ТҮЙІН
Халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету оның денсаулығын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Соңғы онжылдықта айқындалғандай қоршаған ортаның ғаламдық және аймақтық ластануы халық арасында бейспецификалық аурулардың өсуіне себеп болып отыр. ОҚО бойынша соңғы жеті жылда орталықтандырылған ауыз суының саны 1,4 есеге артып, жалпы алғанда ауыз суының санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері жақсара түсуде.
Кілт сөздер: ауыз су, су қүбыры, зертханалық зерттеу, РЕШ.
Кіріспе. Халықтың денсаулығын нығайту мен қорғау мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық үдемелі дамуына бағытталған кезек күттірмес мақсаты. Халықтың денсаулығын сақтаудың маңызды бағытарының бірі оның сапалы ауыз суымен қамтамасыз етілуі болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау мемлекеттік мекемелерге жүктелген міндет. Осы түрғыда санитарлық эпдиемиологиялық қызмет үйымдарына халықтың денсаулығын қорғау аясында ғылыми-тәжірибелік жүмыстар жүргізу арқылы халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, санитарлық эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру, есепке алу мен статистика жүргізу сияқты бірқатар міндеттер қоса жүктелген.
Қазіргі уақытта анықталғандай, соңғы онжылдықта бейинфекциялық аурулардың өсуі қоршаған ортаның жаһандық және аймақтық ластануымен байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасының едәуір аймақтары тек халықтың жалпы бейспецификалық ауруларының өсуі байқалып қана отырған емес, сонымен қатар, нақты бір әсер етуші факторларға тән, халықтың денсаулығының специяфикалық бүзылулары да айқындалып отырған экологиялық нәубет аймақары статусына ие.
Зерттеу мақсаты. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс-әрекеттерінің жетекші бағыты - қоршаған орта факторларының өзгеру динамикасына және халық денсаулығына әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу болып табылады. Осы мақсатта атқарылып отырған іс-әрекеттердің бірі сумен қамсыздандыру нысандарына және ауыз су сапасына мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау жүргізу. Біздеің зерттеу жүмысымыздың мақсаты да 2006-2012 жылдар аралығындағы ОҚО бойынша халықты сумен қамсыздандыру нысандарының ауыз су сапасына зертханалық зерттеулер негізінде талдама жасау.
Зерттеу барысы. Зерттеу барысына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен үсынылған ведомстоволық статистикалық есептілігі негізге алынды. Ауыз су сапасына зертханалық зерттеулер ҚР МСМ МСЭҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығы зертханаларында, бекітілген зертханалық зерттеулер номкенклатурасына сәйкес санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілген.
Бүгінгі таңда халықты ауыз суымен қамтамасыз ету саласында «Таза су», «Ақ бүлақ» сияқты мемлекеттің бағдарламалардың негізінде бірқатар жүмыстар атқарылып жатқандығына №1 кестедегі көрсеткіштер дәлел боларлықтай.
№1 кесте - 2006-2012 жылдар аралығында ОҚО бойынша зертханалық зерттеулер жүргізілген
орталықтандырылған су қүбырлары нысандарының саны (бірлік).
Сумен қамсыздандыру нысандары |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж |
2012ж. |
Қалалық түрақтардың су қүбырлары |
22 |
24 |
23 |
24 |
24 |
19 |
23 |
Ауылдық түрақтардың су қүбырлары |
269 |
269 |
276 |
303 |
309 |
359 |
380 |
Топтасқан су қүбырлары |
4 |
4 |
5 |
10 |
16 |
15 |
16 |
Барлығы |
295 |
297 |
304 |
337 |
349 |
393 |
419 |
2006 жылмен салыстырғанда 2012 жылы орталықтандырылған су қүбырлары нысандарының саны 1,4 есеге артқан, оның ішінде, әсіресе, топтасқан су қүбырлары нысандары 4 есеге үлгайған.
Су қүбырларыны нысандарының саны артқан сайын олардың сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкестілігіне қадағалау жүргізу жүмысының қарқыны төмендеуге тиісті емес. Осы түрғыда атқарылған жүмыстарға тоқталсақ, №1 кестеде көрсетілген нысандардан 2006 жылы -22 600, 2007 жылы - 21 610, 2008 жылы - 24 257, 2009 жылы - 20530, 2010 жылы -19296, 2011 жылы -20 799, 2012 жылы -17 878 сынама зертханалық тексеруге алынды. Олардың ішінде санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келмейтін, яғни рүқсат етілген шектеулерден асқан сынамалар №№1,2,3 сүлбаларда келтірілген. «ОҚО СЭСО» РМҚК- ында МСЭҚК-мен бекітілген зертханалық зерттеулер номенклатурасына сәйкес, ауыз судың адам және жанауарлар бөлінділерімен ластануын, яғни санитарлық-химиялық түрғыда судың органолептикалық қасиетін, қүрамындағы азоттық негіздердің концентрациясын, рН-ын анықтауға, микробиологиялық түрғыда жалпы микробтардың, жалпы және термофильді колиформалы бактериалардың, колифагтардың мөлшерін анықтауға негізделген.
2 сүлба - 2006-2012 жылдардың микробиологиялық зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес ОҚО бойынша орталықтандырылған су сынамаларының РЕШ-ден асудағы үлес салмағының көрсеткіштері , %.
Зерттеудің нәтижесі. №1 сүлбада келтірілген мәліметтер бойынша 2006-2012 жылдар аралығында қалалық түрақтардың орталықтандырылған су қүбырынан алынған сынамалардың санитарлық-химиялық зерттеулері бойынша РЕШ-ден орташа асу көрсеткіші 2,7% көрсетсе, 2012 жылы 0,8%-ды қүрап, жалпы көрсеткіш 3,4 есеге төменген, ауылдық түрақтардың су қүбырлары бойынша орташа көрсеткіш 1,3 % көрсетіп, алайда 2012 жылы да сол деңгейде (1,3%) қалып отыр. Топтастырылған су қүбырларынан алынған сынамалардың РЕШ-ден асуының орташа көрсеткіші 0,9% болса, 2012 жылғы көрсеткіш 0,3%-ды қүрап, РЕШ-ден асу көрсеткіші 3 есеге төменген.
№2 сүлбада келтірілген мәліметтер бойынша 2006-2012 жылдар аралығында қалалық түрақтардың орталықтандырылған су қүбырынан алынған сынамалардың микробиологиялық зерттеулері бойынша РЕШ- ден орташа асу көрсеткіші 2,7% көрсетсе, 2012 жылы 0,3%-ды қүрап, жалпы көрсеткіш 9 есеге төменген, ауылдық түрақгардың су қүбырлары бойынша орташа көрсеткіш 1,9 % көрсетіп, 2012 жылы 1,3% қүрап жалпы көрсеткіш 1,4 есеге төмендеген. Топтастырылған су қүбырларынан алынған сынамалардың РЕШ-ден асуының орташа көрсеткіші 2,5 % болса, 2012 жылғы көрсеткіш 2,1%-ды қүрап, РЕШ-ден асу көрсеткіші 1,1 есеге төменген.
№3 сүлбада келтірілген мәліметтер бойынша 2006-2012 жылдар аралығында қалалық түрақтардың орталықтандырылған су қүбырынан алынған сынамалардың коли-фагқа зерттеулері бойынша РЕШ-ден орташа асу көрсеткіші 3,3% көрсетсе, 2012 жылы 0,5%-ды қүрап, жалпы көрсеткіш 6,6 есеге төменген, ауылдық түрақгардың су қүбырлары бойынша орташа көрсеткіш 1,2 % көрсетіп, 2012 жылы 1,1% қүрап жалпы көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр деуге болады. Топтастырылған су қүбырларынан алынған сынамалардың РЕШ-дтен асуының орташа көрсеткіші 0,7 % болса, 2012 жылғы көрсеткіш 4,3%-ды қүрап, РЕШ-ден асу көрсеткіші 6,1 есеге өскен.
Салыстырмалы түрде қарар болсақ, соңғы жеті жылдағы орталықтандырылған су қүбырынан алынған сынамалардың санитарлық-химиялық зерттеулері бойынша РЕШ-ден асуының орташа көрсеткіші 1,6%, микробиологиялық зерттеулері бойынша 2,3%, коли-фагқа зерттеулері бойынша 1,7%-ды қүрайды.
Қорытынды. Орталықтандырылған ауыз суын ластаушы көздердің сипатымен қарайтын болсақ, 3 көрсеткіштің бір-бірінен алшақтығы жоқ. Оны заңдылық деп қарастыруға болады, себебі біртекті ластаушы көз бар жерде бүл 3 көрсеткіш те бірқалыпты деңгейде анықталады. Дегенмен де ауылдық түрақтағы орталықтандырылған ауыз су сапасы өзгелермен салыстырғанда төмендігі анықталып отыр. Ал санитарлық- эпидемиологиялық түрғыдан қарар болсақ, 7 жылдағы орталықтандырылған ауыз су нысандары 1,4 есеге артып отырған шақта оның сапасының көрсеткіштерінің РЕШ-ден асу жиілігі төмендеп отырғанын ескерсек, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметінің жүмысын қанағаттанарлық деп бағалауға болады. Алайда, ауыз судың сапсын өте жоғары деп, тек оның сапалық көрсеткіштерінің РЕШ-ден асуы 0-ге теңелгенде ғана айтуға болады. Және де оған халыққа қызмет ету көрсету түрғысындағы барлық жүмыстар мен оның нәтижелерін халықаралық стандартқа сәйкестендіру арқылы қол жеткізуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Скоробогатов,Г.А. Осторожно! Водопроводная вода!: ее химические загрязнения и способы доочистки в домашних условиях / Г. А. Скоробогатов, А. И. Калинин. - СПб. : Изд-во С.-Петерб. унта, 2003. - 152 с. - ISBN 5-288-03324-2
2. Никаноров,А. М. Глобальная экология: учеб.пособие / Никаноров А.М., Хоружая Т.А. - М. : ПРИОР, 2000. - 285с. - ISBN 5799004337