Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балаларда кездесетін әр түрлі жіті пневмонияларда липидтердің сутектік тотығу көрсеткіштері

Бул жумыста балаларда кездесетін әр түрлі жіті пневмонияларда липидтердің сутектік тотығу көрсеткіштері зерттелген. Нозокомиалді пневмониямен ауыратын балаларда липидтер гидроперекисі мен малонды диальдегид деңгейі ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын балаларға қарағанда жоғары болып шықты. Липидтердің сутектік тотығу процесі өкпе тінінің зақымдалу аумағы мен ауру ағымына тәуелді екендігі анықталды, бүл факторды жіті пневмониямен ауыратын балаларды емдегенде ескерген жөн.

Кейбір зерттеушілер жіті пневмониямен ауыратын балаларда липидтердің сутектік тотығуында барлық клеткалардың биомембраналарын зақымдайтын белсенді оттегі радикалдары пайда болуына әкелетін айқын өзгерістер туындайтынын анықтаған. Өкпе қабынуы барысында оттегінің бос радикалдары жылдам түзілуі оларды бейтараптайтын эндогенді антиоксиданттардың шығынын күшейтеді. Малонды диальдегидтерден, липидтер дигидроперекисінен, супероксидті радикалдардан пайда болатын оттегінің белсенді формаларының деңгейі жоғарылауы каталаза, супероксиддисмутаза және басқа да оксиданттық жүйе ферменттерінің тежелуіне әкеліп соқтырады.

Осыған байланысты организмге жасанды антиоксиданттар енгізу организмдегі антиоксидантты жүйені күшейтуде және ауру баланың тез айығуында шешуші орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар, липидтердің сутектік тотығуының бұзылуы және соған сәйкес антиоксидантты қорғаныс балалардағы пневмония түрлеріне байланысты болуы да ықтимал. Дегенмен, әдеби көздердегі деректер бұл мәселенің толық дәлелденбегенін көрстіп отыр. Сол себепті біз балаларда кездесетін әр түрлі жіті пневмонияларда липидтердің сутектік тотығу көрсеткіштерін зерттеуді мақсат еттік.

Зерттеу нысандары мен әдістері. Липидтердің сутектік тотығу кинетикасын көрсету үшін біз оның аралық (липидтер гидроперекисі) және соңғы (малонды диальдегид) өнімдерін анықтадық. Липидтер гидроперекисі деңгейін В.Б. Гаврилов және оның әріптестері, ал малонды диальдегидті Л.И. Андреев және оның әріптестері ұсынған әдістермен анықтадық.

Зерттеу нәтижелері мен талқылау. Өкпедегі инфекциялық-қабыну процесі физиологиялық реакциялардың қалыпты ағымына липидтердің сутектік тотығуын өзгертетін бос радикалдар арқылы әсер ететіні белгілі. Бос радикалдар оттегінің оксигеназды жолмен қолданылуы нәтижесінде пайда болады. Соның нәтижесінде реактивті метаболиттер түзіледі: жоғарғы белсенді синглетті О2 (О-) -не ауыса алатын қасиеті бар супероксидті анион -радикал (О.), көмірсу тотығы (Н2О2), гидрооксидті радикал (НО-).

Липидтердің сутектік тотығуының белсендірілуі биологиялық мембраналар тұтастығының бүзылуына, олардың өткізгіштігі жоғарылауына, мембранабайланысты ферменттердің тежелуіне әкеліп соқтырады. Бос радикалдардың түрақты деңгейі бүзылуы және соның нәтижесінде липидтердің сутектік тотығуы процесінің күшеюі организмдегі қабыну процесінің ең ерте белгісі болып табылады. Жіті пневмония гипоксия және гиперкапния тудырады, сонымен бірге біріншілік және екіншілік бос радикалдар түзіледі.

Бос радикалдар организмде белсенді радикалдардың липидтер, белоктар және т.б. молекулаларымен байланысуы арқылы тотығу процесін күшейтеді. Фосфолипидтерде қосымша топтардың пайда болуы олардың физикалық-химиялық қасиеттерін өзгертеді, гидрофобты қосылыстар гидрофилді күйге көшеді.

Осы аталғандарды қорыта отырып, гипоксия липидтердің сутектік тотығу процесін күшейтетінін байқауға болады. Ал бүл процестің белсендірілуі өкпенің барлық бейспецификалық ауруларында, соның ішінде пневмонияларда да негізгі патогенетикалық механизм болып табылады. Сондықтан біздің зерттеуіміздің мақсаттарының бірі жіті пневмониямен ауыратын балаларда липидтердің сутектік тотығуына инфекциялық-қабыну процесінің әсерін анықтау.

Осы мақсатта біз жіті пневмониямен ауыратын 120 баланы тексеруге алдық және оларда липидтік сутектік тотығудың аралық (липидтер гидроперекисі) және соңғы (малонды диальдегид) өнімдерін анықтадық, және бақылау тобындағы сау балалармен салыстырдық.

Алынған деректерде экологиялық «таза» аймақта түратын жіті пневмониямен ауыратын балалармен салыстырғанда қоршаған орта ластануы жағынан қолайсыз аймақтарда түратын ауру балаларда жіті пневмония липидтік сутектік тотығу көрсеткіштерінің соңғы өнімдерінің деңгейі айқын жоғары болуымен ерекшеленгені анықталды. Липидтік сутектік тотығу процесі белсенділігі мен пневмонияның ағымдық ауырлығы арасында тікелей тәуелділік бар екендігін ескере отырып, орта ластануы балаларда жіті пневмония кезінде липидтік сутектік тотығу процесін күшейтіп, ауру ағымын ауырлатады деуге болады.

Сонымен қатар, липидтік сутектік тотығу процесіне өкпе тінінің зақымдалу ауқымы да әсер етеді. Балаларда пневмонияның нозокомиалді түрінде сегментарлы және түтасқан , кейде асқынулармен пневмония түрлері жиі кездеседі. Пневмонияның бүл түрлері қосымша қуатты антиоксидантты және бактерияға қарсы ем жүргізуді талап етеді. Біздің деректерімізден липидтік сутектік тотығу процесінің бүзылуы балалардағы жіті пневмонияның түрлеріне және ағымына байланысты, және бүл факторды жіті пневмониямен ауыратын балаларды емдегенде ескерген жөн.