Қорытынды: Осы жұмыста клинико-лабораторлық зерттеулер негізінде рахиттің еміне Аквадетрим витамин Д3 сулы ерітінді препаратын ұзақ пероральды қолдану қауіпсіз, тиімді және сенімді түрі болып табылады. Бул өз кезегінде ерте жастағы балалардағы бірінші және екінші дәрежелі рахиттің емінде қолдануға ұсынылады, сонымен қатар препаратты қолдану кезінде қолдану ыңғайлылығы мен бақылау әдістерінің оңайлылығы арқасында ұсынуға болады.
Түйінді сөздер: рахитпен ауыратын балалар, витамин Д3 препараты, фосфор-кальций алмасуы, емдеу.
Рахит мәселесі ерте жастағы балаларда (ең басты өмірінің алғашқы бірінші жылы) фосфор- кальций алмасуының бүзылуымен байланысты жиі кездесетін ауру, әрбір балаға рахиттің арнайы алдын алуы жүргізілседе, оның жиілігі азаяр емес, сол себепті қайтадан актуальды мәселеге айналды. Бүл жүмыста ерте жастағы балаларда рахиттің емінде витамин Д3 сулы ерітінді түрі Аквадетрим витамин Д3 (холекальцеферол) (Терполь, Польша) препаратының терапевтикалық эффективтілігін және препаратты көтере алушылығын бағалау бойынша зерттеу жүмыстары жүргізілді. Препаратты таңдау кезінде пероральды қолданатын витамин Д3 сулы ерітінді түрі табиғи түрімен физиологиялық түріне сәйкестігіне сүйенді, тек дәрілік заттың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігімен ерекшелінді.
Зерттеу мәліметтері мен әдістері.Зерттеуге кездейсоқ таңдау әдісімен екі жыныстан да рахиттің түрлі дәрежесіндегі 1 жасқа дейінгі (соның ішінде жедел ағыммен 50 және жеделдеу 16) басқа жедел аурулары жоқ, созылмалы аурулардың өршуі жоқ және зерттеу жүргізердің алдында 2 ай бойы калбций және витамин Д препараттарын алмаған 66 бала таңдалынып алынды. Зерттеулер №1,2 балалар емханаларында жүргізілді. Балалардағы рахиттің ауырлық деңгейінің диагностикасы жалпы қабылданған көрсеткіштер бойынша: ерте жастағы балалардағы рахиттің емі және алдын алуы ДДҰ үсыныстарына сай статусты клиникалық бағалау негізінде және лабораторлық зерттеу мәліметтеріне (қан мен зәрдің фосфор-кальций алмасуының биохимиялық анализі), сонымен қатар қажет болған жағдайда рентгенологиялық көрінісіне сүйеніп жүргізілді.
Рахиттің бірінші дәрежесімен (жедел ағым) ауыратын балалардағы «Аквадетрим витамин Д3 (холекальцеферол)» препаратын қолданғанға дейін және қолданғаннан кейінгі лабораторлық көрсеткіштердің динамикасы.
*-көрсеткіштер статистикалық нақты өзгеріп түрды
Балалардың денсаулық жағдайларының клиникалық бағалауы зерттелетін балалардың аналарының акушерлік-гинекологиялық анамнезі және балалардың қосымша патологияларының тіркелуімен өмір анамнезі (туылғаннан бастап зерттеу жүргізілгенге дейін) негізінде жүргізілді. Аквадетрим витамин Д3 препаратымен емдеу тиімділігін анықтау кезінде оны көтере алушылығы есептелінді және кері әсерлері тіркелінді.
Балалардағы рахитті Аквадетрим витамин Д3 препаратымен емдеу ерте жастағы балалардағы рахитті емдеу және алдын алу тәулігіне 2000-нан 5000 ХБ емдік дозалармен жүргізілді. Емді 2000 ХБ бастап 3-5 күн берді кейін жақсы көтерсе мөлшерін жоғарылатты. Рахитті емдеу курсы 30-45 күн (препарат ішуге тағайындалды).
Лабораторлық көрсеткіштерден (зерттеуге дейін және зерттеу соңында) капиллярлық қандағы гемоглобин мөлшерін, эритроцит санын анықтаумен клиникалық анализден қызыл қан қүрамы бағаланады. Сонымен қатар қандағы жалпы белок қүрамы да анықталынды. Ағзадағы фосфор-кальций алмасуының сипаттамасы үшін белгілі әдіспен қан сарысуындағы кальций және фосфор мөлшері, сілтілі фосфатаза белсенділігі, зәрмен кальций және фосфордың тәуліктік экскрециясы анықталынды. Алынған мәліметтер статистикалық өңделді.
Препараттың терапевтикалық тиімділігінің көрсеткіштері: клиникалық (орталық және вегетативті жүйке жүйесі, сүйек және буын жүйелері жағынан өзгерістерді бағалау) және биохимиялық (қан және зәрдегі фосфор-кальций алмасуы) көрсеткіштер, ал қажет болса рентгенологиялық көрініс болып табылады.
Рахиттің бірінші дәрежесімен (жеделдеу ағым) ауыратын балалардағы «Аквадетрим витамин Д3 (холекальцеферол)» препаратын қолданғанға дейін және қолданғаннан кейінгі лабораторлық көрсеткіштердің динамикасы.
Зерттеу нәтижелері. Зерттелетін балалардың аналарының акушерлік-гинекологиялық анамнезі және балалардың анамнез мәліметтерінің негізінде бірқатар балаларда бейімдеушілік фактор қосарланған сипатта болатынын көрсетті. Солардың ішінде жүктіліктің патологиялық ағыммен өтуінен туған балалар 82,4%, анамнезінде қайталамалы соматикалық аурулардың болуы (ЖРВИ, бронхиттер және т.б.) 68,5%, витамин Д препаратымен арнайы және түрақты алдын алу терапияларды алмаған балалар 67,2% және т.б. көп зардап шегеді. Рахиттің бірінші дәрежесімен ауыратын балаларда ем алғанға дейін бүлшықет гипотониясымен бірге жүретін орталық және вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер түріндегі клиникалық көріністер болды. Ал сүйек деформациясы айқын болған барлық балалар рахиттің екінші дәрежелі ауырлық ағымына жатқызылды. Сонымен қатар анемиялық синдром рахиттің екінші дәрежелі ауырлық ағымымен ауыратын балаларда 85% анықталынды. Рахиттің бірінші және екінші дәрежесі диагнозы лабораторлық көрсеткіштермен дәлелденгенін айта кету керек.
Аквадетрим витамин Д3 (холекальцеферол) препаратымен емдеу жүргізгеннен кейін зерттелетін топтарда бүлшықет тонусының анағүрлым жақсаруымен, сүйектердің қатаюымен, психомоторлы дамуының жақсаруымен, қозғалыс белсенділігінің жақсаруымен, тістердің шығуымен сипатталатын айқын клиникалық эффекттерге жетті. Екінші дәрежелі және жеделдеу ағымды рахитпен ауыратын балалардағы клиникалық көріністерінің оң сипаты айқын емес. Бақылау тобындағы балаларда оң клиникалық көрініс анықталмады.
Лабораторлық көрсеткіштердің мәліметтері де рахиттің бірінші дәрежесімен ауыратын балаларда Аквадетрим витамин Д3 препаратымен емдегеннен кейін фосфор-кальций алмасуының оң динамикасы (Са, Р, сілтілі фосфатазаның нақты қалыпты деңгейге келуі анықталды) (№1,2 кестеде) дәлелденді. Осындай оң өзгеріс (фосфор-кальций алмасуының оң динамикасы) рахиттің екінші дәрежесімен және жеделдеу ағыммен ауыратын балаларда анықталды. Бақылау тобындағы балаларда (лабораторлық анализ 7 балаға жасалынды) фосфор-кальций алмасуының жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерінің оңға жылжуы анықталмады. Сонымен рахиттің еміне Аквадетрим витамин Д3 сулы ерітінді препаратын үзақ пероральды қолдану қауіпсіз, тиімді және сенімді түрі болып табылғандықтан, оны ерте жастағы балалардағы бірінші және екінші дәрежелі рахиттің емінде қолдануға үсынылады, сонымен қатар препаратты емханада ғана
291
емес балалар стационарында да қолдану ыңғайлы және бақылау әдістері оңай болғандықтан усына аламыз.