Қышқылды сүт (кисломолочные) немесе қүрамында тірі адамға қажетті физиологиялық микроорганизмдер штаммасы болғандықтан оларды пробиотиктер деп атайтын қышқылды сүттің (кисломолочные) маңызын айту жөн. Сүтті ферменттеу үшін әртүрлі бифидобактерилер, лактобацилдер (ацидофил таяқшасы, кефирлік саңырауқүлақтар, және т.б) қолданылады. Ашу процессінің нәтижесінде сүттерде жоғары биологиялық қасиеттер пайда болады. Оларда бактериоцидтік қасиеттер мен асқорыту ағзаларының ферменттік белсенділігін арттыратын, шырын бөлінулерді стимуляциялайтын сүттік қышқылдар пайда болып, биологиялық активті заттар (дәрумендер, витамин тәрізді заттар, антибиотиктер) көбейеді, протеолитикалық, липолитикалық белсенділік өседі, тағамдық заттар жартылай ыдырауы, олардың сіңімділігін арттырып, аллергиялық потенциалдарын төмендетеді. Қышқылдысүттік қоспалардағы лактозаның аздығы, оларды лактоза жетіспеушілігімен жүретін ауруларда қолдануға мүмкіншілік береді. Өте ерте жастағы балаларда қолдануға болатын «Бифилин», «Агу», ацидофилді қоспа «Малютка», сау балаларға қосымша керек тағам ретінде және ауру балалар арасында кең қолданылатын кефир, биолакт, «Наринэ», биокефир, бифидокефир, «Ацидолакт», және т.б. қышқылды сүттік қоспалар бар. Бүл тағамдарда аллергенділігі аз, асқорыту ағзаларының ферменттік , сөл бөлу қызметтерін арттырып, ішектің микрофлорасын қалыптастырады, моторлық қызметін реттейді.
Әртүрлі аурулары бар балаларға диетологиялық көмекті үйымдастыру балаларды тамақтандырудың маңызды бөлімі. Фенилкетонурия, галактоземия, целиакия және тағы басқа зат алмасудың бүзылуымен жүретін түқым қуалайтын ауруларда емдік тамақтандыру емдеудің жалғыз әдісі. Мүндай ауруларға қүрамы арнайы тағайындалған сүт қоспалары қажет. Оларға мысалы, фенилкетонурияда беретін қүрамында арнайы фенилаланині, белок гидролизаты жоқ бір жасқа дейінгі балаларға «Афенилак» және бір жастан асқан балаларға аминқышқылды қоспа «Тетрафен» жатады. Қазіргі таңда тағамдық аллергиясы бар балаларға тамақтануды үйымдастыру актуальды проблема. Біздің жүргізген зерттеулердің көрсеткіші бойынша ерте жастағы балаларда тағамдық аллергияның негізгі себебі сиыр сүті ақуызы. Сондықтан бүл ауруды емдеудегі диетотерапияның негізгі принципі - себеп тудыратын аллергенді басқа тағам көзіне ауыстыру. Осыған байланысты сиыр сүтіне тағамдық аллергиясы бар балаларды тамақтандыруда соя ақуызының изоляты негізіндегі қоспаларды қолдану педиатрлар арасында кең қолдау тапты.
Өндіріс жағдайында дайындалатын соя ақуыз изолятында трипсин ингибиторы мен қиын сіңірілетін (раффинозалар, стахиозалар) көмірсулардың жоқтығынан, ерте жастағы балаларда метеоризм мен диарея туғызады. Соя изолятына метионинді қосу керек. Соя қоспаларында майлардың көзі ретінде өсімдік майлары (жүгері, күнбағыс, соя, кокос, күнжүт және т.б.) қосылады. Көмірсулық компонент декстринмальтоза, сахароза, глюкоза мен фруктозаның әртүрлі қатынастарынан турады. Барлық соялық қоспаларда лактоза жоқтықтан сиыр сүтіне аллергиясы бар балаларға ғана емес, сондай-ақ лактозалық жетімсіздік пен галактоземияда да диеталық тағам ретінде қолдануға болады. Қазіргі кездегі соялық қоспалар дәрумендермен, минералды заттармен, микроэлементтермен, жас қажеттілігіне қарай есептелген тауринмен байытылған.
Соя ақуызы негізінде жасалған қоспаларға «Нутрисоя» («Нутриция» фирмасы, Голландия), «Хумана-СЛ» («Хумана», Германия), «Энфамил-соя» («Бристоль Майерс Сквибб», США), «Алсоя» («Нестле», Швейцария), «Симилак- Изомил» («Росс Лабораториз», США), «Фрисо-соя» («Фрисланд», Голландия), «СМА» («Вайт Леберли», США) жатады.
Дегенмен, көптеген балаларда сиыр сүті ақуызына аллергиясы болса, онда соя ақуызына да аллергиясы болады. Сондықтан осындай науқас балаларға антигені жоқ ақуызды қоспалар шығару бүгінгі таңдағы проблемалардың бірі. Бұл балалардағы аллергия поливалентті болып келеді. Көптеген фирмалар соңғы кездері сүт ақуызы гидролизатына негізделген, орта ауырлықтағы тағамдық аллергияда қолданылатын гипоантигенді қоспалар дайындап, шығара бастады. Бүндай қоспалардағы майлар мен көмірсулар компоненттері әйел сүті қурамындай. Бұл қоспалар толық балансталған немесе қоспаның тәуліктік көлемінде (шамамен дененің 1 кг массасына 120 ккал) баланы барлық қажетті тағамдық заттармен, сол сияқты микроэлементтермен, дәрумендермен, тауринмен қамтамасыз етеді.
Бұл қоспаларға: «Хумана-1 ГА» және «Хумана-2 ГА» («Хумана» фирмасы, Германия), «Хипп-ГА» («Хипп», Австрия), «Фрисопеп 1» және «Фрисопеп 2» («Фрисланд», Голландия) жатады.
Соңғы кездері шетел фирмалары ақуыздың терең гидролизі негізінде тағамдар шығаруда. Субстрат ретінде ақуыздың әртүрлі көздері: кахзеин және сүттің сарысулық ақуызы, соя изоляты, ет ақуызы, өгіз коллагені, т.б. қолданылады. Қажет емес гидролиз өнімдерін арнайы технологиялық (адсорбенттермен өңдеу) тазалаудан өткізеді; қажет болса аминқышқылдары қосылады. Кей кезде бұл тағамдарда байланыспаған, бос аминқышқылдары 20 пайызды қурайды. Бұл қоспалар гипотрофиясы, ішектеабсорбциялау мен дигестия процесстері бұзылған, ауыр дәрежедегі поливалентті аллергиясы бар балаларға арналған. Сондықтан олардың қурамына орташынжырлы триглицеридтерді, көмірсулық компонентте - дисахаридтерді (лактоза, сахароза) алып тастап, крахмал, декстринмальтозаны және моносахаридтерді (глюкоза мен фруктозаны) қосады. Глюкоза полимерлерін (модифицирленген крахмалдарды) ендіру, науқас балалардың ішегінде керекті микрофлораның өсуіне, қоспаның агрегаттық ұстамдылығының жоғарылауы мен осмолярлығының төмендеуіне ықпал етеді.
Ақуыздық субстраттың жоғары дәрежелі гидролизді қоспаларға : «Прегестемил» және «Нутрамиген» («Бристоль Майерс Сквибб» фирмасы, США), «Альфаре» («Нестле», Швейцария), «Пепти-Юниор» («Нутриция», Голландия) жатады.