Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқо аудандарындағы орталықтандырылмаған ауыз суының санитарлық гигиеналық сапасы

ТҮЙІН

ОҚО аудандарының орталықтандырылмаған ауыз суының көпжылдық зертханалық зерттеулеріне талдама жасалып, барлық аудандарда алынған сынамалардың саны мен жүргізілмеген зерттеулердің саны біркелкі емес екені, ал кейбір аудандарда жеті жыл бойы ауыз суының санитарлық гигиеналық талаптарға сай келмеуі жоғары көрсеткіштерге турақтап отырғаны анықталды.

Кілт сөздер: ауыз су, сынама, қудық, зертханалық зерттеу, РЕШ.

Кіріспе. Ауыз су мәселесі қашан да өзекті тақырыптардың бірі болып, күн тәртібінен түскен емес. Халықты сапалы ауыз сумен қамту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының біріне айналды. Бул мәселені мемлекет басшысы Нурсултан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған әр жылдардағы жолдауының қайсыбірінде болмасын турақты түрде басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып жүр. 2002 - 2010 жылдары жүзеге асырылған «Таза су» бағдарламасының жемісті жақтары аз болған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысында да талайларға шапағатын тигізгенін осы маңызды бағдарламаның республика көлемінде орындалуы бойынша алғашқы үштікке кіруінің өзі бул өңірдегі оң өзгерісті айқын аңғартып тур. «Таза су» бағдарламасы аяқталғандықтан былтыр Үкімет арнайы қаулысымен «Ақбулақ» атты жаңа бағдарламаны бекіткен болатын. Оны жүзеге асыру екі кезеңнен турады. Бірінші кезең 2011-2015 жылдар аралығын қамтыса, екінші кезең 2016-2020 жылдарға есептелген. Жаңа жобаның нақты мақсаттары айқын: халықты қажетті мөлшердегі және сапасына кепілдік берілетін ауыз сумен қамтамасыз ету.

Халықтың денсаулығын нығайту мен қорғау мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық үдемелі дамуына бағытталған кезек күттірмес мақсаты. Халықтың денсаулығын сақтаудың маңызды бағытарының бірі оның сапалы ауыз суымен қамтамасыз етілуі болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау мемлекеттік мекемелерге жүктелген міндет. Осы түрғыда санитарлық эпдиемиологиялық қызмет үйымдары халықтың денсаулығын қорғау аясында ғылыми-тәжірибелік жүмыстар жүргізу арқылы халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, санитарлық эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру, есепке алу мен статистика жүргізу сияқты міндеттер атқарып отыр.

Қазіргі уақытта анықталғандай, соңғы онжылдықта бейинфекциялық аурулардың өсуі қоршаған ортаның жаһандық және аймақтық ластануымен байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасының едәуір аймақтары тек халықтың жалпы бейспецификалық ауруларының өсуі байқалып қана отырған емес, сонымен қатар, нақты бір әсер етуші факторларға тән, халықтың денсаулығының специяфикалық бүзылулары да айқындалып отырған экологиялық нәубет аймақары статусына ие.

Зерттеу мақсаты. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс-әрекеттерінің жетекші бағыты - қоршаған орта факторларының өзгеру динамикасына және халық денсаулығына әлеуметтік- гигиеналық мониторинг жүргізу болып табылады. Осы мақсатта атқарылып отырған іс-әрекеттердің бірі сумен қамсыздандыру нысандарына және ауыз су сапасына мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау жүргізу. Біздеің зерттеу жүмысымыздың мақсаты да 2006-2012 жылдар аралығындағы ОҚО бойынша халықты сумен қамсыздандыру нысандарының ауыз су сапасына, оның ішінде, көптеген елді мекендердің бүгінге дейін пайдаланып отырған орталықтандырылмаған ауыз суларымен, атап айтқанда қүдық суларының, бүлақ суларының, тораптандырылмаған артизан суларының зертханалық зерттеулерінің негізінде талдама жасау.

Зерттеу барысы. Зерттеу барысына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен үсынылған ведомстоволоық статистикалық есептілігі (№18 форма) негізге алынды.

1 кесте - ОҚО аудандары бойынша орталықтандырылмаған ауыз су көздерінің және олардан алынған сынамалардың сандық көрсеткіштері

аудан аттары

сынамалар алынған нысандар саны

сан-химиялық

зерттеулерден өткен

сынамалар саны

Микробиол зерттеулерден

өткен сынамалар саны

1

Арыс

4

31,1

40,7

2

Бәйдібек

50,9

88,1

120,9

3

Қазығүрт

28,6

93,1

92,3

4

Мақтаарал

15,6

20,1

25,1

5

Отырар

33,4

64

57

6

Ордабасы

46,7

69,9

112,9

7

Сайрам

25,3

52

56,63

8

Сарыағаш

23

77,7

90

9

Созақ

51,1

139,9

132,7

10

Төлеби

8,7

53,1

69,6

11

Түлкібас

9,9

27

37,3

12

Түркістан

35

159,3

317

13

Кентау

3

31

28,1

14

Шардара

11

37

130,3

 

Барлығы

346,2

943,4

1310,5

Ауыз су сапасына зертханалық зерттеулер ҚР МСМ МСЭҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығы зертханаларында, бекітілген зертханалық зерттеулер номкенклатурасына сәйкес санитарлық-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілген. Зерттеудің нәтижесі. 2006 жылмен салыстырғанда 2012 жылы орталықтандырылған су қүбырлары нысандарының саны 1,4 есеге артып, оның ішінде, әсіресе, топтасқан су қүбырлары нысандары 4 есеге үлғайса. осыған сәйкес орталықтандырылмаған ауыз су көздерінің саны 1,3 есеге азайған.

ОҚО аудандарының деңгейіндегі орталықтандырылмаған ауыз суының жеті жылдық зертханалық зерттеулерінің орташа көрсеткіштерімен алғанда бүгінгі таңда Ордабасы, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласында орталықтандырылмаған ауыз су көздерінің саны өзге өңірлермен салыстырғанда 2-5 есеге жоғары болып отыр, №1 кесте.

Орталықтандырылмаған ауыз суы көздері нысандарының саны көп болған сайын олардың сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкестілігіне қадағалау жүргізу жүмысының қарқыны төмендеуге тиісті емес. «ОҚО СЭСО» РМҚК-ында МСЭҚК-мен бекітілген зертханалық зерттеулер номенклатурасына сәйкес,ауыз судың адам және жанауарлар бөлінділерімен ластануын, яғни санитарлық-химиялық түрғыда судың органолептикалық қасиетін, құрамындағы азоттық негіздердің концентрациясын, рН-ын анықтауға, микробиологиялық түрғыда жалпы микробтардың, жалпы және термофильді колиформалы бактериалардың, колифагтардың мөлшерін анықтауға негізделген.

Облыс бойынша барлық аудандарда 2006-2012 жылдар аралығында жыл сайын барлық орталықтандырылмаған ауыз суы көздері орта есеппен 346 нысандарынан 943 сынама санитарлық- химиялық зертханалық, 1310 сынама микробиологиялық зерттеулерге алынып отырған, №1 кесте.

Санитарлық-химиялық зерттеулердің нәтижесінде санитарлық нормалар мен ережелерге сайкес келмеген сынамалардың үлес салмағы Шардара ауданында 40,4% болып салыстырмалы түрде бірінші орынды иеленсе, 17-17,4%-бен Сайрам ауланы мен Арыс қаласы екінші орынға, 8,7-9,1%-бен Төлеби,Отырар аудандары мен Түркістан қаласы үшінші орынға түрақтап отыр, №1 сүлба.

Қорытынды. Орталықтандырылған ауыз суымен салыстырғанда орталықтандырылмаған ауыз суының антропогенді және табиғи агенттермен ластану мүмкіндігінің жоғары екендігін ескере отырып, оның сапасының стандарттарға сәйкестілігіне санитарлық-эпидемиологиялық түрғыда қадағалау жүргізуді бір жүйеге енгізу маңызды мәселелердің бірі. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, барлық аудандардағы орталықтандырылмаған ауыз су көздері нысандарынан сынама алу және оны зертханалық тексерулерден өткізу біркелкі емес. Сонымен қатар, біршама аудандарда жеті жыл көлемінде су сапасының санитарлық гигиеналық талаптарға сай келмеуінің жоғары көрсеткіштерде түрақтауы алаңдатарлық жағдай.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1. Корш,Л.Е. Ускоренные методы санитарно-бактериологического исследования воды: научное издание / Л. Е. Корш. - М. : Медицина, 20018. - 272 с.
  2. 2. Карагандинский гос.ун-т. Состояние и пути снижения уровня загрязнения окружающей и производственной среды: тезисы докладов регион.науч.-практ. конференции (24-26 сентября)/ Кар.гос.университет им.Е.А.Букетова. - Караганда : Б.И., 2002. - 138с.
  • Жыл: 2013
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.