Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқо, облысық балалар ауруханасының гастроэнтерология бөлімшесінде емделген балалардағы созылмалы гастродуодениттің ағымы

Клиникалық тәжірибеде, балалардағы асқазан мен 12-елі ішектің қосылып зақымдануында диагнозды айқындау, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерін эндоскопиялық зерттеу әдістерін қолдану арқылы мүмкін. Осы бөліктерді жалпы қарау нәтижесі асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабаттарынан көзделіп алынған биоптаттарды гистологиялық зерттеу нәтижелері бойынша айқындалды. Созылмалы гастродуоденит клиникасы жиірек ойық жара тәрізді синдроммен көрініп, ойық жара ауруы мен оның асқынулары дамуына алып келетін, созылмалы гастродуоденитті ойық жара алды жағдай ретінде анықтауға мүмкіншілік берді.

Ересек жастағы науқастарда «созылмалы гастрит» термині қолданылады, ал созылмалы дуоденит диагнозы екіншілік ретінде қаралып, қойылмайды. Созылмалы гастродуодениттің біріншілік немесе екіншілік екендігі туралы сурақты шешу тек қана науқас балаларды узақ уақыт бойы бақылау арқылы анықтауға болады, себебі барлық созылмалы гастроэнтерологиялық патологияның пайда болу қайнар көзі балалық шақта жатады. Біздің узақ уақыт (12 жылға дейін) созылмалы гастродуоденитпен біріншілік диагностикаланған, эндоскопиялық, ал кейбіреулерінде гистологиялық айқындалған 189 науқас балалар диспансерлік бақылауда болды.

Алғашқы диагностикаланған созылмалы гастродуоденит диагнозымен ауырған науқас балаларды клиникалық қарап, зерттеу ОҚО, Облыстық балалар ауруханасының гастроэнтерология бөлімшесінде бақылаудың 1-ші жылында әр ай сайын, ал эзофагогастродуоденоскопия - 2 реттен жүргізілді. Содан кейінгі бірінші 4 жылда, егер де созылмалы гастродуодениттің қозу көріністері болмаса, балаларды қарау мен эндоскопия жылына 2 реттен жүргізілді. Аурудың қозу кезеңінде науқастарды жалпы қарау мен зерттеу жиірек жүргізілді. Бақылаудың 5-ші жылынан кейін науқастар жылына 2 реттен қаралып, эндоскопия жылына 1 рет жүргізілді. Клиникалық және эндоскопиялық зерттеулерден басқа науқастарда кейбір биохимиялық көрсеткіштер (билирубин, холестерин, трансаминаза, сілтілі фосфатаза, тимол сынамасы), асқазанды фракционды зондтау (немесе интргастральді рН-ты анықтау), электрогастрография, холецистография және ректороманоскопия (көрсеткіштері бойынша) жүргізілді.

  1. Кесте - Созылмалы гастродуодениттің біріншілік диагностикалау мен клиникалық көріністерінің басындағы балалардың жасы және диспансерлік бақылау мен емнен кейінгі науқастардың жасы

Этаптары

Балалардың жасы

3-4

5-6

7-8

9-11

12-15

16-20

21 жастан жоғары

СГД-ің белгілірінің пайда болуы

45

32

49

55

8

0

0

СГД-ті алғашқы диагностикалау

0

0

57

59

73

0

0

Диспансерлік бақылаудың соңы

0

0

0

0

0

20

13

Созылмалы гастродуоденит диагнозын қозудың клиникалық айқындылығының қою мезгіліне тәуелділігі зерттелді. Аурудың қозу себептеріне 60% балаларда усынылған тамақтану тәртібінің бузылуы, 20% - интеркуррентті аурулар, 20% - себебін анықтау мүмкін болмады. Созылмалы гастродуодениттің қозу

айқындылығын алғашқы симптомдарымен салыстыру назар аударарлықтай болды. Бақылаудың 1-ші жылында аурудың рецидивінің клиникалық көріністерінде айтарлықтай ерекшелік байқалмады. Балалардың жартысында 1 жыл мен 3 жылдың арасында ауырсыну синдромының интенсивтілігі азайды. Мундай тенденция диспансерлік бақылау узарған сайын сақталып, ауырсыну синдромы эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі мен дискомфортқа ауысты. Созылмалы гастродуодениттің қозуы күзде (34,8%) өте жиілеп, қыста - (21%) азайса, көктемде тағы жиілеп (32,3%), жазда өте азайды (11,7%).

Бізді диспансерлік бақылаудың эффектілігінің еміне, диетотерапия бойынша усыныстарды, күн тәртібін орындау сапалылығына тәуелділігі ынталандырды. Диспансерлік бақылаудың эффектілігінің критериі ретінде созылмалы гастродуодениттің рецидивтерінің саны болып табылды. Біздің бақылауымыз бойынша, кеңестер мен кепілдемелерді дурыс сақтаған балаларға қарағанда, кепілдемелерді дурыс сақтамаған балаларда аурудың қозуы 3 есе жиі байқалды.

Сонымен қатар диспансерлік бақылау мен емдеудің әртүрлі мезгілінде асқазанның шырышты қабатының (АШҚ) зақымдалу жайылымы зерттелді (2-кесте). Диспансерлік бақылау мен емінің 1-ші жылы, эндоскопия көрсеткіштері бойынша, асқазанның шырышты қабаты 9,8% балаларда қалпына келді; 1-3 жылдан соң асқазанның шырышты қабатының қалыпқа келуі азайды, ал 4-8 жылдан соң мундай балалар тіптен жоқ болды. Пангастритті табу жиілігі өзгермеді, асқазанның фундальді бөлімінің зақымдануы білінбеді (барлығында пангастрит байқалды), антральді гастриті бар науқастар пайызы жоғарылады.

Асқазанның шырышты қабатының өзгеру локализациясын анализдеудің тәжірибелік маңызы зор. Алғашында пангастрит диагностикаланған созылмалы гастродуодениті бар 110 балаларды бақылаудың 1-ші жылының соңында пангастрит 64,5% балаларда сақталды, ал 22,8%-да асқазанның шырышты қабатының зақымдалуы локальді болды (антральді бөлімінде - 21,9%-да, фундальді бөлімінде - 0,9%-да); 12,7% балаларды эндоскопиялық тексергенде, асқазанның шырышты қабатында қабынуға тән өзгерістер байқалмады (олардың 93%-да дуоденит сақталды). Тек қана 0,9% науқас балаларда, гастродуоденитке тән асқыну клиникасы бола тура, эндоскопиялық асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабатындағы қабынулық процесс қалыпқа келді.

  1. Кесте - Балалардағы асқазанның шырышты қабатының (АШҚ) алғашқы диагностикаланған зақымдануында диспансерлік бақылау мен емдеудің әртүрлі мезгілінде асқазанның шырышты қабатының зақымдалуының жиілігін анықтау

Зақымдалудың таралымы және локализациясы

Алғашқы көрсеткіштер

Бақылаудың 1 - жылында

1-3 жылдан кейін

4-8 жылдан кейін

АШҚ өзгермеген

0

9,8

4,1

0

АШҚ бөлек зақымдануы: Антральді бөлімі

27

26,6

28,8

49,1

Фундальді бөлімі

4,2

3,5

0

0

АШҚ-ың таралмалы зақымдалуы

68,8

60,1

67,1

50,9

Асқазанның антральді аймағында қабынуы бар балаларды бақылағанда, бақылаудың 1-ші жылының соңына қарай 30% балаларда антральді гастрит таралмалы түріне өтсе, ал 70%-да процесс антральді аймақта орналасты және де барлық бақылаудағы балаларда эндоскопиялық дуоденит белгілері сақталды.

Бақылаудың 1-3 жылдарында, алғашқы антральді аймақтың зақымдануы диагностикаланған 62% науқас балаларда пангастрит дамып, тек 38% балада гастриттің бүрынғы локализациясы сақталды. Осындай қабыну процесінің жайылуға тенденциясы үзақ диспансерлік бақылауда (4-8 жыл) да байқалды.

Алғаш диагностикаланған антральді гастриті бар балалардың ешқайсысында асқазанның шырышты қабатында эндоскопиялық қалыпты жағдай байқалмады. Бүл гастритті зақымдалу локализациясына байланысты бөлу керек екенін және де барлық науқастар толық ем қабылдау керектігін куәландырады. Сондай ақ тап осыны алғаш диагностикаланған проксимальді гастриттің ағымының көрсеткіштері растайды. Бақылаудың 1-ші жылының соңына қарай 11 баланың 7-де (63,7%) қабыну процессі асқазанның барлық бөлімдеріне жайылды (пангастрит), ал 4 науқаста (36,4%) - асқазанның қабыну процесінің бүрынғы локализациясы сақталды; бақылаудың 2-ші жылында барлық балаларда қабыну процесі жайылмалы болды (пангастрит).

Созылмалы гастродуоденитке, 3-кестеде көрсетілгендей, 12-елі ішектің буылтығының зақымдалы тән, ал жайылмалы дуоденит сирек кездеседі.

Кесте 3

Балалардағы 12-елі ішегінің шырышты қабатының (АШҚ) алғашқы диагностикаланған зақымдануында диспансерлік бақылау мен емдеудің әртүрлі мезгілінде 12-елі ішектің шырышты қабатының зақымдалуының жиілігін анықтау

Зақымдалудың локализациясы

Алғашқы көрсеткіштер

Бақылаудың 1 - жылында

1-3 жылдан кейін

4-8 жылдан кейін

Шырышы өзгермеген

0

4,8

4

12,7

Бөлектенген бульбит

68,8

78,5

77,4

69,1

Папиллит

0

0

0,6

0

Дуоденит

31,2

16,9

18

18,2

Бақылау кезеңінде жайылмалы дуодениттің жиілігі жайлап азайды, бірақ 12-елі ішектің шырышты қабатының толық қалыпқа келуі сирек байқалды; ол науқастардың 12,7%-да 4-8 жылдан соң байқалды.

Диспансерлік бақылау мен емдеудің әртүрлі мезгілінде 12-елі ішектің щырышты қабатының өзгеру локализациясы зерттелді. Бақылаудың 1-ші жылының соңына қарай балаларда алғаш диагностикаланған 12-елі ішектің буылтығының зақымдалуы 14,3%-да қабыну процессі жайылмалы түрде, 72,5%-да процесс бүрынғы орнында, ал 13,2%-да - қабыну процессі жойылды, бірақ 8,1%-да қабыну процессі асқазанда сақталып, 5,1% балаларда асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабаттарындағы қабыну процесстері сақталды. Диспансерлік бақылау мен емінің 1-3 жылдарында 25% балаларда қабыну процессі 12-елі ішектің шырышты қабатының барлық жеріне жайылды, 69%-да бульбит, 6%-да 12-елі ішек буылтығындағы қабыну процессі жойылып, 1,9% балаларда асқорыту жолдарының жоғарғы бөлімдеріндегі шырышты қабаты қалыпқа келді.

Бақылаудың 4-8 жылдарында 27,8% балаларда 12-елі ішек буылтығындағы қабыну процессі жойылды, бірақ асқазанның шырыш қабатында сақталды, яғни гастродуоденит гастритке айналды; 5,5% балаларда асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабаты өзгермеді, 66,7%-да қабыну өзгерістері буылтықта сақталды.

Асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабатының эндоскопиялық түрлерінің трансформациясының тәжірибелік маңызы зор. Диспансерлік бақылау мен емдеудің 1-ші жылында 45% балаларда асқазанның шырышты қабатындағы эндоскопиялық өзгерістер сол күйінде қалды, 55%-да олардың асқазанның басқа зақымдалу түрлеріне трансформациясы байқалды, 40%-да - ауыр түріне (эрозияның пайда болуы, субатрофия белгілері), 60% - жеңіл түріне (беткейлі, гипертрофиялық гастрит) ауысуы байқалды. Диспансерлік бақылау мен емінің 1-3 жылдарында 30% балаларда АШҚ-да бүрынғы қабыну , ал 70%-да басқа эндоскопиялық жеңілдеу түріне ауысуы байқалды.Диспансерлік бақылау мен жүйелі емдеудің 4-8 жылдарында 26% балада асқазандағы қабыну процессі өзгеріссіз, 74%-да қабыну азайды.

Демек, қабыну процессінің локализациясына байланысты асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабатындағы эндоскопиялық өзгерістерді талдау жасағанда, асқазанда олар жайылмалы түрге өтіп, ал 12-елі ішекте проксималды бөлімдеріне шоғырланады (бульбит). Диспансерлік бақылауда байқалғаны, гастрит пен дуодениттің бір эндоскопиялық түрінің басқа түрлерге трансформациялануы.

Сонымен, созылмалы гастродуодениттің ағымы үзақ. Сондықтан науқас балалар диспансерлік бақылауда түрып. лайықты ем қабылдауы тиіс, ал 15 жасқа толған соң ересектердің емханасындағы жасөспірімдер кабинетіне өткізілуі тиіс. Осы зерттеу материалдары балалық шақта басталған гастроэнтерологиялық патологияның созылмалы өтетінін растайды.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.