Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізудегі адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері конституция талаптарынан өрбитін, сот ісін жүргізу процесінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған тетіктердің жиынтығынан тұрады. Жалпы конституциялық кепілдіктер мәселесін қарастырмас бұрын, құқықтық кепілдіктің негіздеріне тоқталып өтуіміз қажет. Қазіргі кезеңде әртүрлі пікірлер бар: «В науке принято различать общие и специальные (юридические) гарантии. Под общими гарантиями понимается совокупность экономических, политических и других условий, делающих права реальными. Некоторые ученые характеризуют такие гарантии как «материальные гарантии прав» Ученые П.В. Витрук, И.В. Фарбер, Б.С. Эбзеев относят к общим гарантиям социально-экономические, политические и идеологические (духовные) гарантии, а к специальным – правовые (юридические), вытекающие из законов и других нормативных источников» [1, 8 б.]. Көріп отырғанымыздай, ғалымдар тарапынан жалпы кепілдіктерді саралау мәселесінде әлі де болса, бір тоқтамға келетін көзқарастар жүйесі қалыптаса қойған жоқ. Оның себебі, біздің ойымызша, жалпы құқықтық кепілдіктер адам құқықтары мәселесіндегі динамикалық тұрғыда дамитын, бір орында тұрмайтын, құбылыс болып табылатындығында. Жалпы кепілдіктердің ішінде, әлеуметтік экономикалық, саяси идеологиялық және құқықтық кепілдіктер ғылымда талас тудырмай, мойындалған кепілдіктердің санатына жатады. Ресейдегі адам құқықтарының конституциялық кепілдіктерінің жүзеге асу ерекшеліктерін зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Л.Ю. Грудцына оларды былай сипаттайды: «Социально-экономические гарантии предпологает специальную среду и материальну основу, обеспечивающие использование прав и свобод (социальная стабильность, развивающаяся экономика, соответствующие производственные мощности).
Политические гарантии предполагают соответствующим образом ориентированную политику государства, ее направленность на создание условий, обеспечивающих достойную жизнь и свободное развитие человека; устойчивость политических структур их способность к достижению гражданского согласия, исключающего де стабилизацию в обществе. Должный уровень политической культуры граждан; борьба с бюрократизмом государственного аппарата, взятничеством.
Под идеологическими (духовными) гарантиями понимается мировоззрение личности, не отделяющей себя от российского государства, осознающей всетрудности и сложности переходного периода. Однако, подобное определение представляется не совсем верным хотя бы потому, что существование одного только мировоззрения личности без учета роли государства (создания государством соответствующих условий (среды) возникновения и гармоничного развития личности), по сути, невозможно. Иногда выделяют и организационные гарантии, которые воплощаются в деятельности государственных органов и общественных организаций.
Под юридическими гарантиями следует понимает закрепление прав, свобод и обязанностей человека и гражданина нормами права, обеспечение охрану и защиту их всей правоохранительной деятельностью государства, институтами европейского и мирового общества. Соответствующие конституционные нормы относятся, прежде всего, к тем отношениям, которые связаны с возможностью применения государством к человеку мер принудительного воздействия привлечения его к судебной ответственности существенного ограничения его прав и свобод самим государством» [2, с 8-9]. Ғылыми әдебиеттерде құқықтық кепілдіктердің анықтамасын беруде де, әр түрлі көзқарстар орын алған. Жоғарыда айтып өткен ғалымның еңбегінде құқықтық кепілдіктерге байланысты көзқарастар жүйесін былай топтастырып, өзінің атоврлық тұжырымын жасайды: «В работе исследуются различные научные подходы к определению понятия «юридические гарантии» (в частности, П.М. Рабиновича, С.С. Алексеева, Н.В. Витрука, В.С. Афанасьева, В.В. Петрова, В.С. Нерсесянца, А.И. Денисова, Ф.М. Рудинского и др.). Так, по мнению В.С. Нерсесянца юридические гарантии воплощают идею такого согласованного действия права и государства, когда одни формы. Направления и функции государственно-правовой регуляции и деятельности служат вместе с тем защитным механизмом для других и наоборот. Получается сложное и многоликая соподчиненная система регуляции. И именно в контексте взаимной поддержки и согласованности разных частей и аспектов государственно -правового комплекса отдельные социальные формы и конструкции юридических гарантии прав человека могут реально осуществить свою защитную роль. Получается, что юридические гарантии сами нуждаются в юридических гарантиях, в форме которых выступают правовое государство и правовые законы» [3, 9 б.]. Біз құқықтық кепілдіктер мәселесіне байланысты көзқарастарды одан әрі өрбіте талдап қарамай-ақ, жалпы құқықтық кепілдіктердің адам құқықтарын, бостандықтарын жүзеге асыру барысында мүмкіндік жасайтын экономикалық-әлеуметтік, саяси, ұйымдастырушы әдіс-тәсілдердің жиынтығының көрінісі болып табылатындығын нақты айтуға болады. Бұл құқықтық кепілдіктер мәселесіндегі ғалымдар тарапынан қарсылық тудырмайтын, жалпы түсінік болып табылады.
Енді, азаматтық сот ісін жүргізудегі конституциялық кепілдіктердің мазмұнына ойысатын болсақ, жалпы адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері дегеніміз не? Соған тоқталып өтуіміз керек. Л.Ю. Грудцына адам құқықтарының конституциялық кепілдіктерін былай анықтайды: «Это совокупность экономических, социальных, политических и идеологических условий, которые предопределяют реальность исполнения и механизмы реализации всех прав и свобод человека и гражданина являются решающей предпосылкой формирования у личности заинтересованности в их реализации» [4, 10 б.]. Айтылған ойды қолдай отыра, жалпы бұл мәселені өрбіте қарайтын болсақ, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері, конституциялық нормалармен қамтамасыз етілген. Конституциядан бастау алатын, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. әдіс-тәсілдердің көрінісінен тұрады. Белгілі Ресейлік ғалымдар М.В. Баглай мен Б.Н. Габричидзе конституциялық кепілдіктерді мынандай екі топқа бөледі: «Общие гарантии и специальные (гарантии правосудия). Наиболее общей гарантией прав и свобод имеющей наивысшую юридическую силу является госуларственый строй, онованный на строгом соблюдении Конституции, неотчуждаемым естественном праве и общепризнанных принципах и нормах международного права» [5, 10 б.]. Қазақстан Республикасының адам құқықтарына байланысты конституциялық қағидаларын, жалпы жоғарыдағы авторлардың пікірін ескере отыра, біз де жалпы конституциялық және арнайы конституциялық қағидалар деп шартты түрде жіктеген жөн деп санаймыз.
- Адам құқықтары мен бостандықтарын жалпы конституциялық қағидаларына мыналар жатады. 1 адам өзінің құқығы мен бостандықтарын заңды жолдармен қорғауы;
- адам құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құқықтық тетіктермен қорғау;
- адам құқықтары мен бостандықтарын соттық тәсілдермен қорғау;
- адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық тетіктер арқылы қамтамасыз ету;
Ал, арнайы конституциялық кепілдіктерге мыналар жатады:
- құқықтық көмек алуға кепілдік;
- кінәсіздік презумпзиясы
- бір қылымыс үшін қайтадан жазаланбау;
- соттылық кепілдігі;
- адамның жағдайын ауырлататын заңның кері күшінің болмауы;
- шешімді қайта қарау кепілдігі;
- заңсыз жолдармен алынған дәлелдемелердің заңдық күшінің болмауы және т.б.
Енді, осы негіздерден Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудегі адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін шығара аламыз. Азаматтық сот ісін жүргізудегі конституциялық кепілдіктер, конституцияда мойындалған, конституцияға негізделген азаматтық іс жүргізу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған әртүрлі әдістер мен тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституциясында, азаматтық сот ісін жүргізу барысында адам құқықтарын қамтамасыз етудің кең көлемдегі конституциялық кепілдіктері айқындалған. Конституцияда көрініс тапқан азаматтық сот ісін жүргізудің бұл кепілдіктерін, жалпы сипаттағы конституциялық кепілдіктер және арнайы конституциялық кепілдіктер деп тағы да бөліп қарауға болады. Конституцияда өрбитін Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізу саласындағы адамдардың құқықтарын қорғаудың жалпы конституциялық кепілдіктерін мына төмендегі кепілдіктер құрайды:
- Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі [12бап, 1-т];
- Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атақарады [12-бап, 3-т];
- Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалады. Сондай-ақ міндеттер атқарады [12-бап, 4-т];
- Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс [12-бап, 5-т.].
- Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы [13-бап, 1-т];
- Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды [14-бап, 2-т].
Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізудегі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың арнайы немесе ерекше конституциялық кепілдіктері мыналардан тұрады:
- Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар [13бап, 2-т];
- Әркімінің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі [13-бап, 3-т];
- Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең [14-бап, 1-т];
- Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті ден танылады, олардан ешкім айыра аламайды, заңдар немесе өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады [12-бап, 2-т].
Қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудің конституциялық қағидалары кең ауқымды, нормативтік тетіктерді қамтитын күрделі жүйенің көрінісі болып табылады. Конституциялық деңгейде орын алған азаматтық сот ісін жүргізудегі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағыттаған кепілдіктерді арнайы заңнамаларда нақтылап, дамыта түсу қажет. Бұл азаматтық сот ісін жүргізудегі адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық деңгейде бекітілген кепілдіктерінің тиімділігін жүзеге асыруға жол ашар еді.
Әдебиеттер
1 Грудцына Л.Ю. Особенности конституционных гарантий реализации прав человека в России (на примере гражданского судопроизводства): Автореф. канд. юрид. наук.: 12.00.02. – М., 2004. – 24 с.