±1,4 |
25,3±1,1 30,3±1,2** |
24,4±0,8 19,1±0,8** |
16,3±1,0* 10,5±0,4** |
Индометацинді сынақтан соң сырқаттар қанындағы супероксиддисмутаза белсенділігі индометацинге «төзімді» тобында болмыстық көрсеткішінен 22,2%-ға көтерілді, «сезімтал» топта 17,5%-ға, «өте сезімтал» топта 35,7%-ға азайды. Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қүрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігінің индометацинді сынақтан соң науқастардың индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі бағытта өзгеретінін көрсетті. Индометацинге «төзімді» топтағы сырқаттарда бүл ферменттің деңгейі индометацинді сынақтан соң жоғарыласа, индометацинге сезімтал топтарындағы сырқаттарда керісінше төмендеді. Индометацинге «төзімді» тобындағы науқастар қанының плазмасындағы антирадикалды, антитотықтырғыш белсенділіктері индометацинді сынақтан соң болмыстық көрсеткішіне қарағанда 24,8%-ға, 19,7%-ға сәйкес өсті, «сезімтал» тобында 17,6%-ға, 21,6%-ға сәйкес азайды, «өте сезімтал» тобында 32,4%-ға, 23,4%-ға сәйкес төмендеді (32- сурет).
Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының плазмасындағы антирадикалды және антитотықтырғыш белсенділіктерінің деңгейі науқастардың индометацинге сезімталдығына байланысты, олар индометацинді сынақтаң соң ол әр түрлі бағытта өзгерді. «Төзімді» топта оның деңгейі индометацинді сынақтаң соң жоғарыласа, индометацинге «өте сезімтал» сырқаттардың қан плазмасында төмендеді және ең кіші мәні «өте сезімтал» топтағы науқастарға тән болды.
Қорытынды. 1. Қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қүрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің ішінен диенді қоспалардың мөлшері жалпы топта индометацинді сынақтан кейін сенімді түрде өзгерді, ол болмыстық көрсеткішімен салыстырғанда 54,5%-ға өссе, липидтердің гидроасқын тотығы және тиобарбитурат қышқылымен әсерлесетін өнімдер өзгеріссіз жағдайда болды. 2. Индометацинге «төзімді» тобындағы науқастар қанының плазмасындағы антирадикалды, антитотықтырғыш белсенділіктері индометацинді сынақтан соң болмыстық көрсеткішіне қарағанда 24,8%-ға, 19,7%-ға сәйкес өсті, «сезімтал» тобында 17,6%-ға, 21,6%-ға сәйкес азайды, «өте сезімтал» тобында 32,4%-ға, 23,4%-ға сәйкес төмендеді 3.
32
Индометацинді сынақтан соң сырқаттар қанындағы супероксиддисмутаза белсенділігі индометацинге «төзімді» тобында болмыстық көрсеткішінен 22,2%-ға көтерілді, «сезімтал» топта 17,5%-ға, «өте сезімтал» топта 35,7%- ға азайды. 4. Индометацинге «төзімді» тобындағы науқастар қанының плазмасындағы антирадикалды, антитотықтырғыш белсенділіктері индометацинді сынақтан соң болмыстық көрсеткішіне қарағанда 24,8%-ға, 19,7%-ға сәйкес өсті, «сезімтал» тобында 17,6%-ға, 21,6%-ға сәйкес азайды, «өте сезімтал» тобында 32,4%-ға, 23,4%-ға сәйкес төмендеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Әділбекова Д.А.,Орманов Н.Ж..Қүдайбергенов Е.Ж.Ағзаның ксенобиотикке төзімділігін индоматацинді сынақ арқылы анықтау әдісі// Юж. Каз. ЦНТИ информационный листок, Передовой опыт, ИЛ № 38-06.
- Әділбекова Д.А.. Орманов Н.Ж.. Қүдайбергенов Е.Ж.. Ағзаның индометацинге сезімталдығына байланыста липидтер асқын тотығу үрдісінің өзгеруі// Здоровье и болезнь. 2006.- №5 (54).-6.120-123.
- Әділбекова Д.А.. Қүдайбергенов Е.Ж. Бейстероидты қабынуға қарсы препараттарға тәуелді гастропатияны болжауға хемилюминесценттік әдісті негіздеу// ОҚММА хабаршысы. 2006.-№7 (33).- б.73-75.
- Гаврилов В.В.. Мишкорудная М.И. Спектрофотометрическое определение содержания гидроперекисей липидов в плазме крови // Лабораторное дело.- 1983.-№3.-С.33-36.
- А.С. №1084681. Беларусский НИИ кардиологии. Способ определения содержания гидроперекисей липидов в биологических тканях // Мирончук В.В.. опубл. 13.04.84.Бюлл. №14.-3с:
- Арутюнян А.В.. Дубинина Е.Е.. Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма //Спб.: ИКФ-Фолиант;2000.-С.104.
- Орманов Н.Ж..Бисимбаева С.Б..Сапарбаева.А. Қүздама тәріздес артритпен ауыратын науқастар қанының қүрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдері мен ферменттік антиоксиданттық жүйесінің көрсеткіштерінің индометацинді сынақтан кейін өзгеруі.//Сборник трудов НТК Актуальные проблемы и профилактика профпатологии и гигиены труда посвященной памяти дмн. профессора АДИЬБЕКОВОЙ Д.А:Шымкент-2013.с.14-19
- Спектор Е.Б.. Аненко А.А..Политова Л.Р. Определение общей АОА плазмы крови и ликвора // Лабораторное дело. - 1984.- № 1. - С. 26-28.
- Чумаков В.Н.. Осинская Л.Ф. Количественный метод определения активности цинк-медь-зависимой супероксиддисмутазы в биологическом материале// Вопросы мед.химии.-1977.-№5.-С.712-716.