Шала туған балаларда бас миының перинатальды гипоксиялық-ишемиялық зақымдануы 40% қүрайды. Постнатальды кезеңдегі жүйке жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескерсек, неврологиялық патологияның дамуының клиникалық симптомдары өмірінің екінші жартысында көріне бастайды. Сол себептен дер кезінде диагностикаламау мен ем тағайындамау мүгедектік пен әлеуметтік дизадаптацияға алып келетін балалар сал ауруы сияқты ауыр аурулардың дамуы мүмкін. Қазіргі таңда үрык пен нәрестелердің бас миының зақымдалуын ерте анықтаудың тиімді әдістеріне балаларды емдеу мекемелеріне еніп келе жатқан нейросонография -НСГ, компьютерлік томография-КТ, магнитті-резонансты томография-МРТ жатады.
Біз балалар сал ауруы даму қаупі бар, әртүрлі дәрежедегі церебральды гипоксия-ишемияны басынан өткерген шала туылған 54 баланы зерттедік.
Перинатальды церебральды гипоксия-ишемия диагнозын растау үшін анамнездері (жүктілік пен босану ағымы, ерте неонатальды кезең ағымы), неврологиялық статусының динамикасы, нейровизуализация, нейросонография, КТ, МРТ мәліметтері негізге алынды.
Неонатальды кезеңде синдромның жедел ағымының клиникалық көрінісі кездейсоқ қимылдату белсенділігінің төмендеуімен, бүлшықет гипотониясымен, оральды және спинальды автоматизм рефлекстерінің төмендеуімен, сіңір рефлекстерінің тежелуімен сипатталды. Балалардың 50% (27) нәрестелік кезеңде
тырыспалар, 4-20 күнге дейін созылған өкпенің жасанды желденуін жасаумен ауыр тыныс бүзылыстары, ОЖЖ тежелу синдромы байқалды. Қайта қалпына келтіру кезеңінде (постнатальды өмірінің 29 күнінен бастап) оральды автоматизм рефлекстерінің біртіндеп қалпына келуі болса да, кездейсоқ қимыл көлемі мен бүлшықет тонусының төмен болуы, спинальды автоматизм мен сіңір рефлекстерінің төмен болуы сақталды, сонымен қатар психоэмоциональды реакциялардың төмен деңгейі байқалды. Неонатальды кезеңде барлық шала туылған балаларға НСГ жасалған, бірақ КТ мен МРТ тек қана көрсеткіш бойынша жүргізілген. Неонатальды кезеңдегі НСГ перивентрикулярлы ісіктер, қарыншалық жүйенің, жарты шарлар арасындағы саңылаулардың, конвекситальды субарахноидальды кеңістіктердің кеңеюі анықталған. НСГ динамикасында
перивентрикулярлы ісіктердің редукциясы, ол клиникалық көріністегі аз ғана жақсарудың белгісі, яғни шынайылап келсек ісіктік қуыстардың глиозбен ауысуы бас миының атрофиялық процестері орын алған. Бірақ осы этапта бас миының жағдайы туралы мәліметті толық алу үшін КТ зерттеу жүргізілмеген. Балалар сал ауруы дамуына алып келетін бас миының жиі қүрылымдық өзгерістеріне соңы бас миының атрофиялық өзгерісіне алып келетін перивентрикулярлы лейкомаляция және диффузды гипоксиялық-ишемиялық зақымдалу (мультикистозды лейкомаляция) жатады.
Соңын болжауға және нервті-психикалық дамуын бақылауға ең тиімдісі элекртоэнцефалография (ЭЭГ) болып табылады. IY - Y типтегі ЭЭГ көмегімен 91% жағдайда ОЖЖ перинатальды зақымдалуларының жағымсыз соңдарының дамуы анықталды.
Сонымен, церебральды гипоксия-ишемияның жағымсыз соңдарын зерттеу нәтижесінде оларды ерте анықтау үшін кешенді зерттеуді НСГ, КТ, МРТ міндетті түрде қолданып, бас миының қүрылымдық өзгерісін, балалар сал ауруының дамуын анықтай аламыз.