ТҮЙІН
Стоматологиялық емханада жұмыс атқаратын дәрігер-стоматологтардың еңбегі өте күрделі болумен қатар ең жауапты қызметтің маңызды түрі болып есептелінеді. Себебі еңбек жағдайына байланысты адам ағзасына зиян келтіретін өндірістік залалды заттар мен жұмыс атқарады. Қазіргі заман талабына сай стоматологияның басты мақсаты-емдеу сапасын заман талабына сай жақсарту мен қатар стоматологиялық аурулардың алдын алу.
Кілт сөздер: дәрігер-стоматологтар, еңбек гигиенасы мен санитарлық, гигиеналық ережелері, стоматологиялық ауруларды емдеу және зерттеу.
Бұл күрделі де өте жауапты мәселені шешу үшін ең алдымен дәрігер стоматологтың жұмыс атқаратын орнын заманауи техникалық құрал-жабдықтар мен жабдықтау соны- мен қатар стоматологиялық ауруларды емдеу және зерттеу кезінде, сондай-ақ ауру-лардың алдын алу мақсатында тәжірибеге жаңа заманауи әдістерді енгізу керек. Осындай күрделі де өте жауапты мәселені шешу ауруларға сапалы емдік және нәтижелі түрде стоматологиялық ауруларының алдын алу шараларын өткізу кезінде стоматологиялық емханада жұмыс атқаратын медицина қызметкерлерінің де денсаулығына зиянды екендігі көрнекті де атақты ғалымдарымыз анықтап отыр. Сондықтан бұл маңызды мәселені ешқашан естен шығармау керек. Отандық және шет елдік көрнекті де атақты ғалымдарыдың пікірінші, дәрігер стоматологтың аурушаңдық көрсеткіші ең жоғарғы деңгейде болып, дәрігер-инфекционист, фтизиатр және патана-томнан кейінгі үшінші орында, ал кейінгі 15-20 жылда бұл көрсеткіш жоғарыламаса төмендеген емес.
Дәрігер стоматологттардың жұмыс атқару жағдайына байланысты, оның ағзасына зиян келтіретін көптеген өндірістік залалды заттар, соны мен қатар көру және эмоциялық (көңіл-күй) кернеуі, мәжбурлі жұмыс тұрысы, жарықтың жетіспеуі, инфекцияның жұғу қаупі, аллергенді және улы заттар мен жанасу, шу, діріл, рентгентік және лазерлік сәулелердің және де басқада қауіп-қатерлі әсер етуші жәйттар себеп болады. Дәрігер стоматологттардың аурушаңдық көрсеткіші медициналық тексеруден кейінгі нәтижесі мынандай көріністе болды. №1 кестеге сай дәрігер стоматологттардың аурушаңдық көрсеткіші, олардың еңбек өтеліміне сай тұрақты түрде жоғарылағаны анықталды. 25 жыл еңбек өтелімі бар дәрігер стоматологтар мен 5 жыл еңбек өтелімі бар дәрігер сотамтологтарды салыстырғанда 13,2 есе өскендігін-жоғарылағанын көрсетіп тұр. (63,49±3,12 және 4,82±0,82 кез әрбір 100 жұмыс атқарушыға).
Кесте 1 - созылмалы аурулар мен ауыратын дәрігер стоматологттардың аурушаңдық көрсеткіші,
олардың еңбек өтеліміне байланысты (М ± m әрбір 100 тексеру өткен).
Жасы |
Еңбек өтелімі, жылдар |
барлығы |
|||||
5 жылға дейін |
5 - 9 жылға дейін |
10-14 жылға дейін |
15-19 жылға дейін |
20-24 жылға дейін |
25жыл және жоғары |
||
20 жасқа дейін |
0,31±0,14 |
0,31±0,14 |
|||||
20-29 ж. д |
3,67±0,49 |
1,38±0,31 |
5,05±0,57 |
||||
30-39 ж. д |
0,84±0,25 |
2,29±0,37 |
7,69±0,64 |
8,49±0,41 |
9,14±0,08 |
- |
28,45±0,93 |
40-49 ж. д |
1,28±0,27 |
5,09±0,54 |
13,86±0,92 |
14,91±0,89 |
35,14+1,76 |
||
50-59 ж. д |
0,38±0,15 |
7,12±0,28 |
20,79±1,16 |
22,97±1,72 |
51,26±2,82 |
||
60жыл және жоғары |
0,42±0,9 |
7,43±0,64 |
22,34±1,28 |
25,61±2,19 |
55,8±3,34 |
||
Қортынды |
4,82±0,82 |
3,67±0,64 |
9,77±0,96 |
28,23±2,79 |
66,13±3,63 |
63,49±3,12 |
176,01±4,92 |
Дәрігер стоматологттардың еңбек үдісін ұйымдастыру аса маңызды болып саналады. Себебі жұмыс атқару мерзімінің көп бөлігін, ол өзінің атқаратын жұмысының негізгі бағытына, түріне жұмсауы керек. Бұл ауруларға заманауи стоматологиялық емдеу әдістерін қолдану мен қатар стоматологиялық аурулардың алдын алу шараларын жақсарту болып есептелінеді. Ғалымдар дәлелдегендей дәрігер стоматолог орташа жұмыс атқару мерзімінің 75%-н ауруларды қабылдауға жібереді, ал қалған 10-20%-ын жұмыс атқару мерзімінің нәтижелі және оның сапалы болуына жұмсауы тиіс. Стоматологиялық бөлмені және тіс-технигі лабораториясына құрал-жабдықтарды орналастырған жағдайда жер көлемін үнемді түрде пайдалануды талап етеді. Сөйтіп жұмыс атқаруға қолайлы жағдай жасау ол өз кезегінде жұмыс атқару мерзімім жемісті пайдаланудың кепілі бола алады.
Стоматологиялық емхана ғимаратының жағдайы санитарлық,гигиеналық шараларды өткізу үшін қолайлы болып, оны нәтижелі болуына өз септігін тигізуі және санитарлық ережелер мен нормаларға жауап беретіндей деңгейде болуы шарт. Стоматологиялық емхананы заманауи құрал-жабдықтар мен қамтамасыз ету үшін ең алды мен осы ғимараттың көлемі санитарлық ережелер мен нормаларға сай болып, әрбір стоматологиялық орындыққа (кресло) 14 шаршы метрден және 2-ші стоматоло-гиялық орындыққа (кресло) - қосымша 7 шаршы метрден белгіленген.Ал біздің пікіріміз бойынша заманауи құрал-жабдықтардың көлемі өте ауқымды болғандықтан санитарлық ережелер мен нормаларға жаңа өзгертулер ендіру керек болып тұрғандай. Сол себептен әрбір стоматологиялық орындыққа (кресло) 20 шаршы метрден және 2-ші стоматологиялық орындыққа (кресло) - қосымша 10 шаршы метрден белгіленуі шарт.
12.07.1989 жылғы санитарлық ережелер мен талаптардың № 408 бұйрығына сай «келе-шекте елде вирусты гепатит ауруының көрсеткіштерін төмендету шаралары» аясында стоматологиялық емханада жұмыс атқаратын медицина қызметкерлері медициналық көріктен өтуі мүдделі. Стоматологиялық емхана ғимаратында аурулардың (жұқпалы) алдын алу мақсатында залалсыздандыру шаралары мынандай топтарға бөлінеді.1.бөлмелерді, бөлме қабырғаларын, санитарлық -техникалық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар. 2. медициналық бұйымдарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар. 3. медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруға дейінгі қолданылатын тазала-ғыш заттар. 4. қолдағы микробтарды жою үшін қолданылатын заттар. 5. шығындыларды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар. 6. кіші-гірім медициналық бұйымдарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазала-ғыш заттар.
Стоматологиялық емханада аталған тазалағыш заттардан басқада әмбебап көптеген тазалағыш заттар шығарылуда. Олар қолдануға қолайлы және санитарлық ережелер мен талаптарға толық жауап береді. Стоматологиялық емханада әр түрлі залалсыздан-дыру үшін қолданылатын тазалағыш заттардан қолдануға болмайды. Стоматологиялық науқастарды қабылдаған кезде және медициналық көмек көрсетуде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында дәрігер стоматологтың жеке гигиенасы (қолы) басты да маңызды қызмет атқарады. Ғылыми тұрғыда дәлелденгендей, дәрігер стоматологтың қолынан бірнеше микроорганизмдердің іздер табылған. Осыған байланысты стоматологиялық емханада жұмыс атқаратын медицина қызметкерлерінің 2/3-сінде кәіптік аурулар бар екендігі анықталған. Медицина саласында қызмет атқаратын қызметкерлердің қолын өңдеу жүйесі 3 сатыдан тұрады: қолды жай жуу, қолды гигиеналық өңдеу, қолды хирургиялық жолмен өңдеу.
Қорыта айтқанда, дәрігер-стоматологтардың жеке еңбек гигиенасы мен санитарлық, гигиеналық және еңбек ету жағдайын жақсарту, кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында, бір рет қолданылатын қолғапты, бет пердені және көзді қорғайтын көзілдірікті қолдануы керек, сонымен қатар санитарлық, гигиеналық ережелер мен талаптарға бағыну қажет және оны мүлтікпей орындауы шарт.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Инновационные технологии в обучении стоматологическим дисциплинам: монография / под ред. Э. А. Базикяна. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2009. - 32 с.- ISBN 978-5-9704-1120-9
- Бейсембаева, З. И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы [Электронный ресурс] : оқу құралы / З. И. Бейсембаева. - Электрон. текстовые дан. (487 Кб). - Шымкент : ОҚМФА, 2010. - ISBN 9965-833-34-6
- Пернебаев, Е. К. Морфологические и клинические аспекты репаративной регенерации опорных тканей челюстнолицевой области / Е. К. Пернебаев, В. О. Кенбаев // Вестник ЮКГФА. - 2011. - № 3. - С. 162-165.
- Шалабаева, К. З. Стоматологиялық аурулардың алдын алу және ауыз қуысы гигиенасының маңызы/ К.
- Шалабаева, Б. Е. Мусабекова, С. К. Мусабеков // ОҚМФА хабаршысы. - 2011. - № 1. - С. 105-106 бет.
- Комплекс мероприятий по профилактике воспалительных осложнений после стоматологических вмешательств / З. А. Маленова [и др.] // Вестник ЮКГФА. - 2011. - № 1. - С. 132-134.
- Экспертная оценка состояния уровня организации ортопедический стоматологической помощи больным с челюстно -лицевыми дефектами в современных условиях/ А. С. Арутнов[и др.] // Российский стоматологический журнал. - 2009. - № 2. - С. 43-47.
- Актуальные вопросы организации ортодонтической помощи в Республике Казахстан / С. С. Есембаева [и др.] // Проблемы стоматологии. - 2009. - № 1-2. - С. 13-14.