Ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктер санының өсуінен, атмосфера мен озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, адам денсаулығына елеулі залал келіп жатқандығы әйгілі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында негүрлым өзекті экологиялық проблемалардың қатарында әлі күнге ауаның ластануы жатыр. Шымкент қаласының экологиялық жағдайы да қиындап барады. Қаламыздың жоғары ластанған қала аталуының басты өзекті көзі - автокөліктер, өндіріс орындары болып отыр. Автокөліктердің күрт көбеюі, ірі кәсіпорындардың ескірген қүралдармен жүмыс істеуі ауаның қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін зиянды заттармен бүлінуіне әкеліп соғуда. Автокөліктерден бөлінетін газдардың қүрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары - бензапирен, альдегидтер) бар.
Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, су булары, зияндылары - көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а)пирен, күйе, күкіртті түтін т.б. Б>л физикалық-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адамдарға аса зиянды. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың қүрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді. Ауада үзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам ағзасына басым бөлігі тыныс алу мүшелері арқылы түсетіндігі белгілі. Соңғы жылдары адамның шалдығатын барлық ауруларының 85%-на жуығы қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен туындайтыны әйгілі болып отыр. Ол аз дегендей, жылдан жылға адамдардың денсаулығы төмендеп келе жатыр, бүрын кездеспеген аурулардың түрлері пайда болып, олардың себептерін анықтау қиындықтар туындатуда. Сондықтан, қазір алдымызда «Адам денсаулығы және қоршаған орта» проблемасы өткір т>р. Жоғарыда айтылғандай, ластанған ауаның басым бөлігі тыныс алу мүшелеріне эсер ететіндіктен, пульмонологияның жаңа бағыттағы бөлімі - экологиялық пульмонология орын алуы тиіс.
Экологиялық пульмонологияның негізін қүраушы жағдайлар педиатрияда кең қолданылуда. Балалар ағзасы ересектермен салыстырғанда ауаның ластануына өте сезімтал келетіні барлығымызға аян. Біздің елімізде 1993 жылдан бері экологиялық апат аймағындағы адамдар денсаулығы, эсіресе балалардың денсаулығын зерттеумен, медицинадағы жаңа бағыт - экологиялық педиатрия қалыптасты. Мақсаты - экологиялық апат аймағындағы (Арал өңірі) балалар денсаулығын қалпына келтіру эдістемелерін жасау. Зерттеулер жүргізу барысында қоршаған ортаның ластануынан тыныс алу жолдарының аурулары (демікпе, аллергиялық дерттер т.б.) анықталған.
Көршілес Ресей елінде 1990 жылдардан бері өткізіліп жүрген барлық тыныс алу мүшелері аурулары жөніндегі үлттық конгрестерінде экологиялық пульмонология сүрақтары қарастырылуда. Бронхтық-өкпелік аурулардың көбі полиэтиологиялық патологияларға жатады. Олардың дамуында бактериялар мен вирустар маңызды роль атқарады, бірақ созылмалы жағдайлардың өршуінің немесе жіті үрдістерді жою бойынша бейімдеушілік реакциялар сипаты көбіне сыртқы орта жағдайларына байланысты болады. Түрлі себептер әсерінен аурудың даму қауіпін ортаның зиянды факторлары жоғарылатады, ол әсіресе экологиялық детерминацияланған ауру болып табылатын бронх демікпесінде байқалады. Тыныс алу жүйесі - экопатогендердің әсері үшін ең ашық жүйе болып келеді, және бронхтық-өкпелік аурулардың көбі экологиялық тәуелді патологиялардан түрады.
Аталғандардан көріп отырғанымыздай, клиникалық медицинаның жаңа саласы - экологиялық пульмонологияның дамуы - ғылыми және тәжірибелік салада маңызды орын алады. Оның зерттеу аясына ағзаға әртүрлі экопатогендердің кешенді эсер ету жағдайындағы тыныс алу мүшелері аурулары эпидемиологиясының теориялық жэне қолданбалы сүрақтары, қазіргі радиоэкологиялық жағдайдағы аталған аурулар ағымының ерекшеліктері жэне алдын алу, емдеу, оңалтудың жаңа оңтайландырылған технологиясын ендіру болып табылады.
Бронхтық-өкпелік аурулардың туындауы мен ағымының ерекшеліктерін түсіну үшін адамға зацымдаушы эсер ете алатындай атмосферадағы тітіркендіруші заттардың (аэрополлютанттар) жинақталу деңгейімен анықталатын атмосфералық ауаның ластану проблемаларын қарастыру өте маңызды болып табылады. Аэрополлютанттарға бөлме ішіндегі жэне сыртындағы ирританттар жатады. Поллютанттарды шартты түрде сыртқы жэне бөлмелік поллютанттар деп бөлуге болады. Поллютанттардың үзац эсер етуі респираторлық аурулардың күрделі жэне ауыр түрлерін туындатуы мүмкін.
Қатты ластанған қалаларда жоғары мөлшерде табылатын күкірттің қос тотығы, озон жэне азот тотығы секілді аэрополлютанттар - брохтардың констрикциясын, бронхтар гиперреактивтілігінің транзиторлы жоғарылауын тудыруы жэне аллергиялық жауап ретінде эсер етуі мүмкін. Жоғары молекулярлы массалы өндірістік химиялық заттар қатары (ксенобиотиктер) аллергендік қасиеттерге ие немесе адсорбциядан кейін ағза нэруыздарында осындай қасиетке ие болады (гаптендер).
Маңызды поллютанттардың қатарына темекі түтіні де жатады. Темекі түтінінің ішінде 4500-ге жуық компоненттер анықталған, олардың ішінде көміртегі тотығы жэне қостотығы, азот тотығы, акролеин, полициклды гидрокарбондар секілді респираторлық жолдарғатүсетін бөліктері де бар. Әсіресе пассивті темекі тартушының мэселесіне өте жоғары назар аударуымыз керек, себебі б>л жағдайда көбіне кіші жастағы балалар тобы сезімтал келеді. Ата-аналарының темекі тартатын балалар өмірінің алғашқы жылдары респираторлы жолдарының зацымдалу белгілерінің күшеюі байқалады, эсіресе анасы темекі тартатын болса, қауіп жоғарылайды.Экологиялық пульмонология көптеген маңызды ғылыми жэне тэжірибелік кеңестер береді. Пульмонологияның б>л бағыты Еуропа, Ресей, Беларусь елдеріндегідей қарқынды дамуы тиіс. Пульмонологтар, аллергологтар, профпатологтар жэне басқа да сала дэрігерлері экологиялық пульмонология аясында өз білімін кеңейтсе, тыныс алу мүшелерінің эртүрлі ауруларының алдын алу, емдеу жэне оңалтуда оңтайлы нэтижелерге қол жеткізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Человек и окружающая среда [Текст] : XX Коми республиканская научная конференция студентов и аспирантов : тезисы докладов / [оргком. конф.: Доровских Г. Н. и др. ]. - Сыктывкар, 2010. - 187.
- Таңатарова Қ.С. Экологиялық білім беру негізі /Қ.С Таңатарова// Қазақстан мектебі-2002.-1-2.-42-44б.
- Величковский Б.Т. Реформы и здоровье населения - Екатеринбург. 2000; Величковский Б.Т. Экологическая пульмонология (Роль свободно-радикальных процессов) - Екатеринбург, 2001; Гундаров И.А. Выход из демографического кризиса: Россия в поиске - Москва, 1999; Zohoori N, Moroz Т.А., Popkin В. et al // Wld Dev - 1998. - Vol 2. - P 1977-1993.
- Lean D.A., Chenet L., Shkolnikov V. et al // Lancet - 1997 -Vol 350 - P 8-11 Shkolmkov V., McK.ee M, Leon D.A. // Lancet - 2001 -Vol. 357 - P 917-921.
- Заридзе Д.Г. // Канцерогенез / Под ред. Д.Г. Заридзе - Москва, 2000. - б. 21-56.
- Величковский Б.Т. Экологическая пульмонология (Роль свободно-радикальных процессов) - Екатеринбург, 2001.
- Величковский Б.Т. Молекулярные и клеточные основы экологической пульмонологии. // Пульмонология - 2000. - Т. 10, №3. - Б. 1 - 13.
- 6-Ревякина В.А. «Бронхиальная астма и ее связь с аллергическим ринитом: подходы к терапии» Consilium-medicum. Педиатрия. - Москва, приложение №1, 2002 г. б. 14-16.
- Середа Е.В. «Бронхиты у детей: современные принципы терапевтической тактики» Фарматека - Москва, 2002 г., №11, б. 34-44.
- Сүлейменов С.Қ-Қалдықсыз технология экология қызметіне /С.Қ Сүлейменов//-А; 1991.-128б
- Кокосов А.Н. Хронический бронхит и обструктивная болезнь легких. // Тер. архив. -2000. -№3.