Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құтырма ауруын алдын алуда жүргізілген іс-шараларды эпидемиологиялық бағалау

Республикамыздың жекеленген облыстарында оның ішінде оңтүстік өңірінде аса қауіпті жүқпалы аурулардың халықтар арасында тіркелуі орын алуда, бүл санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық іс- шаралар мен медициналық көмектің жетілдірілуінің жаңа міндеттерін әкелді. 2011 жылы желтоқсан айында, Қазақстан Республикасы Үкіметімен қабылданған «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды үйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қаулысының 6 тарауы, қүтырма ауруын алдын алу бойынша жаңа талаптарды айқындайды [1,2]. Осыған орай, жануарлардан тістеліп, тырналып, сілекейленіп жарақат алған адамдар арасында жүргізіліп жатқан санитариялық-эпидемиологиялық және емдеу-иммундау іс әрекетін қарастыру бүгінге өзектілігін табады.

Зерттеу нысандары мен әдістері. Бүл жүмыс, Сайрам ауданында 2012 жылы жануарлардан тістеліп, тырналып, сілекейленіп жарақат алған түрғындар арасында жүргізілді. Жарақат алған 210 адамның қүтырма ауруына байланысты алаңдаушылығы, оның алдын алуға бағытталған шаралардың меңгеруі жөнінде анкеталық сүхбат жүргізілді және жарақат алғаннан кейінгі кезеңдегі құгырма ауруына байланысты үрей дәрежесінің ширығуы Спилберг-Ханин бланкілік әдісімен бағаланды. Жүргізілген психофизиологиялық зерттеулер 2 серияда; жарақат алып емдеу-иммундау сызбасы тағайындалғанға дейін және емделіп болғаннан кейінгі аралықты қамтыды. Жарақат алған 2082 адамның медициналық қүжаттары; 045/е нысаны «Қүтырмаға қарсы көмек алуға келгендер картасы», 063/е нысаны «Профилактикалық егу картасы», 112/е нысаны «Баланың даму тарихы», 026/е нысаны «Баланың медициналық картасы», 025/е нысаны «Амбулаториялық науқастың медициналық картасы», 064/е нысаны «Профилактикалық егулерді есепке алу журналы» сарапталып бағаланды. Зерттеу нәтижесі вариациялық статистика және корреляциялық әдіспен персоналды компьютерде өңделді. Статистикалық дәлділік Стьюдент параметрлік әдістерімен бағаланды.

Зерттеу нәтижелері мен оны талдау. Сайрам ауданы көлемінде құгырма ауруын алдын алу бағытында аудан әкімшілігі, медицина, ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласымен бірқатар жүмыстар жүргізілуде. Елді мекендерде қаңғыбас ит пен мысықтардың көзін жоюға, 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен 4 млн 753 мың теңге бөлініп, жалпы иесіз қаңғыбас 4165 бас, оның ішінде 4157 ит пен 8 мысықтың көзі жойылған. Ал 2013 жылдың жарты жылдығына 2 млн 946 мың теңге бөлініп, 2012 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 569,5 мың теңгеге, немесе 19,3 пайызға көбейген. 2012 жылдың I тоқсанында 130 бас, ал салыстырмалы түрде 2013 жылдың I тоқсанында 753 бас қаңғыбас иттің көзі жойылған,

бул 623 басқа немесе 5,8 есе атқанын көрсетіп, жалпы аудан көлеміндегі мүдделі уйымдардың қутырма ауруына деген алаңдатушылығының барын аңғартады.

2012 жылы жануарлардан тістеліп, тырналып, сілекейленіп жарақат алып медициналық көмекке жүгінгендер саны 2082 адам 100 мың турғынға шаққандағы көрсеткіш 688,5, оның ішінде 1352 ер азаматтар 64,9 пайыз және 730 әйел азаматтары 35,1 пайызды қурайды. Жас шамасы бойынша, жарақат алған адамдардың саны, барлық топтарда 100 жағдайдан асады (кесте №1). Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар саны 1015 болып, оның үлес салмағы 48,7 қурайды, ал 14 жасқа дейінгі балалар саны 835 болып, жалпы жарақат алғандардың 40,1 үлесін қурайды. Мектеп жасындағы 6-14 жастағы балалардың жарақат алуы, басқа топтардан қарағанда жоғары болып 583 жағдайды немесе 28,0 үлесін қурайды. Бул ата-аналар мен уйым тәрбиешілерінің назарынан тыс қалған балалар мен жасөспірімдердің, жануарлардан жарақат алуы кеңінен орын алатынын аңғартады. Келесі топтарда, басым көпшілігінде жарақат алғандардың 296 жағдайы (үлес салмағы 14,3) 46 жас және оданда жоғарғы жастағы және 259 жағдайы (үлес салмағы 12,4) 18-25 жастағы ересектер арасында орын алады.

мағы, 100 %

Анкеталық сухбат жүргізілген зеттерулерде, респонденттердің 84,3 пайызы қутырма ауруына байланысты алаңдаушылығы барын көрсетеді. Ол жөнінде мағлуматты; медицина қызметкерлерінен - 92 пайызы,

буқаралық ақпарат қуралдарынан (теледидар, газет, журнал) - 81,3 пайызы, жарақат алып ем қабылдағандардан - 35,2 пайызы қабылдаған. Аурудың жуқпа көзі болып үй, ауылшаруашылық және табиғат жыртқыш аңдары болып табылатынына және алғашқы жарақат алғанда 1 күні медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі жөнінде респонденттердің 100 пайызына жуығы жауап берген.

2012 жылы адамдардың жарақат алу көзі болған жануарлардың, ветеринариялық бақылау кезеңінің 10 күндігінде өлген және (немесе) өлтірілген 53 жануардың оның ішінде 42 ит, 2 мысық, 3 ірі қара мал, 3 уақ мал 2 жылқы және 1 есектің бас миының сынамалары ветеринариялық зертханада зеттерулері жүргізілген. Зерттеу қорытындысымен оң нәтиже бергені анықталмаған.

Түрлі деңгейде жарақат алып медициналық көмекке жүгінген 2082 адамның 2081 немесе 99,9 пайызына емдеу-иммундау сызбасы бойынша, шартты түрде 1621 адамға (77,9%) және шартсыз түрде 460 адамға (22,1%) ем тағайындалған. Жарақат алған бір адам немесе 0,1 пайыз ем қабылдамай, медицина қызметкерлерінің назарынан тыс қалған. Жарақаттанудың 2 санатымен медициналық көмекке жүгініп антирабикалық вакцина қабылдаған адамдар 1442 үлес салмағы 69,3 қурайды, ал жарақаттанудың 3 санатымен антирабикалық вакцинаға қоса антирабикалық иммуноглобулин қабылдағандар 639 үлес салмағы 30,7 қурайды. Көрсетілген антирабикалық емдеу-иммундау сызбасы бойынша шартты түрде қажетті, антирабикалық вакцинаның 3 екпесін қабылдаған адамдар 1340 үлес салмағы 64,4 қурайды, ал 281 адам оның ішінде «0 күні» бір екпені қабылдап қойғаны 81 адам, «0-3 күні» екі екпені қабылдап қойған 200 адам орын алған (кесте №2). Бул емдеуді қабылдаған 2081 адамның 13,5 пайызын қурайды және жүргізілген зерттеулердегі 15,7 пайыз ауруға деген немқурайлылығымен үйлеседі. Бул жағдай қутырма ауруының инкубациялық кезеңі 12 күннен 1 жылға дейін созылатынын ескерсек, қурытма ауруына деген алаңдатушылық күшейе түседі.

2012 жылы жарақаттанудың 3 санатымен қутырма аурушаңдығына қарсы антирабикалық вакцинамен қоса тазартылған гетерологиялық антирабикалық қан сарысуы -ЭКВИРАБ қабылдаған 639 адамның 316 адамына препараттың қажетті дозасынан, 1,6±0,5 мл немесе 320±0,4 ХБ (халықаралық бірлік) қутырма вирусына қарсы антидене кем енгізілген, бул 56,5 пайызды қурайды. Бул жағдай 2012 жылдың I жартыжылдығында, дәрігер хирург, травматологтардың және аурухананың науқастарды қабылдау бөлімінде қызмет атқарған басқада сала мамандарының, антирабикалық көмек көрсету стандарттарын жетік меңгермегенінен орын алған. Жалпы 2082 медициналық көмекке жүгінгендердің 15 адамы 0,7 пайызы, аурудың клиникалық белгілерімен инфекциялық бөлімде стационарлық ем қабылдаған. Клиникалық диагнозы расталған және өлім-жетіммен уштасқан 1 науқас,

307бұл медициналық көмекке жүгінгендердің 0,05 пайызын және стационарлық ем қабылдағандардың 6,6 пайызын құрайды.

Жүргізілген эпидемиологиялық зеттеулерде; науқас Қ.Е. 30.10.2007 жылы туылған, ұйымдастырылмаған, Сайрам ауданының тұрғыны. 04.06.2012 жылы сағат 11.00 шамасында, иесі белгісіз итпен тістелініп 3 санатты жарақат алған. Жарақат орны: мойынның артқы оң жақ беткейі, жарақат 0,3 Х 0,3 см көлемінде, бір мәрте тістелген. Алғашқы медициналық көмек 04.06.2012 жылы сағат 12.10 аралығында көрсетілген. Онда жарақат орны 20% сабынды суымен (детергент) шайылып, жарақат айналасы йод ерітіндісімен өңделген. Антирабикалық көмек ретінде, құтырма ауруына қарсы тазартылған гетерологиялық (жылқы) антирабикалық қан сарысуының (ЭКВИРАБ) 2,8 мл немесе 560 ХБ құтырма вирусына қарсы антидене жарақат орнымен оның айналасына және антирабикалық өскін қанықтырылып тазартылған белсенділігі төмендетілген (ӨҚТАВ) құтырма вакцинасының «0 күндегі» екпесі 1,0 мл немесе 2,5 ХБ құтырма штамының вакциналық вирусы иықтың дельта тәрізді бұлшық етіне енгізілген. Келесі 07.06.2012 жылы «3 күндік», 11.06.2012 жылы «7 күндік» және 18.06.2012 жылы «14 күндік» вакцинациялау емдеу-иммундау сызбасына сәйкес жүргізілген. Алайда жүргізіліп жатқан емдеу-иммундау шаралары аясында, бастапқы клиникалық белгілер «алаңдаушылық, ретсіз тыңдамаушылық» 16.06.2012 жылдан орын ала бастаған, клиникалық белгілер күшейіп 20.06.2012 жылы сағат 18.40 науқас «құтырмаға күдікті» диагнозымен инфекциялық бөлімге жатқызылады.

Науқасқа емдеу-иммундау сызбасы бойынша көмек көрсеткен дәрігер Ю. Ғ., науқастың 18 кг дене салмағына қажетті 1:1000 мөлшердегі тазартылған гетерологиялық антирабикалық қан сарысуының (ЭКВИРАБ) 3,6 мл немесе 720 ХБ құтырма вирусына қарсы антидене жарақат орнына енгізілмей, нәтижесінде емдеуге қажетті 0,8 мл немесе 160 ХБ құтырма вирусына қарсы антидене енгізілмей қалған. Бұл жағдай науқастың ағзасында құтырмаға қарсы қысқа мерзімді, енжар иммунитетті қажетті деңгейде қалыптастырмағанын аңғартады.

Жүргізілген психофизиологиялық зерттеулерде, жарақат алып алғашқы медициналық көмекке жүгінген жас шамадағы барлық топтар арасында ағза реактивті үрейі (36,3±2,49 балл) мен жеке тұлғалық үрей 39,7±0,67 көрсеткішті құрады. Вакцинациялаудың «7, 14 күніне», яғни 3, 4 екпеден кейінгі кезеңде ағза реактивті үрейі мен жеке тұлғалық үрей көрсеткіштерінің төмендеу тенденциясы аңғарылады. Реактивті үрей фондық мәні 36,3±2,49 балл болса, емделуден кейін 35,1±2,53 балл құрап, 3,3 пайызға төмендеді. Ал, жеке тұлғалық үрей емделуден кейін статистикалық нақтылықпен (р<0,05) 35,0±0,87 балға түсіп 11,8 пайызға төмендеді. Бұл орайда, антирабикалық көмек көрсететін емдеу-профилактикалық мекемелерінің психолог маманының, жануарлардан жарақат алып, алғашқы медициналық көмекке жүгінген әр бір адаммен жұмыс жасауы, олардың құтырма ауруына және емнің нәтижесіне байланысты жүйке-психикасының оңтайлануына әкеледі және тағайындалған емнің толық курсын дер кезінде қабылдап ағза белсенді иммунитетінің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл жағдай балалар мен жасөспірімдер арасында өз нәтижесін берері сөзсіз.

Қорытынды. Зерттеулеріміздің нәтижесінде, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құтырма ауруын алдын алу бағытындағы іс-шараларды бір қатар жетілдіруді қажет етеді. Олар, антирабикалық көмек көрсететін мамандардың құтырма ауруына қарсы емдеу-иммундау сызбасы бойынша ем тағайындау жөнінде алғашқы және жыл аралық білімін жетілдіруді жүргізу, жарақат алған адамдардың алғашқы медициналық көмекке жүгінген мерзімінен бастап психолог маманының көмегімен қамтуды көздейді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, Сайрам ауданы бойынша «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар 2013 жыл жопарына» толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Жоғарғы және орта медициналық білімі бар мамандарға, медициналық оқыту ұйымдарының студенттеріне арналған «Құтырма, сіреспе ауруларын емдеу және алдын алу» жөніндегі оқу- әдістемелік құрал дайындалды.

Әдебиеттер

1. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Казахстан» на 2011-2015 годы, утвержденный Указом Президента Республики Казахстан от 29.10.2010 года за № 1113.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.12.2011 жылғы № 1476 «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы қаулысы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.