Құқық

Мақалада авторлармен Қазақстан Республикасында интеллектуалдық меншіктің құқықтық реттелуі көрсетілген. Сонымен қатар, зияткерлік меншіктің құқықтық реттелуі мен жүзеге асырумен, заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынғандығы қарастырылған. Зияткерлік меншіктің анықтамасы ретінде кешенді құқық нормаларының жиынтығы ретніде, яғни авторлық құқықтың объектісі болып табылатын өнер туындысы, шығармашылық, әдебиет туындысы, ғылыми зерттеу нәтижесінің өнер табысын заңсыз көшіруден қорғау мен рұқсатсыз қолданумен, таратуды қорғаудың құқықтық реттелуі қарастырылған.
2014

Аталған мақалада автормен жеке өмір, отбасы құпиясы, жеке құпия ұғымдарына жан-жақты талдау жаса- лып, оның қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән берілген. Сонымен қатар, осы салада өз үлестерін қосқан ғалымдардың ой-пікірлеріне және қажетті заңнама нормаларына сүйене келе, докторантпен азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық ұғымының анықтамасын беруге талпыныс жасалған.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасында сайлау құқықтық қатынастары барысында, сайлауды  әзiрлеу  мен өткiзу кезеңiнде анықталатын сайлау заңнамасын бұзушылықтарға түсінік беріле отырып, туындайтын заңды жауаптылық түрлері мен мөлшері қарастырылады. ҚР заңдарына сәйкес сайлау туралы заңнаманы бұзушылық үшін көзделген қылмыстық, әкімшілік және конституциялық құқықтық жауаптылық шараларына сипаттама беріледі және ерекшеліктері талданады.
2014

Ғылыми жұмыста заманауи Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу процесіндегі ерекшеліктер қаралады. Автор ҚР Конституциясының негізгі ережелерін жан-жақты талдай отырып, еліміздегі азаматтық қоғамның белгілерін анықтайды. Сонымен қатар, әлеуметтік процестер легі мен азаматтық қоғам мен құқықтық қатынастардағы мемлекеттік органдардың арақатынасының құқықтық жүйесін қарастырады. Жүргізілген зерт- теулер демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру – Қазақстанның заманауи даму кезеңінің қажеттілігі екендігін көрсетеді.
2014

Мақала Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдау жолындағы саяси-мәмілелік, құқықтық іс-әрекеттері мен ой-пайымдарын ғылыми талқылауға арналған. Көрші мемлекеттермен әскери, мәмілелік, құқықтық қарым-қатынастары баяндалады
2014

Мақалада қазақ қоғамында көшпенді өмір салтымен қатар жүрген қатынастарды реттеу тетіктері сипат алады. Бұл жөніндегі зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлері айтыла келіп, қазақ қоғамындағы шарттық нормалардың қалыптасу себептері ашып көрсетіледі. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы тұрмыстық, сауда-саттық және өзге де шарттық қатынастарды реттеген нормалардың қайнар көздері сипат табады. Сол қайнар көздерді талдау нәтижесінде шарттық қатынастардың түрлері жіктеліп шығарылған. Нәтижесінде қазақ қоғамындағы шарттық қатынастарды реттеген нормаларды талдай келе өзіндік қорытындылар жасалды.
2014

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес жоғары оқу орындарындағы студенттерге құқықтық тәрбие берудің әдістері көрсетілген. Қазақстан Республикасында құқықтық білім беруді жетілдірудің бірнеше ұсыныстары қарастырылған. Құқықтық тәрбие қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып- тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінің көрінісі болып табылады. Мем- лекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені құқықтық сана, мәдениет, құқықтық ғылым – тәртіптің қайнар көзі, бастауы
2014

Ғылыми мақалада жасөспірімдер, кәмелетке жасы толмағандар қолымен іске асатын қылмыстарды, кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыстың өсуіне басты себептерін, олардың жеке басында пайда болатын жағымсыз қылықтардың қалыптасуын, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықпен күресуді, жасы толмағандар қылмысын алдын алуда маңызды болып саналатын тәрбиелік сипаттағы шараларды қарастырғын.
2014

Аталған мақалада қазіргі таңдағы кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстылықтың даму себептерін талдау жүргізілген. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық және құқықбұзушылық айырмашылықтары зерттелген. Автор статистикалық мәлметтерді келтіре отырып жастар арасындағы қылмыстардың пайыздық мөлшерін мақалада келтірген. Автор кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын әлеуметтік құқықтық жағынан бағалаған. Сонымен қоса аталған қылмыстылықтың алдын алу жүйесінің бағытын белгілеген.
2014

Нақты мақалада заңды тұлғалардың қызметі, жекелеген тұлға ретінде конституциялық құқықтар мен бостандықтарына, жалпы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қайшы келуі мүмкін. Қазақстан секілді басқа елдерде де әртүрлі саяси, діни, экстримистік, террористік, қылмыстық ұйымдар бар олар коммерциялық және коммерциялық емес заңды ұйымдарды құру арқылы адамдарға, азаматтарға,мемлекеттің құқықтық тәртібіне және заңына үлкен зиян келтіріп отырады. Аталған қылмыспен күресу үшін, заңгер-ғалымдардың алдында, жаңа тиімді қылмыстық-құқықтық әдіс ойлап шығару немесе ескіні толықтыру мәселесі туындап тұр.
2014

Мақалада қылмыстық құқық ғылымындағы және қылмыстық  заңнаманы  түзу  барысындағы күрделі мәселелердің бірі іс-әрекеттерді криминализациялау мәселелері қарастырылған. Іс-әрекеттерді криминализациялаудың негіздері мен себептері зерттелінген. Криминализацияны жүргізудің жағымсыз салдары талданыла отырып, қылмыстық құқықтық әдебиеттерде-гі авторлардың көзқарастары зерделенген. Сонымен қатар, криминализацияның негізі мен себептерінің ара қатынасы анықталған.
2014

Еуропа мемлекеттерінің оның ішінде Германияның әкімшілік шарт жүйесін зерттеу, дамуына талдау жасау отандық әкімшілік шарт жүйесін жетілдіру мәселесінде өте қажет. Осыған байланысты мақалада Германияның әкімшілік шарт жүйесі қарастырылып, әкімшілік шарт ерекшеліктеріне және оның қалыптасу механизмдеріне талдау жасалынып, әкімшілік шарт пайда болуының заңдылықтарына басты назар аударылған. Германияда басқару әрекеттерінің негізгі құқықтық формасы құқықтық басқару актісі болғанымен көпшілік-құқықтық шарттар да кең таралғаны белгілі. Біртарапты биліктік реттеуге қарағанда келісу формалары рөлінің басымды болуы азаматтардың түсінушілік мүмкіндіктерін арттырып, азаматтар мен әкімшіліктің өзара тең құқылы байланыстары тиімді шешімге қол жеткізеді.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.