Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқо бойынша конго-қырым қанталау қызбасына қарсы жүргізілген көпжылдық профилактикалы дезинсекция жұмыстардың талдамасы

ТҮЙІН

Конго-Қырым қанды қызбасыының нозоареалы жылдың әртүрлі мезгілінде эпидемиялық айқындалуы бойынша біртекті емес. Соңғы онжылдықта Оңтүстік Қазақстан облысының басым аймақтарыының шөлейттенуі нәтижесінде Конго-Қырым қанды қызбасы табиғи ошақтарының күрт өсуі және олардың белсенділігінің артуы байқалуда. Алдын алу шараларының күшейтілуі бұл аурудың пайда болуына тосқауыл қоя бастауда.

Кілт сөздер: Конго-Қырым қанды қызбасы, кене, вирус, ошақ, дезинсекция.

Заманауй тұрғыда аса қауіпті инфекциялық аурулар проблемаларының қарқынданушы өзектілігі олардың табиғи резервуарларындағы шынайы үрдістердің динамикалық сипатымен, нозологиялық құрлымының және инфекциялық аурулар бейінінің өзгеруімен, халықаралық қатынастың өсуімен және олардың таралуына қарсы атқарылатын шараларды жетілдіру қажеттілігімен анықталады [1]. ДДҰ мәліметтері бойынша инфекциялық аурулардың өзектілігі қоздырғыштардың эволюциясымен, олардың жаңа аймақтарды қамтуымен, адамның үй жануарларымен ауылшаруашылық жанасу ауқымының кеңеюімен, мекен ету ортасының нашарлауы мен климаттың өзгеруімен, жануарлар етінің өндірісінде антибиотиктерді қолдануымен және басқа да факторлармен байланысты болып отыр.

Конго-Қырым қанталау қызбасы (КҚҚҚ) - өткір трансмиссивті табиғи-ошақтық вирустық инфекция ретінде Қазақстанда ең алғаш «Көкала» деген атпен 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аймағында анықталып тіркелген [1]. КҚҚҚ қоздырғышы Haemorragogenes tchumacovi вирусының табиғи резервуары Hyalomma aziaticum, Hyalomma anatolicum деп аталатын иксода кенелері. Қазақстанда КҚҚҚ-ына қарсы

эпидемиологиялық қадағалауды жетілдірудегі заманауй қолжетімділіктерге КҚҚҚ-ының табиғи ошақтарының белсенділігін болжау негіздерінің жасап шығарылуы жатады. КҚҚҚ-ының табиғи ошақтарында эпидемиологиялық және эпизоотиялық қадағалау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен оның құзырындағы тиісті мекемелер атқарады.

Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығының аудандық және қалалық филиалдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері мен Мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспеторының 02.07.2010 жылғы бірлескен №188-інші бұрығымен бекітілген «Малға, малдың қора-жайларына кенеге қарсы өңдеу жүргізу әдіснамасын біріздендіру және Конго- Қырым қанталау қызбасы бойынша республиканың эндемиялық аумақтарында санитарлық қорғаныш аймақтарын құру» әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жасалған МСЭҚК ОҚО бойынша Департаменті тапсырысының негізінде КҚҚҚ-аурына қарсы профилактикалық дезинсекция жұмыстарын атқарып келеді.

МСЭҚК ОҚО бойынша Департаментінің мәліметтеріне сәйкес 2006-2012 жылдар аралығында ОҚО бойынша 71 адам КҚҚҚ-на шалдыққан. Ең жоғарғы көрсеткіштер 2009-2010 жылдарға тиесілі болған. №1 кесте.

Жергілікті халық санына шаққанда КҚҚҚ-на шалдыққан адамдар санының үлес салмағы Арыс, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар, Ордабасы, Созақ аудандарында облыстық орташа көрсеткіштен 2-6 есе жоғарыны көрсетіп отыр. Оның ішінде бірінші орын Отырар, екінші Түркістан, үшінші Созақ аудандарының үлесіне тиген.

«ОҚО СЭСО» РМҚК аса қауіпті инфекциялар зертханасында КҚҚҚ-қоздырғышын тасмалдаушылығына тексеру мақсатында 2006-2012 жыл аралығында 139 772 кене зерттеуге алынып, оның 407-інде КҚҚҚ қоздырғышы анықталған. Кенелерді Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық эпидемилогиялық қадағалау басқармаларының энтомолог мамандары жекізген. Әр жылда орта есеппен 19 967 кене зерттеліп отырған. Жылдық көрсеткіштері №2 суретте келтірілген.

64

Сараптама нәтижесі. Келтірілген мәліметтерді сараптай келе 2006 жылдан бері қолға алынып, КҚҚҚ-на шалдыққан адамдардың тұрғылықты елді-мекенінің, КҚҚҚ-на тексерілген кенелердің оң нәтиже шыққан елді- мекендерінің санитарлық қорғау аймақтарына жүргізілген дезнсекциялық өңдеулердің нәтижесі тиімді бағытта анық байқалады. Яғни, осы инфекецияға шалдығу 1,6 есеге, оң нәтижелі кенелердің анықталуы 2,5 есеге азайған. Алайда Түркістан, Қазығұрт аудандарының көрсеткіштері екі көрсеткіш бойынша да облыстық деңгейден асып отыр. Отырар ауданында КҚҚҚ-на шалдығу көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 6 есе асса, Сайрам ауданында «оң» нәтижелі кенелердің үлес салмағы облыстық көрсеткішпен салыстырғанда 1,7 есеге жоғары болған.

Қорытынды. Ауруға шалдыққан адамдардың өлім-жітік көрсеткіші 50%-ды құрайтын КҚҚҚ қауіптілігін ескере келе, бүгінгі таңда елімізде қолдануға рұқсат етілген инсектицидтердің (фипронил,

65

дельтометрин т.б.) шығын көлемін олардың нұсқамаларында көрсеткен деңгейге сай екі еселеу және оған тиісті қаражаттың қарастырылу, өңдеу сапасын қатаң қадағалау қажеттілігі туындауда. Аса қауіпті инфекциялар тұрғысында Қазақстан Республикасының санитарлық қорғау аймағы жүйесі мен шекарасы халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы мемлекеттік шаралар комплексінің құрама бөлігі болып ғана қоймай, еліміздің ұлттық қауіпсіздігн қамтамасыз ету бойынша жалпымемлекеттік саясаттың айнымас бөлігі болуы тиіс [1] екендігін ескерсек туындаған қажеттіліктер кезек күттірмес мәселеге айналып отырғандығы айқын.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Оспанов К.С. //Санитарная охрана территории Казахстана// Астана. 2010ж].

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.