Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда бүкіл әлемде туберкулездің эпидемиологиялық келеңсіз жағдайы орын алған. Бүның негізгі көрсеткіші туберкулездегі аурушаңдықтың және өлім көрсеткішінің жоғарылауы. Сонымен қатар туберкулездің жедел дамитын түрлері, туберкулездің асқынуларының жиіленуі, туберкулезге қарсы препараттарға туберкулез микобактериялар (ТМБ) полирезистенттілігінің жоғарылауы, емнің эффективтілігінің төмендеуімен көрінеді.
Изониазидпен үзақ емдеу барысында бауырда вирусты гепатиттің клиникасы байқалады. Қазіргі таңда изониазид қүрамындағы метоболиті ацетилгидраза бауырға гепатотоксикалық әсер ететіні анықталған. Химиопрепараттарды қабылдау кезінде жанама жағымсыз әсерлері дамыса да химиопрепараттармен емді тоқтатуға болмайды. Иммунды жүйенің қызметін жоғарылату үшін химиопреапараттармен комплексті түрде жоғары активті препараттарды енгізу қажет.
Мақсаты: Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың кешенді емдеуде иммуномодулин (тимоген) және гепатопротектор (рувимин) клиникалық тиімділігін анықтау.
Материалдар мен зерттеу әдістері: зерттеу үшін облыстық туберкулезге қарсы диспансерден (Сайрам ауылы) 25-49 жас аралығындағы 40 науқас өкпенің инфильтративті туберкулезі диагнозы бойынша алынды: 1 топ-Стандартты химиотерапия-10 науқас.
- топ-Химиотерпия+тимоген-10 науқас.
- топ- Химиотерпия+рувимин-10 науқас.
- топ- Химиотерпия+тимоген+рувимин-10 науқас.
Науқастар ДОТS программасы бойынша 1 категорияда 2-4 HRZE(S) схемада дене салмағына қарай ем қабылдады. Түскен кездегі негізгі шағымдары: әлсіздік, салмақ тастау, терлегіштік, тәбет төмендеуі, дене температурасының субфебрильді жоғарылауы, еңбекке қабілетінің төмендеуі, сілекей-іріңді жөтел, кеуде клеткасында ауырсыну, әлсіз ентігу, қан түкіру.
ДОТS бағдарламасы бойынша туберкулездің 1 категориясындағы этиопатогенетикалық емі: - қарқынды фазадағы ем препараттары HRZE 2-4 ай; - жалғастырушы фазадағы емнің альтернативті схемасы 4-7 ай.
ДОТS программасының туберкулездің категориясында 4 препаратты схема бойынша қолдану емнің жоғарғы эффективтілігін көрсетеді. МТ(+) пен ауыратын науқастар -56,3%, ал МТ(-)-32,9% қүрайды.
Таңертеңгі 8-9 шамасында дәрілерді бір реттік қабылдау. Тимоген 15 күн бүлшықетке 0,02мг/кг енгізіледі. Рувимин 15 күн ауыз арқылы қабылдау.
Нәтижелері мен пікірталас: І топ - туберкулостатиктер қабылдаған науқастарда токсикалық гепатит дамиды, қандағы биохимиялық көрсеткіштері өзгереді, гепатоциттердің препараттарды сіңіру қабілетінің төмендеуі байқалады. Клинико-рентгенологиялық динамикасы өзгермейді.
ІІ топ - туберкулостатиктермен бірге кешен ретінде иммуномодулятор қабылдаған адамдарда рентгенологиялық динамика жақсарды және қақырық ТМБ-нан тазалану пайызы жоғарылады.
ІІІ топ - туберкулостатиктермен рувиминді қабылдаған науқастарда қанның биохимиялық көрсеткіштеріне әсері және препараттардың сіңірілуі белсенді. Гепатопротектор рувимин тимогенге қарағанда әлдеқайда позитивті өзгерістерге әкелді. биохимиялық көрсеткіштері қалыпты мөлшерге түсті.
IV топ - туберкулостатиктермен бірге тимогенмен рувиминді кешенді қабылдау, науқастарда рентгенологиялық динамикасын жақсартып, токсикалық гепатиттің туындауының алдын алып.
Қорытынды: 1. Тимогенді бүлшықет ішіне 0,02 мг/кг ерте сатысында қолданғанда қақырықтың ТМБнан тазалануы жақсы нәтиже көрсетеді. 2. Рувиминді .қолданғанда токсикалық гепатиттің изониазидті генезенің асқынуын төмендетеді. 3. Рувиминмен тимогеннің туберкулостатикалық қосарлануы арқасында үзақ уақыт химиотерапия қолдану емнің нәтижесін арттырады және иммунитетті жоғарылатып,токсикалық әсерін жояды.