Темір ағзада көп қырлы қызмет атқаратын, күрделі биохимиялық үрдістерге қатысатын, оттегі тасымалдайтын және жасушалық тыныс алуға жауап беретін биологиялық кунды микроэлемент болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы (ДД¥) сарапшылырының мәліметі бойынша темір тапшылығы балаларда физикалық және танымдық дамуды тежейді, іш өтудің және жедел респираторылык инфекциялардың ауыр жүруіне себеп болады, ересектерде ой жүмысын нашарлатады, жүқпалы ауруларды жеңіл жүқтырады, жоғары деңгейде аналар өліміне, аз салмакты балалардың туылуна және баска да асқынуларға алып келеді.
Темір тапшы анемиясы (ТТА) Жер шарының өзекті мәселелерінің бірі ретінде кабылданған. ДД¥ сарапшыларының соңғы мәліметтер бойынша Жер шарының 3,6 млрд түрғынында жасырын темір тапшылығы және 1,8 млрд түрғынында ТТА анықталады екен. Әлемнің дамушы елдерінде, әсіресе Африка және Оңтүстік- Шығыс Азия халыктарында 60 %-ға жуык балалар және 50 %-ға жуык к=рсак көтеретін жастағы әйелдер анемиямен зардап шегеді. Ал экономикасы дамыған елдерде, яғни АҚШ пен Европада б=л көрсеткіш 7 % мен 12 % аралығында болса, Ресейде 30 % дейін жетеді.
Жүкті әйелдер арасында ТТА кейбір елдерде 95 %-ға дейін жетеді. 1999 жылы жүргізілген Медициналық-демографиялық зерттеудің нәтижесі бойынша Қазақстанда темір тапшылығының таралуы жергілікті аймакка байланысты, мысалы Оңтүстік аймакта ТТА 35 % болса, Орталық және Батыс аймактарда ол 45-50 % қүрайды. Темір тапшы күйлердің негізгі себебі осы биометалдың қанмен жоғалту және тағамда жетіспеушілігі екені барлығына белгілі. Осыған байланысты темірдің тағаммен түсуі, сіңірілуі және осы микроэлементті жоғалтуы немесе шығымының артуы салдарынан олардың арасындағы сәйкестік шакырған теріс баланс пайда болады. Сондықтан темір тапшы күйлердің себепші факторларын ескере отырып, тиімді және қауіпсіз ем іздестіру қазіргі дәрігерлердің көкейтесті мәселесі.
Темір тапшы анемиясының емі бірнеше кезеңмен жүретін бағдарламамен іске асады. Олар: Этиологиялық факторды жою; Емдік тамақтану; Қүрамында темірі бар дәрілермен емдеу; Темір тапшылығын және анемияны жою; Темір қорын толтыру (қанығу терапиясы); Рецидивке қарсы ем; Темір тапшы анемиясының алдын алу шаралары; Біріншілік; Екіншілік;. Этиологиялық факторды жою. Темір тапшылығын жою, яғни темір тапшы анемиясынан толық айығу тек негізгі себептен кутылған кезде ғана іске асады. Егер негізгі дерт жыныс ағзасы болса (миомасы, эндометриоз және т.б.), онда гинеколог тағайындайтын емдік үсыныстарды ескеру қажет. Темір тапшылығына асқазан-ішек жолдарының аурулары алып келсе, гастроэнтерологтың кеңесімен ем жүргізу оң нәтиже береді. Ағзада к=рт анықталса, онда арнамалы куртка қарсы ем тағайындау тиімді. Алиментарлық темір тапшылығында егер асқазан-ішек жолдарының дерттері болмаса, онда тағамға ет, балық қолданудың өзі жақсы нәтижеге алып келеді.
Емдік тамақтану. Науқас мәзірінде темірге, минералды заттарға және микроэлементтерге бай жануарлар мен өсімдік тағамдары болуы қажет. Науқастың диетасында 130 г ақзат, 90 г май, 350 г көмірсулар, 40 мг темір, 5 мг мыс, 7мг марганц, 30 мг мырыш, 5 мкг кобальт, 2 г метионин, 4 г холин, В тобы мен С витаминдері болған абзал. Темірге бай келесі азық-түліктер усынылады: сиыр (тана) еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жумыртқа. Жеміс-жидектерден - түйнекті алқа, кәдімгі цидония, егістік каракумык, кәдімгі қызылша, егістік с=лы, грек жаңғағы, қатпарлы жуа мен егістік сарымсақ, егістік аскөк, егістік салат, бакша саумалдығы сияқты өсімдік тағамдары. Қурамында темірі бар дәрілермен емдеу
Темір тапшылытын және анемияны жою. Б=л күнде ішке қолданылатын, булшыкетке егетін және көк тамырға жіберілетін темір дәрілері бар. Ішетін дәрілер курамына темірдің екі валенттік (Fe+2) және үш валенттік (Fe+3) туздары кіреді. Олар химиялық курылысы бойынша қарапайым (оңай ионизирлеуші туздар: ферроцендер, хелатты қосылыстар) және күрделі Fe+3 полинуклеарлы гидроксидті курамаларынан турады. ДД¥ мамандарының усыныстары бойынша кез келген темірдің қарапайым тузының орташа дозасы элементтік темірге (ЭТ) шағып есептегенде, күніне 180 мг қурағаны жөн. Туздың түріне байланысты бір түймеде 10 мг-нан 100 мг-ға дейін ЭТ болады. Бір таблеткадағы ЭТ мөлшерін біле отырып, күнделікті қажет санын дәл білуге болады. Наукастың жалпы жағдайы толық емдеу дозасын қабылдауға мурша берсе, гемоглобиннің қалып деңгейіне дейін екі ай бойы емдеу кажет.
Қарапайым туздардың барлық дәрілері салыстырмалы түрде жиі (15-20 %) жанама әсерлер шақырады және олар дискомфорт, жүрек айну, кусу, іш өту көріністерімен көрінеді. Қазіргі кезде жанама әсерлерді кеміту үшін темір препараттары курамына антиоксиданттарды (Е витамині, аскорбин қышқылы, глюкоза, фруктозодифосфат, янтарь қышқылы және соларға уксас қосылыстар) қосады. Осы қосымшалар темір туздарын көтере алмауды төмендетеді, бірак оларды толык жоя алмайды. Аталған кемшіліктерге карамастан темірдің карапайым туздары осы уақытқа дейін ең кең таралған және арзан дәрі-дәрмектер болып саналады.
Парентералды енгізілетін темір препараттары артықшылығына қарағанда кемшілігі едәуір басым. Олар өлімге дейін алып келетін анафилактикалық реакциялар, тері асты гематомалары, артралгиялар және басқа да көптеген жанама әсерлер шақырады. Темір препараттары бүлшық етке немесе көк тамырға жіберген кезде гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы шапшаң-дамитыны байқалған. Парентералды жолмен енгізуге қарағанда асқорыгу жолымен түскен темірдің эритробласттарға жеткізілуі едәуір тиімді екені эксперименталды жүмыстарда дәлелденген. Сондықтан ішектен тыс енгізу жолымен темір дәрумендері басқа амал қалмағандықтан келесі жағдайларда қолданылады: темірдің өте нашар сіңірілуінде (ахиллия, ащы ішек резекциясы), түймелерді көтере алмауында, қайталамалы өте көп мөлшерде қан жоғалтуда, асқазан-ішек жолдары арқылы темірді жеткізу мүмкін болмайтын кездерде, ішектердің қабыну дерттерінде. Темір дәрілерінің нәтиже бермеу себептері: диагнозы д=рыс қойылмау; темірдің мөлшері жеткіліксіз болуы; қан жоғалтудың әр қарай жалғасуы; феррорезистенттілік; интеркурентті инфекциялар; қатерлі ісіктер.
3.2. Темір қорын толықтыру (қанығу терапиясы). Ағзада темір қоры болып бауыр мен талақтағы ферритин саналады. Гемоглобин деңгейі қалыптасқаннан кейін темір қорын толықтыру үшін темір дәрілерін анемияны жою кезінде қолданған дозадан 2-3 есе аз 40-60 мг/тәу мөлшерде, ең кемінде 3 айға тағайындалады.
3.3. Рецедивке қарсы ем. Қан жоғалту әрі қарай жалғаса берсе (мысалы, көп мөлшерде жүретін етеккірі), онда темір дәрілерін қысқа мерзіммен 7-10 күннен эр айда қолданған дүрыс. Егер анемия қайталанса, онда 1-2 ай аралығында қайталамалы емдеу курсін жүргізеді. 4. Темір тапшы анемиясының алдын алу
4.1. Біріншілік алдын алу. Біріншілі алдын алу шаралары анемиясы жоқ, бірак оған бейімділігі бар адамдар тобына жүргізіледі: жүктілік пен еміздіретін аналар; жас өспірім қыздар, эсіресе етек кірі көп келетін; донорлар; көп жэне узак жүретін етеккірі бар эйелдер. Жүкті эйелдердің ТТА алдын алу.Барлық жүкті эйелдер 8 апталық жүктілікпен келесі топтарға бөлінеді: 0 (нөлдік) - жүктілігі қалыпты өтіп жатқан эйелдер. Оларға жүктіліктің 31-ші аптасынан 8 аптаға 30-40 мг ЭТ бар темір препараты беріледі. Ол үшін ферроплексті 1 түймеден күніне 3-4 рет тағайындалады. 1-ші топ - қан анализі қалыпты, бірақ анемия даму қауіпі бар жүкті эйелдер: жүктілікке дейін көп, үзақ жүретін етеккірі болған; қан жоғалту немесе темір сіңірілуінің бүзылыстары бар асқазан-ішек жолының дерттері (эрозивті гастрит, асқазан мен 12 елі ішектің ойық-жара ауруы, созылмалы энтерит жэне т.б.); жиі босану (аралары 2 жылдан аз, ең кемінде үш рет босану); тағаммен темірдің жеткіліксіз түсуі; инфекция-қабыну ошақтарының болуы; жүктіліктің ерте токсикозында жиі қүсу. Алдын алу шараларын 12-13-ші аптадан 15-ші аптаға дейін, содан соң 21-шіден 25-шіге дейін, 31-32-шіден 37 аптаға дейін аралықта 30-40 мг ЭТ беріледі. 2-ші топ - 20-шы аптадан кейін анемия дамыған эйелдер. Жүкті эйелді мүқият зерттеу қажет (эр түрлі этиологиялық қан кетулерді жоққа шығару үшін), содан кейін ТТА емі сияқты емдейді. Егер анасының ТТА емделмесе, онда темір тапшылығы үрпаққа өтуі мүмкін, сондықтан міндетті түрде жүкті эйел емделу керек. 3-ші топ - ТТА бар эйелдің жүкті болуы. Анемияның генезі анықталғаннан соң, ТТА толық емі жасалғаннан кейін темір қорын толықтыру қажет (8 аптадан 2 курс). Темір препараттарына антиоксиданттар (Е витамині, аевит, С витамині, поливитаминдер жинағы, кальций препараттары) қосылу керек.
Ұзақ жэне көп етек кірі бар эйелдердің ТТА алдын алу шаралары. 6 апталық алдын алу емінің 2 курсы (күніне 30-40 мг ЭТ) немесе етек кірінен кейін 7-10 күннен эр ай сайын бір жыл бойы қолданады. Донорлар, спорт мектебі балаларының ТТА алдын алу 6 апталық алдын алу емінің 2 курсын антиоксиданттық жинақтармен бірге тағайындалады. Ұлдардың күрт бой өсу кезінде ТТА дамуы мүмкін. Осы кезде темір дэрілерімен алдын алу емін жүргізген дүрыс. Саплиментация, немесе затты сырттан қосу, анемия даму қауіпі бар түрғындарға қүрамында темірі бар дэріні қабылдауды қарастырады. Б=л топқа жүкті эйелдер мысал бола алады. ДД¥ сарапшылары жүкті эйелдерге қүрамында темірі бар дэрімен 60 мг/тэулік мөлшерде саплиментацияны жүктіліктің II и III триместрінде жэне емшекпен қоректендірудің алғашқы 3 айында жүргізуді үсынады. АҚШ-тың үлттық үсыныстарына сэйкес қүрамында темірі бар дэріні 30 мг/тэулік мөлшерде эйелдерге жүктіліктің барлық мерзімінде қолданады.
4.2. Екіншілік алдын алу Екіншілік алдын алу бүрын ТТА болып, емделген жэне ТТА қайталау қауіпі бар (көп жүретін етеккірі, жатыр фибромиомасы жэне т.б.) адамдарда жүргізіледі. Б=л науқастарға ТТА емін қабылдағаннан кейін алдын алу курстарын 6 апта бойы (40 мг/тэу) жүргізілгеннен соң, жылына 6 апталық курсты 2 рет қайталауды немесе эр бір етек кірінен кейін 7-10 күн темір дэрілерін қолдануды үсыну қажет. Міндетті түрде науқастар күніне 100 г ет жеуі керек.
Фортификация азық-түліктерді темірмен байыту. ҚР ДМ ҒА тамақтану институтының «Биолакт», «Асыл» жэне «Аруана» айран-сүт тағамдарын, «Ша-Фе» жэне т.б. темірмен, басқа да микроэлементтермен байытуда жэне тэжірибеге енгізуде бай тэжірибесі бар. Соңғы жылдары темірмен байытылған тағамдық қосымшалар кең қолданылып жүр, оған темір лактаты жэне аскорбин қышқылы бар итшомыр сусыны; темір мен аскорбин қышқылымен байытылған итмүрын сусыны; итшомыр, алма, қара қарақат пен шетен сығындылары негізіне темір мен витаминдермен байытылған алкоголсіз сусындар жэне түрлі фирмалар үсынатын қосымшалар жатады. Африки, Азии и Латын Америкасының көптеген елдерінде азық-түліктерді витаминамдермен жэне микроэлементтермен байыту заң деңгейінде іске асады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Анемия - скрытая эпидемия: Пер. с англ., M., Mera Про, 2004.
- Алгоритмы диагностики и лечения железодефицитной анемии www.medlinks.ru/article.php?sid=6013 .
- Аркадьева Г.В. Диагностика и лечение железодефицитных анемий. M., 2009.www .tiensmed.ru/news/anemia-pregnant.html.
- Анемия. Признаки анемии. Лечение анемии www.medspravkaufa.ru/ stati/bolezni_krovi/anemia.php.
- Байжанова К.Т. Анемиялардыц ажыратпалы диагнозы және емі//Оқу құралы, Шымкент, 2006, 127 б.
- Байжанова К.Т., Бекмурзаева Э.Қ. Қан аурулары// Оқу құралы, Шымкент, 2010, 400 б.
- Байдурин С.А. Заболевания системы корви, Астана, 2007, 246 с.
- Бокаев И.Н., Кабаева Е.В., Пасхина О.Е. Лечение и профилактика железодефицитной анемий в амбулаторной практике //Тер.архив, 1998, № 4, С. 70-74.
- Дворецкий Л.И. Железодефицитная анемия (ЖДА) - Лекарственные препараты железа для лечения железодефицитных анемий. www.farmanotes.ru/algoritmy-diagnostiki-i-lecheniya-zhelezodeficitnoj-anemii
- Воробьев П.А. Анемический синдром в клинической практике; M.: Медицина, 2004, 168 б.
- Все о железодефицитной анемии и ее лечении - Медицина для всех www.polismed.ru/anemia- post001.html.
- Диагностика и медицинское лечение железодефицитной анемии art.russ-med.ru/full_oncology_25_russ- med.htm.
- Диагностика и лечение железодефицитной анемии Научный медицинский портал / www.scientificmedicine.ru / 2010.e-mail : admin@scientificmedicine.ru.
- Демихов В.Г., Могщакова Е.Ф. и др. Распространенность дефицита железа у беременных женщин. // Вопрюгематол./онкол. и иммунопатол. в педиат,2002, №1, С.21-23.
- Досмагамбетова Р.С., Тургунова Л.Г., Умбеталина Н.С.... и др. Динамика статистических показателей при заболеваниях гематологического профиля за 2000-2004 года в Казахстане // Актуальные вопросы гематологии и внутренних болезней / Материалы II Республиканской научно-практической конф., Караганда., 2005, С. 10-12.
- Железодефицитной анемии - мировая проблема ОАГБ. www.oagb.ru/lib.php?txt_id=950.
- Клиническая гематология. Руководство для врачей. Котоян Э.Р., 2003.
- Ковалева Л. Железодефицитная анемия //Врач, 2002, №12, С. 6-10.
- Левина А.А., Цветаева Н.В., Колошейнова Т.И. Клинические, биохимические и социальные аспекты железодефицитной анемии тардифероном // Гематол. и трансфузиол, 2001,№ 3, С.51-55.
- Лечение железодефицитной анемии. LekMed.ru/bolezni/bolezni-krovi/zhelezodeficitnaya-anemiya.html .
- Лечение анемий. Ферментные препараты pregnancy.h1.ru/health/mama/anem.htm.
- Митерев Ю.Г., Валова Г.М., Замчий А.А. Профилактика и лечение железодефицитной анемии беременных. // Анемия и анемические синдромы. bellameda.ru/article/articleview/2000/6/21/._
- Основы клинической гематологии/ Под редакцией В.Г. Радченко. - Санкт-Петербург, 2003, 304 с.
- О дополнительных мерах по профилактике заболеваний, обусловленных дефицитом железе в структуре питания населения. Рос.газета, 2003, 24 сентябрь, № 190.
- Питание при железодефицитных анемиях hnb.com.ua/articles/s-zdorovie- pitanie_pri_zhelezodefitsitnykh_anemiyakh-1921.
- Практические подходы к диагностике и лечению железодефицитной анемии. www.tpacient.ru/archive/tp 1-2-10/tp 1-2-10_642.html.
- Сараева Н.О. Методы коррекции анемии у онкогематологических больных //Гематол. и трансфузиол., 2008, №4, С.29-34.
- Тарасова И.С., Чернов В.М., Румянцев А.Г. Профилактика дефицита железа - актуальная проблема здравоохранения всех стран мира //Гематол. и трансфузиол., 2009, № 2, С.31-39.
- Реферат Медицина Железодефицитная анемия works.tarefer.ru/51/100549/index.html.
- Циммерман Я.С., Бабушкина Г.Д. Анемии. Вопросы этиологии, патогенеза, клиники, классификации, диагностика и дифференциального лечения. Перьм: ПГМА, 2004,125 с.
- Шевченко Ю.Л. Анемия (от А до Я), 2002, 320 с.
- Шехтман М.М. Железодефицитная анемия и беременность. www.med2.ru/story.php?id=2726.
- Фармацевтическая опека: лечение железодефицитной анемии www.provisor.com.ua/archive/2003/N3/art_07.php.
- Christopher R. Chitambar and Janine P. Wereley Iron transport in a lymphoid cell line with the hemochromatosis C282Y mutation //Blood, 2001, Vol. 97, P.2734-2740.
- Hercberg S., Preziosi P., galan P. Iron deficiency in Europe // Publ. Hlth. Nutr., 2001, Vol.4, N 2B, P.537-545.
- Schaefer R., Gasche C., Huch R., Krafft A. Информационный бюллетень по препаратам железа//Гематол. и трансфузиол., 2004, № 4, С.40-47.
- World Health Organization. Iron deficiency anemia: assessment, prevention and control. A guide for programme managers. Geneva, 2001 (WHO/NHD/01.3).
- Weiss G., Goodnough L.T. Anemia// N. Engl. J. Med.,2005, Vol.352, P.1011-1023.
- Fishbanne S. Safety in iron management // Am.J. Kidney dis, 2003, Vol.41, N 5, P. 18-26.