Түйін
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін бақылау формаларының бірі - әсіресе адам өмірімен тікелей байланысы бар нысандардағы, яғни атмосфералық ауадағы, судағы, топырақтағы, азық-түліктердегі және т.б. радионуклидтердің концентрациясын анықтау. Оңтүстік Қазақстан облысы топырақтарындағы радио- нуклидтердің қүрамын бақылау барысында радиациялық қауіпсіздік принциптерінің бірі - нормалау принципі.
Кілт сөздер: радиация, топырақ, сынама, белсенділік, спектрометрия.
Кіріспе. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі дегеніміз - шарушылықтың, ғылымның және медицинаның әртүрлі саласында пайдалы сәулеленулерге негізсіз шектеу қоймастан, радиациялық қауіпсіздіктің нормалары мен негізгі принциптерін сақтау арқылы адамзаттың қазіргі және болашақ үрпағының иондаушы сәулелердің зиянды әсерінен қорғалу жағдайы [1]. Ғылыми тәжірибе көрсеткендей, халықтың денсаулығының нығаюы мен оны қорғау аясындағы жетістіктер елеулі түрғыда қоршаған ортаның жағдайына тәуелді болатыны анық.
Бүгінгі таңда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірнеше негізгі принциптерге сүйенбек, атап айтқанда нормалау принципі - барлық иондаушы сәулеленуді көздерінен азаматтардың жекебасты сәулелену дозаларын рүқсат етілмеген шегтерінен асырмау; негіздеу принципі - иондаушы сәулеленудің көздерін пайдалану барысында адам мен қоғам үшін келтірілетін пайдасы табиғи радиациялық аямен қосымша зиян келтіріру қауіпі тәуекелінен асып түспей жатса, барлық оған байланысты барлық іс- әрекеттердің түрлеріне тыйым салу; оптимизация принципі - экономикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, жекебасты сәулелену дозаларын және кез-келген иондаушы сәулеленудің көзін пайдалану кезіндегі сәулеленуге шалдығушы адамдар санын мүмкіндігінше төмен әрі қолжетімді деңгейде үстау. [2].
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау формаларының бірі - басым көпшілігінде адамның тіршілік етуіне тікелей қатысы бар қоршаған орта объектілерінде, яғни атмосфералық ауада, суда, топырақта, тағам өнімдерінде және т.б радионуклидтер концентрациясын анықтау.
Жер шары түрғындары сәулеленудің негізгі бөлігін радиацияның табиғи (шынайы) көздерінен алады. Адам сәулеленуге екі жағдайда шалдығады: радиоактивті заттар организмнен тысқары жерде түрып. оны сырттан сәулелендіреді, және де бүл сыртқы сәулелену деп аталады. Немесе ол заттар адам дем алып жатқан ауада, тағамда, суда болып. адам организмінің ішіне түсуі мүмкін. Мүны ішкі сәулелену деп атайды.
Сыртқы сәулелену көздерінің бірі топырақ. Жерден туындаған радионуклидтерден сыртқы сәулеленудің негізін калий-40 және уран-238 (радий-226 топырақта уран-238-бен теңдес мөлшерде болады)
бен торий-232 әулеттерінің радионуклидтері және де олардың ыдырау өнімдері қүрайды. Топырақтағы табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігіне өзі түзілген тау жыныстарының белсенділігі, топырақтың жер асты суларымен сілтілену процестері, радионуклидтердің топырақпен сорбциялануы және қайсібір басқа да факторлар әсер етеді. [3].
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында радиациялық мониторинг пен қоршаған орта объектілеріне, соның ішінде топыраққа бақылау жүргізуші мемлекеттік мекемелердің бірі Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығы. Біздің жүргізен жумысымыз осы мекеменің мемлекеттік тапсырысты орындау барыстында ОҚО көлемінде топырақтың радиациялық сәулеленуіне жүргізген көпжылдық мониторингісіне талдама жасау.
Материалдар мен әдістер. Зертханалық зерттеулер ОҚО-ындағы 14 аудандық және қалалық санитарлық- қорғаныс аймақтарынан алынған топырақ сынмалары жасалған. Зерттеу ҚР ДСМ-мен бекітілген «Жиынтық альфа, бета белсенділкті және табиғи радионуклидтер (радий-226, торий-232, кали-40) спектрометриялық деңгейін анықтаудың» әдістемелік нүсқаулығы негізінде жүргізілгкн. Меншікті белсенділіктің калий-40 бойынша әдеттегі диапозоны 110-нан 740 бк/кг, радий-226 - 11-ден 52 бк/кг, торий-232 - 14-тен 90 бк/кг шегінде. Жиынтық альфа, бета белсенділік көрсеткіші салыстырмалы түрде топырақтың радиоактивтілік сипаттамасын береді. Анықтау гамма-спектрометр «Прогресс-гамма» қүралымен жүргізілген. Барлық мәліметтер төменгі кестелерде келтірілген.
ОҚО бойынша жиынтық альфа белсенділіктің орташа көрсеткіші 2,7 бк/кг құрап, біршама жоғары
көрсеткіштер ретінде Төлеби, Мақтаарал аудандарын атап өтуге болса, жиынтық бета белсенділіктің облыс бойынша орташа көрсеткіші 36,8 бк/кг қүраған, мүндағы жоғары көрсеткіштер ретінде Төлеби, Сайрам, Отырар аудандарын атап өтуге болады.
Спектометриялық зерттеулер қорытындысы бойынша облыста радийдің меншікті орташа көрсеткіші 28,8 бк/кг, мүнда барлық аудандарда көрсеткіш біркелкі деңгейде болғанмен Кентау қаласы бойынша екі есеге жуық жоғары, жалпы торийдің меншікті орташа көрсеткіші 29,7 бк/кг, мүнда да барлық аудандарда көрсеткіш біркелкі деңгейде болғанмен Шардара, Төлеби, Қазьнүрт аудандарындағы көрсеткішті өзгелерден жоғары деп атауға болады. Калийдің облыс бойынша меншікті орташа көрсеткіші 457 бк/кг, мүнда барлық аудандардан жоғары көрсеткіш Төлеби, Түлкібас, Қазығүрт аудандарына тиесілі болып отыр.
Қорытынды. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында топырақтың радионуклидтеріне бақылау жасау қортындысымен радиологиялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерінің бірі - нормалау принципі деп түжырым жасауға болады. Яғни, барлық көрсеткіштер рүқсат етілген шектерулерден аспаған. Дегенмен, Төлеби ауданы топырағының көрсеткіштері барлық зерттелген радиологиялық көрсеткіштердің 80 пайызында облыстық деңгеймен және басқа да жергіліктермен салыстырғанда жоғары екендігін ескерген жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы = О радиационной безопасности населения: ҚР-ның 23.04.98 ;k.N219-I Заңы/Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Респ.Парламент.жаршы- сы=Ведомости Парламента РК. - 1998. - N7-8. - С. 8.-3-15 б
- Нажимеденов,Т. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті нормативтік- құқықтық қамтамасыз етудің қазіргі күйі мен перспективалары/ Нажимеденов, Т. // ҚазҰУ хабаршысы: Халықаралық қатынастар ж/е халықаралық қүқық сериясы. - 2004. - N2. - С. 75-79 б.
- Радиация. Дозы, эффекты, риск. -Издательство «Мир».- 1998.-256с.
- Козлов,В.Ф. Справочник по радиационной безопасности: научное издание / Козлов В.Ф., Трошкин Ю.С. - М. : Атомиздат, 1967. - 276с. : табл.
- Актуальные вопросы радиоэкологии Казахстана/ под рук. С. Н. Лукашенко ; рец.: М. С. Панин, В. П. Солодухин. - Павлодар: Дом печати, 2010- Вып.2 : Сборник трудов Института радиационной безопасности и экологии за 2007-2009 гг. - 2010. - 527 с. : ил. - Библиогр. в конце разд. - Алф. указ.: с. 521. - ISBN 978-601-7112-32-5