Нэрестелерде туа пайда болтан туберкулез сирек кездеседі, ол көбінесе анасы диссеминирлі туберкулезбен ауырған жағдайда жұғады. Зерттеушілердің көрсеткіші бойынша, ұрықтың туберкулез таяқшасын жұқтыруы эдетте үш жолмен: гематогенді, ұрық маңындағы сумен аспирациялану жэне жыныс жолының шырышты қабатынан жұғуы арқылы. Жүктіліктің ерте кезеңінде жұқтырылған ұрық түсік тастаумен немесе өлі туумен аяқталады.Ал егер жүктілікті сақтаған жағдайда нэресте ай күніне жетілмей немесе гипотрофия белгісімен, аз салмақпен туылады. Нэрестеде туа пайда болған туберкулез эр түрлі клиникалық көріністе болады, себебі ол инфекцияның жұғу жолына, анасындағы патологиялық процеске, ұрықтың >ай мерзімде жұқтырғанына, туберкулез таяқшасының массивтілігіне жэне вирулентілігіне байланысты.
Қазіргі кезеңде туберкулезді ерте анықтап, дер кезінде этиотропты ем бастаған жағдайда туберкулезден жазылу нэтижесін көруге болады. Дегенменде ондай жағдайлар аз кездесіп керісінше туберкулезді кеш анықтап, туберкулезден кейінгі қалдықты өзгерістермен, немесе өліммен аяқталған жағдайлар кездеседі. Қазіргі біздің қарастырып отырған клиникалық жағдай осының куэсі болып отыр. Науқас М. 4айлы>,(туған күні 4.05.2010ж ). Түскен кездегі шағымдары: дене қызуының ұзақ уақыттан бері көтерілуі 37 градус, жөтел, жалпы элсіздік. Аnamnesis morbi: Науқас 2 ай 8 күндік жасында, яғни 12.07-27.07.2010 аралығында стационарлық ем қабылдаған, дз Ауруханадан тыс пневмония, жеделдеу ағымда. Әжесінің айтуынша баланың жағдайы сэл жақсарғандай болған,біра> элсіздігі, дене қызуының 37,0-37,5 аралығында көтеріле беруі қайтпаған соң, 29.08-1.09.2010 қайтадан стационарлық ем қабылдаған,Бейспецификалық антибактериалды емнен нэтиже болмаған соң 1.09 ОТҚД фтизиопедиаторымен тексеріліп, ОТҚД балалар бөлімшесіне ауыстырылды.Диагнозы;Екі жақты кеудеішілік лимфатүйіндерінің туберкулезі,шашырау фазасында.МБТ. Эпид анамнезі : Анасы жасы 31-де, алғаш рет туберкулезбен 2003 жылы ауырған. Осы жүктіліктің 32-33 аптасында 21.04- 9.08.2010
аралығында ОТҚД терапия бөлімінде стационарлық ем қабылдаған, дз; Өкпенің диссеминирлі туберкулезі,жеделдеу формасы, ыдырау фазасында, МБТ +, II кат, рецидив, қазір ҚТҚД амбулаториялық емді жалғастыруда. Баланың анамнезінен: II жүктілік, II мезгілсіз босанудан,туылған кездегі салмағы 2375гр. Бала анасынан туылғаннан бөлектелген және жасанды тамақпен тамақтанады. БЦЖ егілмеген. ҚТҚД-інде БК+ анасымен туберкулезді қатынас ретінде «Д» есептің III тобына алынған, бірақ тексеруден өтпеген(Манту сынамасы,ЖҚЗ, ЖЗЗ және кеуде рентгенограммасы) және химиопрофилактика жасалынбаған. Химиопрофилактиканы ауырып жүрген кезінде, ешбір тексерусіз 2 ай 22 күндік жасында, яғни 27.07.2010ж бастап тағайындалған (H).
Status preasens: Баланың жалпы жағдайы негізгі ауруы және интоксикация белгілеріне байланысты ауыр. Бала есін біледі, жарыққа әсері бар, мазасыз. Менингиялды симптомдары теріс. Тері және терінің кілегей қабаттары таза, бозғылт түсте. Мұрын ерін үшбұрышы цианозы,акроцианоз анықталады. Тамағы таза, аздап қызарған. Тері асты қабаты жұқа ( гипотрофия), дамуы жасына сай емес.Салмағы 6,0кг Шеткі лимфа түйіндері; жақ асты лимфатүйіндері I-II дәрежеде ұлғайған, тығыз, қозғалмалы шеткі тіндермен жабыспаған. Дене температурасы 37,8.Тыныс алуы қосымша бұлшық еттерінің көмегімен.Өкпесінде перкуторлы өкпелік дыбыс, аускултативті қатқыл дыбыспен ,бірен - саран ылғалды сырылдары бар. ТАЖ 35 минутына.Тыныс жетіспеушілік 1-11дәрежеде.Жүрек соғыуы ырғақты, анық, жиі, тахикардия, ЖС 134минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыр және көк бауыр аздап ұлғайған +1см. Үлкен дәреті екі күнде бір рет, сары түсті. Кіші дәреті қалыпты. 17.08.2010ж түскен кеуде И-граммасында:(№1 сурет) өкпе түбірінің екі жақты ұлғаюы, түбір маңындағы өкпе суретінің күшеюі, синусы бос, орталық орган ығыспаған.
Томограммада:(№2 сурет) бронх - бұтағы өзгеріссіз, өкпеде ыдырау қуыстары жоқ. 4.09.10 Рентгенограммасында(№3 сурет)екі өкпе алаңында да ұсақ ошақтар, өкпе түбірі екі жақты ұлғайған және
ЖҚЗ: Гемоглобин 86г/л, эритроциттер 2,7*10/л, тромбоциттер 205* 10/л, лейкоциттер 14,1*10 /л, эозинофилдер 2%, лимфоциттер 68%, ЭТЖ 11мм/ч.Созылмалы интоксикация салдарынан Анемия ІІ дәр,лейкоцитоз,эозинофилез. ҚБЗ: Жалпы белок 56 г/л, мочевина 5,3 ммоль/л, АЛАТ 0,22 ммоль/л, жалпы билирубин 11,9 мкмоль/л, тимоловая проба 1,8 ЕД ЖҚЗ: мөлдірлігі - бүлыңғыр. Реакция қышқыл. Белок жоқ. Лейкоциттер 1-2 көру аймағында, ураты +++ Қақырықтың бактериоскопиясында :01.09, 02.09,және03.09.10ж БК теріс Қанды ВИЧ инфекциясына зерттеуі - теріс.№8385. Нәжіс зеріттеуі гельминттер жоқ. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштеріне байланысты клиникалық диагнозы;Екі жақты кеудеішілік лимфатүйіндерінің туберкулезі,шашырау фазасында.МБТтеріс,1категория,жаңа жағдай. Анемия ІІ дәрежелі. Туберкулезге қарсы антибактериалды ем тағайындалған (изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол) және дезинтоксикациалық ,антианемиялық,витаминдік терапия,симптоматикалық, оксигенотерапия (ИВЛ)
Жүргізілген қарқынды емге қарамастан баланың жағдайы үдемелі нашарлай берді, төртінші күні яғни 04.09.10ж сағ 10.30 дене қызуы 38-40°С төмендемей, интоксикация белгілерінің және тыныс жетіспеушіліктің артуына байланысты бала аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырылды.Онда жасанды демалдыру(ИВЛ)апаратына қосылды.Жағдайы өте ауыр халде,әлсіз,сыртқы әсерге ыңырсиды.Тамақтануы зонд арқылы.Тыныс алуға қосалқы бүлшықеттері де қатысады, тыныс жетіспеушілігі ІІІ-ші дәрежелі ТАЖ 40мин,аяқ қолдарының тырысуы..Жүрек соғуы ырғақты,тахикардия^-184мин. АҚҚ 90/50мм сын. бағ.
Жансақтау бөліміндегі жасалынған интенсивті емнен нәтиже болмай баланың үдей түскен интоксикация әсерінен және өкпе-жүрек жетіспеушілігінен 05.09.10ж кешкі сағ17.00 биологиялық өлімі болды.
Патолого-анатомиялық зерттеу қорытындысы: Мәлімдеме № 882. Милиарлы туберкулез, спецификалық бөртпелердің өкпеде, бауырда, көкбауырда таралуы.Бас миының ісінуі және ондағы майда қан тамырларының жарылуы және бифуркациялық кеуде ішілік лимфа түйіндерінде казеозды ошақтардың әктелуі анықталады.
Біздің қарастырып отырған клиникалық жағдай бойынша науқас балада жатырішілік жүққан туа пайда болған туберкулезді процесс.Оған куә жүктілік кезіндегі анасындағы диссеминирлі туберкулез,баланың мерзіміне жетпей туылуы , туыла
салысымен анасынан оқшаулануы және патолого-анатомиялық зерттеу қорытындысың мәлімдемесі.
Қорытынды;туберкулездің жатырішілік жүғу жолын ескере отырып,туылған нәрестенің туберкулезбен ауырып қалу қаупін
аймақтық балалар дәрігері аса қырағылықпен қадағалау керек.
73
ӘДЕБИЕТТЕР
- .Туберкулез у детей и подростков.Руководство. /Под ред.О.И.Король. М.Э.Лозовской.-СПб.2005.
- . Туберкулез у детей и подростков.Руководство для врачей. /Под ред. Е.Н,Янченко.М.С.Греймер-СПб.1999.
- . Туберкулез у детей и подростков.Учебное пособие.Под ред./ В.А.Аксеновой-М.2007.
- .№466 бұйрық ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 03.07.07ж.Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кейбір нұсқауларды бекіту туралы.
- .Дәріс: "Жалпы емдеу-профилактикалық мекеме дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтаудағы атқаратын ролі".А.И.Илашев. 2009ж.