Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Обаның табиғи ошақтарын эпизотологиялық тексеру тәжірибесі және эпизоотия аралық кезең мәселелері

ТҮЙІН

Бұл мақалада оба микробының эпизоотикааралық кезеңдегі жойылуы және оның бірнеше онжылдықтан сон пайда болуы басынан осы микробты жасаған жаратқан иенің күшімен болатыны жазылған.

Оба ауруының қоздырғышы ашылғалы бері жүз жылдан астам уақыт өтті, әрине бұл уақытты ғалымдар босқа өткізбестен оба ауруы және оның қоздырғышы жайында көптеген сырлардың бетін ашты. Кәзіргі таңда ғылым мен техниканың қарқынды дамып жатқан кезінде ол жетістіктерді оба қоздырғышын және оның табиғи ошақтарын зерттеуде кеңінен қолдануда, мысалыға кеміргіштердің және олардың эктопаразиттерінің ағзасындағы оба қоздырғышын анықтау үшін полимеразды тізбекті ракция әдісі қолданылуда, бұл генетикалық әдістің дәлдігі және сезімталдығы өте жоғары (зерттелетін сынамада бір дезоксирибонуклин қышқылының молекуласы болса жеткілікті). Әйтседе заманауй техниканың ең соңғы жетістіктерін пайдалансақта оба ауруының ашылмаған құпия-сырлары әліде баршылық. Солардың бірі эпизоотия аралық кезең.

Бүгінгі күнде бұл құпия-сырдың шешімін ашуға тырысатын бірнеше пікірлер (гипотеза) бар, бірақ олардың еш қайсысы бұл құпияның сырын ғылыми тұрғыда толық ашып бере алмайды.

  1. Оба қоздырғышының ұзақ уақыт бойы иксода кенелерінде сақталып кейіннен кеміргіштерге берілуі. Бірақ барлық оба қоздырғышымен залалданған кенелер тек қана кең аумақты эпизоотия кезінде не кішігірім эпзоотия тіркелген жерде ғана анықталады. Сонымен қатар эксперементальды жағдайда сезімталды жануарларды оба қоздырғышымен кене арқылы жұқтыру тек бірлі-жарымды ғана жүзеге асқан.
  2. Кеміргіштерде инфекцияның латенті түрде жүруі, эпизоотия аралық кезеңде қоздырғыштың сақталып одан ары берілуіне оң ықпал көрсетуі. Ортаазиялық шөлді және шөлейт ошағындағы обаның негізгі тасмалдаушыларының өмірінің қысқа екендігін ескерсек, ұзақ жылдарға созылатын эпизоотия аралық кезеңнен кейін өрбитін эпизоотияны бұл пікірмен түсіндірудің ғылыми негізі жоқ.
  3. Оба қоздырғышының ұзақ уақыт бойы кеміргіш інінде сақталуы. Бұл пікір кемінде екі дәлелді қажет етеді: оба қоздырғышының топыраққа түсуі мен онда ұзақ жылдар бойы сақталу заңдылығын және қалыпты жағдайда топырақтан кеміргішке жұғу жолын. Сонымен қатар бұл сұраққа В.С. Ларина мен У.А. Сағымбековтің оба қоздырғышының кеміргіш ініндегі әртүрлі микроорганизмдермен симбозды өмір сүру мүмкіндігі туралы жұмысында, В.И. Пушкаревтің оба қоздырғышы қолайсыз кезеңдерді топырақ инфузорияларында өткізу мүмкіндігі жайындағы зертханада жүргізілген эксперементальды жұмыстарында нақты жауап бермеді.
  4. Қоздырғыштың L-түрінде болуы оның кенелер арқылы трансмиссивті жолмен беріліп, әрі қарай R- түріне айналуы. Табиғатта оба қоздырғышы ұзақ уақыт бойы L-түрінде сақталып кейіннен қалпына келетіндігіне нақты дәлелдер жоқ. Уақыт өте келе L-түріндегі қоздырғыштың тұрақтануы қайта қалпына келу мүмкіндігін де азайтады.
  5. Оба қоздырғышының басқа белсенді ошақтардан құстар арқылы тасмалдануы. Құстардың тіркелу жиілігімен қоныс аудару ұзақтығын анықтау барысында бұл пікір өзін ақтамай керісінше қате екенін көрсетті. Бұл пікір де нақты ғылыми дәлелдерді келтіре алмайды.
  6. Келесі пікір бойынша оба қоздырғышының эпизоотия аралық кезеңде анықталмауы эпизоотологиялық тексеру әдістерінің кемшілігі себепті деп есептейді. Бұл пікірді жақтайтындардың келтіретін айғақтары мынадай: эпизоотия аралық кезеңде үлкен құмтышқандар саны азайып 1 га шаққанда 2-3 кеміргіштен аспайды. Бұндай көрсеткіш кезінде бір сектірде 20000-30000 үлкен құмтышқандар өмір сүреді. Зертханаға тексерілуге бір сектірден ұсталынатын кеміргіштердің саны 50 -ден аспайды, яғни барлық кеміргіштердің тек 0,25-0,16 % ғана тексеріледі деген сөз. Бұл дегеніміз бірлі жарым науқас не ауырып жазылған жануарлардың табылу мүмкіндігі жоқтың қасы деп есептейді. Бұл пікірді эпизоотия кезіндегі ақуалмен салыстырып көрелік: үлкен кұмтышқандардың саны эпизоотия кезінде көбейіп 1 га шаққанда 4,7 кеміргішке дейін жетеді. Демек бір сектірде 47000 үлкен құмтышқан тіршілік етеді дегені.

Осының ішінен 50 кеміргіш қана зертханада зерттеледі, яғни бір сектірдегі жалпы кеміргіштердің 0,1 % ғана зерттеледі деген сөз. Соған қарамастан бірлі жарым науқас кеміргіштердің анықталып жатқандығы аз емес. Бұған анық дәлел ретінде 2011 жылдың көктем мезгілінде обаның Қызылқұм дербес ошағында тіркелген оба эпизоотиясын келтіруге болады. Енді өзіңіз ойлап қараңыз ауру кеміргішті 20000 кеміргіштің арасынан табу оңайма? әлде 47000 кеміргіштің арасынан табу оңайма? Әлбетте 20000 кеміргіштің арасынан табу оңайырақ. Олай болса жоғарыда келтірілген пікірде өзінің қате екенін көрсетеді. Жоғарыдағы мәліметтерді қорытындылай келе кеміргіштер арасында оба ауруының бірнеше ондаған жылдарға жоғалып кейін шығуы, сол ауруды алғаш жаратқан Аллаһ Тағаланың құзырындағы іс екендігін баяандағым келеді. Бұл туралы Құран кәримде былай делінген: (Аллаһ) аспандар мен жерді жоқтан бар етуші. Ал қашан Ол бір іске қатысты үкім шығарса, оған тек қана: «Бол!» дейді, сонда ол бола қалады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мека-Меченко, Т. В. Микробиологический и молекулярно-генетический мониторинг возбудителя чумы из природных очагов разного типа: автореф. Дис. ... докт. Мед. Наук: 03.00.07: защищена 15.10.10 / Т. В. Мека- Меченко. - Алматы : Республика Казахстан, 2010. - 46 с.
  2. Сайлаубекулы, Р. Об эффективности иммунопрофилактики чумы/ Р. Сайлаубекулы, Т. Т. Серикбаева // Вестник ЮКГМА. - 2010. - № 1. - С. 134-139.
  3. Рыкова, В. А. Фактор аутоагглютинации возбудителя чумы - перекрестно реагирующий антиген / В. А. Рыкова, Л. К. Лысова, О. Н. Подладчикова // Клиническая лабораторная диагностика. - 2009. - № 7. - С. 22-24.
  4. Оптимизация эпидемиологического надзора за природно-очаговыми инфекциями/ Э. А. Москвитина [ и др.] // Эпидемиология и инфекционные болезни. - 2007. - № 6. - С. 25-29.
  5. Клиппель, Е. Депрессия - чума нашего времени / Е. Клиппель // Сестринское дело. - 2003. - № 4-5. - С. 64-65.
  6. Кайсарбекова, С. Б. О состоянии заболеваемости некоторыми зоонозными инфекциями в ЮКО / С. Б. Кайсарбекова // ОҚМФА Хабаршысы. - 2012. - №2. - С. 251-253.