Зерттеу эдістері мен нэтижелері. Қан сарысуындағы АЛТ, ACT, ЛАП ферменттерінің деңгейлері «Биотест» (Lachema, Чехословакия) жинағының реактивтерін қолдану арқылы анықталды. Бауыр жасушалары MT көрсеткішін зерттедік [1]. Организмнің ауыртпалық жағдайға төзімділігі олардың түрлі функциялық жағдайына тікелей байланысты [2]. Жануарлардың фосфорға сезімталдығы немесе төзімділігі бауыр жасушаларындағы микросомалық тотығу үрдісіне, ал бауыр жасушаларындағы майлардың алмасуы ондағы ацетилдеу түріне байланысты [3]. Осындай жағдайды ескере отырып, бауыр жасушалары қызметінің фосфордың әсерінен өзгеруі организмнің фосфорға даралық сезімталдығына және төзімділігіне байланысты зерттелді [4].
Тәжірибеге алынған егеуқүйрықтардың фосфорға сезімталдығын хемилюминесценттік әдісімен анықтап, оларды «төзімді» (резистентті), «сезімтал» және «өте сезімтал» деп үш топқа бөлдік [5]. Сау егеуқүйрықтардың фосфорға сезімталдығына байланысты бауыр жасушаларының жағдайын анықтайтын қан сарысуындағы энзимдер деңгейінің, оның ішінде аланинаминтрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (ACT), лецитинаминопептидаза (ЛАП) ферменттерінің ауытқулары байқалды.
Фосфорға «төзімді» топтағы жануарлар қанының сарысуындағы энзимдердің мөлшерін 100%-деп алсақ, онда аланинаминтрансферазаның (АЛТ) белсенділігі «сезімтал» тобында «төзімді» тобының 133,4 %-ын қүрады, ал «өте сезімтал» тобында б>л ферменттің белсенділігі «төзімді» топқа қарағанда 53,4%-ға жоғарылағаны байқалды. Алынған зерттеулер нәтижесі 1-кестеде көрсетілген.
174
I 6 *Ар1<0,05 - сезімтал топпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіш, |
Фосфорға «сезімтал» топта аспартатаминотрансфераза (ACT) энзимінің мөлшері «төзімді» топтың 127,3 %-ын қүраса, «өте сезімтал» топта б>л ферменттің белсенділігі «төзімді» топпен салыстырғанда 60,6%-ға жоғары деңгейде болды. Сау жануарлар қанының сарысуындағы лецитинаминопептидаза (ЛАП) ферментінің мөлшері «төзімді» топқа қарағанда, «сезімтал» топта 13,8%-ға жоғары болса, «өте сезімтал» тобында оның белсенділігі «төзімді» тобының 121,4%-ын қүрады, яғни өсу деңгей» 21,4%-ға тең болды.Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді қолданып бауыр жасушалары мембранасының түрақтылығын есептегенде, «сезімтал» топта оның деңгейі «төзімді» топтың 87%-ын қүраса, «өте сезімтал» топта төмендеу деңгейі 30%-ды қүрады.
Қорыта келгенде, алынған зерттеулер нәтижесі жануарлар қанының сарысуындағы цитолиздік көрсеткіштердің деңгейі жануарлардың фосфорға сезімталдығына байланысты өзгеретінін көрсетті. «Сезімтал» және «өте сезімтал» топтарында б>л ферменттердің белсенділігі «төзімді» тобына қарағанда жоғарғы жағдайда және көбею деңгейі «өте сезімтал» тобында көбірек болды. «Сезімтал» және «өте сезімтал» топтарында бауыр жасушаларының мембрана түрақтылығы (MT) салыстырмалы түрде төмен болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А.,Ж>мабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Бауыр жасушаларының ксенобиотиктердің әсерінен микросомалды тотығу үрдісінің және залалсыздандыру көрсеткішін анықтау әдісі. // Инф.лист №35-06.-Шымкент, 2006. -Б.6.
- Бабаи П. Особенности гена с-Fos в мозге крыс с различной устойчивос ти к эмоциональному стрессу: автореф. ... канд. биол. наук. - M., 1997. -С. 18-20.
- Сидорова Е.И., Ревазова Ю.А., Сафронов В.В. Изучение генетического полиморфизма и цитогенетических нарушений у лиц, имевших контакт с токсичными химическими соединениями // Гиг. и сан.-2004. №6.-С.59- 62.
- Валеева И.Х., Зиганшина Л.Е. Биохимические методы исследования общих механизмов повреждения и воздействия ксенобиотиков. // Методическое руководство.- Казань, 1998. -С.24-25.
- Адильбекова Д.А., Бердыходжин M.T. Динамика некоторых показателей пероксидного окисления липидов у больных с хронической интоксикацией соединениями фосфора. //Хроническая фосфорная интоксикация и гипербарическая оксигенация. - M., 1988. - С. 28-32.