Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірімдердегі анемияның жүйке жүйесі жұмысына әсері

ТҮЙІН

Шымкент қ. жоғарғы оқу орындарында кіші курста білім алып жүрген анемиямен зардап шегетін жасөспірімдерге айнымалы-гипоксиялық синдромның ой еңбек қабілеттілігіне әсері зерттелді. Анемия ой еңбек қабілеттілігін төмендетіні және ағзаның психофизиологиялық күйін нашарлататыны анықталды. Жасөспірімдергі бұл бұзылыстардың қатыптастыру барысында анемияға қарсы емнің тиімділігі дәлелденді.

Кілт сөздер: жасөспірімдер, анемия, психофизиологиялық күй, еңбек қабілеттілігі, ем.

Бүгінгі күнгі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде жасөспірімдердің жүйке жүйесі, яғни оймен жұмыс істеу қабілетінің сапасына талаптар өсіп отырғаны сөзсіз. Ертерек жүргізілген зерттеулерде І курс студенттері арасында дезадаптацияның әр түрлі көріністері байқалған, солардың ішінде невроз бен жалпы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі ерекше орын алады. Олардың жүйке жүйесінің психофизиологиялық күйлерін бағалау барысында назар аударудың төмендеуі және қажеті жоқ сыртқы тітіркендіргіштерге алаңдауы аңғарылған. Анемия кезінде айнымалы-гипоксиялық синдромы адамның физикалық белсенділігіне және еңбек қабілеттілігіне теріс әсерлері туралы дәлелдейтін мәліметтер әдебиеттерде көптеп жиналуына қарамастан, жасөспірімдердің жүйке жүйесі қызметін зерттеген жұмыстар жоқтың қасы. Жұмыстың мақсаты Шымкент қ. жоғарғы оқу орындарында (ЖОО) кіші курста білім алып жүрген жасөспірімдергі анемияның жүйке жүйесі жұмысына, психофизиологиялық күйіне әсерін зерттеу болды.

Зерттеу жұмысы бірнеше кезеңмен іс асты. 1 кезеңде 16-20 жас аралығындағы 2214 жасөспірім анемияның белгілірі, себептері көрсетілген арнайы өнделген сұрақнамаға жауап берді және қан анализі жасалды. 2 кезеңде кездейсоқтық сұрыптау әдісімен (әр бір төртінші) 553 жасөспірім таңдап алынды, олар темір алмасу көрсеткіштері, тереңдетілген лабораторлық және құрал-сайманды тексерістерден өтті. 3 кезеңде анемиясы бар 30 жасөспірімдердің адаптациялық күйін, ой қызметі мен психофизиологиялық күйін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы көмегімен ем курсына дейін және одан кейін, сонымен қатар оқу күні мен апта бойында жүйке жүйесі жұмысы бағаланды. Зейіннің тұрақтылығын В.Я. Анфимов тәсілі бойынша корректуралық әріптік кестені қолдана отырып анықтады.

Психофизиологиялық күйлерді сезім, белсендік, көңіл (СБК) бағалайтын өзіндік баға (5 балдық шкала) көмегімен іске асырылды. Алынған нәтижелер Стьюденттің критерийі бойынша статистикалық өңдеуден өтті. Корректуралық кестелер көмегімен стандартталған және ажыратпалы тапсырмалардың әр 1 минут ішінде сызған белгілер саны мен жіберілген қателер санын санап, зейін қою көрсеткіші есептелді, сондай-ақ 5 минут ішінде белгіленген жалпы әріптер санын және жалпы жіберілген қателерін санап, осы 5 минут уақыта жалпы зейін қою көрсеткіші есептелді, жасалған сынаққа кешенді баға берілді.

1-ші кесте - Жасөспірімдердегі анемияны емдеу нәтижесінде корректуралық сынақтың өзгеруі.

Зерттеу

ЖБ

ҚС

1-тапсырма

2-тапсырма

ҚСст

Аст

Өнімділік

күні

           

коэффициенті

Дүйсенбі:

452,5±41,5

13,6±3,5

233,5±21,9

219,0±20,4

14,3±3,5

5,4±1,7

38,0±3,1

күн басы

608,1±23,6*

5,6±1,5*

305,6±11,0*

302,5±14,1*

5,1±1,5*

1,6±0,5*

57,7±2,8*

күн

460,8±42,7

11,3±2,2

215,2±20,1

245,6±22,3

13,1±2,8

4,0±2,8

40,8±3,8

Соңы

631,3±26,5*

4,1±0,7*

296,6±13,3*

334,7±15,2*

3,1±0,6*

1,1±0,3*

59,9±2,7*

Сенбі:

             

күн

515,3±33,4

14,1±2,8

258,6±20,3

256,7±15,7

17,2±3,9

4,7±1,5

44,9±3,9

басы

617,1±31,1*

3,9±1,4*

293,2±15,1*

324,1±22,1*

3,3±1,2*

1,4±0,7*

61,8±3,1*

күн

499,8±45,2

9,9±2,0

240,1±22,1

219,7±23,6

12,4±2,9

3,1±0,6

45,3±4,7

Соңы

617,9±42,1

3,8±0,9*

296,7±19,6*

321,2±24,1*

3,1±0,6*

0,8±0,1±*

62,1±3,1*

Ескертпелер: ЖБ - жалпы белгілер саны; ҚС - қателер саны; ҚСст - стандартталған қателер; Аст - ажыратпалы жүргізуде жіберілген стандартталған қателер; Бөлшек үстінде - анемияның еміне дейінгі, ал астында - емнен кейінгі көрсеткіштер.

1 кезеңдегі қан анализін талдау барысында 2214 жасөспірімдер арасында анемияның кең (24,2 %) таралғаны анықталды. 2 кезеңде темір алмасу көрсеткіштерін зерттеу барысында жасөспірімдер арасында темір тапшылы анемия (ТТА) - 22,8 %, жасырын темір тапшылығы (ЖТТ) - 26,7 % жағдайда табылды. Темір тапшылығы жыныс арасында әртүрлі жиілікпен, яғни бойжеткедерде ТТА - 26,8 %, ЖТТ - 32,8 %,

ержеткендерде ТТА - 12,0 %, ЖТТ - 10,8 % құрады. 3 кезеңде анемиясы бар жасөспірімдердің емге дейін психофизиологиялық деңгейлері айтарлықтай төмен болмағанын анықталды. Анемияға қарсы жүргізілген ем нәтижесінде зейіннің тұрақтылық көрсеткіштері (игерген хабар көлемі мен қателер саны), назардың тұрақтануы аңғарылды, ол қаралған белгілер көлемінің артуымен (32,8 %) және корректуралық сынауда жіберілген қателер санының төмендеуімен (58,8 %) сипатталды.

Оқу күні динамикасында корректуралық сынау нәтижелерін талдауда (1- кесте), анемияның емінен кейін күн және апта басы мен соңы ұзақтығындағы жұмыс істеу көлемінің артуына мүмкіншілік берді (p<0,05). Қаралатын белгілер саны аптаның басында 34,4 % және апта соңында 23,6 % өсті. Жұмыс сапасы айтарлықтай артты: жалпы стандартталған қателер саны апта басында 64,3 % (p<0,05) және апта соңында 80,8 % (p<0,01) кеміді. Ажыратпалы жүргізу қателер саны дүйсенбі күнінің соңында 72,7 % (p<0,01) және сенбі күнінің соңында 74,2 % (p<0,01) төмендеді.

СБК тестінің көмегімен функционалды күйді бағалау барысында (2-ші кесте) бастапқы кезде ажыратылған өзіндік баға салыстырмалы түрде төмен болды. Анемияның емінен кейін сезім, көніл-күй жақсарғаны, белсендіктің артқаны байқалды. Емнен кейін оқу күні көрсеткіштер динамикасы едәуір жақсарды. Дүйсенбі күні сезімнің нашарлауы мен белсендіктің төмендеу дәрежесі азайғаны анықталды. Сенбі күнінің соңында СБК тестінің барлық категориялары бойынша көрсеткіштер жоғарылады. Емге дейін аптаның соңғы күнінде ажыратылған өзіндік бағаның барлық көрсеткіштері төмен болды, ал емінен кейін және алғашқыдан соңғы зерттеулерге қарай оқу аптасының ұзақтығында функционалды күйлердің едәуір қолайлы динамикасы байқалды. Ажыратылған өзіндік бағаның мәліметтері сұраққа жауап беру нәтижелерімен айқындалды. Зерттеу жұмысына қатысқан барлық жасөспірімдер жалпы жағдайларының жақсарғанын көрсетті.

Сыналған жасөспірімдерде субъективті өзіндік баға көрсеткішінің барлық параметрлері жоғары болды - седім 30,7 %, белсендік - 23,7 %, көңіл-күй - 31,9 % артты.

Жүргізілген сынақтардың нәтижесінде жасөспірімдерде анемия жүйке жүйесі, яғни оймен жұмыс істеу қабілеттілігінің төмендеуімен, оқу күні мен аптасының динамикасында айқын шаршаумен, ағзаның психофизиологиялық күйлерінің нашарлауымен жүреді. Анемияның емінен соң атқарылатын жұмыстың саны мен сапасын жоғарылап, сезім, белсендік және көңіл-күйдің жақсаруы байқалады. Анемия емінің әсерінен айналмалы-гипоксия синдромы жойылып, орталық жүйке жүйесі қызметтерінің қалыптасуы жасөспірімдердің білім алу үрдісіне бейімделу механизмін нығайтуға және оқуға ынтасын артуына көмек береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Гематология: Новейший справочник. /Под общ. ред. К.М. Абдукадырова - М.: Эксмо: СПб.- Сова.- 2004.- 928 с.- ISBN 5-699-05074-4.
  2. Байжанова К.Т., Бекмұрзаева Э.К. Қан аурулары, Шымкент.-2010.- 400 б. - ISBN 9965-833-40-0.
  3. Байжанова К.Т. Темір тапшы анемиямен зардап шегетін студенттердің жұмыс қабілеттігін бағалау/ Байжанова К.Т., Альмухамедова А.Х., Сейсембеков Т.З., Байдурин С.А. // Астана медициналық журналы.- Астана.- 2001.- №4.- Б. 84-87.
  4. Байдурин С.А. Заболевания системы крови.- Астана.- 2007.- 246 с. - ISBN 9965-15-680-8.
  5. Некипелов М.И. Гигиенический и психофизиологический анализ закономернностей формирования работоспособности и охраны здоровья студентов в Сибири. М.ғ.д дис., Иркутск, 1994, 317 б.
  6. Общая гематология/ Б.И. Кузник, О.Г. Максимова.- Ростов н/Д.:Феникс.- 2007.-573 с.- ISBN 978-5-22212325-6.