Құқық

Мақала әділдік қағидасының түсінігін, сондай ақ, оны мемлекеттің салық саясатын жүргізу барысында қолданылу мәселесінің кейбір аспектілерін қарастыруға арналған. Автор ғалымдардың еңбектерінің және өзінің ғылыми ізденісі негізінде мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыру барысында әділдік қағидасының сақталуының кейбір аспектілерін зерттеген. Салық салудың әділдік қағидасы баршаның сот алдында теңдігі туралы конституциялық нормасына негізделеді және ол елдің экономикалық дамуының қажетті алғышарты болып табылады. Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы Салық кодексімен тұрақты және жүйесіз өсіп отыратын нақты жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған. Зерттелген осы мәселенің негізінде автор, талдама беру актілерінде әділдік ұғымын нақтылауды, сондай-ақ өзіміздің дәстүрімізге және шетелдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, салық ауыртпашылығын әділетті бөлу концепциясын жасауды, азаматтардың экономикалық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына кепілдік беруді ұсынады.
2014

Ғылыми мақалада алдын ала тергеуді аяқтаудың барлық түрін қарауға талпыныс жасалды. Мақаланың соңғы бөлігінде зерттеуші дәлелдеме келтірілуімен ғана шектеліп қоймай, зерттеу барысында алдын ала тергеудің әдебиетте аталған нысандарын да, сондай-ақ, аяқтаушы уақыт аралығы яғни – кезеңдері де талданды. Және де тергеушінің алдын ала тергеуді жүргізудегі құзіреті, құқықтары мен міндеттері іске қатысушылармен арақатынастары қандай болу керектігі қарастырылды.
2014

Қылмыстық сот өндірісінде пайдаланылатын ұғымдардың заңдық табиғатын түсіну өте маңызды болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық сот өндірісінде қолданылатын ұғымдар мен сөз тіркестерінің мән-мағынасын ашып көрсетуге әрекет жасалған. Ғалымдардың көзқарастарына талдау жүргізілген.
2014

Бұл ғылыми мақалада авторлар экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі мен затын теориялық тұрғыда қарастырып, саралау мәселелерін қарастырған. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың затын жіктеудің авторлық көзқарасы берілген. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін толық жіктеп, оның топтық объектісі – экологиялық қауіпсіздік берілген. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі бойынша дұрыс саралаудың кемшіліктері көрсетіліп, қылмыстық заңды жетілдіру жолдары берілген.
2014

Мақалада қылмыстық іс жүргізудің негізгі объектісі адам құқықтарын қорғау қажеттігінің мәні мен маңызы қарастырылады. Автор бұл жұмыста бұрынғы кездегі және қазіргі уақыттағы қылмыстық іс жүргізудің арақатынасын ашуға тырысады. Сонымен бірге қылмыстық сот өндірісі барысында адам құқықтарын қорғаудың негізгі қағидалары ашылып кетеді.
2014

Бұл мақалада меншікке байланысты шет елдердің қылмыстық заңнамасындағы ұғымына талдау жүргізілді. Зерттеу барысында Испания, Франция, Голландия, Германия, Швейцария, Польша, Швецияның қылмыстық заңдары қарастырылды. Автор арқылы шет елдердің арнайы меншікті қылмыстық құқықтық қорғау аясында кешенді зерттеулер жүргізілген. Меншікті қорғау саласындағы шет елдердің қылмыстық нормаларын, егжей-тегжей зерттеліп, шет елдердің тиімді тәжірибесін ҚР қылмыстық заңнамсына пайдалану мақсатында салыстырмалы түрде құқықтық талдау жасалған.
2014

Мақалада қылмыстық құқық ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі қылмыстық саясаттың пәні туралы көзқарастар қарастырылған. Қылмыстық саясаттың стратегиясы мен тактикасы талданылған. Қылмыстық саясаттың тұжырымдамасын жасап шығару туралы мәселені көтере отырып, қоғам өміріндегі орын алып отырған шиеленісті жағдайлар жан-жақты ашылған. Сонымен қатар, қылмыстық саясаттың тұжырымдамасын жасап шығаруға қатысты теориялық ережелерге назар аударылған.
2014

Баяндамада Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу басымдықтары қарастырылады. Автор баяндамада табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасын қарастырған. Сонымен қатар, төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету және өңірлік экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылайды. Автор халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын қолдану және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарын  зерттейді.
2014

Малшаруашылығының басты мақсаты жоғары сапалы ет шығару. Сондықтан да малдың жиынтық тобымен жұмыс жасау әдісі, одан ет өнімін молайтып шығаруға бағытталуы қажет. Сондай ақ мал өсімінің қарқындылығымен, жайылымдық шөптің сапалығымен ерекшеленуі маңызды болып табылады. Қазақстан 2050 дамауының стратегиялық басымдықтарына сәйкес, аграрлық секторға үлкен үміт және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында жаңа белсенді технологияларды енгізуге байланысты мақсаттар қойылып отыр, солардың ішінде ауыл кооперациясын дамыту болмақ.
2014

Отандық жер заңнамасынаң дамуымен байланысты жерге заттық құқық мәселесі өзектілігін арттырып келеді. Зерттеу объектісі болып табылатын жерге заттық құқық мәселесі азаматтық заңнама негізінде анықталады. Жерге заттық құқықтың құқықтық қатынас ретіндегі сипаты ең алдымен, жерге заттық құқықты иеленетін тұлғаға жер құқықтық қатынастарының басқа заттық құқық иеленушілері қарама-қарсы тұратындығын білдіреді. Ғылыми еңбекте жерге заттық құқықтың заңи белгілерін анықтауға талпыныс жасалынды. Жерге заттық құқық анықтамасы ұсынылып өзекті мәселелерге тоқтады.
2014

Мақала жер қойнауы туралы құқықтың әлеуметтік тағайындалуына арналады. Әлеуметтік мемлекет құқығының адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бағытталған кепілдіктерді келтіре отырып, Қазақстанның жер қойнауы туралы құқығының осы критерийлерге қаншалықты сәйкес келетіндігі қарастырылады. Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында келешекте елімізде қолдану мүмкіндігіне қарай отырып дамыған елдерде жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің оң тәжірибесін зерттеуді ұсынады.
2014

Аталған мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісіндегі адамдардың конституциялық кепілдіктерінің ерекшеліктері қарастырылған. Азаматтық сот өндірісін жүзеге асыруда билікті бөлу қағидасының әсері қарастырылады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.