Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балаларда жіті пневмонияның әртүрлі түрлерінде клиникалық көріністер мен қан анализіндегі өзгерістердің айқындылық ерекшеліктері

ТҮЙІН

Бұл мақалада жедел пневмонияның формаларына қарай балаларда клиникалық белгілер және перефериялық қан көрсеткіштерінін өзгерістері мен ерекшеліктері зерттелді. Айқын клиникалық белгілермен гемограммадағы өзгерістер аурухана ішілік пневмониямен ауыратын науқастарда байқалды, бұл формасы ауыр ағымда өтетіндігі анықталды.

Кілт сөздері: балалар, жіті пневмония, клиникалық белгілер, гемограмма,тыныс жолдары

Тыныс жолдарының аурулары балалар арасында ауру құрылымында кең тараған, оның ішінде ең жиі кездесетін аурулар қатарына пневмония жатады. Жіті пневмониямен ауыру жиілгі 1000 балаға шаққанда 1айдан 15 жас аралығында 4-тен 20-ға дейін [1]. Жедел бронхоөкпелік аурулармен ауырып ауруханаға жатқызылған бір жасқа дейінгі балалар арасында жіті пневмониямен ауыратындар үлесі 25-35 пайызға дейін жетеді. Әдебиетте келтірілген мәліметтерде жедел пневмония нәрестелерде 1пайыз, 1айдан 11 айға дейін 29 пайыз, 1-5 жаста 50 пайыз, 5 жастан асқан балаларда 20 пайыз шамасында кездеседі. Жіті пневмонияның негізінде паренхиманың қабынулы инфильтрациясы және экссудация-сымен сипатталатын альвеолалардың жұқпалы зақымдануы жатады. Сондықтан даму шарты бойынша ауруханадан тыс (амбулаторлы, үйішілік) және нозокомиалді (госпиталді, ауруханаішілік), нәрестелерде құрсақішілік (туа пайда болған) және постнаталді (жүре пайда болған) ауруханадан тыс және нозоко-миалді болуы мүмкін [2].

Тыныс органдарының аурулары нәресте өлімінің негізгі себептерінің ішінде перинаталді патология мен тума ақаулардан кейінгі үшінші орынды алады. Бес жасқа дейінгі балалар өлімінің 60 пайызы балалар тыныс органдарының ауруларынан өледі [1]. Жұмыстың мақсаты: жіті пневмонияның әртүрлі түрлерінде клиникалық көріністер мен қан анализіндегі өзгерістердің айқындылық ерекшелік-терін зерттеу. Балалар ауруханасына жіті пневмониямен түскен 120 балаға зерттеу жүргізілді. Мектепке дейінгі жастағы балаларда кездесетін жіті пневмония тыныс органдарының зақымдануының арнайы және арнайы емес синдромдарымен сипатталады. Бұл ағзаның улануымен, тыныс жеткіліксіздігі, жүрек қантамыр жүйесінің өзгерістерімен сипатталады. Балаларда жіті пневмонияның клиникалық белгілерін айқын зерттеуден кейін салыстырмалы анализ жасалды (кесте 1).

Кесте 1 - Формасына байланысты жіті пневмонияның клиникалық белгілерінің салыстырмалы анализі

Клиникалық белгілері

Ауруханадан тыс жіті пневмония(п= 84)

Ауруханаішілік жіті пневмония (n= 36)

 

Абс.

%

Абс.

%

І.Қызба немесе дене қызуының жоғарылуы

59

70,2

30

83,3

2.Жөтел

71

84,5

32

88,8

З.Әртүрлі дәрежедегі ентікпе

59

70,2

28

77,7

4.Тахикардия

46

54,7

33

91,6

5.Мұрын - ерін үшбұрышы цианозы

35

41,6

20

55,5

6. Тері қабаттарының бозаруы

44

52,3

26

72,2

7. Бастың ауыруы

34

40,4

23

63,8

8. Тәбеттің төмендеуі

51

60,7

28

77,7

9. Іштің ауырсынуы

9

10,7

14

38,8

10. Әлсіздік

33

39,2

24

66,6

11. Жоғары қозғыштық

22

26,1

11

30,5

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей балалардағы ауруханаішілік жіті пневмонияның клиникалық көрінісінде өкпенің жедел қабынуына тән белгілерден басқа (қызба, улану, тыныс жетіспеушілігі) вегетативті бұзылыстар симптомдары басым көрініс тапты: тахикардия, (91,6%), тері бозғылттығы (72,2%), бастың ауыруы (63,8%), іштің ауырсынуы (38,8%) және жоғары қозғыштық (30,5%). Ауруханадан тыс жіті пневмония балаларда жиі жеңіл ағымда өтеді. Жоғарыда аталған белгі-лердің барлығының пайыздық көрсеткіші төмен. Содан кейін балаларда қан анализінің көрсеткіштері тексерілді (кесте 2).

Кесте 2 - Балаларда кездесетін жіті пневмонияның түрлеріне байланысты гемограмма көрсеткіштерінің өзгеру ерекшеліктері (М ± m)

Жіті пневмония

Ауруханадан тыс Пневмония(n=84)

Ауруханаішілік (n=36)

пневмония

Көрсеткіштер

М ± m

М ± m

 

І.Эритроциттер, 1х1012 л

4,25±0,25

3,06±0,12*

 

2.Гемоглобин, г/л

126±1,05

100±0,18*

 

3 .Лейкоциттер, 1х109л нейтрофилдер,%:

12,06±1,05

15,8±0,24

 

-таяқша-ядролы

5,0±0,06

7,2 ± 0,03*

 

-сегментті-ядролы

47,4±0,08

57,1 ± 0,21*

 

лимфоциттер, %

36,0±0,52

21,3±0,16*

 

моноциттер, %

7,4±0,25

9,2±0,04*

 

эозинофилдер,%

4,2±0,04

5,2±0,05*

 

4. ЭТЖ, мм/сағ

16,3 ± 0,78

24,2 ± 0,25*

 

* - көрсеткіштер ерекшеліктері

Кестеде көрсетілгендей ауруханаішілік пневмонияда эритроциттердің орташа көлемі төмендеген (3,06±0,12 х1012л), ауруханадан тыс пневмонияда көрсеткіште өзгеріс байқалмайды (4,25±0,25 х1012л). Балаларда анемияға

бейімділік аурудың ауырлығына және порфириндер мен гемнің синтезіне, гипоксияға байланысты. Арнайы және айқын әсерге гипоксия мен гиперкапния ие (3). Балаларда ауруханаішілік жіті пневмонияның ағымы ауруханадан тыс пневмонияға қарағанда (12,06±0,09 х109) жоғары лейкоцитозбен өтеді (15,8±0,24 х109), ауруханадан тыс пневмонияда лейкоцитарлы формула солға ығысады (7,2±0,03)% және (5,0±0,06)%) ЭТЖ жоғарылайды (24,2±0,25 мм/сағ және 16,4±0,78 мм/сағ). Жоғарыда аталған көрсеткіштерден пневмонияның ауруханаішілік формасының клиникалық белгілері мен қан анализіндегі өзгерістері айқын болуы бұл пневмонияның ауыр ағымда жүретіндігіне  байланысты.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Диагностика и лечение сегментарных и полисегментарных пневмоний у детей: методические рекомендации / Л. А. Рамазанова [и др.] ; М-во здравоохранения РК; ТОО "Респ. центр инновационных технологий мед. образования и науки"; АО "Нац. мед. холдинг"; Мед. ун-т Астана. - Астана : Б. и. , 2010. - 57 с.