Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Емізу және жасанды қоспалар (әдеби шолу)

Емшек емген балалардың ағзаларында антиденелер, қорғану факторлары (макрофаг, лизоцимдер), секреторлы иммуноглобулиндер бар. Адам сүтіндегі лимфоциттер асқазан-ішек жолдарына түскенде сол жердің иммунитетін арттырады, лизоцим мен макрофагтар микрофлораларға әсер етеді. Ана сүтіндегі комплимент пен лактофериннің бактерияға қарсы қасиеттері бар. Лактофериннің ДНК, простогландин Е2 түзетін қасиеті соңғы кезде ашылды, олар ішектің қозғалу, асқазан сөлін шығару қасиеттерін, сілемейлі қабаты тіндерінің дамуын арттырады, ішектегі зиянды флораларды әлсіретеді. Ішектің сілемейлі қабаты өткізгіштігінің әсерінен, сиыр сүтіндегі ақуыздар одан тез өтіп, реагин, простогландин Е-ні бала дүниеге келгеннен соң бірінші күннен бастап-ақ түзе бастайды, сөйтіп балада аллергия басталады. Ал, адам сүтінің ақуызында ондай антигендік қасиет жоқ, сондықтан аллергия болмайды. Адам ағзаларының өсіп-даму дәрежесі генетикалы жоспарланған және ол зат алмасуға да байланысты. Адам сүтіндегі галактоза, фосфатидтер орталық жүйке жүйесінің жетілуіне әсер етеді. Емізу, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа, баланың келешектегі мінез- қүлқына жақсы әсер етеді, жасанды қоспалардың небір жақсы түрлері ана сүтін ешуақытта ауыстырмайды, ауыстырмақ емес, әсіресе 0-4 айлық арасы жасындағы балаларда.

1 Кесте - Баланы тамақтандырудағы нутрицология мен физиологиялық қалыптар

Нутриенттер

0-2 ай

3-5 ай

6-4 ай

1-3

жас

3-7

жас

7-10

жас

11-13 жас үлдар

11-13

жас қыздар

14-17 жас үлдар

14-17 жас қыздар

Ақуыздар барлығы, гр

-

-

-

53

68

79

93

85

100

90

Соның ішінде майлық ақуыз,гр

-

-

-

-

-

-

56

51

60

54

Ақуыздар, г/кг

2,2

2,6

2,9

-

-

-

-

-

-

-

майлық ақуыз,

барлығы гр,

-

-

-

53

68

79

93

85

100

90

Сол сияқьы өсімдік

-

-

-

5-10

11

16

19

17

20

18

майлары

                   

Майлар г/кг

6,5

6,0

5,5

-

-

-

-

-

-

-

Линеолен қышқылы

г/кг

0,7

0,7

0,7

-

-

-

-

-

-

-

Көмірсулар,гр.

-

-

-

212

272

315

370

340

400

360

Көмірсулар,г/кг.

13,0

13,0

13,0

-

-

-

-

-

-

-

Кальций мг

400

500

600

800

120

1100

1200

1100

1200

1100

Фосфор мг

300

400

500

900

1450

1650

1800

1650

1800

1650

Магний мг

55

60

70

150

300

250

350

300

300

300

Темір мг

4

7

10

10

15

18

18

18

18

18

Цинк,мкг

3

3

4

-

-

-

-

-

-

-

Йод МЕ

40

40

50

-

-

-

-

-

-

-

А вит. орт.экв.мкг

400

400

400

450

500

700

1000

1000

1000

1000

В вит. МЕ

-

-

-

7

10

10

12

10

15

12

Е вит.,мг

3

3

4

-

-

-

-

-

-

-

Д вит,мкг

10

10

10

10

2,5

2,5

-

-

-

-

Д вит.МЕ

-

-

-

-

-

-

100

100

100

100

В1 вит мг

0,3

0,4

0,5

0,8

1,0

1,4

1,6

1,5

1,7

1,6

В2 вит мг

0,4

0,5

0,6

0,9

1,3

1,6

1,9

1,7

2,0

1,8

В6 вит мг

0,4

0,5

0,6

0,9

1,3

1,6

1,9

1,7

2,0

1,8

РР вит. миг.н.э.

5

6

7

10

12

15

-

-

-

-

РР вит,мг

-

-

-

-

-

-

18

16

19

17

В12 вит мгк

0,3

0,4

0,5

1,0

1,5

2,0

0,3

0,3

0,3

0,3

Фолацин,мкг

40

40

60

-

-

-

-

-

-

-

Энергия ккал,

барлығы

-

-

-

1540

1470

2300

2700

2450

2900

2500

Энергия ккал/кг

115

115

110

-

-

-

-

-

-

-

Емізу (табиғи тамақтандыру, биологиялық тамақтандыру) - 1-1,5 жасқа келгенге дейінгі баланың жалғыз ғана адекватты тамақтандырылуы. Баланы ана сүтімен емізбеу - келешектегі оның дамуына, мейлінше адамгершілігінің азаюына, сонымен қатар ана сүтінен басқамен қоректеніп өскен балада сол инвидумның әсері болуы мүмкін.

Терминология.Табиғи тамақтандыру - баланың өзінің туған анасының емшегін аузымен сорып емуі. Ана сүтін сауып, кеседен, зондпен, шөлмектен, пипеткадан беру температуралық өңделген ана, донорлық сүт беру - табиғи тамақтандырғанға жатпайды.

Аралас тамақтандыру - ең аз дегенде тәулігіне 1 рет емізу (ана сүті 100-150 мл-ден көп, қалған уақытта жасанды қоспалар беру).

Жасанды тамақтандыру дегеніміз тәулігіне бір рет немесе ана сүтінің тәуліктік көлемі 50-100 мл-ге дейін болса, қосымша қоректің барына, ия жоғына қарамастан баланы шөлмекпен жасанды қоспалармен қоректендіру

Босанғаннан соң алғашқы 4-5 күнде уыз, сосын уақытша сүт және 2-3 аптадан соң жетілген сүт шығады.

2 Кесте - Уыз, уақытша сүт, жетілген адам сүтінің қүрамдары

Ана сүті

Ақуыз

Қант

Май

уызы

58

40-76

28-41

уақытша сүті

23-14

57-76

29-44

жетілген сүті

9-18

73-75

33-34

Уыз, қою, желімді, түсі сары немесе сүрғылт-сары сүйық зат. Ана уызында ақуыздар, А-витамині 2-10 есе артық, аскорбин қышқылы 2-3 есе көп. Казеин жоқ, тек 4 -ші күннен бастап пайда болады. Альбумин, глобулин фракциялары көп - 58 г/л, ал жетілген сүтте - 9-18 г/л. Иммуноглобулиндер түзетін лейкоцит- лимфоциттер бар. Бала қанының сарысуының қүрамына үқсас болғандықтан уыздағы ақуыздар өзгермеген түрде сіңеді. Уыз іштегі амниотропты қоректенудің маңызды жалғастырушысы болып табылады.

Ана сүтін емген балалар міндетті түрде жасына сай болып өседі. Олар салмақты, өмірге көзқарасы маңызды, кең, сирек ауырады, қандай ауруды да жеңіл көтереді, тез жазылады. Әсіресе ана мен баланың қарым- қатынасы осы емізу кезінде басталады.

Емізудің тиімді он принциптері. Емшекпен емізу тәжірибесі жөнінде бекітілген ережені қатаң сақтау және оны барлық медицина қызметкерлеріне жүйелі түрде мәлімдеу; Осы саясатты іс жүзіне асыру үшін, қажетті ережелерге барлық медицина қызметкерлерін оқыту; Барлық жүкті әйелдерді емшекпен емізудің артықшылығы мен әдістері жөнінде хабардар ету; Босанғаннан кейін жарты сағат ішінде емшекпен емізуді бастау үшін аналарға көмек көрсету; Бөпелерінен бөлек болатын жағадайда, емшекпен емізу мен лактацияны қалай сақтау керек екендігін аналарға көрсету; Жаңа туған нәрестелерге емшек сүтінен басқа тағамдар тек дәрігердің кеңесі бойынша берілсін; Ана мен нәрестенің бірге бір палатада болуын тәжірибеге енгізу; Нәрестені қажетінше емшек емуге ынталандыру; Емшек еметін нәрестелерге алдандыратын немесе жүбататын жасанды заттарды (емізік, бөтелке) берму; Емшекпен емізуді қолдайтын топтардың болуын жандандыру және перзентханадан шыққаннан кейін аналарды сол топтарға жолдау.

Емізу - анасының сәбиіне бере алатын, оның өміріндегі маңызды бастамасы болғандықтан, нәресте денсаулығын сақтаудың жақсы тәсілі болып табылады.

Емізудің артықшылықтары:

Ана сүті:

ана сүті тек сол балаға арналғандықтан, өмірінің алғашкы 6 айында ол оның ең тиімді қорегі болып табылады; адам сүті қүрамында нәрестеге кажетті барлық қоректік заттары бар және тез қорытылады;

нәрестені әртүрлі инфекциялардан қорғайды;

емшек сүті әр уақытта пайдалануға дайын, әрі жылы, стерильді, таза және тегін;

нәрестенің физикалық және ақыл-ойының дамуына ықпал етеді.

Емізу:

анасы мен бөпесінің арасындағы тығыз байланыс;

босанғаннан кейін, алғашқы 6 айда кезекті жүктілікті жиі болдырмайды;

анемия, емшек пен аналық бездерінің қатерлі ісіктері сияқты аурулардың даму каупін төмендетеді.

Емізудің сырлары:

Дүрыс емізу қағидасы - емізу ауыртпайтындай болу үшін, қолдан келетін барлық жағадайды жасау. Емізген уақытта анасы отыруға немесе жатуға болады, ең бастысы - анасы өзін ыңғайлы сезінуі шарт, емізген кезде баланы қалай үстағанның да маңызы зор. Ол үшін келесі негізгі 4 ережені есте сақтаған жөн:

Нәрестенің басы мен денесі бір сызықтың бойында орналасады;

Баланың беті емшекке бүрылып, оның мүрны емшек үшына қарама-қарсы түрады;

Баланы бауырға қысып, анасының ішімен баланың іші тиіп түрады;

Баланың басы мен иығын ғана емес, сонымен бірге оның барлық денесін де қолмен үстау керек.

Егер бала дүрыс және тиімді еметін болса, баланы неғүрлым көбірек емізсе - соғүрлым сүт көп бөлінеді.

Ана мен нәрестенің бірге болуы және қажетінше емізудің артықшылықтары:

ана мен нәрестенің арасындағы сүйіспеншіліктің қалыптасуына жағдай жасайды, ана бөпесін жақсы түсінуге үйренеді;

нәресте аз жылап, оны бөтелкеден емізу себебі азаяды;

емшекпен емізуге анасының сенімділігі артады;

емшекпен емізу үзаққа созылады.

Қажетінше емізудің артықшылықтары:

сүт тезірек келеді;

нәрестенің салмағы тез өседі;

сүт безінің қатаюы сияқты қиындықтар азаяды;

нәрестені емшекпен емізуге тез үйрету жеңілірек болады.

Ананың жетілген сүті. Төмендегі 3-ші кестеде көрсетілгендей сиыр сүтінің қүрамы түбірімен ана сүтінен айрықша: онда казеинді ақуыз, кальций, фосфор, калий, натрий, цинк, В1 және В2 витаминдері өте көп. Керісінше линолен қышқылы, Е, С, А витаминдері және көмірсудың деңгейлері төмен. Сиыр сүті қүрамындағы ақуыз казеинінің басымдылығы (80%), баланың асқазанында ірідисперсиялы ақуыздың сіңірілуі өте нашарлайды. Ана сүтінде полиқанықтырылмаған май қышқылы (ПҚМҚ), әсіресе линолен қышқылы (0,4-0,5 г/100 мл сиыр сүтіне қарсы - 0,09 г/100 мл), сол сияқты сәбидің биомембранасын, бас миы мен көз торшасын белсендіретін простогландиндер, эйкозаноидтар қатарын (тромбоксандар, простациклиндер ж.т.б.) түзетін, тамақтануда теңдесі жоқ омега-З бар, және де ана сүтіндегі ПҚМҚ-дағы омега-6 мен омега-З-тің бір-біріне қатынасы өте оптималды 10:1-7:1 (сиыр сүтінде керісінше 0,9:1). Ана сүтінің май қышқылды триглицеридтері мен фосфолипидті қүрылысы, витаминтәрізді қосындысы - карнитин, бөбек организіміндегі жасушаішілік транспортты және май қышқылының тотықтануын қамтатмасыз етеді

Қосымша қорек (прикорм) беру.

Белгілі бір қосымша қоректерді белгілі бір жаста міндетті түрде балаға беру керек деген бурынғы концепциялар, қазіргі кезде қайта талқыланып белгілі бір жүйеге келгендей. Негізінде сәбиге қосымша тамақ беру, бермеу мәселесі емшек сүтінің қүндылығына, көлеміне, баланың дүрыс өсіп, дамуына тікелей байланысты. Осы аталған мәселелер баланың өсу кезеңдерінде дүрыс шешіліп отырса, онда сәбиді қосымша қорексіз 1-1,5 жасқа дейін емізуге болады. Егер анасы емшектегі баласының тамақ жетіспеген жайсыздығын сезсе, онда міндетті түрде жасы 4 тен 6 айға дейінгі уақытта қою қосымша қоректер беру керек.

Сонымен, жасы 4-6 айлық сәбилер, тәулігіне 1-2 шәй қасықтан көкөніс, жеміс бөкпелерін, педагогикалық немесе „үйрету” қосымша қорек ретінде алу керек. „Үйрету” қорегі, баланың әртүлі астың дәмін біліп, шайнап, әрі қарай қорек алуға дайындайды. Қосымша қорек беру мерзімі төмендегі көрсетілген баланың жетілу белгілеріне негізделген:

  1. .Аузындағы тамақты тілімен шығарып тастамай, әрі қарай жүту рефлекстері өзара байланысты жүмыс істегенде;
  2. .Бала аузына түскен нәрсені, емізікті шайнай бастағанда.„Үйрету” қорегі ретінде 5-20 г. алма немесе жеміс бөкпесін қантсыз береді. Шәй қасықтың ұшымен тілінің ортасына, бала еміп болғаннан кейін (бірақ әлі онша тоймағанда) салады. Бала қоректі жақсы жегенде бірте-бірте оны емгенге дейін беруге болады. Аллергиялық реакциялар болса, қосымша қоректі ұзаққа дейін бермеу керек.

Басты немесе энергиялық қосымша қоректі береді, егер бала ана сүтіне тоймаса, бала мазасызданса, жиі емсе, түнде жиі оянса, аз зәр шығарып, алкен дәреті азайса. Кейбір емшекке жарымаған сәбилер әлсіз, қимылсыз жатады, жыламайды, 1-1,5 аптадан кейін арықтай бастайды. Мінеки, осы жағдайларда қосымша қорек берудің басты шарттарының болуымен қатар, төменгі көрсеткіштерді есепке алу керек.

жасы 5-6 айдан жоғары;

қою тамақты жүтуға үйренген;

тісі шыққан немесе тісін жарған;

сенімді отырып, басын ұстауда (тамақтан басын алып қашқандай);

ас қорыту ағзаларының қою тамақты аллергиялық реакциясыз қорытатындай халге жетуі.

Алдымен қосымша қоректі 1-2 шәй қасық беріп байқайды, бала жақсы алатын болса, қорек көлеміне тезірек 100-150г. дейін өсіреді (көкөніс, жеміс-жидек бөкпесі, қантсыз, майсыз, түзсыз қарақүмық немесе күріш ботқасы).

Қосымша қоректі кеңейтудің келесі қадамдарын бөлуге болады:

Үйрету қорегі (жемістер немесе көкөніс);

Тек көкөніс бөкпесі (картофель, сәбіз, капуста, шпинат);

Глютенсіз ботқалар (күріш жүгері,қарақүмық) өндірістік болғаны абзал. Егер, ботқа үйде дайындалса, бірінші 2 аптада су қосылмаған таза сүтке пісіреді. Айдан кейін бір қорек бөкпе, бір қорек ботқа ретінде бері леді;

Көкөніс бөкпесін еттің, балықтың, қүстың етімен қосып дайындайды, мұндай қорекке бала 1-1,5 айдай үйренеді;

Бидай ұнынан пісірген бота;

Бала тамағын сиыр сүтіне ауыстырушы қоспаларға ауыстыру немесе бейімделген сүттерге (сүт, йогурт, творог), цитрустар мен шырындар, пісірілген жүмыртқа уызы;

Тістеп жеуге үйрете бастау, печенье, нан, кесілген жеміс, буланған котлеттер, майдаланған көкөністер.

Өндірістік азық-түліктерге қойылатын талаптар: біркелкілік, түйіршіксіз. Қоюлық, экологиялық тазалық, микронутриенттер мен ТТ-ның көптігі. Қосымша қоректерді балаға беру, емізуді ығыстырумен жүретіндігі түсінікті, бірақ жасқа толмаған бала қанша қорек алса да ана сүтінің тәуліктік көлемі 600-700 мл-ден кемімеуі керек. Лактацияны мүмкіндігінше ұзартып, 2 жастағы баланы күніне 1 рет емізгеннің өзі оның дамуына оң себебін тигізетіні ғылыми түрде дәлелденген. Бала жасының бірінші айларындағы тамақтың реттік көлемі бірінші 3-4 кварталда 200-400 гр болады да, тамақтану жиілігі 4 ретке азаяды (түнгі тамақтануды есептемегенде). Бір жастан кейін 3 рет негізгі, 1 рет жеңіл (сүттік немесе шырын, жеміс) тамақтанады. Емізу сиреген сайын анасының да сүті тартылады. Әйел емшегін таңып тастаса, сұйықты аз ішсе сүті тезірек қайтады. Қосымша қорек бергенде де балаға еміреніп, майдайынан сипап отырып тамақтандырған жөн. Тамақтың түсі, иісі, тамақ салынған ыдыстың түрі баланың тәбетін ашатындай болғаны қажет.

4 Кесте - Табиғи тамақтандырудағы 1 жастағы баланың қосымша қоректері

Азықтар

Жасы, ай

Ескерту

4

5

6

7

8

9

9-12

жеміс шырыны

5-30

40-50

50-60

60

70

90

90-100

3-айдан

Жеміс бөкпесі

//

//

//

//

//

//

//

3,5- айдан

Творог, сыр

-

10-30

40

40

40

50

60

5-айдан

Уыз

-

-

0,25

0,5

0,5

0,5

0,5

6-айдан

Көкөніс бөкпесі

-

100

150

150

170

180

200

4,5 айдан

Сүт ботқасы

-

-

50-100

150

150

180

200

5,5-6,5 айдан

Ет бөкпесі

-

-

-

5-30

50

50-60

60-70

7-айдан

кефир

-

-

-

-

200

200

200-400

 

Сүт

-

-

-

-

-

-

400

7,5-8- айдан

Бидай

-

-

-

5

5

5

10

7-айдан

Нан,сухари, печенье

-

-

3-5

3-5

5

5

10-15

6-ай

өсімдік майы

-

1-3

3

3

5

5

6

4,5-5 айдан

Сары май

-

1

1-4

4

4

5

6

5-айдан

Жасанды тамақтандыру. Ана сүтінің орнына қолданатын қоспалар қүрғақ, сүйық (қолдануға дайын), қышқыл және түщы болады. Олар ана сүтінің қүрамына, бірінші жастағы балалардың метаболизмдік ерекшеліктеріне максимальді жақындатылған, бейімделген (бейімделген).

5 Кесте -Ана сүтінің орнына қолданылатын қоспалардың басты түрлері

Ана сүтінің орнына қолданатын қоспалар

Қүрғақ

Қүрамы сарысулық ақуызбен, тауринмен, карнитинмен байытылған

бейімделген.

Тек сарысулық ақуыздармен байытылған бейімделген. Бейімделген казеин формулаларымен.Жарым-жартылай бейімделген қоспалар. «Келесі»

формулалы.

Сүйық

Қышқыл

Түщы

 

Қышқыл

Түщы

Максималды бейімделген ана сүтін ауыстыратын қоспаға жататын сүйық қоспалар: «Агу» зарарсызданған (түщы) және сүтқышқылды (Россия); қүрғақ қоспалардың көпшілігі, сол сияқты «Нан» (Швейцария), «Нутрилон» (Голландия), «Бэби» (Словения), «Пре-ХиПП» және «ХиПП-1» (Австрия), «Энфамил-1» (США), «ХуманаГ» (Германия), «Сэмпер-Бэби-1» (Швеция), «Фрисолак» («Фрисланд», Голландия) ж.т.б.

Аз бейімделген «казеин формулалы» атты қоспаларға жататындар «Симилак» (АҚШ), «Нестожен» (Швейцария) ж.т.б. Олардың ақуызды қүрамы ана сүтінің қүрамынан алшағырақ..

Өткен үрпақгар ана сүтінің орнына қолданылатын қоспалардың қатарына «Малютка», «Малыш» (Россия), «Анпамил» (Германия) ж.т.б. жатады. Бірақ, соңғы кездері «Малютка», «Малыш» қоспаларын «Истра-Нутриция» АҚ Россиямен қосылып витаминдік, минералдық қүрамдарын жақсартып шығарып жүр. Сонымен қатар «Малютканың», тез ерігіш варианты «Малютка Истринская» деген атпен шығады.

Соңғы кездері «кейінгі қоспалар» («последующих смесей») - деген, 5-6 айлықтан бастап беретін, шетелдерде шығарылған ауыстырғыштар шығып жатыр. Кейінгі қоспалар ана сүтіне аз бейімделген, қүрамында крахмал мен сахароза, бала организміне қажетті анемияны алдын алу үшін қолданылатын темір бар. Олардың, «последующих смесей» қатарына «Агу-2» түщы және қышқылсүтті, «Нан» 6 айдан 12 айға дейін (Голландия), «Нутрилон-2» (Голландия), «Галлия-2» (Франция), «Сэмпер-Бэби-2» (Швеция) ж.т.б. Төменгі кестелерде жасқа дейінгі балаларды жасанды тамақтандырудың жобасы (кесте 4) және қызығушы оқушы қауымы үшін ауыл шаруашылығындағы малдар сүтінің қүрамы (г/л) - кесте 7 келтірілген.

6 Кесте - Жасқа дейінгі баланы жасанды тамақтандырудың жобасы

Азықтың түрлері

Жасы, айы

0-1

2

3

4

5

6

7

8

9

9-12

Ана сүтін

ауыстырғыштар

700800

800

900

800

900

800

900

400

400

300

400

350

200

200

Көкөніс шырыны

Көрсеткіш бойынша

5-30

40-50

50-60

60

70

80

90-100

Жеміс бөкпесі

Көрсеткіш бойынша

-

-

50-60

60

70

80

90-100

творог

     

-

-

40

40

40

40

50

Сары уыз

     

-

10-150

-

0,25

0,5

0,5

0,5

Көкөніс бөкпесі

     

-

-

150

150

170

180

200

ботқа

     

-

-

50-150

150

170

180

200

Ет бөкпесі

     

-

-

-

5-30

50

50

60-70

Кефир, сүт

өнімдері

     

-

-

-

200

200

400

400

Нан

     

-

-

-

-

5

5

10

Сухари, печенье

     

-

3

3-5

5

5

10

10-15

өсімдік майы

     

-

-

3

3

5

5

6

Сары май

     

-

 

4

4

5

5

6

7 Кесте - Ауыл шаруашылығындағы малдар сүтінің қүрамы (г/л).

Малдар

Қүрғақ заттар

Ақуыздар

Майлар

Сүттік қант

Теннер бойынша

кышкылдылык

Ешкі

139

41

44

44

17

Қой

185

57

72

43

25

Буйволица

176

41

7

48

17

Түйе 1 өркешті

124

37

40

48

---

Түйе 2 өркешті

162

38

54

50

---

Солтүстік бүғысы

357

109

197

36

---

Жылқы

105

19

16

64

6,5

Есек

98

18

13

60

6,0

Сонымен, баланы рационалды тамақтандырудың «алтын стандарты» - ана сүті. Баланы емізуге болмайтын жағдайда жасанды қоспаларды таңдай отырып, келесі ережелермен санасу қажет:

сәбидің жасы, баланың бірінші 2-3 апталығында түщы қоспаларды, сосын түщы мен сүтқышылды қоспаларды рационға жартылай қатыстырып; адаптациялану дәрежесі - бала жас болған сайын қоспаның ана сүтіне бейімділік қасиеті басымырақ болуы қажет, 5-6 айға дейін ешқашанда «кейінгі» - последующие смесиң, кефир және басқа бейімделмеген, сиыр сүтін беруге болмайды

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.