Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Verbascum l. туысының өсімдіктерінің ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы, қолданылуы(шолу)

ТҮЙІН

Мақалада берілген әдебиеттердің талдауы бойынша Verbascum L. туысының өсімдіктерінің халық және ғылыми медицинада қолданылуы осы тұқымдастың өкілдерін жаңа дәрілік препараттар алуға зерттеуге негізделген.

Кілт сөздер: сабынкөктер тұқымдасы, дәрілік өсімдік шикізаты, жоңғар аюқұлақ, биологиялық белсенді заттар.

Өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттар синтетикалық препараттармен қатар медицинада жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын емдеу барысында кең қолданыс табады. Оған олардың уыттылығының шамалы болуы және жоғары биологиялық қолжетімдігі себепші болуда. Өсімдік тектес дәрілік заттар арсеналын толықтыру өзекті мәселе болып отыр, өйткені оларға сұраным үнемі өсуде. Шикізат ресурстарын тиімді және кешенді пайдалану қажеттілігінің өсуін ескере отырып, медицинада тек жарым-жартылай қолданылатын дәрілік өсімдіктер ғана ерекше назарға ие болады. Мұндай өсімдіктерге сабынкөктер тұқымдасының (Scrophulariaceae) өкілі жоңғар аюқұлақ (Verbascum songaricum Schrenk.) жатады.

Ботаникалық сипаттамасы. Аюқұлақ туысы бүкіл әлемде, көбінесе қоңыржай климат аймағында, тропик және субтропиктің таулы жерлерінде және тау бөктерінде таралған шамамен 350 туысы және 4500-5000 түрлері бар. ТМД елдерінің өсімдік әлемінде бұл тұқымдастың 47 туысы және шамамен 780 түрлері белгілі. Қазақстанда 23 туысы 171 түрлері кездеседі. Тұқымдаста бір жылдық шөптесін өсімдіктер басым келеді, шағын лианалар, бұталар сирек кездеседі [1, 2].

Медициналық мақсатта дәрілік аюқұлақтың - Verbascum phlomoides L., кәдімгі аюқұлақтың - Verbascum thapsus L., жоңғар аюқұлақтың - Verbascum songaricum Schrenk. және ірі аюқұлақтың - Verbascum speciosum Schrad. гүлдерін дайындайды [3].

Жоңғар аюқұлақ - Verbascum songaricum Schrenk. - екі жылдық шөптесін өсімдік, бірінші жылы тамыр маңындағы жапырақтар розеткасын береді және тек екінші жылы ғана биіктігі 50-100 (200) см жетіп, бұтағы аз жапырақты гүлденгіш сабақ болады. Өсімдікті түгел жұмсақ сұрлау немесе сарғыш-сұр киіз түк басқан. Тамыр маңындағы жапырақтары ұзынша немесе ұзынша - эллипсті; төменгі сабақ жапырақтары - ұзынша, жоғарғылары - жұмыртқа тәрізді, үшкір, ара тісті, кезекті. Гүл шоғыры - өсімдіктің ұшар басындағы қалың шоғыр; гүлдері 2-4-ден гүлсағақта шоғырланып орналасқан, олар гүл шоғырына жанама өспеген, тек төменгі жағында гүл шоғырының өсіне бірігіп өскен. Гүл тәжі сары, диаметрі 35-50 мм, сыртынан жұлдызша - түкті. Жемісі - ұзындығы 5 - 8 мм эллипс-кері жұмыртқалы қорап [1, 2]. Жоңғар аюқұлақтың шешек атқан гүлі тек бір күн ғана ашылады, кешке қарай оның күлтесі түседі. Алайда, әрбір өсімдікте гүлдерінің көп болуы және олардың бір мезгілде гүлдемеуі салдарынан шикізатты бір өсімдіктен бір және одан аса ай бойына жинауға болады.

Шикізатты дайындау. Күлтелерді (аталықпен бірге) маусым-тамыз айларында жинайды. Күлтелерді күннің бірінші жартысында, шық кеткен соң жинайды. Шықтан және жаңбырдан суланған күлтелерді жинауға болмайды, өйткені олар кептіру кезінде қараяды және қолдану үшін жарамсыз болады. Жиналған күлтелерді кішкене себеттерге бос қылып салады, әрбір қабатты қалыңдығы 3-5 см таза қағазбен жабады. Кешке қарай жиналған, аздап солған күлтелерді жинамайды, өйткені олар кептіру кезінде қоңырқайланады. Жиналған күлтелерді жақсы желдетілетін темір немесе шиферлі төбесі бар шатырларда, күлтелерді қағазға немесе матаға жұқа қабат етіп (қалыңдығы шамамен 1 см) жайып кептіреді. Жақсы күн райында шикізат 4-5 күнде кебеді. Шикізатты кептіргіштерде немесе пештерде гүлдерді қыздыру 40-500С температурасында, оны торға шашып, кептіруге болады. Алынатын құрғақ шикізат жаңадан жиналған массаның 16-18% құрайды. Күлтелер сынғыш болған кезде кептіруді аяқтайды.

Химиялық құрамы. Аюқұлақ туысының өсімдіктерінің құрамында биологиялық белсенді заттардың кешені бар. Олардың ішінен полисахаридтер, әртүрлі фенол қосылыстары (флавоноидтар, фенолкарбонды қышқылдар, кумариндер), сапониндар, иридоидтар, эфир майлары, алкалоидтар және басқа заттар бөлінеді. Өсімдіктер зерттеуінің басым көпшілігі полисахаридтер, иридоидтар, флавоноидтарды және сапониндерді зерттеуге арналған, өйткені осы тұқым өкілдерінің фармакологиялық белсенділігі дәл осы биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етіледі [4, 5, 6]. Сонымен, әр алуан түрлерінің құрамында құнды фармакологиялық қасиеттерді көрсетуге қабілетті әр түрлі биологиялық белсенді заттар болады [7].

Аюқұлақ туысының түрлерінің халық медицинада қолданылуы. Әлемнің әртүрлі елдерінде дәрілік өсімдік шикізаты ретінде бүкіл өсімдік те, сондай-ақ оның жеке бөліктері де қолданылады. Аюқұлақтың гүлдері қабынуға қарсы, бүркеуіш, тырыспаға қарсы және жұмсартқыш қасиеттерге ие. Оның препараттарын, негізінен тұнбасын, қақырық түсіретін, жұмсартатын және қабынуға қарсы дәрі-дәрмек ретінде, әсіресе қақырық қиын бөлінетін қатты құрғақ жөтелмен болатын жоғарғы тыныс жолдарын емдеу үшін тағайындайды. Гүлдерінің химиялық құрамының ерекшеліктері аюқұлақтың күлтелерін №5, 6 және 8 кеуде шайының құрамына енгізуге мүмкіндік берді [7, 8].

Орыс халық медицинасында аюқұлақ бұрыннан қан тоқтататын дәрі-дәрмек болып есептелді, оның гүлдерін психикалық жүйке ауруларында, қырқұлақ, асқазан-ішек жолдарының қабынуларында, бауыр мен көкбауыр ауруларында қолданады. Жапырақтар мен гүлдерінің тұнбасымен баспа ауруында тамақты шаяды, спиртті тұндырмасымен буындар мен аяқ-қолды, невралгиялық ауыру ошақтарын ысқылайды. Буланған гүлі мен жапырақтарын компресс түрінде ауырған буындарға, соғып алған жерлерге қояды [9]. Сондай-ақ күйгенде, күбіртке, геморрой ауруларында да қолданады. Халық рецептісі бойынша дайындалған аюқұлақ гүлдерінің тұндырмасы (10,0 шикізатқа ½ стакан арақ құйып, 14 күн қараңғы жерде тұндырады, сүзгілейді) ішкі ағзалардың тегіс бұлшық еттерінің жиырылуын жоюға мүмкіндік береді [10]. Аюқұлақтың ұсақталып кесілген тамырлары бүйрек тас ауруы мен подаграда пайдалы болатын күшті несеп айдағыш дәрі-дәрмек болып есептелінеді. Болгарияда гүлдерінің тұнбасын көк жөтел, бронх демікпесі, ентікпе ауруларында, Германияда - бронх, плеврит, жас ағушылық пен мұрынның бітелуі ауруларында ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, тырыспаны басатын, тұтқыр дәрі-дәрмектер ретінде қолданады [11].

Жоңғар аюқұлақ гүлдерінен алынған сулы сығындылар ұшық вирусына қарсы белсенділік танытады. Поляк ғалымдары гүлдердің 10% қайнатпасын бал қосып, ұйықтар алдында тыныштандыратын дәрі-дәрмек ретінде қолдануды ұсынады. А.Д. Турованың мәліметтері бойынша аюқұлақ препараттары (тұнба, гүлдерінің микстурасы) ауырсыну рефлекстерін және түйнеуді кемітеді, тіндердің ісінуін азайтады [12]. Жоңғар аюқұлақтың химиялық құрамы бойынша мәліметтерді жинақтап қорытқанда өсімдік жеткілікті зерттелмегенін айтуға болады, өйткені оның әртүрлі мүшелерінде теңестірілген биологиялық белсенді заттардың сандық құрамы туралы мағлұматтар жоқ. Олардың жинақталу динамикасы зерттелмеген, негізгі фармакологиялық әсер ететін заттар анықталмаған. Негізгі әрекет ететін заттарды сандық анықтау әдістемесі жасалынбаған, жоңғар аюқұлақ шөбінің сапасын белгілейтін нормативтік құжаттама жоқ.

Аюқұлақ туысының түрлерін ғылыми және халық медицинасында қолдану бойынша мәліметтердің талдауы олар алуан түрлі фармакологиялық қасиеттерге (қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, бүркеуіш, тыныштандыратын және т.б.) ие екенін және бірқатар ауруларды емдеу үшін дәрілік зат ретінде қызығушылық танытатынын көрсетті. Ресми медицинада аюқұлақтың тек гүлдері ғана қолданылады. Халық медицинасында жоңғар аюқұлақтың және басқа да түрлерінің бүкіл жер үсті бөліктерін қолданады [13,14, 15,16]. Осыған байланысты жоңғар аюқұлақ шөбін ғылыми медицинада қолдану мүмкіндігін ғылыми түрде дәлелдеу өзекті болып отыр.

Сонымен, жоңғар аюқұлақтың фармакологиялық зерттеуі, шикізатты кешендік пайдалану мүмкіндігін анықтау сөзсіз қызығушылық танытады деген қорытынды жасауға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана. - Алматы: Ғылым, 1994. - 200 с.
  2. Иллюстрированный определитель растений Казахстана. (Байтенов М.С., Васильева А.Н., Рамаюнова А.П.). - Алма-Ата:Наука, 1972. - Т.П. - 489 с.
  3. ГОСТ 14144 - 69 Цветки коровяка. Лекарственное растительное сырье. - М. : Из-во стандартов, 1980. - 296 с.
  4. Растения для нас. Справочное издание /Блинова К.Ф. и др. под ред. Яковлева Г.П., Блинова К.Ф./ - СПб.: Учеб.кн., 1996. - 654 с.
  5. Крылов А.А., Марченко В.А. Руководство по фитотерапии. - СПб.: Питер, 2000. - 416с.
  6. Биологически активные вещества настойки коровяка густоцветкового гомеопатической матричной /Даргаева Т.Д. и др. // Человек и лекарство 10 Рос. нац. конгресс 7-11 апр., 2003. - М.: Здоровье человека, 2003. - 601 с.
  7. Сапронова Н.Н., Копнин А.А. Коровяк густоцветковый // Рос. аптеки. - 2003. - №10. - С. 54-56
  8. Противовоспалительная и гепатопротекторная активность фитокомплекса цветков коровяка высокого /Попова О.И. и др. //4 Междунар. конф. Медгноі ботанкій: тезі donobignE. - Киів, 1997. - С. 478-479
  9. Турищев С.Н. Рациональная фитотерапия. - М.: Информпечать, 2000. - 240 с.
  10. Горбунова Т.А. Лечение растениями: рецептурный справочник. - М.: Аргументы и факты, 1994. - 304 с.
  11. Попова О.И. Коровяк скипетровидный: современный взгляд на растение // Саратовский мед.-фармац. вестник. - 2003. - №18. - С. 21-22
  12. Турова А.Д. Лекарственные растения СССР и их применение. - М.: Медицина, 1974. - 424 с.
  13. Петриченко В.М. Растения семейства норичниковые - перспективные источники биологически активных веществ // Материалы Всерос. науч. конфер. - 2003. - С. 326-328
  14. Турищев С.Н. Рациональная фитотерапия. - М.: Информпечать, 2000. - 240 с.
  15. Минина С.А. Химия и технология фитопрепаратов. - М.: ГЭОТАР. - МЕД, 2004. - 560 с.
  16. Георгиевский В.П. Биологически активные вещества лекарственных растений. - Новосибирск: Наука, 1990. - 333 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.