Соңғы кездері емдік, диагностикалау, алдын алу және реабилитация мақсаттарында жартылай өткізгішті магнитолазеротерапияны қолдану мүмкіндігі кең өріс алып отыр. Бірақ көптеген педиатрлар- клиницистер бүл физикалық факторға онша көңіл бөлмейді, сондықтан да балалардағы магнитотерапияға арналған жүмыстар аз [1,2].
Магниттік өріс тікелей, рефлекторлы, биологиялық белсенді нүктелер арқылы, және тікелей емес, сүйық орта арқылы организмнің органдары мен тіндеріне әсер етеді [4].
Түрақты магниттік өрістің терапевтикалық дозасы - 20-40 мТ. Магниттік өрісте пайда болатын молекулярлық дипольдардың коллинеарлы орналасуында қысқа инфрақызыл спектрлі электромагнитті толқындарды интенсивті өзіне сіңіру әсерінен, лазер организм тіндеріне терең енеді. Тереңде орналасқан патологиялық ошақтарды контактілі-стабильді әдіспен емдеу, жоғары терапевтикалық эффект береді.
Магниттік өріс әсерінен тіндер мен тінішілік қанайналым микроциркуляциясы белсеніп, транскапиллярлы алмасулар жақсарады, ақуыз бен нуклеин қышқылдарының синтезделуі жылдамдайды, биоэнергетикалық және тотығу мен қалпына келу процестері белсеніп, жергілікті қабыну реакциясы азаяды. Ол сондай-ақ қабынуға, ісінуге, ауырсынуға жақсы әсер етіп, тромболитикалық, биостимулдаушы, ауырсыздандырғыш, регенераторлық, трофикалық және де ең маңыздысы - иммунды жүйені коррекциялау эффектілері бар [4,5,6]. Магнитолазеротерапияға жүйке жүйесі, әсіресе оның вегетативті бөлімі жоғары сезімтал.
Магнитолазердің әсерінен вегетативті жүйке жүйесінің функционалды жағдайының өзгеру механизміне екі көзқарас бар: оның біреуіне вегетативті өзгерістер супрасегментарлы қүрылысқа әсер етуінен болса, екіншісі - вегетативті қүрылымдар тікелей емес қатысады.Жоғарыда айтылған жайттар ескеріліп, 6-15 жастар аралығындағы 40 бала тексерілді, оның ішінде асқазан мен 12-елі ішектің созылмалы аурулары бар 20 науқас бала (негізгі топ) және 20 дені сау бала (бақылау тобы).
Асқазан мен 12-елі ішектің созылмалы аурулары - бүл созылмалы, рецидивті, үдеуге бейім асқазан мен 12-елі ішек шырышының қабыну-дистрофиялық бүзылысы [8]. Жиілігі бойынша, балалар
гастроэнтерологиялық дерттерінің 58-65 пайызын күрайды. жасына сай арта түседі.
Вегетативті жүйке жүйесі қызметінің жиі кездесетін толық суреттемесін алу үшін, оның 3 мінездемесін білу қажет: тонусын, реактивтілігін және қамтылуын [3]. Вегетативті тонустың жағдайын артериалдық қысым мен пульс көрсеткіштері арқылы; вегетативті реактивтілікті рефлексогенді зоналарға әсер ету арқылы; вегетативті қамтылуын клинико- және ортостатикалық сынамалар жүргізу кезіндегі пульс параметрлерін бақылау арқылы бағаланды.Науқас балаларды клиникалық зерттеу Облыстық балалар ауруханасының арнайы гастроэнтерология бөлімшесінде жүргізілді. Аурудың диагнозы науқастың анамнезі, клиникалық және зертханалық-аспапты зерттеулер (эндоскопиялық, рентгенологиялық) нәтижелерінде қойылды. Науқастың 14- де созылмалы гастродуоденит, 6 - 12-елі ішек ойық жара ауруы айқындалған. Осы 20 науқастың 6 субремиссия фазасында болған. Дені сау балалардың анамнезі мен объективті зерттеулерінде асқазан-ішек жолдарының патологиясы байқалмаған.
Зерттеу нәтижесінде, дені сау балаларға магнитолазеротерапияны асқазан-ішек жолдарының, оның ішінде 12-елі ішек пиязшығының және асқазанның пилорикалық бөліміне, сондай-ақ VII-IX көкірек омыртқаларының оң және сол аймақтарындағы тіндерге әлсіз компрессиямен бір рет әсер еткенде, вегетативтік қүрылыстың жергілікті симпатико-тоникалық реакциясы жоғарылады [7].
Гастродуоденалдық аймақта (өршу фазасында) созылмалы ауруы бар 20 науқастың 14-де - зақымдалу ошағы проекциясының үстінде гипертермия зонасы байқалды, ал вегетативті тонус мінездемесінде парасимпатикалық әсер күшейді. Осы негізгі топтағы науқастарда, Ашнер рефлексі мен симпатикалық қамтылу - ортостатикалық сынама негізінде, симпатикалық реактивтілік жоғарылады. Асқазан мен 12-елі ішектің созылмалы ауруларында симпатико-адреналды жүйенің, оның соматикалық бөлігінің функционалды белсенділігі төмендейді, осының салдарынан гастродуоденалды аймақтың нейрогуморальді реттелуі бүзылысқа алып келеді.
Сонымен, бүл топтағы науқастарға магнитолазеротерапиямен әсер еткенде симпатикалық жүйке жүйесінің жергілікті белсенген түріндегідей вегетативті ганглийлардың адекватты реакциясын тудырмайды. Ремиссия фазасындағы созылмалы гастродуоденит пен 12-елі ішек ойық жарасы бар 6 науқастың вегетативті жүйке жүйесінің функционалды жағдайын бағалалағанда - вегетативті тонустың ваготонияға бейім екендігі байқалды. Симпатикалық реактивтіліктің барлық көрсеткіштерінің (көз-жүректік, солярлы, синокаротидті рефлекстер бойынша) жоғарылауы және клинико-, ортостатикалық сынамалар нәтижесінде симпатикалық қамтылудың да жоғарылауы байқалды.
Біздің алған мәліметтеріміз бойынша, магнитолазеротерапияның әсері вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің функционалды активтілігін жоғарылатады және вегетативті қүрылымдардың компенсаторлы реакциясының адекваттылығын көрсетеді.
Магнитолазеротерапияны 1 рет жүргізіп, 3 сағаттан соң көптеген гастродуоденалды аймақтың созылмалы ауруы бар науқастардың қан анализін алып тексергенде, лейкоциттер мен лимфоциттер санының көбейгені, таяқшаядролы нейтрофилдердің төмендегені байқалды. Байқалған бүл өзгерістер магнитолазеротерапияның жалпы әсері мен организмнің спецификалық емес резистенттілігіне белсенді әсер етуінің салдары болып табылады.Бүл организмнің адаптациялық мүмкіндігін мінездейді.
Магнитолазеротерапияны асқазан-ішек жолдарына 1 рет жүргізгенде-ақ, көптеген науқастардың оң емдік эффект берді: көңіл-күйі жақсарды, диспепсиялық белгілер жойылды, ауырсыну синдромы азайды [5]. Әдістеме бойынша жүргізілген магнитолазеротерапия ешқандай балада теріс реакция тудырған жоқ..Сонымен, зерттеу нәтижесі бойынша, магнитолазеротерапия балалар гастроэнтерологиясында емдік тәжірибеде қолдануға болады. Магнитолазеротерапия организмнің спецификалық емес резистенттілігін жоғарылатады[6]. Гастродуоденалды зонада ауруы бар науқастарда магнитке сезімталдылығы симпатикалық жүйке жүйесінің функционалды жағдайына байланысты. Вегетативті жүйке жүйесінің функционалды жағдайының көрсеткіштері науқасқа магниттік өріс әсерінің бір индикаторы болып табылады және демагнитолазеротерапия жүргізгенде индивидуальді магниттік әсердің дозасын анықтау үшін қолдануға болады.