ТҮЙІН
Егер токсикалық заттар ретіне қорғасынның басқа мауыр металлдар сияқты адам организмінде жинақталуы қабілетін ескерер болсақ, онда бүгінгі таңда бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары оның зардабын жоюдағы кезек күттірмес шараларының біріне айналады.
Кілт сөздер: Қорғасын, зауыт, топырақ, зерттеу, рұқсат етілген шектеу.
Ғылыми техникалык прогрестің дамуы мен жер шарында өндірістің жедел өсуі қоршағаи ортаның қорғалуын, табиғат мүмкіндіктері мен адам қажеттілігі арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын қамтамасыз ету, табиғат пен адам күйін бағалау жөніндегі мәселелерді болашақтың күн тәртібіне қоюда. Жаңа техникаларды, технологиялық тізбектерді, өндірістік кәсіпорындарды, жаңа заттар мен композицияларды жасаумен жүретін адамның техногенді іс-әрекеттері өндірістік және қоршаған ортаны зиянды химиялық заттармен ластаумен сипаталатын теріс жақтарға да толы [1].
Биосфераның (ауа, су, топырақ) экотоксикантармен ластануы олардың өсімдіктер мен жануарлардан алынатын шикізаттарында адам организмінің зат алмасуына, иммундық статусына кері әсерін тигізетіндей мөлшерде жинақталуына себепкер болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасаған халықаралық талаптарына сәйкес тағам өнімдерінде ең алдымен аса назар аударатын адам денсаулығына зиянды сегіз микроэлементтер қатарын сынап, кадмий, қорғасын, күшала, мырыш, мыс, қалайы және темір құрайды. Олар негізінен куммулятивті әсерлі аса улы заттарға жатады [1, 2].
Кезінде Шымкент қорғасын зауыты Қазақстанның түрлі-түсті металургиясының ірі кәсіпорындарының бірі болған. Бұл зауытты урбанизацияланған қаланың қоршаған ортасының ең қауіпті ластаушы көзі ретінде қарастырған. 2001 жылдары ҚР ҒА-ының корреспондент мүшесі, профессор Б.Е.Алтынбековтің жетекшілігімен жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша Шымкент қаласының оңтүстік-батыс жағы қорғасынмен ластанудың аса қауіпті дәрежелі аймағына жатқызылған. Сол кездегі деректер бойынша топырақ пен судың қорғасынмен ластануы РЕК-дан 17,2 және 19 есе асып отырған [3].
Қорғасын өз ретінде жоғары улылыққа ие. Қорғасынмен улануға әсіресе балалар сезімтал [4]. Дегенмен қорғасынмен улануға жеке қабылдағыштық қатты өзгешеленеді, яғни бір доза әр адамға әртүрлі әсер береді. [5]. Біздің зерттеу жұмысымыз осыдан 10-12 жыл бұрын Шымкент қаласы қоршаған ортасының ауыр металлармен ластануының негізгі факторы болған, ал бүгінгі таңда кейбір цехтары ғана жұмыс жасап отырған Шымкент қорғасын зауытының қоршаған ортаға тигізген әсерінің қалдық санын анықтауға арналған. Зерттеу нысаны ретінде ШҚЗ-нан әртүрлі қашықтықта орналасқан топырақтар алынды. Қорғасынмен қатар бір уақытта нысандардан алынған топырақтың құрамындағы өзге де адам ағзасына зиянды қадмий, мырыш, мыс сияқты ауыр металл қалдықтары да назардан тыс қалмады. №1 кестеде көрсетіліп отырғандай, қаланың 25 нүктесінен алынып тексерілген топырақтың құрамындағы ауыр металлдардың концентрациясы жоғары деңгейде қалып отыр. Зерттеулер Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханаларында жүргізілді.
№1 кесте - Шымкент қаласы топырақтарының ауыр металлдармен ластану жағдайы.
№ 1 |
Сынауға тандап алынған орыннын аты Громов көшесі |
ШҚЗ-нан қашықтығы (м) 500 |
Мырыш 37,1 |
Кадмий 38,5 |
Қорғасын 52,0 |
Мыс 0,0 |
2 |
Қоқыс орнының жаны |
400 |
50,9 |
42,7 |
84,6 |
38,3 |
3 |
Кұрсай ауылы |
500 |
0,0 |
32,8 |
57,9 |
2,6 |
4 |
Гагарин көшесі |
2000 |
16,7 |
39,4 |
60,9 |
0,0 |
5 |
Калдаяқов көшесі |
1500 |
24,8 |
37,24 |
39,0 |
0,0 |
6 |
Шолпан»балабақшасы |
1000 |
44,2 |
3,2 |
247,3 |
0,0 |
7 |
№ 26 мектеп |
500 |
11,2 |
17,4 |
280,1 |
0,6 |
8 |
Респуплика данғылы |
3000 |
0,0 |
0,0 |
8,5 |
39,5 |
9 |
Коксай көшесі |
13000 |
4,17 |
2,45 |
139,5 |
0,0 |
10 |
Сайрам ж/е Түркістан көшелері бұрышы, |
18000 |
14,9 |
7,02 |
118,5 |
37,3 |
11 |
Сайрам көшесі |
22000 |
10,81 |
31,8 |
172,6 |
0,0 |
12 |
«Жеңіс» саябағы |
20000 |
1,34 |
0,15 |
12,1 |
0,0 |
13 |
Қойкелді батыр көшесі |
20000 |
27,7 |
4,96 |
188,0 |
0,0 |
14 |
Алимкулов көшесі |
8000 |
2,45 |
6,14 |
206,0 |
24,1 |
15 |
Сайрамға жақын темір жол аймағы |
8000 |
10,3 |
2,39 |
34,6 |
0,0 |
16 |
Кабанбай батыр көшесі |
10000 |
42,4 |
6,68 |
24,34 |
0,0 |
17 |
Желтоқсан көшесі |
8000 |
2,17 |
5,16 |
171,1 |
0,0 |
18 |
Рысқұлова көшесі |
25000 |
4,6 |
0,75 |
22,3 |
0,0 |
19 |
Бәйдібек би көшесі |
30000 |
102,7 |
6,59 |
45,6 |
0,0 |
20 |
Қонаев көшесі |
17000 |
0,0 |
0,41 |
6,35 |
4,9 |
21 |
Шаймерденов көшесі |
15000 |
0,0 |
1,15 |
36,8 |
10,6 |
22 |
Маметов көшесі |
15000 |
44,2 |
0,5 |
47,2 |
0,0 |
23 |
Темерлан тас жолы-1 |
8000 |
3,3 |
0,4 |
38,9 |
0,0 |
24 |
Темірлан тас жолы-2 |
7000 |
0,0 |
0,0 |
15,3 |
0,0 |
25 |
Түркістан көшесі |
12000 |
48,8 |
0,2 |
11,3 |
0,0 |
Зерттеу қорытындысы бойынша зерттелінген қала топырақтарының ішінде қорғасын 72%-ында, кадмий 68 %-ында, мырыш 36%-ында, мыс 24 %-ында, рұқсат етілген шектеуден жоғары көрсеткіштер беріп отыр (№1 сурет).
Ал максимальды еселік көрсеткішіне келсек, қорғасынның рұқсат етілген шектеуден асуы 8,7 есе (№26 мектеп ауласының топырағында 280,1 мг/кг), кадмий 42 есе (ШҚЗ қалдықтарының қоқыс алаңы топырғында 42,7 мг/кг), мырыш 4,4 есе (БАМ мөлтек ауданы топырғында 102,7 мг/кг), мыс 13 есе (Республика даңғылы топырағында 39,6 мг/кг).
Қорытынды: Ғылыми деректер бойынша қорғасын топырақ бетіне ауа арқылы келіп түсетінін және де ластаушы көзден алыстаған сайын оның концентрациясының төмендей беретінін ескерсек, ШҚЗ-ынан 500-1000 м қашықтықта орналасқан «Шолпан» бала-бақшасы мен № 26 орта мектеп топырағындағы қорғасын РЕШ-ден 7-8 есе асып отырғаны таң қаларлық жағдай емес, алайда осы ШҚЗ-ынан 400-500 м қашықтықтағы Громов көшесі, қоқыс орнының жаны, Құрсай ауылының көрсеткіштері 1,6-2,6 есе ғана РЕШ-ден асқанын, ал ШҚЗ-нан 8000-22000 м қашықтықтағы Сайрам, Қойкелді батыр, Желтоқсан көшелерін алсақ ондағы көрсеткіштер кемудің орнына 5,3-6,4 есе жоғарылап отыр. Оның үстіне, бұл көшелер жел бағытымен қарағанда ШҚЗ-на қарама-қарсы бағытта орналасқан. Осы нәтижені сараптай келе, Шымкент қаласының солтүстік-шығысында орналасқан Шымкент цемент зауытына жақын қашықтықтағы топырақтың құрамында қорғасынның да өзге де ауыр металлдардың да концентрациясы жоғары болуына байланысты аталған зауытқа да қатысты кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Сидоренко Г.И., Захарченко М.П. Донозологическая гигиеническая диагностика в системе «окуружающая среда - здоровье человека»//Сб: Проблемы донозологической гигиенической диагностики. Ленинград, 1989 -С, 5-6.
- Гильденскнольд Ю.В., Новиков Р.С., Хамидулин Р.С. и др. Тяжелые металлы в окружающей среде и их влияние на организм // Гигиена и санитария. 1992. - №5. - С.6-8.
- «Комплексная оценка формирующего влияния заграязнения биохимической среды на здоровье рабочих свинцового производства», Дисс.жұмыс. Б.З.Долтаева, Карағанды 2001.
- Бондарев, 1984; CDC, 1985; Соболев и др., 2001.