Күнделікті емхана жүмысында темір тапшылық анемия (ТТА) жиі анықталатын патология. Дүниежүзшк денсаулық сақтау үйымының (ДДҮ) мэлiметтер бойынша Жер шарының 3,6 млрд түрғынында жасырын темір тапшылығы жэне 1,8 млрд түрғынында ТТА анықталады екен. ТТА негізгі себептері қан жоғалту жэне тағамда темірдің жетіспеушілігі. Сондықтан темір тапшы күйлердің себепші факторларын ескере отырып, тиімді жэне қауіпсіз ем іздестіру емхана дэрігерлерінің көкейтесті мэселесі. Б>л күнде ішке қолданылатын, бүлшықетке егетін жэне көк тамырға жіберілетін темір дэрілері көп. ДДҮ мамандарының үсыныстары бойынша кез келген темірдің қарапайым түзының орташа мөлшері элементтік темірге (ЭТ) шағып есептегенде, күніне 180 мг қүрағаны жөн. Дэрідегі ЭТ мөлшерін біліп, оның күнделікті қажет санын есептеуге болады. Em науқастың жалпы жағдайын ескере отырып, гемоглобин деңгейіні қалыптасқанға дейін болуы қажет. Содан кейін темір қорын толықтыру үшін темір дәрілерін анемияны жою кезінде қолданған дозадан 2-3 есе аз мөлшерде (40-60 мг/тәу), ең кемінде 3 айға тағайындалған жөн.
Мақсаты. Емхана шарттарында темір тапшылық анемияны емдеудің тиімділігін бағалау.
Материалдар жэне эдістер. Жүмыста Шымкенттің № 5 қалалық емханасы шарттарында TTA байланысты емделген 62 әйелдердің мәліметтері қолданылды. TTA диагнозы клиникалық көріністерге (айналмалы-гипоксия мен сидеропениялық синдромдарға) және зертхана нәтижелеріне (ДД¥ критерийіне сәйкес гемоглобин деңгейі 120 г/л-ден, сарысулы темір деңгейі 10,5 мкмоль/л-ден төменеуіне) сүйеніп қойылды. Гемоглобин деңгейі цианидтік, эритроциттер санын ФЭК-56М фотоэлектроколориметрде фотометрлік әдіспен анықталды. Гемоглобин деңгейіне тәуелді анемиялар 3 дәрежеге бөлініп: жеңіл (119-90 г/л), орташа (89-70 г/л) және ауыр (69 г/л және одан темен) қаралды.
Қүрамында темірі бар дәрілермен емдеудің тиімділігін бағалау үшін барлық науқастар кездейсоқтық тандау әдісімен 2 топқа белінді, сонымен қатар анемия 20 (32,2 %) адамда жеңіл, 29 (46,8 %) әйелде орташа және 13 (21 %) адамда ауыр дәрежеде болды. A тобындағы науқастар (30 әйел) Сорбифер дурулесті күніне 1 таблеткадан 2 рет тағамнан 20-30 мин б>рын қабылдаса, B тобындағылар (32 әйел) актиферринді күніне 2 таблеткадан 3 рет тағамға дейін 20-30 мин б>рын қабылдады. Қан керсеткіштері емге дейін, ферротерапиянын 2- және 8-ші аптасында қайталап бағаланды. Алынған мәліметтердін статистикалық талдауын персоналды компьютерде Microsoft Access бағдарламасын қолдана отырып жасалды. Керсеткіштер арасындағы айырмашылық p<0,05 болғанда «шынайы» деп қабылданды.
Нэтижелер мен талқылаулар. Әйелдерде анемияны жас тәуелділігіне байланысты талдауы жасалды. Онда 20 жасқа дейінгі бойжеткендер 11,3 % (7 адам), 21-30 жас аралығында 25,8 % (16 әйел), 31-40 жас - 24,2 % (15 әйел), 41-50 жас - 21,0 % (13 әйел), 51-60 жас - 9,7 % (6 әйел) және 61 жастан асқан қарттар 8,0 % (5 әйел) қүрады (1- сурет). Сонымен TTA негізінен қүрсақ кетереті жастағы әйелдерде жоғары жиілікпен кездесті. Сидеропениялық синдром әйелдердін жасы үлғайған сайын айқындала түсіп, кеп белгілермен байқалды.
TAA-нын негізгі себебі жыныс жолдарымен созылмалы қан жоғалтулар болды, сондан кейін кеп бала босану, асқазан-ішек жолдарынын созылмалы қабыну дерттері, ет тағамдарын ете аз мелшерде қолдану анықталды. Зерттеу жүмысынын нәтижесінде қүрамында темірі бар дәрілермен емдеудін 2-ші аптасында екі топтағы науқастарда анемиялық синдром шынайы темендеуге бейімделуіне қарамастан, сидеропениялық синдромнын сақталғаны байқалды. Ферротерапиянын 8-ші аптасында 87,1 % (54) әйелде анемиянын белгілері толығымен жойылса, сидеропениянын белгілері тек 48,4% (30) әйелде ғана кері қайтты.
Гематологиялы8 керсеткіштердін динамикасын бағалау барысында TTA бар нау8астарға жүргізілген ферротерапиянын 2-ші аптасында екі топта да қандағы эритроциттер саны мен гемоглобин деңгейлері статистикалық шынайы жоғарылағаны байқалды (p<0,05). Сорбифер дурулес қабылдаған A тобынын науқастарында гемоглобиннін орташа денгейі 17,5 г/л-ге ессе, актиферрин қабылдаған B тобынын науқастарында ол 13,12 г/л қүрады (1- кесте). Бірақ гемоглобин денгейінін қалыптасуы тек 9 (14,5 %) науқаста ғана байқалды, ол емнін қысқа уақыт аралығында жүргізілуіне байланысты және ферротерапиянын үзақтығы 8-10 апта қүрау керек екенін керсетеді.
8 апталық антианемиялық емнін тиімділігі қан керсеткіштерінін он динамикасы дәлелдеді. Сонымен, A тобынын науқастарында гемоглобиннін орташа денгейі 39,7 г/л-ге есіп, қалыпты керсеткіштерге жетсе, B
38
тобының науқастарында ол 32,3 г/л-ге артып, қалыпты деңгейге жете алмады (p<0,05). Қүрамында темірі бар дәрілерді қабылдауға байланысты дамыған жанама әсерлер айтарлықтай көп болмады. Жүрек айну, гастралгия, диарея, іш қату A тобында 7 (23,3 %) науқаста және B тобында 9 (28,1 %) науқаста анықталды. Топ арасында емдеу барысында пайда болған жанама әсерлердің саны статистикалық шынайы (p<0,05) болды. Демек, актиферринмен салыстырғанда Сорбифер дурулеспен емдеу едәуір тиімді екен.
Қорытынды. Алынған мәліметтер TTA бар науқастарды Сорбифер дурулеспен емдеу барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті. Осы дәріні күніне екі рет 8 апта бойы қабылдау қызыл қан көрсеткіштерінің қалыптасуына және сидеропенияның белгілерінің айтарлықтай кемуіне алып келді. Темір қорын толықтыру үшін Сорбифер дурулесті күніне 1 рет тағы да 1-3 ай бойы қан талдауының бақылауымен қабылдау қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Анемия - скрытая эпидемия: Пер. с англ., M., Мега Про, 2004.
- Байжанова К.Т. Анемиялардың ажыратпалы диагнозы және емі//Оқу қүралы, Шымкент, 2006, 127 б.
- Байдурин С.А. Заболевания системы корви, Астана, 2007, 246 с.
- Бокаев И.Н., Кабаева E.B., Пасхина О.Е. Лечение и профилактика железодефицитной анемий в амбулаторной практике //Тер.архив, 1998, № 4, С. 70-74.
- Воробьев П.А. Анемический синдром в клинической практике; M.: Медицина, 2004, 168 б.
- Тарасова И.С., Чернов В.М., Румянцев А.Г. Профилактика дефицита железа - актуальная проблема здравоохранения всех стран мира //Гематол. и трансфузиол., 2009, № 2, С.31-39.