Қазіргі кезде жанама әсерлері аз және белсенділігі жоғары, жаңа, өте тиімді, улылығы томен, қолдануы кең гепатопротекторлық дәрілік заттарды іздеу, бүгінге дейін гепатологияның, соның ішінде клиникалық фармакологияның маңызды мәселесі болып қалуда [1]. Жаңа гепатопротекторлық дәрілік заттардың бағалығын анықтайтын маңызды жағдайларға: олардың эталондық препараттардан асып түсетін тиімділігі, емдік кеңдігінің үлкендігі, жанама әсерлерімен қатар жүретін улылық қасиетінің болмауы қажет.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Зерттеулерде алғашқы салмағы 160-180г болатын 80 егеуқүйрықтарға жүргізілді. Зерттеулердің міндеттері бойынша улы гепатитті төтрхлорлы көміртекті улы гепатитті егеуқүйрықтарға 50% -ды CCL4 майлы ерітіндісін 100г салмаққа 0,4 мл мөлшерде қүрсақ ішіне енгізу арқылы жасалынды [2]. Сыналатын препарат ретінде паннувладинді 60мг/кг мөлшерде қолданса, салыстырмалы препарат рувиминді 60мг/кг мөлшерде 14 күн бойы энтералды жолмен енгізілді. Тәжірибелік жануарлардың бауырдың кесінділерін көру үшін гематоксолин-эозинге бояп, гепатоциттердегі липидті жиынтықтарды анықтау үшін гистологиялық әйнек препараттарды Судан - III әдісімен, фиброздану сатысын бағалау үшін Ван-Гизон әдісі бойынша пикрофуксинмен боялды [3].
Зерттеу мен талқылау. Егеуқүйрықтарға төртхлорлы көміртекті қүрсақ ішіне енгізгеннен кейін 3 тәулікте бауырды макроскопиялы түрде зерттегенде божыраған, біртегіс емес қанға толған, көптеген ошақты >сақ нүктелі қан кетулермен сипатталды. Гистологиялық зерттеуде бауырдың құрылысының бүзылуы фокалды некроздың бауыр бөліктерінің барлық аймақтарында үлкен ошақтары, гепатоциттердің радиарлы орналасуы көрінбеуімен сипатталады. Гепатоциттер үлпалы детрит түрінде анықталып, олардың арасында васкулезденген гепатоциттер некробиотикалық өзгеру жағдайында табылды (сур.1). Перипорталды аймақтар әлсіз анықталып, лимфоидты инфильтрациялық ошақтар табылды. Берілген гистологиялық сурет улы гепатиттің ауыр түріне сәйкес келеді.
Гепатоциттер аппоптозды жағдайда және макрофагалды инфильтрация. Гематоксилинмен және эозинмен боялған. Үлкейт. X 400. Барлық бөлімдерінде жүлдызшалы ретикулоэндотелиоциттердің жинақталуы байқалады. Үлкен гипертрофирленген, пролиферирленуші гепатоциттерден бауыр бөліктерінің бағаналы
120қүрылымы түзелуін көреміз (сур.3). Емге дейін. 30 тәулік. Пролиферирленуші гепатоциттер пайда болады.
Гематоксилинмен және эозинмен боялған. Үлкейт. X 400
Бүл кезде қүрылысының өзгеруі азайып, репаративті үрдістер түзелуімен сипатталып, балонды дистрофия мен коагуляционды некроз аймағы кішірейіп, гиперхромды ядролы ірі гепатоциттер түзілуімен жүреді. Осы кезеңде салыстырмалы ретінде алынған рувимин препаратымен емдегенде бөлікішілік аймақта ірі ядролармен гиперхромды ірі гепатоциттердің белсенді пролиферациясымен көрінді. Тәжірибенің 14 тәулігінде рувиминді емнен кейін паннувладинді емдегі сияқты гепатоциттердің белсенді пролиферациясы байқалып және бауыр бөліктерінің бағаналы қүрылысы түзеліп, пролиферленуші жасушалар арасынан екі ядролы және көп ядролы гепатоциттер пайда болды (сур. 6).
121
Сурет 6- Төртхлорлы көміртектің ертіндісін енгізгеннен кейінгі улы гепатоз. Рувиминді емнен кейін. 14 тәулік. Белсенді пролиферленуші гепатоциттер көп. Гематоксилинмен және эозинмен боялған. Үлкейт. X 400
Сонымен қорыта айтқанда улы гепатозда репаративті үрдістің динамикасы паннувладинді емнен кейін бауыр ұлпасының құрылысының қайта қалпына келуі биохимиялық көрсеткіштердің жақсаруымен синхронды сәйкес келіп, б>л дәрінің гепатопротектрлы әсерін дәлелдей түседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Природные антиоксиданты - как гепатопротекторы. Н.Д.Бунатян.
- О.А.Герасимова., Т.С. Сахарова., Л.В.Яковлева. //Экспериментальная и клиническая фармакология. 1999. - Т.62, - С.64-67.
- Лим В.Г., Забродский П.Ф., Васильев В.В. Влияние четырыххлористого углерода на перекисное окисление и покзатели системы иммунитета // Саратов. восп. Мед. инст. - 2004. - С.6.
- Меркулов Г. А. Курс патогистологической техники. - Л.: Медицина, 1969. -423с.