Халық арасында егде және қарт адамдардың көбеюі барлық экономикасы, элеуметтік жағдайы жоғары дамыған елдердің бэріне тэн қүбылыс. Біріккен Ұлттар Ұйымының элеуметтік жэне экономикалық мэселелер жайлы департаментінің мэліметіне сүйенсек, жасы 60 жэне одан жоғары халықтың саны 1950 жылдан 1985 жылға дейін екі есе артып, 407 млн. адамды қүраған екен. Б>л көрсеткіш 2000 жылы 685 млн. жеткен. Осы департаменттің болжауы бойынша 2020 жылы дамыған елдердегі егде адамдардың саны 13 - 17%, ал дамушы елдер арасында 5 - 7% болмақ. Соңғы он 2001- 2011 жылдарда оңтүстік қазацстан халқының саны 516967 адамға өскен. Б>л 1 диаграммада көрсетілген.
Сонымен қатар оңтүстік қазацстанда халық санының өсуіне орай егде жэне қарт адамдардың саны да артып, халықтың өмір сүру үзақтығы анық білінеді, 2001 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жасы 70-тен асқан қарттардың саны 11005-ке артқан. Дэл осы деңгейдегідей көрсеткіш 65-69 жас аралығындағы егде кісілерге де тэн. Б>л 2-3 диаграммада көрсетілген. Осы өңірде егде жэне қарт адамдардың саны үлғаюына байланысты гериатрия жэне геронтология мэселелері де д>рыс қолға алуды талап етеді.
Егде жэне қарт кісілердің арасында үштен екі бөлігі жедел жэне созылмалы ауру түрлеріне байланысты үнемі үзбей емделіп отырады. Дэріханалардан дэрі сатып алушылардың 60% егде жэне қарт адамдар. Дэріхана ассортиментіндегі дэрілердің жартыдан астам бөлігі егде жэне қарт адамдар қолданатын дэрілер болып келеді. Соның ішінде гериатриялық практика бойынша эдеби мағлүматтарға сүйенсек, аса жиі қолданылатын дэрілер
3 болып гипотензивті (диуретиктер, ангиотензин түзілуін тежеушілер, кальций антагонистері, B - адреноблокаторлар) антиагреганттар, нитраттар, қант төмендетуші дәрілер, бронходилататорлар, бейстероидты қабынуға қарсы дәрілер, антибиотиктер болып келеді.
Дәрі - дәрмек қолдану барысында байқалатын жанама әсерлер қаупі егде және қарт адамдарда жастармен салыстырғанда 1,5 - 2 есе жоғары болады. Дәрі пайдаланудан болған патология 70 - 79 жастағы сырқаттарда 20 - 29 жастағылармен салыстырғанда 7 есе жиі дамиды. Дәрілердің жанама әсерінің дамуына себептің бірі - дәрінің мөлшерінің яғни қабылдау дозасының артуына байланысты. Дозаның артуына біріншіден жақсы фармакотерапиялық нәтиже алу үшін саналы түрде дәрі қабылдау мөлшерін арттыру болса, екіншіден ми қан тамырларындағы ишемиялық және склеротикалық процестерге байланысты үмытшақтықтың салдары. Егде және қартаң адамдарға жүргізілетін фармакотерапияның бір ерекшелігі қолданып жүрген дәрілерді күрт тоқтатқанда байқалатын доғару синдромы болып табылады. Осы синдромда тез арада вегетативтік реакция, тахикардия, гипертониялық криз (P - адреноблокаторлар, ангиотензин түзілуін тежеушілер, клофелин) байқалады.
Геронтофармакологияда дәрілердің жанама әсерлерінің пайда болу себептеріне тағы дәрілердің егде және қарт адамдар ағзасындағы метаболизм жылдамдығы төмендеуіне, бүйрек жүмысының функционалдық мүмкіндігі азаюына, препараттардың қандағы ақуызбен байланысы азаюына, рецепторлардың сезімталдылығы өзгеруіне байланысты екенін атап кеткен жен. Егде және қарт адамдарды нәтижесі дәлелденген қолжетімді дәрілермен толық қамтамасыз етудің езі де осы саланың айтулы бір проблемасы деп ескеру керек, себебі б>л проблема да тек медицина саласы ғана емес, мемлекет тарапынан шешілетін түйінді мәселенің бірі.Сондықтан геронтофармакологияның негізгі мәселелеріне темендегіше түйіндеме жасауға болады: егде және қарт адамдарға дэрілердің фармакологиялық эсер ерекшеліктері мен клиникалық дэреметтілігі, жанама эсерлерінің айрықшалықтары элі толыққанды зерттеуді талап етеді. егде жэне қарт адамдардың кепшілігіне дэрілердің бірталайына экономикалық түрғыдан қолжетімді еместігін есте сақтау қажет. Кебінесе егде жэне қарт адамдар «ескі» нэтижесі дэлелге негізделмеген дэрілерді қабылдауға бейім.
Дэрігерлердің егде жэне қарт адамдардың геронтологиялық ерекшеліктерін (бірнеше созылмалы ауру түрінің болуы, психологиялық,физиологиялық, мэдени, этностық, элеуметтік) ескере отырып, мүмкіндігінше дэрілердің минималды терапиялық доза мелшерінде беруін қалыптастыруды қажет етеді. Осы жоғарыда аталған проблемалар гериатриялық фармакотерапияның клиникалық фармакологияның бір белігі ретінде Оңтүстік Қазақстанда қалыптасуына жол ашуда. Бірақ элі де болса клиникалық фармакологияның осы саласы егде жэне қарт адамдардың ағзасындағы дэрілердің фармакодинамикалық.фармакокинетикалық ерекшеліктерін тек аталған еңірде ғана емес, Қазақстан бойынша толық келемде зерттеуді қажет ететіндіктен арнайы клиникалық фармакологияның ғылыми зерттеу саласын дамыту емір талабы болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Руководство по безопасному использованию лекарственных средств К.Д. Рахимов, К. А. Зординова. Алматы, 2009. - с. 8-4.
- Дороженок И. Ю. XX Европейский конгресс по нейропсихофармокологии // Психические расстройства в общей медицине. - M., Медиа медика, 2007. - № 4. - С. 75-77.
- С.Ш. Сулейманов. Врач + Пациент + лекарство =? Отчего зависит результат? // Клиническая фармакология и фармакоэкономика. - М: Ньюамед, 2009. - том 2, № 5. - с. 3-6.
- П.А.Батурин. Геронтофармокология.//Клиническая фармокология и фармакоэкономика .M.; Ньюамед, 2009. - том 2, № 6. - с. 3-6.
- А. К. Хаджидис. Старик и лекарство. // Клиническая фармакология и фармакоэкономика. - М: Ньюамед, 2009. - том 2, № 6. - с. 9.
- Ю.Б. Белоусова, М.В Леонова. Основы клинической фармакологии и рациональной фармакотерапии. М.; Бионика, 2002. С 69-77.