ТҮЙІН
Біздің анықтаған мәліметтеріміз біз зерттеген әскерге шақырылушы жасөспірімдердің дисгармониялық дамуын дәлелдейді, бойлары орташа көрсеткіштерге сай бола тұрып, дене салмағы 10% да артық болды. Дене массасын санмен бағалау келесі ерекшеліктерді дәлелдеді: жастардың денесінде бұлшық ет пен майлы массаның құрамы (майлы масса белден төмен орналасқан) жоғары да, сүйектік массаның құрамы төмен.
Кілт сөздері: жасөспірімдер, әлеуметтік-гигиена, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, экология.
Жасөспірімдік жас, ғалымдардың пікірінше, адам денсаулығының қалыптасуында ерекше орын алады және екі доминантаның болуымен сипатталады: ағзаның қызметтік жүйелерінің айқын сандық және сапалық процестерімен негізделген - биологиялық; және жасөспірімнің ересек қоғамға интеграциялануы - әлеуметтік. Морфологиялық-қызметтік дамуының аяқталмағандығы жасөспірімнің ағзасының қоршаған ортаның көптеген факторларына жоғары сезімталдығын қалыптастырады. Негізгі ақпаратты көрсеткіштерде өсіп келе жатқан ағзаның жеке дамуына ғана емес, сонымен бірге, денсаулық жағдайына, экологиялы - климаттық және әлеуметті - экономикалық факторлардың түзілуін ескеруміз қажет [1]. Жасөспірімдердің физикалық дамуы контингенттің биологиялық та, сондай-ақ, әлеуметтік- гигиеналық та ерекшеліктерімен анықталады. Жасөспірімдік кезең өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қоршаған ортаның әсерлеріне өте сезімтал келеді [2].
Ағзаның қоршаған орта факторларының әсерлеріне бейімделуі, экологиялық типі қалыптасатын, ұзақ уақыттық тарихи процесс саналады, бұл өмір сүруінің оптималь жағдайларын қалыптастырады. Ағзаның морфологиялық-қызметтік сапасын онтогенездің түрлі кезеңдерінде бағалау үшін конститу- циялық-типологиялық тәсіл адекватты да ыңғайлы, дұрыс болып табылады. Соматологиялық- типологиялық ерекшеліктері табиғи биологиялық популяциялық түрліліктің көрінісі болып табылады, онсыз бірде бір популяция, бір де бір түр тұрақты бола алмайды, мұнымен қоймай, популяциялық түрлілік дискретті, ол конституцияның табиғи қалыптасатын типологиясын анықтайды [3,4]. Жасөспірімдік шақта антропометриялық көрсеткіштердің көп бөлігінің дамуы аяқталады және адам соматотипі тыңғылықты қалыптасады [5]. Педагогикалық жұмыс үрдісінде жасөспірімдердегі физикалық дамуын күнделікті бағалауда барлық антропометриялық әдістемелердің жинағын қолдану міндетті емес. Негізгі антропометриялық көрсеткіштерді игеру жеткілікті: бойы, дене саламғы және кеуде айналымы. Онтогенездің түрлі этапында осы көрсеткіштер түрлі интенсивтілікте өзгеріп отырады, ол жасөспірімдердің физиологиялық даму үрдісінің түрлі қарқындылығын куәландырады [1].
Онтогенездің аталған кезеңі норма мен патологияның диагностикасының нақты морфологиялық критерийлерін зерттеулерде ең маңызды саналады [6,7]. Соңғы он жылдықтардағы күрделі әлеуметтік- экономикалық ситуация өскін ұрпақтардың өсу мен даму процесінің негативті динамикасымен сипатталуы осы жұмыстың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу объектіне 137 жасөспірімдер қатыстырылды. Зерттелушілердің орта жасы 16,1±0,1 құрады. Әскерге шақырылушы жасөспірімдердің жасына байланысты нақты дене салмағы мен бойының орташа болуы керек өлшемдері берілді. Болуы қажетті физикалық дамуды бағалауға біз келесі формуланы қолдандық: бойы - Б=130+5^ (n-8), салмағы - M= 30+4^(п-10),бұл жерде: n - жылдармен саналған жасы. Егер ауытқулар +10% шамасында болса физикалық дамуы орташа саналады.
Параметрлері жасына сай болса, немесе олар 10% дейін бірдей төмен немесе бірдей жоғары болса, дамуын гармониялық деп тұжырымдайды. Олардың бір біріне сәйкестігі бұзылса дамуын дисгармониялық деп санайды [8].
Антропометриялық көрсеткіштерінің анализін болуы керек физикалық даму индексін қолданып жүргізгенде 13, 14, 15, 16, 17 жастағыларда дене массасының орта есеппен 14,5 кг артқаны анықталды (сурет 1).
Сурет - Физикалық дамуды бағалаудың нәтижелері
Әскерге шақырылушы жасөспірімдерден 17 жасқа толғандарын, әскери қызметті атқара алатын жастағылар ретінде алынды. Жасөспірімдердің физикалық дамуын зерттеу барысында антропометриялық көрсеткіштерінің орташа мәліметтері алынды, сандардың таралу сипаты қалыптыға жақын болды. Талдау барысында қазіргі жастардың бойының, дене салмағының, кеуде сарайының көлденең өлшемінің көрсеткіштері өз құрдастарының мәліметтерінен жоғары, бірақ айырмашылықтар тіркелмеді.
Жастардың негізгі параметрлерінің мәліметтерін салыстырғанда бойының ұзындығы тұрақты болып шықты. Жасөспірімдердің басым көпшілігінде (74%) дене салмағының индексі (ДСИ) қалыпты салмаққа тән өлшемге сай болды, бұл осы жас интервалында олардың дене салмағы мен дене ұзындығының арасында пропорциялық қатынастың барын дәлелдеді. Дене салмағының тапшылығы - 4%; дененің артық салмағын - 19%; ал - 3% семіздік тіркелді.
Корреляциялық анализ дене салмағының индексі үшін денесінің ұзындығы емес, дене салмағы (r=0,86) мен дененің ауданының (r=0,69) маңызы зор екендігін көрсетті. Популяциядағы жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен салыстырғанда қазіргі уақыттағы жасөспірімдердің дене салмағының индексі сенімді түрде жоғары болды. Рорер индексінің өлшемі 1,28±0,01 кг/см3 тең болды. Осы индексті саралағанда дене тығыздығының ортадан төмен мәні - 28%; орта мәні - 32%; ал ортадан жоғары мәні - 40% жағдайда анықталды. Жалпыға мәлім, адам денесінің салмағы бұлшық еттік салмақтан бөлек, майлы және сүйектік компоненттерден тұрады. Корреляциялық анализ антропометриялық параметрлердің және жасөспірімдердің денесінің компонентті құрамы арасында сенімді көптеген байланыстардың барын көрсетті (p<0,05).
Дене салмағының оның компоненттері құрамдарының арасындағы байланысты зерттегенде бұлшық еттік салмағымен (r=0,89), сүйектік салмағымен (r=0,78), майлы салмағымен (r=0,65) оң корреляциялық байланыс анықталды. Майлы салмағының морфологиялық белгілермен: дене салмағымен (r=0,63); кеуде сарайының көлденең өлшемімен (r=0,56); сандарының (r=0,69), иықтарының (r=0,66), білезіктерінің (r=0,60) радиустарымен,тығыз байланыстары бар. Бұлшық еттік компоненттің кеуде сарайы көлденең өлшемімен (r=0,84), салмағымен (r=0,89), дене бетінің ауданымен (r=0,83), сандарының дистальді эпифиздерімен (r=0,63) корреляциялық байланыс анықталды.
Кесте - Антропометриялық көрсеткіштерінің және денесінің компонентті құрамының ортақ мәліметтері
Антропометриялық көрсеткіштері |
M±m |
SD |
95 % ДИ |
min |
max |
Дене ұзындығы, см |
171,1±0,6 |
7,3 |
164,2-183,0 |
160 |
187 |
Дене салмағы, кг |
64,4±0,6 |
11,5 |
63,6-78,3 |
50 |
106 |
Кеуде сарайы айналымы, см |
90,7±0,9 |
6,4 |
85,0-94,6 |
77 |
104,6 |
Кетле индекс, кг / м2 |
22,7±0,3 |
3,1 |
20,6-24,7 |
17,1 |
33,8 |
Рорер индекс, кг / см3 |
1,28±0,01 |
0,18 |
1,14-1,40 |
0,94 |
1,97 |
Дене бетінің ауданы, м2 |
1,87±0,01 |
0,18 |
1,63-1,97 |
1,49 |
2,35 |
Майлы компонент салмағы, кг |
15,4±0,6 |
7,17 |
9,9-19,7 |
3,9 |
37,4 |
Салыстырмалы майлы компонент салмағы, % |
21,7±0,7 |
8,1 |
14,2-26,4 |
5,8 |
46,7 |
Бұлшық етті компонент салмағы, кг |
38,3±0,6 |
6,9 |
32,9-42,8 |
25,5 |
57,5 |
Салыстырмалы бұлшық етті компонент салмағы, % |
53,1±0,4 |
4,6 |
49,3-54,6 |
41,6 |
76,2 |
Сүйекті компонент салмағы, кг |
10,9±0,1 |
1,7 |
10,5-13,1 |
6,9 |
15,9 |
Салыстырмалы сүйекті компонент салмағы, % |
15,6±0,2 |
1,86 |
15,1-17,8 |
12,1 |
21,0 |
Сүйектік салмағының иық радиустарымен (r=0,60), білезік радиустарымен (r=0,59) корреляциялық тәуелділігі нақтыланды. Біздің анықтаған мәліметтеріміз біз зерттеген әскерге шақырылушы жасөспірімдердің дисгармониялық дамуын дәлелдейді, бойлары орташа көрсеткіштерге сай бола тұрып, дене салмағы 10% да артық болды. Дене массасын санмен бағалау келесі ерекшеліктерді дәлелдеді: жастардың денесінде бұлшық ет пен майлы массаның құрамы (майлы масса белден төмен орналасқан) жоғары да, сүйектік массаның құрамы төмен.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Гребнева Н. Н. Эколого-физиологический портрет современных детей и подростков в условиях Тюменской области. - Тюмень: Изд-во Тюм ГУ, 2006. - б. 240.
- Молдабекова Г.К. Сравнительная оценка физическая развития подростков сельской местности Кзылординской и Алматинской области// Астана, Медицинский журнал 2000 №4. - б. 28-31
- Агаджанян Н. А. Экологическая физиология человека: монография / Н. А. Агаджанян, А. Г. Марачев, Г. А. Бобков. - М.: Крук, 1999. - б. 416.
- Клиорин А. И. Биологические проблемы учения о конституции человека / А. И. Клиорин, В. П. Чтецов. - Л.: Наука, 1979. - б. 164.
- Никитюк Б. А. Акселерация развития. Итоги науки и техники ВИНИТИ. Сер. Антропология. - М.: ВИНИТИ, 1989. - б. 3-76.
- Негашева М. А., Мишкова Т. А. Антропометрические параметры и адаптационные возможности студенческой молодежи к началу XXI века// Российский педиатрический журнал. - 2005. - № 5. - б. 12-16.
- Николаев В. Г. Антропологическое обследование в клинической практике / В. Г. Николаев, Н. Н. Николаева, Л. В. Синдеева, Л. В. Николаева. - Красноярск: Изд-во ООО «Версо», 2007. - б. 173.
- Шаханова А.В., Хасанова Н.Н. Руководство к лабораторным занятиям по возрастной анатомии и физиологии: Учебно-методическое пособие для педагогических факультетов высших учебных заведений по специальности «Дошкольная педагогика и психология». - Майкоп: Изд-во Адыгейского гос.ун-та, 2004. - б. 102 .